Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері және балық өнімін өндірушілер және шаруа немесе фермерлік қожалық үшін арнаулы салық режимі бойынша



Дата12.04.2018
өлшемі62.53 Kb.
#68406
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері және балық өнімін өндірушілер және шаруа немесе фермерлік қожалық үшін арнаулы салық режимі бойынша
СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде (бұдан әрі-АСР) «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы №257-V Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі –Заң) енгізіліген, Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, келесіні назарға жеткізеді.

Патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін АСР бойынша

2015 жылдан бастап қағаз тасығышта патент беру жөнінде норма жойылған (431 баптың 2 тармағы).

Заңға сәйкес Салық кодексінің 439 бабы шаруа немесе фермерлік қожалық үшін АСР қолдану үшін шектеу көзделген, жаңа тармақпен толықтырылған.

Яғни, 2015 жылдан бастап шаруа немесе фермерлік қожалық келесі шарттарға сәйкес бір мезгілде осы арнаулы салық режимін қолдануға құқықты:

1)жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану құқығындағы (екніші жерді пайдалану құқығын қоса) ауыл шаруашылық мақсатттағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы жер учаскесінің келесі шекті алаңынан аспайды, үшін белгіленген:

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары-3 500 га;

Атырау, Маңғыстау облыстары – 1 500 га;

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары – 500 га, топырақты-климатты шөлді аймақты желерде орналасқан, аудандарда (Бетпақ дала, Балхаш көлі жанындағы құм) – 1500 га;

2) осы арнаулы салық режимі таратылатын, әреке түрлерін ғана іске асырады.

3) қосылған құн салығының төлеушісі емес.

Осыған байланысты, бірыңғай жер салығының төлеушілерінің бөлек есебін жүргізу бойынша ереже жойылған (бұдан әрі-БЖС).

Заңмен салық кодексінің 442, 446, 447, 493, 496, 498 баптарына өзгерістер енгізілген, осыған келісілген БЖС төлеушілер қоршаған ортаның эимиссиясы үшін төлемнен босатылған.

Осыған байланысты, 2015ж. бастап БЖС ставкалары ұлғайған (444 бап):


р/н№

Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы


1

2

3

1.

500дейін

0,15 %


2.

501-ден 1000 дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3 %



3.

1001-ден 1500 дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының0,45 %


4.


1501-ден 3000 дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын,гектарлардың бағалау құнының 0,6 %


5.


3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалу құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,75 %


Бұдан басқа,табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдалынатын басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,2 % ставкасын қолдану арқылы жүргізілелді.

Жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда)Қазақстан Республикасы аумағында жер учаскелерi болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiлетіндігі, көзделген,нақтылау Салық кодексінің 439 бабы 3 тармақшасына енгізілген.

Сондай-ақ, жергілікті өкілетті органдарға ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде Қазақстан Республикасы Жер заңнамасына сәйкес (444бабы) пайдаланбаған, жерлер бойынша он еседен артық емес бірыңғай жер салығының ставкасын арттыруға құқық берілген.



Селолық тұтынушы кооперативтер және аква мәдениеті өнімдерінің (балық шаруашылығы),ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері- заңды тұлғалар үшін АСР бойынша (бұдан әрі АШТӨ ЗТ үшін АСР).

Салық кодексінің 448 бабына толықтыру енгізілген, осыған келісілген осы АСР қолдану құқығы жеке меншiк құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда)жер учаскелерiнің барында беріледі.Сонымен қатар осы талап ара шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша қызметті іске асыратын, салық төлеушілерге, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне таратылмайды.

Мал шаруашылығы иен құс шаруашылығының өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар (сонымен қатар асыл тұқымды) үшін толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) өндірісті іске асыру қажеттілігі жөнінде нақтылайтын ережелер режимді қолдану шарттарынан жойылған.

Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді тиімді пйдалану мақсатында осындай жерлер бойыншажер салығының ставкалары бес рет артылған, Қазақстан Республикасының Жер заңнамасына сәйкес пайданбайтын жерлер бойынша жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде жергілікті атқарушы органдарға он еседен аспайтын жер салығы ставкасынасрыу құқығы берілген.

Сондай-ақ АШТӨ ЗТ үшін АСР 2015 жылдың 1 қаңатарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес жер учаскелерін пайдаланағаны үшін төлемге және жер салығына таратылмайды 448 бабы, 2 тармағы үшінші бөлімі (1 және 2 тармақатр), 449 бабы, 451 бабы, 1 тармағы, 452 бабы, 481 бабы 4 тармағы).

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің салық салу жағдайларын жақсарту мақсатында арнаулы салық режимін қолданатын, басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның, құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның АШТӨ ЗТ үшін АСР қолдану бойынша шектеулік жойылған (448 бабы, 3 тармағы 3) және 4) тармақтары).

Бұдан басқа 2015 ж. бастап Салық кодексінің 448 бабы жағңа тармақпен толықтырылған, осыған келісілген тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті іске асыратын, резидент емес-заңды тұлғалар, АСР қолдануға құқығы жоқ.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін көлік құралына салынатын салық бойынша

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес аква мәдениеті өнімдерінің (балық шаруашылығы),ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері- заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшысы және (немесе) мүшелері қолданатын салық салу режиміне байланыссыз, Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тізімі, мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша көлік құралының төлеушілері болып табылмайды (365 бабы 3 тармағы 1 тармақшасы).

Бұдан басқа, БЖС төлеушілер үшін көлік құралы салығын төлеуден босату бойынша әрекеттегі нормалармен бірге, салық салу жалпы тағайындалған тәртіпті қолданатын, Салық кодексінің 147 бабы 2 тармағымен белгіленген, салық салу кірісі ставка бойынша салынатын, аква мәдениеті өнімдерінің (балық шаруашылығы),ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері- заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген, тұтыну нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралы бойынша көлік құралына салық төлеуден босатылады

Осындай пайдалануға көлік құралдарын тапсырған жағдайда, сенімді басқару немесе жалға беру жөнінде осы ереже қолданылмайтындығын, атап өткен жөн.


Ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін мүлік салығы бойынша

Салық кодексінің 394 бабы 4 тармағына Заңмен шаруа немесе фермерлік қожалықтардан осы салықты төлеушілерден алу бойынша норма енгізілген, сондай-ақ өз ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақталуын, өндіріс процессінде тікелей қоллданатын, меншік құқығындағы, салық салу объектілері бойынша жалпы тағайындалған салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, аква мәдениет (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар.



СҚО бойынша МКД
Каталог: sites -> default -> files -> u1366
u1366 -> «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
u1366 -> Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама
u1366 -> Рәсімдерді жүргізу тәртiбтерi мен ерекшелiктері Төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі
u1366 -> 15. Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру; 16. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет