«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»


Әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдары(ӘН)



бет2/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
#97072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдары(ӘН)


1.Ауылшаруашылық өнімдерін сақ тау технологиясы пән бойынша оқу-әдістемелік кешен, Көкшетау, 2015.

2. Ауылшаруашылық өнімдерін сақ тау технологиясы пән бойынша практикалық сабактарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар, Көкшетау, 2015.

3. Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық дақылдарын апробациялаудың нұсқаулық және басшылық құралы Ж.Н.Аленов,Г.Т. Сыздыкова, Қ.А.Балтабаев. Кокшетау.2009

7.Студенттердің өздікжұмыстары бойынша сабақ жоспары

7.1 Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар (СӨЖ)

Тапсыр-ма беру апта

Сабақ тақырыбы

СӨЖ

тапсырмасы



Ұсыныла-

тын әдебиет



ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі

Тапсыру мерзімі аптасының

нөмірі


1

2

3

4

5

6

1

Тұқымшаруашылы-

ғы.


Тұқымның даму фазалары.

1.Тұқымның қалыптасуы, толысуы, пісуі.

2.Тұқымның толысуы және пісуі кезеңінде өтетін физиологиялық процестер.

3.Тұқымның толысуына және пісуіне әсер ететін факторлар.


НӘ1,2

ҚӘ 1-17


72-77

Конспект

Ауызша


1-3

2

Тұқымның сапасына және өнімділігіне әсер ететін экологиялық және агротехникалық факторлардың әсері.

1. Тұқымның сапасына және өнімділігіне экологиялық жағдайлардың әсері.

2. Тұқымның сапасына және өнімділігіне агротехниканың әсері (алғы дақыл, себу мөлшері және себу әдісі, себу мерзімі, тыңайтқыш жинау мерзімі және әдісі.)



ҚӘ 1-17

12-26


Конспект

Ауызша


4-6

3

Тұқымды себуге және сақтауға дайындау.

1.Тұқымды сақтауға дайындық.

2.Егістік материалының сапасын жақсарту (тазарту,сұрыптау)

3.Себуге тұқымды дайындау.


ҚӘ1-17

10-45


Конспект

Ауызша


7-8

4

Өндірістің озық тәжірибелері бойынша тұқымның сапасын арттыру.

Өндірістің озық тәжірибелері бойынша тұқымның сапасын арттыру.

НӘ1,2

ҚӘ1-17


13-39

Конспект

Ауызша


9-11

5

Тұқымның егістік сапасы.

1.Тұқымның ылғалдығын анықтау.2.Тұқымның зиянкестермен залалдануын және қоныстануын анықтау.

НӘ1,2

ҚӘ1-17


13-39

Конспект

Ауызша


12-15

6

Себу және отырғызу материалы а.ш. өндірісінің құралы ретінде

Оқып-үйрену қажет:

-тұқымдық бақылау жөніндегі халықаралық ұйымдардың талаптары

-жоғары сапалы тұқымның рөлін

-тұқымның өнімділігі мен әрсаналылығын



НӘ 1,2

ҚӘ 8


ӘН 1,2

Ауызша сұрау

1,2 –апталар

7

Тұқымның себу сапасына стандарттары

Тұқым сапасын анықтау әдістемелерінен білімдерін бекіту

НӘ 1,4

ҚӘ 8,9,15

ӘН 1,2,6


Тестілер, ауызша сұрау

3-5- апталар

8

Тұқымдар және отырғызу материалы (қалыптасу және пісу)

Оқып-үйрену қажет:

-генеративті көбею органдарының түзілуі;

-тозаңдану және ұрықтану;-толысу және пісу кезеңдеріндегі физиологиялық, биохимиялық үрдістер


НӘ 1,3

ҚӘ 6,11


Ауызша сұрау

6-апта

9

Жоғары сапалы тұқым өсірудің экологиялық жағдайлары

Оқып-үйрену қажет:

-тұқым сапасына географиялық жағдайлардың әсерін;

-тұқым сапасына метеорологиялық жағдайлардың әсерін


НӘ 1,3

ҚӘ 6,7,8,11

ӘН 3,4,6


Ауызша сұрау

7-апта

10

Жоғары сапалы тұқым өсірудегі индустриялды технологиясының агрономиялық негіздері

Оқып-үйрену қажет:

Тұқым сапасының байланысты өзгеруі:

-ауыспалы егістегі орнына

-топырақ өңдеуге-себу мерзімі мен мөлшеріне-егістікті күтіп-баптауға



НӘ 1,2,3

ҚӘ 6,7,8,11,12

ӘН 3,4,6


Ауызша сұрау

8-апта

11

Тұқымдық аймақтар

ды жинаудың биологиялық негіздері



Оқып-үйрену қажет:

-дақылдардың пісу кезеңдерін және оларды анықтау әдістемесі



НӘ 1,2,3

ҚӘ 8,10,11,13

ӘН3,4,5,6


Ауызша сұрау

9-апта

12

Жарақаттануды жүйелеу және оларды анықтау тәсілдері

Оқып-үйрену қажет:

-тұқымның физикалық қасиеттері мен морфологиялық белгілері



НӘ 1,2,3

ҚӘ 6,8,12

ӘН 3,4,5,6


Ауызша сұрау

10-апта

13

Өнімділік қасиеттері

Оқып-үйрену қажет:

-өнімділік қасиеттерін бағалаудың әдістемелік негіздері-жоғары өнімді тұқым тобын сұрыптау әдістемесі



НӘ 1,4

ҚӘ 6,7,10

ӘН 3,4,5,6


Ауызша сұрау

11-12-апта

14

Егін жинағаннан кейінгі кезеңде тұқым сапасын арттыру шаралары

Оқып-үйрену қажет:

-тұқымды тазалау, сорттау, іріктеу

-дәрілеу


НӘ 1,2,3

ҚӘ 6,7,8,10,11,12,13

ӘН 3,4,5,


Ауызша сұрау

13-апта

15

Тұқымның өнуі, ұзақ өміршеңдік

Оқып-үйрену қажет:

-өну кезеңдері мен жағдайлары

-тұқымның ұзақ өміршеңдігінің түрлері


НӘ 1,2,3

ҚӘ 6,8,10,11,12

ӘН 3,4,5,


Ауызша сұрау

14-апта

16

Тұқымның танаптық өнгіштігі және оны арттыру шаралары

Оқып-үйрену қажет:

-танаптық өнгіштікті арттыруда топырақ-климат жағдайларының рөлі -топырақ қасиеттерінің маңызы

метеожағдайлардың танаптық өнгіштікке әсері

-тұқым сапасының танаптық өнгіштікке әсері

-танаптық өнгіштікті болжау


НӘ 1,2,3,4

ҚӘ 5,6,7,8,11,12

ӘН 3,4,5,6


Жазбаша жұмыс

15-апта


8. БАҒА БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Күнделікті бақылау – аудиториялық және аудиториялық емес сабақтарда (3,6,9,12 апталарда) оқу пәнінің әрбір тақырыптары және аралықты бақылау (8,15 апталарда) ескерулері бойынша студенттердің үлгерімділігі.

Студенттерді күнделікті тексергенде олардың әрбір тапсырмаларды орындаулары 100 балдық деңгейде бағаланады (күнделікті сабақтардағы жауаптары, үй тапсырмаларын беруі, студенттің өздік жұмыстары (одан әрі қарай – СӨЖ).



Үлгерімнің шектем рейтингісі – академиялық кезеңдегі алынған барлық бағалар жиынтығының арифметикалық орташасы алынады.

Пән бойынша қорытынды баға: аралық баға 60%+қорқынды 40%. Емтихан бақылауы: тестпен

9. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Баға қою саясаты 100 ұпайлы (100%) системаға негізделеді және келесі бөлулерді қарастырады



Студентті бағалау ұстамдары:

- «өте жақсы» егер оқушы барлық жоспарланған материалды толықтай игерсе және жауап бергенде ешқандай қателіктер жібермесе, өздігімен пәнді игерген кезде қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалана білгенде қойылады.

- «жақсы» егер оқушы барлық жоспарланған материалды 75% төмендетпей игерсе және осы кезде жауап бергенде білетін болмаса білместік ірі қателіктерді жібермесе, егерде ондай жағдайлар бола қалған кезде оқытушының көмегімен оларды түзете білсе.

- «қанағаттанарлық» егер оқушы барлық жоспарланған материалды 50% төмендетпей игерсе, бақылау, зертханалық және үйге тапсырылған жұмыстарды оқытушының көмегімен жасай білсе және оларды игеруге тырысып бақса.



- «қанағаттанарсыз» егер оқушы негізгі жоспарланған бағдарламаны игергенде білімсіздік көрсеткенде, пән бағларламасын жартылайда игермегенде, берілген кейбір бақылаулық тапсырмаларды орындамаған жағдайларда қойылады.

Бағалау эквиваленттері

Әріпті жүйедегі бағалар

Ұпайлар

Ұпайлардың пайыздық мағынасы

Дәстүрлі жүйедегі бағалар

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94




В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84




В-

2,67

75-79




С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69




С-

1,67

60-64




D+

1,33

55-59




D

1,0

50-54




F

0

0-49

Қанағаттанарсыз



10. АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘДЕП ПЕН ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақ барысында сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау;

  • ұялы телефондарды өшіру;

  • сабаққа іскер киімде келу;

  • сабақты жіберіп алмау, денсаулығына байланысты қатыспаған жағдайда анықтама көрсету;

  • босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу;

  • тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі

  • оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • үй және басқа да тапсырмаларды тырысып орындау;

  • сабақтарда кері қатынасты сынмен қолдау;

  • өте қатты ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға және дискуссияларға қатыстыру;

  • пунктуалды және міндетті болу.

Пән бойынша дәріс тезистері.

1 -дәріс. Кіріспе дәріс



Дәрістің мақсаты: тұқымтанудың негізгі міндеттерімен айқындалу (белгілену).

Тұқымдық бақылау саласындағы халықаралық ұйымдардың тәртібін (ережесін) оқып-үйрену. Тұқымтану және тұқым шаруашылығы саласындағы негізгі заңнамалық актілермен танысу.

Өнімді арттырудағы жоғары сапалы тұқымның рөлін айқындау, өнімділікпен тұқымның әр түрлі сапалылығы арасындағы байланыс.

Түйіндегі сөздер: тұқымтану, тұқымдар, егістік сапасы, өнімділік, сорттық қасиеттер.



Дәрістің негізгі сұрақтары:

  1. Тұқымтану пәні мен міндеттері. Басқа пәндермен байланысы.

  2. Өнімді арттырудагы жоғары сапалы тұқымның рөлі.

  3. ҚР-да тұқымдық бақылау қызметінің құрылымы мен міндеттері.

  4. Тұқымтану және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамалық актілер.

Тұқымтану - тұқым туралы ғылым, аналық өсімдікте жұмыртқа жасушасының ұрықтануынан олардан жаңа дербес өсімдіктің пайда болуына дейінгі тұқым тіршілігін оқытады, басқаша айтқанда, жас өсімдіктің гетеротрофты қоректенуінен (тұқым қорлары есебінен) автотрофты өздігінен қоректенуге ауысқанға дейінгі кезеңді оқытады.

Тұқым - ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үрдістерді, табиғи орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның себу сапасын анықтау әдістерін оқытады.

Сонымен тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалаудың, жоғары сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының құрамды бөлігі мен теориялық негізін құрайды. Ол ботаникамен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы және басқа көршілес агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.

Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы тұқым - басқа агротехникалық шаралармен катар, ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқындандырудың негізгі факторларының бірі. Сонымен қатар дақылдар өсірудің аймақтық қарқынды технологиясы да тұқым сапасына маңызды орын береді, өйткені ауылшаруашылық даңылдарының аудандастырылған жақсы сорттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық басқа буындарының тиімділігі күрт төмендеп кетеді.

Сонымен тұқым немесе тұқымдық жадығат (материал) - танаптарға сеуіп, жаңа өнім алуға арналған өсімдік мүшесі.

Тұқымтану оқып-үйренумен айналысады: экологиясы мен тұқымның қалыптасу жағдайларымен (олардың тұқым сапасына әсері),морфологиясымен (құрылысы және қалыптасуы), биологиясымен (тұқымның түзілу үрдісі),физиологиясы биохимиясымен (химиялық құрамы және тұқымда жүретін үрдістер), сонымен қатар тұқымның егістік сапасына бақылауды іске асырады.

Тұқымтанудың нақты зерттеу объектісі бар - тұқымдық жадығат (материал); арнайы міндеті - тұқымдық жадығаттың сапасын арттыру; зерттеу тәсілдері - егістік жадығаттың сапасын бағалау тәсілдері.

Тұқым үш сапа көрсеткіштерімен сипатталады:

- егістік тұқым қасиеттерінің жиынтығы, ол егістікке жарамдылық дәрежесін сипаттайды;

- сорттық- сорттық тазалық, репродукцияның нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сәйкестігін көрсетеді;

- өнімділік - тұқымның өндірістік нақты жағдайда белгілі бір

мөлшерде өнім қалыптастыру қасиеті; Тұқымдар - өнім негізі, а.ш. дақылдары өнімін арттыру мен тұрақтандыруға бағытталған барлықшаралардың тиімділігі төмен болмақ, егер жоғары өнімді тұқым қоры болмаса.

Іілімдік және іссаналық тұрғыдан тұқымтану сорттық тұқымдардың өнімділікке қасиеттерін қалыптастыруға және бағалауға бағытталғаны дұрыс, ал мұның өзі оның тұқымының себуге жаралымдылығын ғана емес,сонымен бірге биологиялық толық құндылығын сипаттағаны жөн.

Тұқымның егістік сапасын талдауды шаруашылық ішілік мақсаттар үшін шаруашылықтың өзінде жүргізуге болады. Алайда тұқымдық егістікті апробациялауға және сауда қатынасына тұқым сапасын сертификациялауға тәуелсіз ұйымдар қажет, ал олардың қызметі жекелеген елдердің заңнамалық актілерімен реттеледі.

Европалық Одақта бұл мақсаттарға ІSТА Intznational Seed Testing Association (ИСТА) тұқымды талдау халықаралық ұйымы қызмет жасайды. Қазақстан 2005 жылдан бері тұқым сапасына бақылау жасауды осы халықаралық ассоцияцияға мүше болып табылады.

ТХТА міндеті тұқым сапасын бағалаудың халықаралық ережелері мен тәсілдерін жасау болып табылады.

Қазақстанда тұқымның егістік сапасын тиісті үлгі қалып талаптарына сәйкес (аттестациядан өткен) «Тұқым сапасына сараптама зертханаларында» тұқым үлгілерін сұрыптап және соңынан оларды талдап анықтайды.

Үлгі қалыптар және басқа нормативтік актілерде тұқымдық және отырғызылатын жадығаттарға талаптар қарастырылған.

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8-ақпанындағы №385-11 заңы: заңда тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті іске асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері анықталған және а.ш. өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы мен өндірісін, дайындау, өңдеу, сақтаумен жұмыс жасауын реттеуге бағытталған. Заңда қарастырылған:

-тұқым шаруашылығы саласын Мемлекеттік реттеу және басқару;

- тұқым шаруашылығын ұйымдастыру;

-өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау, сату және тұқымды пайдалану ерекшеліктері;

-тұқымның сорттық және егістік сапаларын анықтау тәртібі;

-а.ш. өсімдіктерін сортсынау;

-тұқым шаруашылығы саласындағы жауапкершілік.

Сорттық және тұқымдық бақылау мыналарды қарастырады:

-тұқым өндірісіне, өңдеу, сақтау, сату және пайдалану бағыттарында тұқым шаруашылығындағы ережелер мен нормаларды бұлжытпай орындау шараларына бақылауды келесі кезеңдерде іске асырады:

-себуде;

-а.ш. өсімдіктерінің вегетациясында;

-егін жинауда;

-тұқымға құюда;

-тұқымды сақтауда;

-іске асыруда (сатуға дайындалған және сатылған тұқым қаптарында тексеру жүргізу, оның ішінде экспорт пен импорттауда, куәландырылған құжаттарға олардың сапа көрсеткіштерінің сәйкестігі).



Белгіленген тәртіп бойынша аттестациядан өткен тұқым (өндірушілерде тұқым өндірісіне бақылау төмендегідей кезеңдерді біріктіреді:

-жылына бір рет себу алдында тұқым себуге дайындалған танаптарды тексеру;

-жылына үш рет вегетация кезеңінде сорттық егістіктерді тексеру;

-бір рет апробация кезеңінде сорттық және будандық алқаптар және апробация жүргізуге бақылау жасау;

-жылына әрбір бақылау түріне екі рет егін жинауда, тұқымды тасымалдау, тазалау, сақтау, тұқым қоймаларының дайындығы;

Аттестацияланған тұқым сапасына сараптама зертханаларының тұқымның сорттық және егістік сапаларына сараптама жүргізуіне және тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен үлгі қалыптарды бақылау жасау:

-жылына екі рет тұқым сапасына сараптама кезеңінде, сонымен қатар бақылау ретінде мемлекеттік сатып алуда тұқым сапасына сараптама жүргізуді іске асыру;

-тұқым өндірушілерге наразылық (претензия) білдіргенде, сонымен бірге аттестациядан өткен тұқым сапасына сараптама зертханалары берген тұқымның сорттық және егістік сапаларын зерттеу нәтижелерімен келіспегенде.

Аттестацияланған апробатордың апробация жүргізу кезеңінде, сонымен қатар тұқым өндірушілерге «Тұқым шаруашылығы туралы» заң нормаларының сақталу мәселесіне тексеріс жүргізу.

Тұқым өндірушілер міндетті:

-өкілетті орган бекіткен технологиялық талаптарды сақтау өндіріс сұлбасын, тұқымды сақтау және іске асыру, олардың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік тізімге енген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктерді, сондай-ақ, келешекті сорттарды егістіктерде пайдалану.

-элиталық тұқым өндіргенде және оны кейіннен іске асырғанда, оның ішінде мемлекеттен тыс жерлерге, түп нұсқалы сорттар тұқымы мен будандардың ата-аналық формаларын алу;

-тұқымды іске асырғанда (сатқанда) оның сорттық және егістік сапаларын айғақтайтын құжаттарды, сонымен бірге сорттық сипаттамасын қоса беру;

-өкілетті орган бекіткен тәртіппен сорттық егістіктерге апробация жүргізу;

-сатуға, егістікке пайдалануға, сақтық және ауыспалы тұқым қорын жасауға арналған тұқымға егістік сараптама жүргізу;

-аймақтағы егістіктерге жүйелі түрде бақылау-зерттеу жүргізуді,

Тұқым тазалағыш машиналар мен механизмдерге қоймаларда карантинді обьектлерді айкындау және олармен күрес шараларын жүргізуді қамтамасыз ету;

- өкілетті органмен келісе отырып шаруашылық а.ш. өсімдіктері түқымдарының сақтық және ауыспалы қорын өзіне қажетті көлемде қамтамасыз ету;

-өкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес сорт жаңарту және сорт айырбастауды жүргізу;

-сатуға (іске асыруға) арналған тұқымның сорттық және егістік сапаларының тұқым құжатында көрсетілген сапасына кепілдік беру;

-іске асырылған және шаруашылық мұқтажына пайдаланылған


тұқымға сандық, сорттық және егістік сапасына есеп жүргізу;

Тұқымдық сараптама нәтижесінде белгіленген мақсатқа пайдалануға жарамсыз деп танылған тұқым қайта қосымша өңдеуге немесе техникалық регламенттермен белгіленген тәртіппен қоқысқа


шығарылады немесе жойылады.

2.Тұқымтану негіздері .

Ауылшаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналған әр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады, ол үшін мыналар пайдаланылады:

- нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және зығыр тұқымдастар, мақта өсімдігі);


  • жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері - бидай, арпа, сұлы, т.б.; күнбағыс шекілдеуігі, қарақүмық жаңғақшасы, т.б.);

  • жеміс шоғыры (қызылша домалағы, т.б.);

  • түйнектер (картоп, жер алмұрты).

Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлыңтай әсер етеді.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себілсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да құр босқа зая кетеді.

Көпжылдық тәжірибесіне сүйеніп, тұқымның керемет маңызына арнап, халық көптеген аталы сөздер мен дәл мағыналы мақал-мәтелдер құрастырған: "Не ексең, соны орасың", "Нашар тұқымнан мол өнім күтпе", т.б. Біздің заманымызда да, ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған уақытта да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқынды дамыған заманында тұқымның маңызы әрқашан да арта түседі.

Тұқым өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы - олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттың сапасы сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы - нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет