Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары және мерзімдері



Дата11.04.2018
өлшемі244.7 Kb.
#67685

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің

2016 жылғы «__»________

№______ бұйрығына

қосымша



Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу)

және аудару қағидалары және мерзімдері


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының  1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібін және мерзімдерін айқындайды.



  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:   

  1. аударымдар – олар үшін аударымдар төленген медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алу құқығын беретiн, жұмыс берушілер өз қаражатының есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін ақша;

  2. аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеудi, ұстап қалуды, аударуды және төлеудi жүзеге асыратын адамдар;

  3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдарды және жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартымен көзделген көлем мен шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтер сатып алуды және қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

  4. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  5. жарналар – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналар төлеушілердің қорға төлейтін және медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алу құқығын беретiн ақша;

  6. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтерінің есебінен медициналық қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

  7. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – мемлекет белгілейтін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың қатынастарын реттейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

  8. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін «бір терезе» қағидаты бойынша беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

  9. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі (бұдан әрі – қатысу өтілі) – аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жүзеге асырылған кезең;

  10. аударымдар бойынша берешек – олардың аударымдарының есептелген және мерзімде аударылмаған сомалары;

  11. аударымдардың мөлшерлемесі – аударымдарды есептеу объектісінің шамасына пайыздық қатынаспен көрсетілген, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті төлемдердің бекітілген мөлшері.

3. Міндетті медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды (бұдан әрі – аударымдар және (немесе) жарналар) төлеушілер:

1) мемлекет;

2) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, жұмыс берушілер;

3) жұмыскерлер;

4) дара кәсіспкерлер;

5) жекеше нотариустар;

6) жеке сот орындаушылары;

7) адвокаттар;

8) кәсіби медиаторлар;

9) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар болып табылады.

4. Мемлекеттің жарналары Заңның 28-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін төленеді.

Мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтар (әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері) үшін төленбейді.

Заңның 28-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдар үшін мемлекеттің жарналары олар үшін жарналар түскен жағдайда тоқтатылады.

5. Жұмыс берушілер ай сайын жұмыскерлерге есептелген кірістерден аударымдарды және (немесе) жарналарды есептейді (ұстап қалады) және қорға аударады.

Аударымдарды төлеуден Заңның 28-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтар үшін жұмыс берушілер босатылады.

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жарналарды салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды қорға өз пайдасына аударады.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары жарналарды салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды қорға кәмелетке жеткен мүшенің (қатысушының) және шаруа немесе фермер қожалығы басшысының пайдасына аударады.

АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды ай сайын осындай тұлғалар кірістерінің есебінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған, осындай шарттар жасалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенті) жүзеге асырады.

6. Төлеушілер, салық агенттері заңнамамен белгіленген тәртіппен есептелген және төленген аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұл туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтердің электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде сақталуын қамтамасыз етеді.

Төлеушінің қызметі тоқтатылған кезде қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледі.

7. Жұмыс берушілер, салық агенттері жұмыскерлерді және АҚС шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаларды жүргізілген ай сайынғы аударымдар, сондай-ақ жұмыскерлердің және АҚС шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың ұсталған және аударылған жарналары туралы хабарлайды.



  1. Міндетті медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі

8. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 26, 27, 28-баптарымен белгіленген мөлшерлемелерді аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі.

Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының он бес еселік мөлшерінен аспауы тиіс.

Егер аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі күнтізбелік айдың ішінде республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төмен мөлшерінен кем болған жағдайда аударымдар және (немесе) жарналар жалақының ең төмен мөлшерін негізге ала отырып есептеледі және аударылады.

9. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі:

1) мемлекет үшін – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы;

2) заңды тұлғалар үшін – аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге кіріс түрінде есептелген жұмыс берушінің шығыстары;

3) жұмыскерлер үшін – жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, барлық есептелген кірістер;

4) салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын дара кәсіспкерлер үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген шегерулер ескеріле отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған кірістері болып табылады;

5) арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер үшін, арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектісі, шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшесі үшін, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін – республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген, ең төмен жалақының мөлшеріндегі кірісі;

6) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар үшін заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін тиісінше төлемақыны, сондай-ақ қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомаларын қоса алғанда, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық кіріс түрлері;

7) АҚС шарттар бойынша жеке тұлғалар үшін –жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістер.

10. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай:

1) жүріп-тұру сипатындағы жұмыс кезінде жұмыскерлерге төленетін өтемақылардан;

2) қызметтік іссапарлар кезінде жұмыскерлерге төленетін өтемақылардан;

3) жұмыскерді басқа орынға жұмысқа аудару кезiнде бюджет қаражатының есебінен шығыстарға төленетін өтемақылардан;

4) жұмыскерлерге егістік жабдықталымнан;

5) кезекшілік әдіспен жұмыс істейтін адамдарды қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстардан;

6) жұмыскерлерді жеткізумен байланысты шығыстардан;

7) берілген арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің, басқа жеке қорғаныс және алғашқы медициналық көмек заттарының, сабынның, зарарсыздандыру заттарының, сүттің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нормалар бойынша емдік-профилактикалық тамақтану үшін басқа тең бағалы тамақ өнімдерінің құнынан;

8) жұмыс берушінің жұмыскерді оқытуға жіберу кезінде, біліктілікті арттыруға немесе жұмыскерді қайта даярлауға ақы төлеуге жұмсалатын шығыстардан;

9) тұруға, медициналық сақтандыруға, резидент болып табылмайтын жеке тұлғаның дербес білім беру ұйымынан жүруіне жұмсалатын шығыстардан;

10) бюджет қаражатының есебінен төленетін жәрдемақылар мен өтемақылардан;

11) еңбек демаласына сауықтыру үшін берілетін жәрдемақыдан;

12) медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған, бала туу кезінде, жерлеуге арналған төлемдерден республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына дейін қолданыстағы жалақының 8-еселік ең төмен жалақсы шегінде, күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша;

13) жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйлықақыдан;

14) шәкіртақылардан;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өміріне және денсаулығына тиген зиянды өтеуге берілетін төлемдерден ұсталынбайды.





  1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару тәртібі және мерзімдері

11. Есептелген (ұсталған) аударымдарды және (немесе) жарналарды Мемлекеттік корпорацияға:



  1. дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар – кірістерді төлеу айынан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

  2. дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

  3. арнаулы салық режимін қолданатын шаруа және фермер қожалықтары – төлеу кезеңін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген тәртіппен және мерзімдерде;

  4. оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері – төлеу кезеңін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген мерзімде;

  5. патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – төлеу кезеңін көрсете отырып, патенттің бағасын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген мерзімде;

  6. мемлекеттің жарналары – ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен айқындалатын тәртіппен аударады.

12. Аударымдар және (немесе) жарналар аударуды төлеуші өзгесі осы тармақтың екінші бөлігімен көзделмесе, қолма-қол ақшасыз төлем арқылы өзінің банк шотынан олар үшін аударымдар жүргізілетін медициналық қызметті тұтынушылар тізімін қоса бере отырып жүргізеді.

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер, жеке тұлғалардың еңбегін АҚС шарттар бойынша пайдаланатын, банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ салық агенттері аударымдарды және (немесе) жарналарды кейіннен қорға осы Қағидалардың 13-тармағымен айқындалған тәртіппен аудару үшін қолма-қол ақшамен енгізеді.

13. Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – төлеушінің жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні болып есептеледі.

14. Аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ олар бойынша берешекті Мемлекеттік корпорацияға аудару МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуды жүргізген жұмыскерлердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, АҚС шарттар бойынша жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып жүзеге асырылады. Олар үшін аударымдар жүргізілетін/жарналар ұсталатын медициналық қызметті тұтынушылар тізімі мыналарды: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), туған күнін, аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасын, аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді (жыл, ай/айлар) қамтиды.

Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезең қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында, «Төлем мақсаты» бағанында және электрондық МТ-102 форматындағы төлем тапсырмаларында осы үшін белгіленген жолдарда - бөлек «ААЖЖЖЖ» бағанында көрсетіледі.

Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті аудару кезінде электрондық төлем тапсырмаларында олар үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленген адамдардың тізімін қоса бере отырып, аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезең көрсетіледі.

15. Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде келіп түскен аударымдарды және (немесе) жарналарды дербестелген есепке алуды келіп түскен аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы туралы мәліметті сақтандырылған адамдардың тізіліміне қосу арқылы қалыптастырады.

16. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдардың және (немесе) жарналардың, олар бойынша берешектің сомалары үш банк күні ішінде қордың шотына төлем тапсырмасымен аударылады.

17. Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық әдіспен қорға төлемнің сомасына сәйкес келетін, төлеушілерден келіп түскен төлем тапсырмаларының топтарынан тұратын, аударымдар және (немесе) жарналар аударылатын жеке тұлғалардың тізімін жібереді.

18. Мемлекеттік корпорация күн сайын қорға өткен операциялық күн үшін жүргізілген төлемдер (сомасы және жеке тұлғалардың саны) туралы үзінді көшірмені береді.

19. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналар қайтаруды мынадай:


  1. ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қате жіберілген;

  2. ол үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісінен төленген аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен жалақының он бес еселік мөлшерінен асатын жеке тұлғалар бойынша жүзеге асырады.

20. Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдың сомасын төлеу үшін төлеуші банкке «төлем мақсаты» бағанында «кезең (жылы, айы, айлары) үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл» көрсете отырып, төлем тапсырмасын береді.

Төлеуші уақтылы төлемеген өсімпұл кезең (жылы, айы, айлары) үшін электрондық төлем тапсырмаларымен төленеді.

Мемлекеттік корпорация өсімпұл сомасының келіп түсу күнінен бастап үш операциялық күн ішінде ақшаны қордың шотына төлем тапсырмасымен аударады.


  1. Мемлекеттің жарналарын төлеу тәртібі және мерзімдері




  1. Мемлекеттік корпорация ай сайын медициналық қызметке ақы төлеу айының алдындағы айдың 25 күніне қарай бюджет қаражатына қажеттілікті мемлекеттік органдардың Заңның 28-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген азаматтар туралы мәліметтерінің негізінде қалыптастырады, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) беріледі.

22. Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мемлекеттің жарнасын төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметті тиісті жылға төлемдер бойынша, қаржыландырудың жиынтық жоспарының шегінде жолдайды.

23. Министрлік мемлекеттің жарнасын төлеуге арналған бюджет қажеттілігіне сәйкес ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде бюджет қаражатын Мемлекеттік корпорацияға аударуды есепті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарымен көзделген сомалардың шегінде жүзеге асырады.

24. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алған соң бір жұмыс күні ішінде сақтандырылған адамдардың тізіліміне келіп түскен мемлекет жарналарының сомасы туралы мәліметтерді енгізу арқылы Заңның 28-бабының 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген азаматтарды дербестелген есепке алады.

Төлем айына трансферттер қалыптастырылғаннан кейін айырмашылықтардың сомалары Қордың одан кейінгі қажеттілік айына қосуға жатады.

Желтоқсан айы үшін сомалар Қордың республикалық бюджеттің кірісіне келесі қаржы жылының қаңтарында қосуға жатады.

25. Мемлекет жарналарының сомалары Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотына электрондық төлем тапсырмаларымен аударылады.

Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық әдіспен төлемнің сомасына сәйкес келетін, төлем тапсырмаларының топтарынан тұратын қорға мемлекеттің жарналары төленетін жеке тұлғалардың тізімін жібереді.

26. Осы Заңның 28-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару кезінде мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуі тоқтатылады. Бұл ретте мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеуі аударымдар және (немесе) жарналар аударылған айдан кейінгі айдың бірінші күінен бастап тоқтатылады.



5. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қате төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
27. Аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомалары және Қордың шотына есептелген аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл қайтаруға жатады.

28. Аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомалары және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл қатысушының кірісіне салық салуға жатпайтын төлемдердің жеке түрлерін қосуға байланысты төлеуші кейінгі төлемдерді реттеу арқылы дербес түзетеді.

29. Қатысу өтіліне есептелген кезең үшін есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомалары және (немесе) есептелген аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл қайтаруға жатпайды.

30. Аударымдардың және (немесе) жарналардың төлеуші қате төлеген сомалары және қорға аударылған аударымдар және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға арналған өтінішті төлеуші (төлеушінің банкі) Мемлекеттік корпорацияға береді;

аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұл жүргізілген жеке тұлғалардың тізімінде қате жіберілген жағдайда өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледі;

аударымдар және (немесе) жарналар аударуды қолма-қол ақшамен жүзеге асыратын төлеушілер анықтама-растамаға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу туралы құжаттың көшірмесін қоса береді;

31. Мемлекеттік корпорация бес операциялық күн ішінде аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есепке алу фактісін тексереді және өтінішті қорға осы төлем бойынша барлық деректемелерге растауларды қоса бере отырып жібереді;

32. Қор өтінішті өңдегеннен кейін төлем тапсырмасын қалыптастырады және ақша аударуды қорға төлеушінің өтініші келіп түскен күннен бастап жеті операциялық күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына кейіннен төлеушіге аудару үшін жүзеге асырады. Қор сол күні Мемлекеттік корпорацияға төлеушінің деректемелерін, қатысушылардың тегін, атын, әкесінің (ол болған жағдайда), ЖСН және олар бойынша қайтару сомасын көрсете отырып, төлеушілердің тізілімін береді. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша қор Мемлекеттік корпорацияға себебін көрсете отырып, бас тарту туралы шешімін береді;

қор тізілімінің негізінде Мемлекеттік корпорация төлем тапсырмасын қалыптастырады және төлеушіге артық есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын үш операциялық күн ішінде аударады;

аударымдардың және (жарналардың) және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтарудан бас тартқан жағдайда төлеуші бас тарту себебі туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады.

33. Мемлекеттік корпорация дербестелген есепке алудың бірыңғай тізімне қайтарылған сомалар туралы мәліметтерді енгізеді және қорға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімді орындау туралы хабарлайды.

34. Мемлекеттік корпорация мен қордың арасында айына бір рет аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды, сондай-ақ қордан қайтаруларды аударуға салыстырып тексеру жүргізеді.

35. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда банк Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасына сәйкес жіберілген қателерді түзету бойынша шаралар қабылдайды.

36. Қор келіп түскен және қайтарылған артық төленген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың есебін жүргізеді.

37. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органдарына Салық кодексімен белгіленген тәртіппен тіркелген, келіп түскен және (немесе) қайтарылған аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) төлеушілер бойынша өсімпұлдың тізілімдерін береді.



6. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды аударғаны үшін жауапкершілігі
38. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады және төлеушінің қордың шотына есептелген өсімпұлмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген, қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5-еселік мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) үшін аударуына жатады.

39. Жұмыс беруші болып табылатын төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімде егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделмесе, есептелген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша мәліметтер көрсетілетін аударымдар және (немесе) жарналар бойынша мағлұмдаманы береді.

40. Төлеуші әрбір жұмыскер бойынша есептелген (ұсталған) және аударылған аударымдарды және (немесе) жарналарды бастапқы есепке алуды жүргізеді.

41. Аударымдарды және (немесе) жарналарды толық немесе (уақтылы) аудармаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары төлеушінің банк шоттарынан ақшаны қалыптасқан берешектің шегінде өндіріп алуға құқылы.

42. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу төлеушіге хабарламаны жолдай отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімінің негізінде салықтардың және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

43. Осындай хабарлама аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің сомасынан аспаған жағдайда жіберілмейді.

44. Төлеуші мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін салықтардың және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.

45. Төлеушіге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банк шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк төлеушінің ақшасын өндіріп алуды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген кезек тәртібімен жүргізеді.

46. Төлеушінің банк шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу төлеушінің банк шоттарынан шетел валютасында мемлекеттік кірістер органы ұлттық валютада шығарған инкассолық өкімдердің негізінде жүргізіледі.

47. Осындай хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеуші жұмыскерлер тізімін бермеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салықтардың және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушінің банк операциялары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.

Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банкттер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекетті қоспағанда, төлеушілердің банк шоттарында барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды аударумен байланысты нұсқауларды орындауға міндетті.

Мемлекеттік кіріс органдарының банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерін осындай өкім шығарған мемлекеттік кіріс органы банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерін жою күнінен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей күшін жояды.

48. Банкттер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аударымдар және (немесе) жарналар сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына осы сомаларды төлеушінің банк шотынан есептен шығару күні аударуға міндетті.

Аударымдарды және

(немесе) жарналарды есептеу

(ұстап қалу) және аудару қағидаларына

1-қосымша
  

Әлеуметтiк медициналық


сақтандыру қорының басшысына 
_______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған жағдайда) көрсетілсін)
     

Өтiнiш


_______________________________________________________________
  (аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе төлеушi банкінің атауы)
«___» _______________ № _________________________ төлем тапсырмасымен
_______________________________________________________________ атына
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН көрсетiлсiн)
қате аударылған аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұл
сомасын қайтаруыңызды сұраймын, референс, жалпы сомасы _____________,
қайтару сомасы ______________________________________________________

Кейiннен төлемдермен түзету енгізу ____________________________


(қайтарым талап етілетін себеп көрсетілсін) салдарынан мүмкін
емес.
      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
____________________________________________________________________
      (төлеушінің толық деректерi, банктік деректемелер көрсетiлсiн)
Қосымшалар: төлем құжатының көшiрмесi.

Қажет болған жағдайда: жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, өтініште және төлеушінің қаржы құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

     


Басшы ______________________/______________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/қолы)

Бас бухгалтер______________________/__________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/қолы)


Мөрдің орны

Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады

(факсимилемен қол қоюға жол берілмейді)

Аударымдарды және

(немесе) жарналарды есептеу

(ұстап қалу) және аудару қағидаларына

2-қосымша

Анықтама-растама

__________________________________________________






(аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң атауы)



Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеген кезде олар үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғалардың тізімдерінде мынадай төлем тапсырмаларында қателіктер жiберілгенiн растайды:





р/с


Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

Референс

ЖСН

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Қате аударылған (теңге)

Аударылуға тиісті (теңге)

















Кезең

Сомасы (теңге)

Кезең

Сомасы (теңге)

























Басшы ______________________/______________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/қолы)


Бас бухгалтер ______________________/__________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/қолы)

Мөрдің орны


Аударымдарды және

(немесе) жарналарды есептеу

(ұстап қалу) және аудару қағидаларына

3-қосымша
  

Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қорының басшысына
_______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған жағдайда) көрсетiлсiн)
 «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан келіп түскен, қате есептелген аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын қайтару туралы 20__ жылғы «__» ______ № __ өкіміне сәйкес мынадай төлеушілер бойынша хабарлайды:


№ р/с

Төлеушінің атауы

Сома
(теңге)

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлем тапсырмасының нөмірі мен күні

Негіздемесі









































Барлығы:


Басшы ______________________________________________ 



(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет