Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы атқарған жұмыстарының хабарламасы



Дата14.07.2017
өлшемі43.94 Kb.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылғы атқарған жұмыстарының хабарламасы

Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 13 мәдениет үйі, 7 клуб үйі жергілікті тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп отыр.


Аудан бюджетінен мемлекетік тіл саясатын жүзеге асыруға 393,0 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға 3 млн 536 мың теңге бөлініп, мақсатты жұмсалды
Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту    мақсатында 2013 жылдың 11 айында 15 млн 23 мың теңге, оның ішінде 450 мың теңгеге кітап алынса, 540 мың теңгеге түрлі газет-журналдарға жазылу, мәдени қызмет жұмыстарының сапасын көтеру үшін Ақсуат мәдениет үйіне 1 463 мың теңгеге кеңселік жиhаздар, 3 млн 200 мың теңгеге Жаңаауыл, Тұғыл, Қызыл кесік, Жетіарал мәдениет үйлеріне сахна шымылдықтары, 4 млн 502 мың теңгеге Жетіарал, Жаңаауыл және Маңырақ мәдениет үйлеріне көрермен орындығы, 350 мың теңгеге Ақсуат мәдениет үйі жанынан құрылған «Ару ана» әжелер ансамбліне, 500 мың теңгеге Ақсуат мәдениет үйіне ұлттық киімдер, 550 мың теңгеге Ақжар мәдениет үйіне ұлттық киімдер, 386 мың теңгеге ауылдық округтердегі мәдениет және клуб үйлеріне стол, орындықтар, 190 мың теңгеге кітапханаға кітап сөрелері, 192 мың теңгеге бөлімге техникалық құралдар, 1 200 мың теңгеге Ақжар мәдениет үйіне, 1 млн теңгеге Тұғыл мәдениет үйіне, Қабанбай мәдениет үйіне 500 мың теңгеге музыкалық-дыбыстық құрал - жабдықтар алынды.

2013 жыл ішінде мәдениет пен өнер саласында тәрбие бағытының сан саласы бойынша, тарихи - танымдық, эстетикалық, әдеби - мәдени бағытта 1546 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 237400 адам қамтылды.
Қазақстан Республикасының мәдени саясатын жүргізуге негіз болатын       Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер бұқаралық, халықтық сипатта өтеді.Аудан тұрғындарының көп бөлігі қызығушылықпен қатысатынЖаңа жыл, 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі, 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні, 6 шілде - Астана күні, 30 тамыз - ҚР Конституциясы күні, 4 маусым – ҚР Рәміздер күні мерекесі де барлық мәдениет ошақтарында бұқаралық сипатта, халықтық мереке ретінде аталып өту дәстүрге айналған.

Қазіргі кезде көрермен тартудың әдіс - тәсілдері жаңартылып жаңа формадағы танымдық кештер, түрлі тәрбиелік бағытты қамтитын дөңгелек үстелдер, концерттер, әдеби отырыстар, көңілді тапқырлар клубтарының кездесулері, жыр мүшәйралары өтті. Мұндай ірі шаралар қатарына 17 ауылдық округтен 5000 - ға жуық көрермен тартылған. «Қазақ ханшайымы», «Ақсауыт» әскери патриоттық бағдарламасы бойынша бір мезгілде 500 көрермен, аудандағы Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері, Ауған соғысы ардагерлері, ауданның төрт шекара заставасынан 25 шекарашы қатысқан «Отан менің жүрегімде» атты патриоттық жобасы, Маңырақ ауылында өткен ұлттық салт дәстүр салтанатын көрсетуге арналған «Түлкі тымақ, қос етек, зерлі шапан», 1 сәуір – Күлкі күніне арналған«Бесеудің бәсі» атты фестивальсәтті іске асқан мәдени жобалар болды.

Аудан мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген өнер иелерін еске алуға арналған «Тірілермен тірімін...» тақырыбындағы еске алу концерттеріхалықтың ықыласымен қабылданды. Ақсуат /Ә.Мағзұмов/, Тұғыл /К.Жұмағалиев, М.Тәшіренов, М.Сейсенбаев/, Қызыл кесік /М.Баймурзин/, Көкжыра /С.Жансақов/ мәдениет үйлерінде өтті. Жеке шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында танымал әнші Б.Исаеваның «Аққу әннің Гәккуі», Л.Сақпанбаеваның «Әнім сенсің, туған ел», белгілі ақын С.Жұматовтың 60 жасқа толуына арналған «Сағым күндер сағынышым» атты шығармашылық кештері, 27 наурыз - Халықаралық театр күні ауданның өнер тарландары жиналған «Өнер адамы» сазды өнержай кеші ұйымдастырылды. Кеште Тұғыл, Ақжар, Ақсуат мәдениет үйі жанындағы «Айдын», «Жастар», «Көктем» вокалдық-аспаптар ансамбльдері өнер көрсетті.
Аудандағы шығармашылық ұжымдардың концерттік гастрольдерін өткізу, шығармашылық есептер беру, халық театрларының жұмысын жандандыруда біршама жұмыстар атқарылды. Бұл орайда облыстықЖамбыл драма театры, Абай атындағы музыкалық драма театрымен тығыз байланыс жасалып, режиссерлік көмек алынып келеді. 

Үстіміздегі жылы Жаңа ауыл халық театры Ж.Әлмашұлының «Тірі жан» драмасы, Ақсуат халық театры Д.Исабековтың «Әпке» спектаклін, Көкжыра халық театры С.Балғабаев «Құдағилар», Қызылкесік халық театры  А.Тоқпановтың «Күтпеген кездесу» драмасын көрермендерге ұсынып, театрлар фестивалі өтті.


2013 жылы «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар 14 ұжым республикалық комиссия алдында өнер көрсетіп «халықтық» атақтарын қорғады. 
Ауылдық округ көркемөнерпаздары арасында ауыл өнерпаздарының ұйымдастырушылық қарымын көрсету, көркемөнерпаздар өнерінің сапалық деңгейін көтеру, әр ауылда жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздарды әйгілеу мақсатында «Қазақ елі осындай» атты ауылдар аламаны өтті. Осы шараға 17 ауылдық округтен 6000 мыңға жуық көрермен тартылып, 2040 көркемөнерпаздар өнері сарапқа салынды.
Жастар арасында зор қызығушылықпен өріс алған көңілді тапқырлар клубтарының кездесулері жыл басынан бері 4 рет өтті.

Аудандағы әдеби орта, жазба ақындар, суретшілер шығармашылығын дамытуға ден қойылып келеді. Осы орайда қазақ халқының біртуар ақыны М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Бүгін менің туған күнім...» жыр мүшәйрасы, сурет көрмесі т.б. шаралар көптеген талаптылар мен таланттарды әйгіледі. Аудандық «Туған тілім - сарқылмайтын қазынам» атты жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпазы М.Маратқызы облыстық мүшәйраға қатысып, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.


Ауданда республикалық деңгейдегі үш үлкен мәдени танымдық - спорттық шара өтті. Қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы республикалық турнир, аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен ХҮІІ халықтық ойындар спартакиадасының ашылу салтанатында өткен мәдени шаралар, 31 мамыр – Саяси қуғын - сүргін құрбандары күніне орай Жәкулә Күшікұлын еске алуға арналған шаралар жоғары деңгейде өткізілді.Аудан өнерпаздары облыстық шараларға үнемі қатысып келеді. Катонқарағай ауданында өткен «Алтай - Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумының музыкалық фестивалі, Өскемен қаласында «Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында ауданның мәдени күндерін табысты өткізіп, облыс әкімінің «Ең үздік дәстүрлі өнер» номинациясы /150 мың тг/ арнайы сыйлығын алды.        

Концертке ауданнан шыққан өнер майталмандары ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері М.Ильясова, Е.Шүкіманов, ҚР Президент оркестрінің әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері К.Төленбаева, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншілері Д.Жолдыбаев, Б.Қанағатов, Семей филармониясының әншісі Г.Ноғайбаева, ақындар А.Какенов, Қ.Шарманов, С.Тоқтамысова, А.Жақияновтар қатысты.


Тарбағатай ауданының өнерпаздары Шығыс Қазақстан облысы өнерпаздары құрамында Алматы облысы, Талдықорған қаласында өнер көрсетсе, аудандар арасында тәжірибе алмасу, мәдени қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында Зайсан ауданында концерттік бағдарлама ұсынды.
«Тарбағатай жұлдыздары» атты аудандық өнер фестивалі ауылдық округтердегі талантты өнерпаздардың қатысуымен 2 белес бойынша өтті. 1- белесінде кәсіби мамандардан құрылған қазылар алқасы өнер иелерін тыңдап іріктеу жасаса, 2-белесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында гала-концерт түрінде қорытындыланды.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет