«Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы»


Егістік сұлының сорттық нышандары



бет12/15
Дата25.11.2018
өлшемі2.6 Mb.
#97072
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Егістік сұлының сорттық нышандары

Егістік сұлы

Сұлыны апробациялағанда, дәннің тегі негізгі белгі болып есептеледі.

Сұлы дәнінің тегі: Мәскеулік – жуанжемісті, дәні ірі, салыстырмалы ұзын, жалпақ, жуан төбелі домалақтау, аздап бүкірлеу, ішкі гүл қабыршықтары ашық.

Харковтік – жуан жемісті, дәні мәскеулікке қарағанда жіңішке, арқасы аздап бүкірлеу, жазықтау, төбесі аздап ұзартылған домалақтау, бос төбелі. Дәнді, оның ұзындығының 2/3 бөлігін гүлдік қабыршықтар толтырады, ішкі гүлдік қабыршықтар ашық. пішінді, бүйірлері шығынқы. Екінші дәннің білігі ұзын.

Ұзын жауырынды – дәні ұзынша пішінді, Харковтіктен ұзындау, өте ұзын, өткір төбелі болады.

Ине тәрізді – дәні жіңішке, жұқа, жазық қабырғалы, дәннің төбесі үшкір, ұзын, ішкі гүлдік қабыршықтар аздап ашық немесе жабық.

Шашақтар тегі. Пішіндеріне байланысты, қомақты және біржалды болады.

Бірақ шашақ тегі сантүрлі, сондықтан сұлының қомақты шашақтық белгісін, сорттық белгі деп тәнділейді.

Шашақтар тегі: қысылған, шашақтардың сабақтары жоғары қарай тік бағытталған, орналасуы негізгі біліктен 20-40°. Бұл ең өнімді шашақ тегі.

Қомақты – шашақ сабақтары жоғары қарай бағытталған, бірақ қысылғандардікіндей тым тік емес, орналасуы негізгі біліктен 60-70°. Мұндай тектер көп сорттарда кездеседі. Бұл 2 текті бір – бірінен айыру қиын (тек сүттене пісу кезеңінде ғана анықталады.

Сабақтар жазық орналасқанда (бұрыш 90°-қа жақын). Піскен шашақтардың сабақтары аздап түкті болады. Бұған сұлының Шатиловтық тегі жатады.

Жатаған – шашақтары борпылдақ, аз өнімді, сабақтары төмен қарай салбыраған (бұрышы 90° артық).

Сорттық белгілерді анықтайтын қосымша нышандар:

- сабақ түйіндерінің түктілігі, шашақтық қойындардың түктілігі, сабақшалардың түктілігі.

Үшдәнділік – ылғалды жылдары пайда болады, жақсы нышан.

Қосақ дәнді – болмағаны жақсы, сұлының өсуінде, жағдайсыздықтан болады.

Дәннің қабықтылығы – 23-тен 40%-ға дейін, өсу жағдайына байланысты. Жағдай жақсы болса, қабықтылық соғұрлым төмен болады.



Біржылдық отамалы дақылдардың сорттық нышандары

Картоп

Картоп – жан-жақты (әмбебап) дақыл болып есептеледі. Бұл дегеніміз негізгі азық – түлік, крахмал – патакалық және спирттер өндірістерінде шикізат, сүтті малдар, шошқа және құстар үшін қоректік- азық ретінде пайдаланады.

Олардың түйнектерінде орта есеппен 14-22% крахмал, 1,3-3,0% ақуыз, 0,2-0,3% май, 1,0%-дай жасунақ, 0,8-1,0% күлдік заттар бар. Құрғақ заттардың көлемі орташа есеппен 25%. Республика бойынша орташа өнімділік 124 ц/га, ал Ақмола облысы бойынша 140 ц/га. Картоп алқа тұқымдасына жатады.



Сорттық белгілері

Картоптың сорттарын анықтау үшін түптердің, сабақтардың, жапырақтардың, түйнектердің және көк өскіндер белгілерінің айырмашылықтарын зерттеп білу керек, ал олар сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, байқаулық өзгерістер біркелкі емес, олар өсіп-өнген жерге, жылдың жағдайларына да тән өзгереді. Түйнектердің, гүлдердің, көк өскіндердің түстік белгілері көп өзгермейді, ал басқалары (түп пен түйнектің қалпы) көп өзгереді, сондықтан оларды сорттарды апробациялағанда ескермейді.



Түп. Түптің сорттық айырмашылығының ең басты нышаны жапырақтануы, жапырақтық сабаққа орналасуы, сабақтармен жапырақтардың кеңістіктегі жағдайы және олардың салыстырмалы ұзындықтары. Сорттар қалың, орташа және сирек жапырақтанған болады. Қалың жапырақтанғандарда сабақтар сыртынан көрінбейді, ал сиректерінде сабақтар сыртынан көрініп тұрады. Көп сорттар үшін аталған нышан аралықтық жағдайда болады. Сорттар түптердің қалпына байланысты жинақы, жартылай жайылған және жайылған болып келеді. Кейбір сорттарда, әсіресе ерте пісетіндерде (Приекульский ранний), өсіп-жетілу кезеңінің аяғында, түптер жығылып жатып та қалады.

Сабақ. Сабақтың басты айыру нышаны пигменттілігі, қанаттылығы, қырлылығы, сонымен қатар сабақтар саны және олардың кеңістікте орналасуы. Сабақтардың пигмен күлгін және көк — көкшіл күлгін түсті болып келеді, бірақ хлорофилдың болуы бұл айырмашылықтарды жасыратындай болады: қызғылт түрлер қоңыр болып, көкшілдер — қаралау түсті болып көрінуі неғайбыл. Пигменттілік болмаған жағдайда, сабақ жасыл түсті болады. Жаз айының ақырында, күн сәулесінің әсерінен сабақтың түсі тез өзгеріске ұшыраса, жас өсімдіктерді бұрын піскен өсімдіктермен салыстыруға болмайды. Сабақтардың қанаттары да сорттық нышан бола алады. Олар тік және толқын сияқты, боялған және бояусыз, жалпақ және жіңішке (көп сорттарда) болып келеді, бірақ бұл нышандар тұрақты емес. Көп сорттардың сабақтары үшқырлы, тек кейбір сорттарында көпқырлы, сондықтан осы аталған нышанды сорттарды анықтағыш деп атауға болады. Сабақтардың бұтақтануынан сорттарды айырамыз, олар көп және аз бұтақтанған немесе мүлдем бұтақтанбаған болып келеді. Сабақтардың орналасуына байланысты да сорттарды айырамыз, олар тік және бүгілмелі сабақты болады.

Жапырақ. Басты сорттарды анықтағыш нышан. Ол үзік дара қауырсынды - қиықты және жапырақтың негізгі бөлігінде орналасқан бірнеше (3-7) жұп бөліктерден, бөлікшелерден және төбесіндегі дара өте кіші бөлікшеден тұрады. Сонымен, картоптың жапырағы бөліктерден, бөлікшелерден және өте кіші бөлікшелерден тұрады. Негізінде жапырақтың үш түрлі қиықтануы болады:

1. аз - бір жұп бөлікше, өте кіші бөлікшелер жоқ;

2. орташа- бөлікшелер екі жұпқа дейін, өте кіші бөлікшелер аз;

3. көп - бөлікшелер екі-үш жұптар, өте кіші бөлікшелер көп.

Сондай-ақ жапырақтың белгілерінен, тарамдануды (көп, аз), түсін (қоңыр-жасыл,ашық-жасыл) атауға болады.

Гүл шоғырлары жинақы және жайылған болып келеді. Көптеген сорттардың гүл шоғырлары аралық түрде болады. Гүл сидамдарды ұзындығы және пигменттілігінен анықтайды.

Картоп кызыл-күлгін және көк бояудың қарқындылығы, бұйралығы. Тостағанша және күлтелер бес өткіршеттілі. Өткіршеттілердің саны 6-7-ден кем болады. Өткіршеттердің пішіндері әртүрлі (жапырақшалау, бізтәріздес). Тостағаншаның түсі жасыл немесе пигментті болады, түкті кейде түксіз.



Бітеугүлдер пішініне қарай домалақ, сопақ және ұзынша-сопақ болуы мүмкін. Көп сорттардың тозаң қатарлары дұрыс, сүйірлеу. Тозаңдардың түсі қызғылт сары, сары, жасыл-сары. Жемістер құрастыратын сорттардың тозаңдары әрқашан қызғылт сары, саны көп болады. Гүланалықтар тозаңдармен бірге ұзын немесе қысқа бағаналарлы болуы мүмкін. Гүланалықтардың бағаналарың пішіні түзу немесе қисықта болады. Түйіннің пішіні домалақ, алмұрт тәріздес, аралықшада болады.

Түйнектерді түстерінен, пішінінен, сыртының сипатынан, көзшелердің құрылысынан және жұмсағының түсінен айырады. Ең берік нышан болып түйнектің сыртқы түсі есептелінеді. Олар күлгін-көк, қызыл, қызғылт немесе ақ болады. Сорттарға байланысты айтылған түстер біркелкі, көзшелердің маңайына қарай қоюланған түседі. Түйнектердің пішіндері сан түрлі: домалақ, домалақ-сопақша, ұзынша сопақ және сопақша болады. Кейбір сорттардың көзшелері аз немесе көп және

олардың түйнектің сыртында орналасуы және пішіндері мен қабақшаларының көлемдері әртүрлі болады. Түйнектердің қабықтары тегіс және қауызданған болады.



Жұмсағының түсі: ақ, сары, күлгін-көк, ақ-сары, қызыл түстермен боялған дөңгелекшенген сүрек талшықтар түйіншіктері.

Жартылай этиолирленген көк өскіндерді түстерінен ғана анықтайды. Осы нышандары бойынша сорттарды 2 негізгі топтарға бөледі: көк-күлгін және қызыл-күлгін өскіндер. Жарықтан шыққан өскіндер пигменттерінің сипаты хлорофилдің болуымен анықталады. Жарықта шыққан өскіндердің түсі, түпжақтары мен төбесінің пішіндері, түктілігімен де нышандар сипатталады, кеш пісетін сорттардың негіздер пішіні шар тәріздес, төбелері жинақы, ал ерте пісетіндерде- негіздері домалақ, төбелері жартылай ашық, қалың кигізденген түктер. Тәнді, сорттарды айыратын

нышан, түйнектердің өскінденуі (өте баяу, тез). Кейбір сорттардың барлық көзшелері бірдей өседі, ал басқаларында алдымен төбесіндегілері өседі. Қорыта келгенде, картоптың басты айырмашылық нышандары: түйнектердегі, өскіндердегі, гүлдердегі антициандық пигменттердің орналасулары байланысты. Бірақ кейде өзгеше жайттардың болуы да мүмкін: қызыл түйнекті сорттардың өскіндері тек қызыл күлгін, ал гүлдері қызыл-күлгін және ақ.

Ақ түйнекті сорттардың өскіндері тек көк-күлгін, ал гүлдері көк, көк-күлгін, ақ болуы мүмкін. Ал өскіндер қызыл-күлгін, гүлдері ақ, қызыл-күлгін. Көк түйнекті сорттарда, өскіндер тек көк-күлгін, ал гүлдері көк, көк-күлгін, ақ. Кейбір сорттарда түйнектердің түстерімен жапырақтар тарамдарының және сабақтардың түстері сәйкес болуы мүмкін. Тозаңдары қызғылт сары түсті сорттар жеміс береді, тозаңдары сары және жасыл-сары түсті сорттар жеміс бермейді. Картоп сорттарын апробациялауды июль айында, гүлдеу кезеңінде жүргізген дұрыс, сол мезгілде өсімдіктер жаксы өскен және барлық нышандары айқын білінеді. Сорттарды анықтағанда өте басты қағида, барлық анықтауыш нышандарды ескерген дұрыс (мысалы, тек ғана түйнекпен сортты анықтауға болмайды). Түсті жас кезінде жаңа гүлденген мезгілде айырмасаң, одан кейін олар піскенше түсін өзгертеді, сондықтан кеш қалмау керек. Жапырақтардың пішіні және тілімділігін анықтау үшін оларды сабақтың орталық деңгейінен кесіп алған дұрыс.



Майлы дақылдардың сорттық нышандары

1. Рапс

- қырыққабат тұқымдасына жататын күздік немесе жаздық түрде өсетін біржылдық өсімдік.



Өскіндер - жер бетіне ашылмаған тұқым жарнағымен шығады, гүлдері жасыл сұрша түсті.

Жапырақтары - жалпақ қандауырлы, бұйра, төменгілері тілімді және жіңішке қандауырлы, жоғарғылары - бүтіншетті. Жапырақтардың түсі сұрша-жасыл, сұрша күлгін.

Сабақтары- тік өсетін, биіктігі 60-180 см және төменгі жағы 1-3 см жуанданған қатты бүршіктенген, жасыл немесе қоңыр-жасыл түсті және балауыз тұтымен көмкерілген, кейде ондай емес.

Тамырлары — кіндік, бұратылған, қатты; тамырдың негізгі массасы өңделетін қабатта (20-30 см), бірақ тұқымдардың пісер мезгілінде тамырлар тереңдікке бойлайды (180-250 см), ал жатық бағыттағы жайылуы 50 см-ге дейін.

Гүл шоғыры — болбыр шоқгүл, гүлдері қосжынысты, төрттік типте, ашық сары күлтеше жапырақты. Тостаған жапырақшалары жіңішке, пішіндері жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 6-8 мм, гүлде 4 күлте болады, ұзындығы 9-18 мм, аталықтар

6. Олардың 4-нің биіктігі бойынша, аналықтармен бірдей, 2- қысқалау.



Жемісі - ұзын мұрыншасы бар бұршаққын, сабаққа тік немесе доңғал бұрышты орналасқан, ұзындығы 30-110 мм және жалпақтығы 5-6 мм.

Бұршаққын піскенде жарылғыш, сырттары тегіс немесе аздап бұдырлы болады.



Тұқымдары - ұсақ, 1,5-2,0 мм, шар тәрізді, беті ұсақ- ұялы, қоңыр, қара, қарасұр түсті, 1000 санының массасы 2,6-6,0г.
2 Көкшіл қыша (Горчица)

Қыша қырыққабат тұқымдасына жатады (көкшіл немесе сарепт қышасы).



Тамырлары — кіндік жүйелі, жіңішке, бұратылған, топырақтың өңделетін қабатында жұптанып жайылған және топырақта 3 м тереңдікке дейін бойлайды.

Сабақтары -тік өседі, бұтақты (6-9 бұтақ), биіктігі 200 см-ге дейін, балауыз тұтымен көкшіл түсті, түкті немесе түксіз. Бұтақшалар пішіні жайылған (35-45°) немесе селдір (35°-тан кем).

Жапырақтары — нәзік сағақты, түстері жасыл, қоңыр — жасыл, көбіне түкті.

Төменгі жапырақтары сағақты, әлсіз түктелген, желпігіш тәрізді-қауырсын қиықты, жоғарғы қалағы үлкен, сопақ пішінді.

Жоғарғы жапырақтары сағақсыз, ұзынша- линиялы, шеттері бүтін, әлсіз балауыз түкті.

Гүл шоғыры — шоқтыгүл, гүлдері төменнен бастап ашылады. Гүлдері төрт жұмыртқа тәріздес пішінді ашық- сары тостаған жапырақшалар, алты аталықтар.

Жемісі — көптұқымды дөңес келген төртқырлы бұршаққын, ұзындығы 2,5-5 см,сабанды-сарғыш түсті, піскенде жарылғыш. Бұршаққынның сырты тегістен, бұдырлауға дейін өзгереді.

Тұқымдары — шар тәрізді, сары, жиі түрде қоңыр, диаметрі 1,2-2,0 мм. 1000 санының массасы 1,6-4г. (ұсақтар 2,5г-ға дейін, орташалар - 2,5-3,5г, ірілер 3,5г. артық).

3 Қышабас (сурепица)

Қырыққабат тұқымдасына жатады.



Тамырлары — кіндік жүйелі, 2 м тереңдікке дейін бойлайды.

Сабақтары — дөңгелек, төменгі жағы түкті, биіктігі 100 см-ге дейін, түстері аздап-күлгін.

Жапырақтары- дегелекті, сағақты, қауырсынды-қиықты. Олардың үстіңгі бөлектері ірі, домалақ немесе дөңгелек, бүйірдегілері -1-5 жұпты, тісті, түктері жоқ. Ортаңғылары- сабақты, аздап қиықты, төменгілері- отырған, бітеулі. Түстері жасыл.

Гүл шоғыры- ұзынша шоқтыгүл, күлтелері ашық-сары түсті. Айқас тозаңданады.

Жемісі- бұршаққын, ұзындығы 3-8 см. Өсімдіктерді қатарлап сепкенде бұршаққынның саны 41-67 дана, ал кең қатарлап себуде 300 данаға дейін көбейеді, бұршаққындағы тұқымның саны- 14-20 дана. Бұршаққынның пішіні жіңішке, тік немесе майысқан. Бұршаққынның сырты тегіс немесе аздап бұдырлау, жарылғыш.

Тұқымдары- шар тәрізді, сары немесе қызғылт-қоңыр, диаметрі 1,3-1,9 мм. 1000 санының массасы 2,1-3,0г.
4. Майлы зығыр (Лен)

Зығыр тұқымдасына жатады.



Тұқымдары — жалпақ, жұмыртқа пішінді, ұшы құс тұмсығы тәрізді иілген тегіс, жылтыр бетті. Тұқымның түсі қоңыр, кейде сары. 1000 санының массасы 6-8г.

Тұқымның көлемі 3-ден 6 мм дейін.



Сабақтары — сырты тегіс, целиндр пішінді, жіңішке және бұтақты.

Жапырақтары - қарапайым, ланцетті, үшкірленген, жалаңаш, сабақта кезектесіп орналасқан.

Гүл шоғыры- зонтик тәрізді шатыргүл, қосжынысты бестік типтегі гүлдерден тұрады. Гүл жатыны бес ұялы домалақ қорап. Әрбір қорапта әдетте 10 тұқым (әр ұяда 2-ден) болады.

Жемісі — жалпақ, жұмыртқа пішінді, ұшы құс тұмсығы тәрізді иілген тегіс, жылтыр бетті. Тұқымның түсі қоңыр, кейде сары, 1000 санының массасы 6-8г.
Көпжылдық шөптер түрлерінің, топтарының сипаттамасы

1. Жоңышқа — 50-ден артық түрлерді қамтиды

Тамыры - кіндік тамыры жуан, күшті дамыған бүйір тамырларымен 8-10 м дейін топырақ тереңдігіне бойлайды.

Сабақтары - күшті бұтақтанады, биіктігі 50-150 см-ге жететін бұта қалыптасады.

Жапырақтары үштік, жапырақшалары қысқа аяқшаларға, тек қана орта жапырақша ұзынырақ аяқшада орналасқан. Олардың пішіндері әртүрлі: домалақ, зллипс, ланцет, кері жұмыртқа тәрізді.

Гүл шоғыры — цилиндр тәрізді немесе көпгүлді бұтақбас (12-16 гүлді).

Гүлдері - қосжынысты, аналығы және 10 аталығы бар. Күлтеше жапырақшалардың түсі күлгін, сары, ақшыл-қызғылт, ақ шұбар болып келеді.

Жемісі — көптұқымды бұршаққап (бұршақбас), 2-5 айналымды бұранда немесе орақ тәрізді, кейде түзу, қоңыр түсті.

Тұқымдары — ұсақ, бүйрек немесе бадана тәрізді сары-қоңыр немесе сары түсті. 1000 санының массасы 1,8-2,5г.

13 - кесте. Жоңышқа түрлерінің айырмашылық белгілері



Пішіні

Егістік жоңышқа

Сары жоңышқа

Жапырақшалардың

көлемі мен пішіні



Ірі және орташа көлемді, ұзынша-

эллипстік және кері жұмыртқа тәрізді



Ұсақ, жіңішке, мүлде

Жұқа қабыршықты



Гүлдердің түсі

Күлгін

Сары

Жемістер

Спираль сияқты бұратылған 2-ден

5 айналымға лейін



Түзу немесе орақ тәрізді

Тұқымдары

Ұсақ,бүйрек, кейде жүрек тәрізді,

қоңыр-сары



Өте ұсақ жүрек тәрізді,

бірбүйірлі, сары түсті




2. Эспарцет. Тамыры — кіндік жүйелі, 3-6 м тереңдікке дейін бойлайды.

Сабағы — тік, мүлде бұтақтанбайды. Биіктігі 80-100 см.

Жапырақтары — дара-қосқауырсынды, 8-18 қос қауырсынды жапырақшалар мен жалғыз ұшар бастағы жапырақтан тұрады.

Гүл шоғыры — ұзындығы 3-20 см шоқгүл. Гүлдері ірі, қызғылт түсті.

Жемісі — бұршаққап, домалақ пішінді, жарғақтары тығыз бекіген.

Егістікте эспарцеттің 3 түрі ғана пайдаланылады: кәдімгі, закавказдық, құмдық.

14- кесте. Эспарцет түрлерінің айырмашылық белгілері



Нышаны

Кәдімгі эспарцет

Закавказдық эспарцет

Құмдық эспарцет

Сабақтары

Жапырақшалары



Орташа дөрекі

Эллипстік жоғарғы

ұшы доғалданған


Нәзік

Жұмыртқа тәрізді төбе жағы доғалданып біткен



Дөрекі ланцетті

жоғарғы үштен бірінде қысылған жасыл



Түсі

Күнгүрт-жасыл

Ашық-жасыл




Шоқгүл:Пішіні

Жұмыртқа тәрізді,

қысқа, негізіне қарай

жалпақтау


Целиндірлік,

ұзынша, төбесі

доғалданған


Тышқан құйрықты,

жіңішке, үшкірленген, жапырақтарынан ұзын



Шашақтардың

жарықта көрінуі



Қалың

Борпы

Борпы

Гүл:










Күлтешенің түсі

Сары реңді қызғылт

Күлгін реңді қызғылт

Қызыл реңді қызғылт

Жемістердің

көлемі


Орташа және ірі,

ұзындығы 6-8 см



Орташа және ірі,

ұзындығы 6-8 мм



Ұсақ,

ұзындығы 4,5-5,5 мм



Жемістердің

тісшелері



Ұзын немесе орташа-

лау ұзынды



Болмайды

Қысқа, көбіне

орташалау ұзынды



Түйежоңышқа (Донник)

Түйежоңышқа, 12 түрді қамтиды, олардың ішінде егістікте негізінен екі түрі:ақ және сары түйежоңышқа кең тараған.

Түйежоңышқа — екіжылдық, кейде біржылдық шөптесін өсімдік.

Тамыры — кіндікті, жақсы дамыған, 2-3 м тереңдікке бойлайды.

Сабақтары — тік өседі, іші қуыс, биіктігі 50-ден 200 см-ге жетеді.

Жапырақтары үштік, домалақ келген,жұмыртқа пішіндес,шеттері ара тісті.Гүл шоғыры - ұршық тәріздес пішінді шоқтыгүл. Гүлдері ұсақ, ақ немесе сары.

Жемістері — бұршаққап, біртұқымды, кейде қостұқымды, жұмыртқа немесе эллипс пішінді, тор көзді немесе көлденең әжімді.

Тұқымдары — жұмыртқа пішінді, сопақ немесе әлсіз дөңестелген, сары, жасылдау-сарғыш түсті, 1000 тұқымның массасы 1,7-1,9г.
5- кесте. Түйежоңышқа түрлерінің айырмашылық белгілері

Белгілері

Ақ түйежоңышқа

Сары түйежоңышқа

Жапырақшалар пішіні

Кең келген домалақ

Домалақ-жұмыртқа тәрізді

Гүлдердің түсі

Ақ

Сары

Бұршаққап пішіні

Эллипс тәрізді

Жұмыртқа тәрізді

Бұршаққаптың беті

Торлы-әжімді

Көлденең- әжімді

3. Еркекшөп (Житняк)

Еркекшөп, 13 түрді қамтиды, оның ішінде егістіктердегілері төртеу: екеуі кең масақты — тарақша және иректісті, қалған екеуі жіңішке масақты-сібірлік немесе құмдық еркекшөп және шөл еркекшөбі.

6 - кесте. Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері

Белгілер

Иректісті

еркекшөп


Тарақша

еркекшөп


Сібірлік

еркекшөп


Құмдық

еркекшөп


Масақтар:

пішіні


Жұмыртқа не-

месе ұзынша-жұмырқа тәрізді



Жұмыртқа не-

месе ұзынша-жұмырқа тірізді



Сызықты

Қысқа сызықты,

Цилиндр пішінді



Жалпақтығы см

1-2,3

1-2,5

0,5-1,2

0,5-0,9

Масақшалар-

дың орналасуы



Өте жиі, тарақ тәрізді, арасында саңлау көрін-

бейді


Жиі тарақ тәр-

ізді, арасында анық көрінген саңылаулар бар



Тарақ тәрізді

Тарақ тәрізді

емес


(қысыңқы)

Нәзік гүлдік:Түктілігі

Қалыңтүкті

Жалаңаш

Жалаңаш

Жалаңаш

Ұзындығы, мм

5-7

5-7

6-8

5-6

Қылтықтар:













Ұзындығы, мм

3-4

3-4

1 мм-ге дейін

немесе жоқ



2-3

Соның ішінді мәдени өсімдік есебінде көп тарағаны тарақша еркекшөп — көпжылдық борпылдақ бұталы астық тұқымдас.

Сабақтары — биіктігі 70-80 см.Жапырақтары — жіңішке сызықты, аздап түкті,жасыл және ашық-жасыл түсті.Гүл шоғыры — күрделі масақ. Масақтар жұмыртқа немесе ұзынша-жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 7 см-ге, ені 2,5 см-ге дейін. Жиі тарақ тәрізді, бірақ масақшалар арасында анық көрінген саңылаулар бар. 1000 санының массасы 1,3-2,7г.

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет