Ауданның жер қорын ұтымды пайдалану



Дата22.02.2019
өлшемі71.04 Kb.
Ауданның жер қорын ұтымды пайдалану
Көкпекті ауданы бойынша жер көлемі 1457536 гектар, оның ішінде 1180152 гектар ауыл шарушылығы алқаптары, 190133 га - егістік, 583 га - көп жылдық екпелер, 43813 га - жатып қалған жерлер, 80621 га - шабындық, 865013 га - жайылым.

2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылық жер телімдері 51,7 % құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер 868 ауыл шаруашылығы құрылымдарына бекітілген, жер көлемі - 610170 га құрайды, оның ішінде 188294 га егістік, 44377 га шабындық, 365278 га жайылымдық алқаптар.

Ауданның босалқы жерлері 475125 га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары 410536 га, оның ішінде 43813 га егістік, 32459 га шабындық, 338508 га жайылымдық алқаптар, нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылық алқаптарының 40,2 % құрайды.

825 шаруа қожалықтарында 358832 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бекітіліп, оның ішінде 118432 га егістік, 28201 га шабындық, 205977 га жайылым, нәтижесінде ауданның агроқұрылымдарға берілген ауыл шаруашылық алқаптарының 58,8 пайызын құрайды.

38 ЖШС ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 234567 га бекітілген, оның ішінде 68453 га егістік, 15775 га га шабындық, 144708 га жайылым құрап, нәтижесінде ауданның агроқұрылымдарға берілген ауыл шаруашылық алқаптарының 38,4 пайызын құрайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 16771 га мемлекеттік ауыл шаруашылығы 5 заңды тұлғаларға бекітіліп, оның ішінде 1409 га егістік, 401 га га шабындық, 14593 га жайылым құрап, нәтижесінде ауданның агроқұрылымдарға берілген ауыл шаруашылық алқаптарының 2,8 пайызын құрайды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қорының құрылымында аудан бойынша суармалы жерлерден 16183,0 гектар құрайды, оның ішінде егістік жерлердің 13974,0 гектар, тыңайған жерлер 1314,0 гектар, 33,0 га көпжылдық екпелер, 362,0 гектар шабындық, 500,0 гектар жайылымдар.

Селолық округтар бойынша суармалы жер қөлемі:

Биғаш с.о. - 8,0 гектар 0,05%

Көкжайық с.о. – 2760,0 гектар 17,0%

Көкпекті с.о. – 1068,0 гектар 6,6%

Қ. Аухадиев атындағы с.о. – 257,0 гектар 1,5%

Үлкенбөкен с.о. – 2782,0 гектар 17,2%

Үлгүлімалшы с.о. – 1240,0 гектар 7,7%

Теректі с.о. – 1069,0 гектар 6,6%

Бастаушы с.о. – 830,0 гектар 5,3%

Шұғылбай с.о. – 2104,0 гектар 13,0%

Құлынжон с.о. – 1546,0 гектар 9,6%

Мариногрка с.о. – 454,0 гектар 2,8%

Миролюбовка с.о. – 1026,0 гектар 6,3%

Палатцы с.о. – 285,0 гектар 1,8%

Самар с.о. – 754,0 гектар 4,55%


Аудан бойынша 5 селолық округтарда суармалы жер магистральдық каналдар мен су қоймалары бар. Мысалы Көкжайық селолық округінда Көкпекті өзенінен ағатын "Ворошилов" екі магистральды каналы бар, округ бойынша суарылатын жалпы көлемі 2760,0 гектар немесе суарылмалы жерддің 17 пайызын құрайды. Үлкенбөкен селолық округінда болса, 2 магистральды канал МК "Малобокенский" су көзі "Кіші бөкен" өзені болып табылады, суару алаңы 1760,0 гектар, сонымен қатар "Қаратоған" МК егістік көлемін 1022,0 гектар құрайды және суармалы жерлердің жалпы ауданы округ бойынша 2782,0 гектар немесе 17,2% жалпы суармалы жерді құрайды.

Шұғылбай селолық округінда суармалы егістік жердін көлемі 2104,0 гектар, бұл ауданның жалпы суару алаңының 13% құрайды. Жоғарыда көрсетілген суарылмалы алаңы «Даулет» магистральды каналына жатады. Теректі ауылдық округінде суарылмалы егістік алаңы 1069 га, немесе ауданның жалпы суарылмалы алаңының 6,1% құрайды, «Даулет» магистральды каналына жатады, су көзі суарылмалы жерлерге Талменка өзенінен алынады. Аталған магистральды канал «Теректі» ш/қ-ның жеке меншігі болып табылады, осы жерде ш/қ басшысы Қ.Б. Сыдыковпен «Теректі су» СПКВ құрылды. Бүгінгі күнде жалпы жердің 100 пайызға жамбырлау әдісімен суарылады. Самар ауылдық округінде егістік суарылым жердің көлемі 4,6 пайыз құрайды, суарылмалы жер (754 га) «Ешкібаев» су құбырына жатады. Су көлемі ауыл шаруашылық өсімдіктердің дамуының вегитациалық кезеңі ағымына суарылуды қамтамсыз ету жеткілікті.

Аудан бойынша суарылмалы жер көлемі 16183,0 га, оның 14836,0 гектары ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне тіркелген: егістік жерлер 13974,0 гектар, шабындық 362,0 гектар, жайылым 500,0 гектар.

Суарылмалы егістіктің ортақ көлемі 13974,0 га, оның 11350,0 гектары шаруашылық қожалықтардың қарамағына тіркелген, яғни 81,2 пайызды құрайды, ал мемлекеттік заңды тұлғалардың ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлері 224,0 га немесе 1,6 пайызды құрайды. Мемлекет қарамағындағы емес заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер көлемі – 2400,0 га, яғни 17,2%.

Өткен жылы ҚР Үкіметінің №1297 04.11.2011 жылғы қаулысына сәйкес жерді ұтымды пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы ережелердің талаптарына сәйкес ауданың жарты агроқұрылымдары орындамады. Кейбір агроқұрылым басшылары өз деңгейінде жұмыстарын орындамаған, бірқалыпта ұстап тұру және арттыру бойынша белгілі бір деңгейдегі негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігін, өсімін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін анықтау, сақтау және жақсарту жұмыстарын толығымен орындамаған.

Жерді пайдалану кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жерлерді жақсарту шаралары өткізілуі тиіс, оның ішінде міндетті:

1) агрохимиялық іс-шараларды енгізу: ғылыми негізделген нормаларға сәйкес минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізу. Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға берілген өсімдіктерді бақылау және олардың өсуін қадағалау;

2) Топырақтың құнарлылығын сақтау, соның ішінде сақтау арқылы агротехнологиялық операцияларға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге байланысты агротехникалық тәсілдерін қолдану;

3) Топырақты тозудан сақтау, ішкі шаруашылық мақсатындағы жерге сәйкес орналастыру жобаларын орындау жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру;

4) ауыспалы егістерді сақтауды ескере отырып, ғылыми негізделген схемаларын ротация дақылдарын бақылау;

5) Тұқым шаруашылығы және фитосанитарлық талаптарды орындау бойынша ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру жолына байланысты іс-шараларды жүргізу:

- ғылыми негізделген мерзімде сорт ауыстыруды және сорт жаңартуды ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сақтау;

-арамшөп тұқымын залалсыздандыруға және карантиндік өсімдіктермен, аурулармен және зиянкестермен күресу бойынша фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу;

6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жүргізу;

7) малдарды бағу уақытында жайылым алаңының жүктемесін уәкілетті мемлекеттік органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласының нормативтерін сақтау.,

Аудан бойынша 2015 жылы егістік жерлерге барлығы 450 тонна минералдық тыңайтқыштар пайдаланылған, жалпы егістік жер көлемі 4500 га. Бұл Самар селолық округі бойынша "Лик" (Лопаткин М. В.) және "Калисатарулы" (Жотабаев С. К.) шаруа қожалықтары, " Көкпекті селолық округі бойынша, "Виктория" ш/қ (Виничук Ю. В.). Биылғы жылы 1700 тонна минералдық тыңайтқыштарға өтінім берілген, алайда, қаражаттың тапшылығынан тек 734 тонна минералдық тыңайтқыш субсидиялауда сатып алынады, ол енгізілген алаңында 7500 га құрап, ауданннын күткен аумағының 43,3% құрады.

Жерді ұтымды пайдалануды анықтау үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің меншік иелерінде және жер пайдаланушыларда келесі құжаттар болуы қажет:

1) жер учаскелерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың қаржылық-өндірістік туралы жылдық есебі;

2) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың есеп үлгілері: № 2-АШ "астықтың болуы және қозғалысы туралы", № 3-АШ "болуы және қозғалысы туралы" майлы дақылдар тұқымдарының, № 4-АШ "егін өнімін себу қорытындылары ууралы", № 24-АШ "мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп", № 29-АШ "ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы барлық жерлерден", № 6-р "жер алқаптарының бары туралы мәліметтер " шаруа (фермер) қожалықтарында";

3) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша технологиялық карталар;

4) танаптар мен ауыспалы егістер туралы тарихи кітабы;

5) шаруашылық бойынша есеп кітаптары;

6) жайылым алаңында малдарды бағу жүктемесінің нормативтері;

7) сорттық, егістік және фитосанитарлық тұқым сапасын растайтын құжаттар;

8) пестицидтерді (улы химикаттарды) және агрохимикаттарды қолдану туралы актілер;

9) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру туралы жобалары;

10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін паспорты.

Іішкі шаруашылықты жерге орналастыру жобасы - бұл айқындайтын және негіздейтін құжат. Ұйымдастыру және құрылғы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін болашақтарын қамтитын және де іс-шаралар кешенін қамтамасыз ететін әрбір жер учаскесінің ескере отырып, оның жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктерін) неғұрлым тиімді пайдалану.

Қазіргі уақытта 89574 га алаңда тек қана 15 агроформирования ішінде жерге орналастыру жобасы жасалынды, бұл "Өрнек" ЖШС, "Чистый яр", "Казнаковка", "Саролен", "Еңбек-Агро", "Арна", "Өнім", "Батраковқа", "Колос", "Лик", "Құдайбергенов", "Виктория", "Элита", "Жаңажол" шаруа қожалықтары. 18 агроқұрылымдар 57343 га алаңға шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасауға кірісті, бұл "Восток-Фиш", "Талды Екпін", "Агрокешен БЕК", "Өрнек" ЖШС-лары, "Московка", "Рустам", "Мәмбет", "Далел", "Азамат", "Жолдыбай", "Каширбаев", "Бақты", "Отей", "Каракас", "Теректі", "Қабыл Капар", "Калмухжомахмед", "Бірлік" шаруа қожалықтары. Қамтамасыз етілу жобасымен ішкі шаруашылық жерге орналастыру жөніндегі аудандық ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді бекітілген агроқұрылымдарымен 24,2 гектар жерді құрайды. Ірі шаруашылықтар және ЖШС-лар "Елімай-Көкпекті", "Зеренда Астык" ," Талап ", "Дюсупов және К", "Кусаинулы БК" шаруа қожалықтары мен "Елімай", "Көкжал Барақ" , "Тайбурыл", "Нива" және басқа да типті жобаны ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жасауға кірісті.

Аудан бойынша ылғал сақтау технологиясымен егілген егінді 60 мың га, жалпы егіс алаңдарының 43,5% құрайды. Бұл осындай селолық округтерда: Қ.Аухадиев атындағы с.о. - 10,0 мың га, Көкжайық с.о. - 15,0 мың га, Мариногорка с.о. - 10,0 мың га, Самар с.о. – 7,0 мың га, Үлкенбөкен с.о. – 1,0 мың га, Палатцы с.о. – 2,0 мың га, Көкпекті с.о. – 3,0 мың га. Келер жылда бұл көрсеткішті 65,0% дейін жеткізу көзделіуде.



Фитосанитариялық күрес іс-шараларды жүргізу мақсаты бойынша арамшөп және карантиндік өсімдіктермен, аурулармен және зиянкестермен күрес жолында 48616 гектар жерге гербицидтер қолданылды. Соның ішінде карантиндік арамшөп, қызғылт укекіреге қарсы 7780 га алаңында 1300 литр "Ланц" глифостаты пайдаланылды, зиянкестерге қарсы 80 га алаңда 160 литр республикалық бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар, 40756 га алаңында шаруа қожалықтарының есебінен вегетациялық кезеңде әр түрлі гербицидтер пайдаланады.
Жер қатынастары

бөлімінің басшысы Бахтинов. Ж
Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет