Мазмұны
|
Кіріспе
|
|
1
|
Дәнді астық дақылдарының сорттық белгілері
Бидайдың апробациялық сорттық белгілері
|
3
|
2
|
Арпаның сорттық нышандары
|
10
|
3
|
Егістік сұлының сорттық нышандары
|
12
|
4
|
Біржылдық отамалы дақылдардың сорттық нышандары Картоп, сорттық белгілері
|
13
|
5
|
Майлы дақылдардың сорттық нышандары,рапс
|
14
|
6
|
Көкшіл қыша, қышабас(сурепица) сорттық белгілері
|
17
|
7
|
Майлы зығыр сорттық белгілері
|
20
|
8
|
Жоңышқа түрлерінің, топтарының сипаттамасы
|
22
|
9
|
Эспарцет түрлерінің сипаттамасы
|
22
|
10
|
Түйежоңышқа түрлерінің сипаттамасы
|
24
|
11
|
Еркекшөп түрлерінің сипаттамасы
|
25
|
12
|
Қылтықсыз арпабас.(кострец безостый), судан шөбі (бір жылдық шөп).
|
28
|
17
|
Колданылған әдебиеттер.
|
23
|
|
Косымшылар
|
24
|
Зертханалық тәжірибелік сабақ 1
1. Бидайдың апробациялық сорттық белгілері
Сабактың максаты: Апробациялық белгілер 3 этапты анықтайды – түрін, түршесін және сортын.
Түрді анықтау. Бидай 27 түрді біріктіреді, олар соматикалық клеткалардағы хромосоманың санына қарай 4 генетикалық жекелеген топтарға бөлінеді: 14 хромосомалы диплоидты, 28 хромосомалы тетраплоидты, 42 хромосомалы гексаплоидты және 56 хромосомалы октаплоидты бидайлар.
Диплоидты тобы: жабайы бидай түрлерін біріктіреді: жабайы бірдәнді, мәдени қабықты бірдәнді формалары.
Тетраплоидты топ: жабайы, мәдени қабықты және жалаңаш дәнді бидай түрлерін біріктіреді: жабайы тетраплоидты түрлер-арарат бидайы, жабайы қос дәнді; мәдени қабықтар – зандури – Тимофеев бидайы, полба, колхида қос дәндісі; мәдени жалаңаш дәнділер – қатты бидай, эфиопиялық, тұран, қарталы немесе персикалық, тургидум, полоникум немесе польша бидайы.
Гексаплоидты топ: мәдени қабықтылар – Мах бидайы, спельта, Жуковский бидайы, Вавилов бидайы, мәдени жалаңаш дәнділер – жұмсақ бидай, карлик бидайы, дөңгелек дәнді бидай.
Октаплоидты топ: грибобой бидайы.
Тәжірибелік мақсат үшін негіздеп тек морфологиялық және шаруашылық - бағалықтарына байланысты бөлу керек. Мұндай жағдайда барлық бидай түрлерін жинақтап 2 топқа жатқызамыз:
1. Нағыз бидайлар
2. Полбалықтар.
Бұл бөлу төмендегідей нышандарға байланысты.
Нағыз бидайдың масақ білігі сынбайды, яғни масақ піскен кезде жеке масақшаларға бөлінбейді, жалаңаш дәнді, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері гүл қабықшаларынан жеңіл ажыратылады.
Полба бидайының масақ білігі омырылғыш, масақ піскен кезде жеке масақшаларға жеңіл бөлінеді. Қабықты дәнді, бастырғанда өте қиын үгітіледі.
Сонымен қатар, тығыздығы, масақтың ұзындығы, масақтың қылтықтылығы, қылтықтың ұзындығы және олардың бағыты, масақ қабыршықтарының құрылысы және басқа да белгілері есептелінеді.
Біздің Республикамыздағы өсірілетін бидай сорттарының көп бөлігі, екі түрге жатады: жұмсақ және қатты.
Жұмсақ бидай. Масақтары қылтықты немесе қылтықсыз, піскен кезде жеке масақшаларға бөлінбейді. Дәні масақ қабыршықтарымен орналасуы қысыңқы емес, жеңіл бастырылады. Масақтың ұзындығы енінен 4-5 есе артық болып 15-19 смболады. Масақтары орташа қысыңқы, борпылдақ. Масақ қабықшасы қалың, ұзындығы гүл қабықшасымен шамалас немесе аздап қысқалау; олардың ішкі гүл қабықшалары сыртқыларымен шамалас немесе аздап қысқалау. Қылтықтары масақтан қысқа, жан-жаққа таралған. Масақтардың бет жағы бүйірінен кең (жалпақ)немесе шамалас. Килі әлсіз және ол ұзын, немесе қысқа тіспен аяқталған. Масақтардың білігі бүйірінен көрінеді, масақшалармен жабылмаған. Дәні шынылы немесе жартылай шынылы, кейде ұнды. Айдары анық көрінген.
Қатты бидай. Масақтары қылтықты, қылтықсыз түрлері сирек кездеседі. Қылтықтары масақ білігіне параллель орналасқан, әдетте масақтан ұзын, бет жағы бүйірінен жіңішке. Масақтардың білігі бүйірінен көрінбейді, масақшалармен жабылған. Масақ қабықшасының килі жалпақ, қысқа, домалақтанған немесе өткір, негізіне дейін айқын дамыған. Масақ асты сабаны толтырылған. Масақтардың ұзындығы 3-13 см. Дән формасы орташа көлемді және ұзындығы 6-12 мм, шынылы.
Түршелерді анықтау. Бидайдың түршелерін масақта қылтықтың бары немесе жоғынан, масақ қабықшасының түктілігінен, масақтың түсінен, және қылтықпен дәннің түсінен ажыратып анықтайды.
Түршелердің белгілерін анықтағанда өсімдіктердің даму жағдайларын және олардың қасиеттерін ескеру қажет, өйткені белгілер қоршаған орта факторларының әсерінен өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жақсы ортада өскен өсімдіктер сорттары, қолайсыз ортаның өсімдік сорттарынан әлде қайда ірілеу болады.
Апробаторға сорттарды ажыратып анықтауға керекті нышандардың тізімі.
Қылтықты және қылтықсыздығы. Қылтықты түршелерге ұзын қылтықтар тән, олар масақтан ұзын; орташа ұзындықта – қылтықтың ұзындығы масақтың ұзындығындай; қысқа қылтықты – қылтықтың ұзындығы масақтың ұзындығынан қысқа.
Жартылай қылтықты түршелер осындай, кейбір төменгі масақшаларда қысқа қылтықтар болады, ал жоғарғыларында ұзын немесе орташа ұзындықты қылталар болады, және олар төменнен бастап жоғарыға қарай ұзара бастайды. Инфлятты түрлері осындай.
Қылтықсыз түршелерінде сыртқы гүл қауыздарында қылтық тәрізді тісшілер болады немесе жоғарғы масақшалар ұзындығы 2-3 см және одан ұзынырақ 2-3қысқарған қылтықтар қалыптастырылады.
Масақ қабықшасының түктілігі, кейбір өсімдіктердің гүлдік қабықшасы түктелген болады, ол дегеніміз сорттық белгінің нышаны.
Масақтың түсі. Масақта 4 түс ажыратылады: ақ - масақтың түсі ашық – сары және сабанды сары, әрі жүйкеленген ( немесе ұзынша – сарғыш теңбілді). қызыл – күңгүрт – қызылдан қарқынды кірпіш және қызғылт – қоңыр түстерге дейін.
сұр – қызғылт қоңыр сұр, қоңыр және ашық қоңыр түсті.
қара – таза қара, күлгін түсті, қоспалар араласқан көкшіл қара, сонымен қатарқауыз шеттері қара түске боялған.
Түстер сыртқы ортаның әсеріне байланысты өзгеруі мүмкін, оны апробатор есепке алуы керек. Бұл жағдайға, яғни түстің өзгеруіне орта, сортты басқа экологиялық аймаққа көшіру, өсірудегі агротехникалық әдістерге де байланысты болады.
Қылтықтардың түстері. Масақ ақ немесе қызыл болса да қауыз түсті, немесе қара түсті қылтықтар ажыратылады. Қызыл және қара қылтықтардың ұштары түстерінің қарқындылығына қарай күнгірт немесе ашық болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда қылтықтарда қара түс байқалмайды. Қылтықсыз бидайларда қылтық тәрізді, өскіндер қылтықтардың ұрығы сияқты болады, кейде оларда қара түс байқалады.
Дәннің түсі. Дәннің түсіне қарай мынандай бидайлар ажыратылады: ақ дәнді -дәні таза ақ, жақұт, шынылы – ақ, шынылы – сары түсті; қызыл дәнді – дәні қыз-ғылт түстен қызғылт – қоңыр түске дейін.
Қазақстанда өсетін жұмсақ, күздік және жаздық бидайлардың қылтықты және қылтықсыз, содай ақ жартылай қылтықты түрлері кездеседі.
1– кесте. Жұмсақ және қатты бидайлардың анықтамалықтары
Белгілері
|
Жұмсақ бидай
|
Қатты бидай
|
Масақ
|
Қылтықты немесе қылтықсыз
|
Қылтықты (қылтықсызы аз)
|
Масақ
|
Ұршық шалықтау, аздап призмалық
немесе түйреуіштенген
|
Призмалық
|
Қылтық
|
Масақпен шамалас немесе одан қысқа
|
Масақтан ұзындау
|
Қылтық
|
Жан-жаққа шашырай орналасқан,
параллель келген
|
Параллельді
|
Масақшалық
қабыршықтар
|
Негізінде қысыңқы, ұзынынан әжімді
|
Негізінде қысыңқы емес,
әжімі жоқ
|
Килі
|
Жіңішке, көбіне әлсіз көрінетін,
көп түрлерде айқын көрінеді
|
Негізінде жалпақ , айқын
көрінетін
|
Килдің тісі
|
Ұзын немесе қысқа тісті
|
Көбіне қысқа, негізі жалпақ,
кейде ішіне қарай майысқан
|
Білік
|
Көбіне масақтармен жабылмаған
|
Масақтармен жабылған
|
Дән
|
Әртүрлі дәрежеде ұнды, жартылай шынылы және шынылы
|
Шынылы
|
Дән
|
Салыстырмалы жіңішке
|
Ұзынша,көлденең қимасындақырлы
|
Дән
|
Ұсақ , орташа ірі, ірі
|
Негізінде ірі
|
Ұрық
|
Домалақ, кен (енді),ойықтау
|
Ұзынша, дөңестеу
|
Айдары
|
Айқын көрінген
|
Әлсіз көрінген
|
Бастыру
|
Жеңіл, кей түрлерінде қиын
|
Қиындау
|
Сабаны
|
Әдетте қуыс
|
Толтырылған
|
Көктеу
|
Көп немесе аз түктілген
|
Түксіз
|
Қатты жаздық бидайларда масақ қабыршықтары түктелген түрлері- ақ масақты түксіз жылтыр – қызылдәнді түрлері кездеседі. Жұмсақ бидайлардың ақ және қызыл қабыршықты сорттары көп аудандастырылған. Жұмсақ бидайлар негізінен қызыл дәнді, ал қаттылары шынылы – ақ дәнді.
2 – кесте. Қазақстанда кездесетін жұмсақ бидайдың негізгі түршелерінің анықтамалығы.
Масақтың белгілері
|
Қылтық-
тың түсі
|
Дәннің
түсі
|
Түрше
|
Қылтықты-
лығы
|
Түктілігі
|
Түсі
|
Қылтықты
|
Түксіз
|
Ақ
|
Ақ
|
Ақ
|
Грекум
|
«
|
«
|
«
|
«
|
Қызыл
|
Эритроспермум
|
«
|
«
|
«
|
Қара
|
«
|
Нигриаристатум
|
«
|
«
|
Қызыл
|
Қызыл
|
Ақ
|
Эритролеукон
|
«
|
«
|
Қызыл
|
«
|
Қызыл
|
Ферругинеум
|
«
|
«
|
Қызыл аяда
қоңыр-сұр
|
Қоңыр-
сұр
|
Қызыл
|
Цезиум
|
«
|
Түкті
|
Ақ
|
Ақ
|
Ақ
|
Меридианале
|
«
|
«
|
Ақ қара
жиекті
|
Ақ
|
Ақ
|
Хамаданикум
|
«
|
«
|
Ақ
|
Қара
|
Ақ
|
Псевдомеридионале
|
«
|
«
|
Ақ
|
Қызыл
|
Қызыл
|
Гостианум
|
«
|
«
|
Ақ
|
Қара
|
«
|
Псевдогостианум
|
«
|
«
|
Қызыл
|
Қызыл
|
Ақ
|
Турцикум
|
«
|
«
|
«
|
Қара
|
Ақ
|
Псевдотурцикум
|
«
|
«
|
«
|
Қызыл
|
Қызыл
|
Барбаросса
|
«
|
«
|
«
|
Қара
|
«
|
Псевдобарбаросса
|
«
|
«
|
«
|
Қара
|
«
|
Месопотамикум
|
Қылтықсыз
|
Түксіз
|
Ақ
|
Қара
|
Ақ
|
Альбидидум
|
«
|
«
|
Ақ
|
«
|
Қызыл
|
Лютесценс
|
Қылтықсыз
үшкірленбеген
|
«
|
Ақ
|
«
|
«
|
Эулютесценс
|
Қылтықсыз
|
«
|
Қызыл
|
«
|
Ақ
|
Альборубрум
|
«
|
«
|
«
|
-
|
Қызыл
|
Мильтурум
|
«
|
«
|
Қоңыр-сұр
|
-
|
Қызыл
|
Цинереум
|
«
|
Түкті
|
Ақ
|
-
|
Ақ
|
Леукоспермум
|
«
|
«
|
«
|
-
|
Қызыл
|
Велюттинум
|
«
|
«
|
Қызыл
|
-
|
Ақ
|
Дельфи
|
«
|
«
|
«
|
-
|
Қызыл
|
Пиротрикс
|
Сорты анықтау және сипаттау үшін, әуелі бидай қандай түрге және түршеге жататынын анықтау керек. Содан кейін ғана апробатор сорттардың нышандарын белгілеуге кіріседі – масақтың формасы, ұзындығы, тығыздығы, қылтықтар, масақшалық қабыршықтар, иық, килдің тісі, масақтың түсі, дәні, жапырағы, түптің формасы, өскіндер.
Масақтың формасы. Масақ формасының үш түрі болады: ұршықшалау, цилиндірлік және түйреуіштенген. Ұршықшалау түрінде масақ негізі мен ұшына қарай қысылынған. Цилиндрлікте – масақтың жоғарғысы мен төменгісінен басқалары, бүкіл ұзындығы бойынша бір енді.
Түйреуіштенген – масақ негізіне қарағанда, ұшына қарай жалпақтау, тығыздау.
Масақ бүйірінен квадратты, бет жағы бүйірімен бірдей, төртбұрышты – масақтың бір жағы екінші жағынан кең (жалпақ), домалақтанған. Қазақстанда өсетін жұмсақ жаздық және күздік бидай сорттарының көпшілігі, ұршықшалау масақты, призмалық түріне жақын, қатты бидайдың масақтарының түрі – призмалық.
Масақтың ұзындығы. Жұмсақ бидай масақтарының қысқалары – ұзындығы 8 см,орташалары – 8-10 см, ұзындары – бүйіріндегілері 10 см, қатты бидайларда қысқалау – 6 см, орташалары – 7-9 см, ұзындары 10 см-ден артық.
Аудандастырылған сорттар масақтарының ең ұзыны – 15 см (бас сабақтағы), қысқасы – 6 см.
Масақтың тығыздығы масақ білігінің ұзындығы және масақтағы масақшалардың санына байланысты. Масақтың тығыздығын анықтау үшін, асақшалардың (біреуін алып тастап) санын масақтың ұзындығына бөліп, 10 көбейтеді,формула: 
А – масақшалардың саны
В – біліктің ұзындығы, см
Д – масақтың тығыздығы (индекс)
Жұмсақ бидайларда, 10 мм біліктің ұзындығында 16 масақшалар болса, масақ борпылдақ, 17-ден 22-ге дейін болса – орташа тығызды, 23-28 тығыз, ал 28-ден артық болса – өте тығыз.
Қатты бидайларда, әдетте 25-тен кем болса – борпылдақ, 25-тен 28-ге дейін орташа, 28-ден көп болса- тығыз.
Масақтың тығыздығы, және басқа да нышандары агроклиматтық жағдайларға байланысты және агротехникалық өңдеу шараларына сәйкес өзгеріп отырады.
Қылтықтар - бидайдың қылтықтары сипаттарына сәйкес дөрекі (жуан, қатқыл), нәзік (жіңішке), аралық (орташа) болады.
Бұл жағдайда өсімдік ылғалмен жақсы қамтамасыз етілсе, қылтықтар нәзік тектес немесе қарама - қайшы болады.
Бидайлар тісінің сипатына сәйкес, ірі немесе ұсақ тістілер, тістердің сынуына қарай сипатталады. Көбіне дөрекі қылтықтар аз майысады, жеңіл сынады.
Жұмсақ бидайдың қылтанақсыз сорт масақтарының жоғарғы жағындағы гүлдерінде ұзындығы 2-3 см-дей, тіс тәріздес белгі болады. Ортаңғы деңгейде бұл белгілер қысқалау, төменгі деңгейлерде әдетте болмайды.
Масақшалардың формалары, бидай сорттарының топтары мен түрлеріне байланысты көптеген жұмсақ бидайларында ұзынша масақшалар болады – ұзындығы енінен артық. Масақ қабыршықтарының негізгі формасы: домалақтанған – ұзындығы енінен екі еседей артық;
қандауырша – (жіңішке, жіңішкелеу) – ұзындығы енінен 2 еседен артық;
жұмыртқа тәріздес – жоғарғы жағы жіңішкелеу және негізі жалпақтау;
қалақшалау – аздап ұзарыңқыраған, қабыршықтың ұзындығы енінен екі есе артық.
Масақтық қабыршықтық көлемі. Барлық түрлердің қабықшалары төмпешіктеу және жазықтау боп келеді, ал көлемдері қысқа (7-8 мм), ұзындығы орташа (9-10мм) ұзын (11-12 мм); жіңішке (3 мм), ұзындығы орташа (4 мм); жалпақ (5 мм) болады.
Жұмсақ бидайлар масақшаларының қабыршықтарының көлемдері әлбетте бір деңгейде болады, ал қатты бидайларда олар көп өзгеріп отырады.
Масақтық қабыршықтардың иығы – бұл дегеніміз килдік тістің негізінен қабыршықтардың сыртқы шетіне дейін. Олардың түрлері: шабылған – шеті домалақтанған; тік – тіске перпендикуляр бағытта; жоғары көтерілген – егер килдік тіс незінен жоғары қарай бағытталса және тік бұрышты болып орналасса (1 сурет). Иықтарының жалпақтығы 1 мм-ден кем болса- жіңішке; орташа – 1-2 мм және жалпақ 2 мм-ден артық болса. Масақтың төменгі масақшаларында әдетте иық болмайды немесе олар шабылған, ортаңғыларында – тік және жоғарғыларында – жоғары көтерілген.
Масақшалардың қабыршықтарының килі анық немесе әлсіз дамыған, негізіне қарай жетеді немесе жоғалады. Жұмсақ бидай сорттарының килі жіңішке, жіп сияқты негізіне дейін жетеді, немесе төменгі бөліктерінде болмайды, ал қатты бидай сорттарында – жалпақ, килі негізіне дейін айқын дамыған. Килдің тісі, оның жалпақтығы сияқты, жақсы сорттық нышан, бірақ оның барын тек лупаның көмегімен ғана анықтаймыз.
Килдік тіс, масақшалардың қабыршықтарында ұзындығы және формасынан ғана анықтайды. Тіс қысқа – ұзындығы 2 мм-ге дейін, орташа – 3-5 мм, ұзын – 6-8 мм өткір тісті – 10 мм-ден артық болса.
Бидай масақшасының қабықшалары: а – жұмсақ, в – қатты, к – килі.
Бидай масақшасының қабықшаларының иықтарының формасы
Масақша қабықшаларының иықтарының формасы
Тістердің формалары тік, майысқан. Иықтарына қарай майысқан тіс, тұмсықты деп аталады (қатты бидайдың кейбір сорттарына тән). Формасына қарамай, тіс өткір немесе тұйық, кейде масақтың ұзындығы бойынша бірдей және содан кейін аздап ұзара бастайды, кейде өткірлікке дейін жетеді. Қысқа тістер төменгі масақшаларда, ұзындары жоғарғыларында болады.
Қабықшаның негізі – бұл, әрдайым, топтық және түрлік нышан, болмаса сорттық нышан. Жұмсақ бидайдың көптеген сорттарында негіз жіңішке, тік болады, ұзынша бүрмелі, иілген бөлімді, қаттыларда – жалпақ, жартылай дөңгелек, бүрмесіз және қысылмаған.
Дән, анықтамалар: көлемі, пішіні, ірілігі, бояулық түсі, шынылығы, айдарынан және фенолмен бояғандағы әсерлестік.
Дәннің пішіні:
- сопақша - дәннің ортасы жалпақ және төбесі мен негізіне қарай үшкірленген;
- жұмыртқа тәріздес – дәннің төменгі жағы жалпақтау, үстіне қарай үшкірленген;
- бөшке тәрізді – дән қысқалау, домалаққа жақындау және ұзындығы енінен артықтау.
Дәннің ұзындығы, жұмсақ бидайларда сорттарына байланысты өзгереді 3,8 мм ден 11,1 мм-ге, қаттыларда – 5-12 мм-ге дейін; ұсақ (5-6 мм), орташа (7-8 мм), ірілері (8 мм-ден артық).
Дәннің ірілігі, көп жағдайда 1000 діннің салмағымен анықталады. Ірі дәнді сорттар, егер салмағы 30 г артық, орташа ірілік 25-30 г, ұсақ дәнді 25 г-нан кем болса.
Дәннің қоюлығы (консистенция): ұнды, жартылай ұнды, жартылай шынылы, шынылы.
Айдар көлемі және оның түктілігі. Қатты бидай дәнінің айдары, жұмсақ бидайдікінен әлсіз көрінеді.
Тіршілік кезеңінің белгілері, қосымша айырмашылықтарды анықтау үшін қолданылады. Өсімдіктің биіктігі көптеген жағдайларға тәуелді, әсіресе тіршілік кезеңінде түскен жауын-шашын көлеміне. Кейбір сорттарда ең биіктері (120 см-ден артық), орташа биіктілері (60-120), және қысқалары (60 см-ге дейін) болады.
Сабақтың күлгін түсті бояуы, кейбір сорттар үшін жақсы анықтағыш нышан.
Бидайдың жапырақтарың көлемдері әр түрлі, түстерінің бояулары әртүрлі, түктіліктері де әртүрлі болады.
Түптену пішіні (в фазе кущения), күздік сорттарда – шашыраңқы, ал жаздықтарда – тік тұрған.
Көктеу, сорттар үшін жақсы анықтағыш белгілер. Колеоптилдің, яғни бірінші жапырақ түсінен сорттар бір-бірінен өте жеңіл айшықталады, өскіндердің түктілігі де сорттық жақсы анықтағыш.
Биологиялық және шаруашылық белгілер (тіршілік кезеңі, қуаңшылыққа төзімділік, аурулармен залалдануы және т. б.) қосымша сорттарды морфологиялық анықтағыштар болып есептеледі.
Арпаның сорттық нышандары. Арпаның таралуы: мәдени арпаның бір және 24 жабайы өсетін түрі кездеседі.
Мәдени арпа – ірі дәнді, біржылдық жаздық және күздік өсімдік. Нақты астықтылар тобына жатады. Мәдени арпа 3 түр тармақтарына бөлінеді.
-
Көпқатарлы
-
Қосқатарлы
-
Аралық
Түр тармағын анықтағасын, апробацияланатын сорттың ботаникалық түршесін табады, оның негізі ретінде морфологиялық белгілер алынады: масақтың тығыздығы мен түсі, масақшалар қабықшаларының ені,олардың фуркаға ауысуы, қосқатарлы арпаның бүйіріндегі ұрықсыз гүлдік қабыршықтарының өсу деңгейі.Мәдени арпаның 200-ден артық ботаникалық түршелері болады, оларды ыңғайлап 4 топқа бөледі:
-Көпқатарлы қабықты (борпылдақ және тығыз масақты).
-Алтықатарлы жалаңаш (борпылдақ)
-Қосқатарлы қабықты (борпылдақ және тығыз масақты)
- Қосқатарлы жалаңаш (борпылдақ)
Ең көп тараған түршелер, көпқатарлы қабықтылар:
-
Масақ борпылдақ сары, дәні сары қылтықтары ұзын, ара тісті, сары-паллидум;
-
Масақ борпылдақ қара, дәні қара, қылтықтары ұзын, ара тісті, қара – нилгрум;
-
Масақ борпылдақ сары, дәні сары, қылтықтары ұзын, тегіс, сары – рикотензе;
-
Масақ борпылдақ қара, дәні қара, қылтықтары ұзын, тегіс, қара – лейоринхум;
-
Масақ тығыз сары, дәні сары, қылтықтары ұзын, ара тісті, сары – параллелюм.
Қосқатарлы қабықты:
-
Масақ борпылдақ қара, дәні қара, қылтықтары ұзын, ара тісті, қара – нигриканс;
-
Масақ борпылдақ сары, дәні сары, қылтықтары ұзын, тегіс, сары – медикум;
-
Масақ борпылдақ сары, дәні сары, қылтықтары ұзын, ара тісті, сары – нутанс;
-
Масақ борпылдақ сары, черный немесе қоңыр; дәні қара немесе қоңыр, қылтықтары ұзын, тегіс – персикум;
-
Масақ борпылдақ, күлгін; қылтықтары орташа ұзын; дәндері ақ-күлгін-эректум.
Қосқатарлы жалаңаш арпа:
Масақ борпылдақ сары, дәні сары, ара тісті, сары – нудум.
Сорттардың белгілері. Сорттарды анықтағанда ботаникалық түршелерімен бірге келесідай морфологиялық белгілерді ескереді: масақтың пішіні мен салбырау деңгейі, ара тістілігі және гүл қабыршықтарының бояулары, оның қылтыққа айналған кездегі мықтылығы мен мәнін, дәннің пішіні және негізінің қылшықтығы, масақшалар қабықшалары мен біліктерінің түктілік деңгейі және т. б., егерде осылар нақты сорттқа тән болса.
Сорттық қасиетті бұдан басқа анықтағыштар: сабағының жуандығы, биіктігі және жатып қалуға бекімдігі, жапырақ тілшелеріндегі балауыздық өңездерге, атап айтқанда сорттың логикалық, технологиялық және биохимиялық ерекшеліктері.
Масақтың пішіні. Масақтың көлденең қимасында дұрыс алты қатарлы арпалар дұрыс алты сәулелі жұлдыз, ал бұрыс алты қатарлы – төртбұрышты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |