Аудан әкімі Ә. Далбағаевтың 2014 жылы атқарылған жұмыстары бойынша аудан халқы алдындағы есебі құрметтi аудан тұрғындары!



Дата01.04.2018
өлшемі235.89 Kb.
#63908
Аудан әкімі Ә.Далбағаевтың 2014 жылы атқарылған жұмыстары бойынша аудан халқы алдындағы ЕСЕБІ
Құрметтi аудан тұрғындары!
Ауданды әлеуметтік экономикалық дамыту мақсатында 2014 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, осы уақытта жұмыс жасаған жергілікті атқарушы органдармен қол жеткізілген жетістіктер мен шешімін таппай отырған мәселелер және алдағы уақытта атқарылуға тиісті негізгі міндеттер жөнінде Сіздерді хабардар етуге рұқсат етіңіздер.

Есепті уақытта аудан экономикасының серпінді дамуын, аудан халқының әлеуметтік қорғалуын, ауданның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, негізгі міндеттер ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың және басқа да Елбасы мен Үкіметтің, облыс әкімдігінің, әкімінің тапсырмаларын орындауға бағытталған жоғары органдардан түскен құжаттардың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды.


Құрметті жерлестер!

Тарих қойнауына тағы бір жыл кетіп, есігімізден енген қой жылын халқымыз бейбіт өмірдің, берекелі тірліктің бастауына балап, бұл жылдан мол үміт күтетіні белгілі. Осыдан екі мүшел уақыт бұрын еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгідей қарыштап дамудың даңғыл жолын бастады. Олай болса, биылғы жылы да халқымыз үшін жақсы нәтижелердің, жарқын жетістіктердің жылы болады деген сенімдеміз. Әрбір жыл өткен сайын біз оның қорытындысы қандай, қаншалықты табысқа жеттік, қалай шығарып салдық деп, дерек пен дәйекке назар аударамыз. Ең бастысы, Тәуелсіздік тұғыры одан әрі беки түсіп, ел ынтымағы, береке-бірлігі өзінің дәстүрлі деңгейінен түскен жоқ.

Алғашқы айта кететін жағдай 2014 жылғы қараша айында жасалған Елбасымыздың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы.

Жалпыұлттық қолдау мен халықтық қостауға ие болған бұл Жолдау бүкіл әлемді қаржылық дағдарыс қыспаққа алып, қәзіргі аумалы-төкпелі кезеңде өзінің тарихилығымен ерекшеленетін, мәні мен мақсаты, мазмұны мен идеясы өзгеше, болашаққа бағыт-бағдар беретін құжат. Елдің жаңа экономикалық саясатын айқындайтын осы Жолдауды ақсулықтар қызу қолдап, оны іске асыруда аянбай еңбек ететіне кәміл сенемін.

Биылғы басты оқиғалар ол осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық Экономикалық Одағының күшіне енуі. Бұл Одақ Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мемлекеттерінің экономикаларының нығая тусуіне жол ашатыны анық.

Сонымен қатар, Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Ата заңымыздың, Қазақстан Халықтар ассамблеясының 20 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толуы. Біз осы мерекелерді ұлықтау арқылы жастарды патриоттық сезімге, елді, жерді сүюге үйретуіміз қажет. Сонда ғана ел ертеңі жарқын болады.


Біздің жұмысымыздың басты өлшемі - халықтың берер бағасы. Сондықтан да, тұрғындар алдында жүзеге асырылған істер бойынша есеп беру дәстүр болып қалыптасты. Атқарған жұмысымызды саралап қана қоймай, алда тұрған міндеттерді межелейміз.

Елбасының Жетісу еліне жасап жатқан қамқорлығына және облыс әкімінің белгілеген міндеттеріне сәйкес Ақсу ауданында көптеген игілікті істер жүзеге асуда. Барлығы да кезең-кезеңімен орындалып келеді.

Дегенмен, ауданда түйіні шешілмей жатқан мәселелер да жетерлік, оны мен жұмыс барысында және тұрғындармен жеке кездесу барысында сараптама жасап отырамын.

Енді өткен жыл барысында атқарылған жұмыстардың бағыттарына тоқталып өтейін.


2014 жылы аудан жұртшылығымен өткізілген есепті кездесулеріндегі түскен ұсыныстардың орындалуы жөнінде

Өзімнің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есепті кездесулер 17 округтерде және аудандық қорытынды есебі барлығы 18 кездесулер өткізілді.

Бұл кездесулерде тұрғындар тарапынан барлығы 9 ұсыныс түскен.

Атқарылған шаралардың арқасында бүгінгі күнге 9 ұсыныстың барлығы іс жүзіне асты.

Атап өтсек:

1. Жансүгіров ауылы Шонай батыр, Желтоқсан автокөлік жолына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 67 млн. 800 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

2.Аудан орталығындағы орталық алаңды аббаттандыруға 41 млн.теңге бөлініп, алаңды ағымды жөндеуден өткізіп, оны кеңейту, Желтоқсан көшесіндегі арбатты асфальттау, жарық шамдарын орнату, фонтанды жөндеу, гүлдерді отырғызу жұмыстарын «Ақсу көркейту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды;

3. Сағабүйен ауылындағы ауыз су құбырларына күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 190 млн.454 мың теңге бөлініп, «Монолит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталған жұмыстарды атқарды;

4. Жансүгіров ауылы Желтоқсан көшесіндегі көп қабатты 50 пәтерлі үйге қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 245 млн.336 теңге облыстық бюджеттен бөлініп, «DIKE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жұмыстарды аяқтады;

5. Ойтоған ауылындағы «Бұрған» каналынан Үлгілі ауылына су деңгейін жеткізуді арттыру мақсатында 13 шақырым механикалық жолмен тазалау жұмыстарына 13,5 млн. теңге, 3 дана гидротехникалық құрылғы салуға 5,0 млн. теңге жалпы 18,5 млн. теңге қарастырылып, облыстық «Казводхоз» мекемесі қажетті жұмыстар атқарды;

6.«Алакөл асыл құрылысы» ЖШС-і Қаракөз ауылындағы «Қаратоған» каналының 19 шақырымын 35 млн. 192 мың.теңгеге механикалық тазалаудан өткізді;

7. Құрақсу және Қарасу мектептерінде шағын орталықтар ашу туралы ауыл тұрғындарының тілегіне орай 1 млн.124 мың теңгеден бөлініп, шағын орталықтар ашылды.


Ауылшаруашылық саласы

Ауданымызда басты сала болып есептелетін ауылшаруашылығы саласына келетін болсақ, ауылшаруашылығының өнім көлемі - 16 млрд 20 млн.500 мың теңгеге жетіп, 2013 жылдың деңгейінен 119,9 пайызға артығымен орындалды. (2013 ж – 13 млрд. 362 млн).

Оның ішінде: егін шаруашылығы – 5 млрд. 734 млн. 900 мың теңге, мал шаруашылығы – 10 млрд. 285 млн.600 мың теңге, қызмет үшін – 40 млн.теңге.

Ал, 2015 жылы өндірілген жалпы өнім көлемін 17 млрд. 187 млн. теңгеге жеткізу жоспарланған.


Ауданымызда Елбасымыздың қамқорлығы мен Үкімет, облыс әкімі тарапынан көрсетіліп отырған көмектің арқасында жылдан-жылға егіс көлемі үлкейіп, өнім түсімі де көбеюде.

2014 жылы 54 мың 910 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары себілді. Оның ішінде 30 мың 650 гектардан 15,0 центнерден 45 мың 351 тонна астық жиналды.

Себілген 250 гектар қант қызылшадан 5888 мың тонна тәтті түбір жиналды.

12768 гектар майлы дақылдар жинау жұмыстары жүргізіліп, 1878 тонна күнбағыс, 17946 тонна май бұршақ және 1603 тонна мақсары жиналды. Барлығы 21202 тонна майлы дақылдар жиналды.

Қәзіргі күнге майлы дақылдарды, әсіресе сояны себу шаруа қожалықтары үшін өте пайдалы болып отыр. Жинайтын техника жеткілікті, сатып алушылармен келіс-шартқа отырып, тиімді бағамен өткізуге мүмкіндік бар. Сол себепті май бұршақ дақылы аудан бойынша «монокультураға» айналып барады. Бір қарағанда пайдалы болып көрінгенімен айналмалы егістікті енгізбесек егін шаруашылығының келешегіне үлкен нұқсан келуде. Біріншіден су жетіспеу басталады. Әрине әр уақытта барлық суармалы жерлерге су жеткізу мүмкін емес қой. Екіншіден айналмалы егістік болмаған жерде нәтижелі өнім болмайтыны ежелден белгілі.

2015 жылдың өніміне 15000 гектар күздік бидай себіліп, себілетін жаздық ауыл шаруашылық дақылдарға 15500 гектар сүдігер және жоспардағы 860 гектар қант қызылшасына терең сүдігер жыртылды.

2015 жылы барлық егіс көлемін 55 мың 594 гектарға жеткізіп, 2013 жылмен салыстырғанда 1000 гектарға артық ауыл шаруашылығы дақылдарын себу жоспарланған.

Оның ішінде: дәнді дақылдар – 30834 гектар, қант қызылшасы – 860 гектар, майлы дақылдар – 12738 гектар, картоп, көкөніс, бақша – 2226 гектар, мал азығы – 9016 гектар.


Ауданда барлығы 3 тұқым шаруашылығы бар. 120 тонна күздік бидай, 150 тонна жаздық арпа, 100 тонна жаздық бидай және 250 тонна май бұршақ дақылдарының тұқымдарын аудан шаруашылықтарына арзан бағамен сатты.

Сондай-ақ, жаңа технология енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге ауданда 60 гектарға алма ағаштарын тамшылатып суару, 9150 гектар майлы дақылдарға интенсивтік технология енгізілді.

Егін шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу, жеке қаражат пен лизинг әдістерін пайдалана отырып жаңа техникалар сатып алу қарқын алуда. Қарасу ауылдық округінен «Қыдырәлі» шаруа қожалығы лизингке «Джон Дир» маркалы астық оратын комбайны (42 млн. теңге) мен тракторын (20 млн. теңге) алды. Сонымен қатар, «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы 58 млн. 680 мың теңгеге 17 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынса, 44 млн. 500 мың теңгеге 13 трактор шаруашылықтардың өз қаражатына сатылып алынды.

Кейінгі жылдары лизингі арқылы және шаруашылықтарының өз қаражаттарына алынған техникалардың көбейуіне байланысты, ауданымыздың техникалық паркі қазіргі таңда 25-35 пайызға жаңа техникалармен қамтамасыз етіліп отыр.

Биыл ауданға жаңадан 30-дан астам ауыл шаруашылығы техникалар лизингі арқылы алу жоспарланған. Оның 20 данасы тракторлар, 3 дана астық оратын комбайндар және 7 дана ауыл шаруашылығы техникаларының тіркемелер.

Мал шаруашылығы өнімдері: оның ішінде ет – 12672 онна, сүт – 28133 тонна және жұмыртқа – 3286 мың дана болып былтырғы жылдың деңгейінде қалды. Жүн –575 тоннаға жеттіп, 100,2 пайызды құрады. «Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы бойынша 115 шаруашылық құрылып, олардағы 7945 бас аналық мал тұқымдық түрлендіру бағдарламасына қатысуда.

2014 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 600 бас аналық мал сатып алып қосымша 20 шаруашылық құру жоспарланса, нақтысында 5 шаруашылық 362 бас мал сатып алып жоспар 60 пайызға ғана орындалды.

Сондай ақ «Алтын асық» бағдарламасымен 2210 бас қой, «Құлан» бағдарламасымен 170 бас жылқы сатып алу жоспарланса бір де бір округ берілген тапсырманы орындаған жоқ.

2014 жылы Қызылағаш ауылдық округіндегі «Думан» шаруа қожалығы қуаты 300 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосты.

Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары да жолға койылды. Аудан бойынша асыл тұқымды мал өсірумен 5 шаруашылық айналысады.

Мал нәсілін жақсарту мақсатында ірі қараны қолдан ұрықтандыратын 24 пункт жұмыс жасайды. 2014 жылдың жылдық жоспары 10500 бас. Оның 8850 басы сүтті бағыт болса, 1650 басы етті бағыт. Бүгінгі күнге жылдық тапсырма 100,0 пайызға орындалды.

Ірі қара - 60987, оның ішінде 25425 сиыр, қой-ешкі – 285329, жылқы – 20218, түйе – 65, шошқа – 230, үй құстары – 71806 басты құрады.


Мал азығы өнімдері толық дайындалды. 119 мың 500 тонна шөп, 3800 тонна пішендеме, 21800 тонна сабан, 4800 тонна сүрлем, 19000 тонна жем жоспарға сәйкес әзірленді.

2014 жылдың қортындысы бойынша мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына барлығы 345 млн. 004 мың теңге субсидия ауданның шаруашылықтарына берілді.

Саланы басқарып отырған орынбасарыма, ауылшаруашылық бөлімінің басшысына және ауылдық округ әкімдеріне көктемгі егін жұмыстарын ұйымдасқан түрде өтуін, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруды, мал басын асылдандыруды, репродукталық шаруашылықты құру, субсидия тарату, жылыжай салу, жаңа ауылшаруашылық техникаларын алу шаруаларын қатаң бақылауға алып, оларды іс жүзіне асыруда барлық мүмкіншілікті пайдаланып, жұмыстарды өз деңгейінде атқару тапсырылады.
Ветеринария саласына жылдан жылға Үкімет тарапынан бюджет қаражатын бөлу көбейтілуде.

«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргіу» бағдарламалары бойынша 2014 жылға 139 млн. 809 мың теңге, «Энзоотиялық ауруларға қарсы іс шаралар» бағдарламасы бойынша 2 млн. 344 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

Бруцеллез ауруы ірі қара малдары арасында 32 бас, өткен жылмен салыстырғанда бір басқа кемігенімен, қой ешкі малдары арасында 1 мың 119 бас ауру анықталып отыр.

Арасан, Суықсай, Қарашілік, Қарасу, Ақсу ауылдарында бөлінген 20 млн теңгеге мал көмінділерінің құрылысы жайластырылып пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жылдан жылға жалғасуда. 2014 жылы 20 мың 93 бас жылқы, 31мың 900 ірі қара, 118 мың 456 бас ұсақ мүйізді мал бірдейлендіруден өтіп, тиісті ветеринариялық паспорттар таратылып берілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн теңгеге 817 бас босқын иесіз иттер ауланып, жойылды. Аудандағы дизинфекциялық автоқондырғы көлігімен әр ауылдық округ бойынша 239 аулаға 33 мың 317 шаршы метр жер көлеміне дизинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жасалынды.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы және ауылдық округ әкімдері мал арасындағы бруцеллезге қарсы шараларын күшейту, бөлінген қаражатты тиімді, әрі мақсатты пайдалану жұмыстарын қатаң бақылауда ұстаулары тиіс.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 682 мың 366 гектар, оның ішінде: 32 мың 625 гектар суармалы жер, 45 мың 822 гектар тәлім жер, 21 мың 863 гектар шабындық жер, 575 мың 705 гектар жайылым жер.

Аудан бойынша 2570 шаруа қожалықтары, 41 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 2 өндірістік кооператив тіркелген.

Шаруа қожалықтарының пайдалануында жалпы 573 мың 813 гектар жер, елді мекен жерлері 104 мың 660 гектар.

15 ауылдық округтеріндегі пайдаланбай жатқан жерлер тексерілді, қортындысында 329 шаруа қожалықтары, 17 заңды тұлға жерлерін пайдаланбағаны анықталды. Игерілмей жатқан жердің көлемі – 106 мың 074 гектар, оның ішінде суармалы – 4400 гектар, тәлім – 6923 гектар жер, шабындық – 2389 гектар, 92360 гектар жайылым.

Жер учаскелерін пайдаланбаған үшін 77 шаруа қожалық басшыларының және 5 заңды тұлғаның жер телімдері иесіз мүлік ретінде Әділет басқармасына тіркелді, облыстық өңіраралық жер инспекциясына 2 заңды тұлғаның құжаттары шара қолдану үшін жіберілді.

2014 жылы жер учаскесін немесе жалдау құқығын сату жөнінде 2 мәрте конкурсі өткізілді.

Сондай –ақ ауылшаруашылық жер телімдерін жалға беру үшін 1 конкурс өткізіліп, барлығы 52 мың 049 гектар жер берілді.

Жер – ел байлығы, ұлт қазынасы. Олай болса ұлт мәселесі ретінде жердің толыққанды игерілуі мәселесіне дұрыс қарауымыз керек. Бұл мәселе үстіміздегі жылы да назардан тыс қалдырылмайды, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін біз барлық бос, иесіз жатқан жерді қолданысқа енгізілуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Осындай жағдайлармен қолданыстағы заңдылыққа сәйкес жұмыс істеуіміз қажет.

Ауылшаруашылық жерлер көлемін нақтылау, жер мәселесі бойынша түскен арыз-шағымдарға уақытында жауап беру, жер телімдерін беру конкурстарды қолданыстағы ережеге сәйкес ұйымдастыру, игермей жатқан жерлерді анықтап, аудандық жер қорына заң аясында өткізу жұмыстарын күшейту барысында жауапты орынбасарым, аудандық жер қатынастары бөлімі және ауылдық округ әкімдері жан-жақты шараларды атқару тиіс.


Ауданымызда суару жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы 711 мың 923 теңгеге 500 м куб тоғандарды механикалық жолмен тазарту, 6 гидротехникалық құрылғыларға, 3 дана гидрометриялық су өлшеу нысандарына, 3,4 шақырым темір бетон каналына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Былтыр жылы облыстық бюджеттен бөлінген 35 млн.200 мың теңгеге «Қаратоған» магистралды тоғанына, 64 млн.800 мың теңгеге «Емелелі-Шоқан арал» шаруашылық аралық тоғандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымды жылы 45 шақырымды құрайтын тоғандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 47 млн. 600 мың теңге бөліну жоспарлануда.

2015 жылы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталмақшы. Бұл қойма қалпына келген кезде суармал жер көлемі 5 мың гектарға ұлғаяды.

Осы жерде айта кететін жағдай, ауылшаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалық иелерінің су жеткізу қызметі үшін берешегін уақтылы төлемеуі салдарынан, «Ақсуирригация» мекемесінің дебиторлық қарызы 822 мың теңгені құрауда.

«Судың да сұрауы бар демекші» ауылдық округ әкімдері осы қарызды қайтаруда мақсатты түрде шаралар қабылдау қажет


Өнеркәсіп

2014 жылы өнеркәсіп саласында 3 млрд. 559 млн. 400 мың теңгенің өнімдері өндірілді, өнімнің нақты көлем индексі 102 пайызды құрады. (2012 ж -2 млрд. 980 млн тг).

Елбасының өткен жылы тамыз айындағы облыс орталығына жасаған жұмыс сапары кезіндегі берген тапсырмасына сәйкес аудан орталығында өңдірістік алаң ашу үшін 50 гектар жер бөлінді. Бұл жерде жоба құны 900 млн.теңге тұратын май дақылдарын өңдейтін зауыт, сонымен қатар, мал соятын алаң, ет комбинаты, шұжық, сүт өңдейтін цехтарды ашып, 100 жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Суықсай ауылында («Николай-К» шаруа қожалығы) тауарлы-сүт фермасының құрылысын аяқталу көзделуде.

2015 жылы 3 млрд.682 млн.теңгенің өнімін өндіру жоспарлануда.

Инвестиция:

2014 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 1 млрд. 301 млн. теңге болса, жоспардың орындалуы 2 млрд. 960 млн. 800 мың теңге немесе 228,0 пайызды құрады.

Биыл ауданға 2 млдр.теңге көлемінде инвестиция тарту мақсатында жұмыстар атқарылады.

Шағын кәсіпкерлік:

Ауданда 3333 шағын кәсіпкерлер тіркелген. Онда 7839 адам еңбек етуде. Өндірген өнімдерінің көлемі - 1 млрд. 600 млн. теңге, немесе 107 пайызды құрады.

Бюджетке түсетін салық, басқада төлемдер 55 млн. теңге немесе 100,6 пайызға орындалды.

2015 жылы шағын кәсіпкерлер субьектілері өндірген өнімдерінің және көрсетілген қызмет көлемі жоспар бойынша - 1 млрд 700 млн. көзделуде.

Шағын және орта бизнесті дамытуда сөзден іске көшетін мерзім келді. Жылына кем дегенде 2-3 шағын және орта бизнес құрылымдарының ашылуына байланысты округ әкімінің жұмысына баға беріледі. Осы мақсатта «Туыңды туған жерге тік» акцияның әлеуетін тиімді пайдаланған жөн.

Сауда:

Аудан бойынша 2014 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд.65 млн. млн.теңге немесе 117% құрайды.

Былтыр сауда және қызмет көрсету саласы бойынша көзделген 5 нысан ашылды. Олар: дүкен - 3, асхана – 1,шаштараз – 1. 13 жаңа жұмыс орны ашылып, 16 млн.теңге жеке қаражат жұмсалды.

Биыл бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 млрд.120 млн. теңге немесе 2014 жылмен салыстырғанда өсім 105 пайызды құрайды.


«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы:

Ақсу ауданы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Ақсу және Биен өзендерінде ГЭС салу және 10 жобаны биылғы жылы жүзеге асыру үшін тиісті шаралар қолға алынуда..


Баға мониторингі:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру штабы өз жұмысын жүргізуде.

Бақылауда тұрған 33 түрлі азық-түлік тауарларының бағалары сауда орындарында ұдайы тексеріліп отырылады.

Қазіргі уақытта ауданда 233 сауда нүктелері, оның ішінде 134 азық түлік дүкендері бар.

3 әлеуметтік сауда орындары, 7 әлеуметтік бөлімдер ашылған.

Жансүгіровте, Матайда және Қапал ауылында әр сенбіде ауылдық округтердің қатысуымен әлеуметтік азық-түлік тауарлары ет, сүт өнімдері, ұннан жасалған өнімдер және көкөніс, жеміс-жидек өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге Үштөбе, Талдықорған, Сарқан қалаларының тауарөндірушілері және «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-гі де қатысуда.

Инвестиция тартуда, шағын және орта бизнесті, өнеркәсіпті дамытуда, бағаның өсуін тұрақтандыруда, ауданымызда қолға алынбай жатқан индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларын дайындауда нақты жұмыстар атқаруын әр саланы басқарып отырған орынбасарларыма, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына және ауылдық округ әкімдеріне тапсырылады.
Бюджеттің кіріс, шығыс бөлігінің орындалуы.

Есепті кезеңге қаралған шығындар жоспары 4 млрд. 571 млн. 311 мың теңге, орындалғаны 4 млрд. 539 млн. 305 мың теңге немесе 99,3 пайыз.


Салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің жоспарының орындалуы.

Жергілікті салықтар мен алымдар, жалпы мемлекеттік салықтардан түсетін кірістер жоспары болжамдағы 605 млн. 297 мың теңгенің орнына 759 млн. 242 мың теңгеге немесе 125,4 пайызға орындалды.



Құрылыс, күрделі жөндеу

Құрылыс саласында 2014 жылға 431 млн. 916 мың теңге қаражат қарастырылған.

Былтыр тұрғындардың өз қаражатына 1665 ш.м тұрғын үй салынды.

2015 жылға 2366 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланды, оның ішінде: 1666 ш/ м жеке меншік.

2014 жылы Жансүгіров ауылындағы 50 пәтерлі тұрғын үй жалпы соммасы 244 млн. теңгеге инженерлік коммуникациялық желілері салынып, қайта жаңартылды.

«Туған жеріңе туыңды тік» акциясы аясында аудан орталығындағы көп қабатты 2 үйдің бірі 20 пәтерлі, екіншісі 30 пәтерлі болып қайта жаңартылып, тұрғын-үй жинақ банкісімен келісім шарт жасалынып, ауыл тұрғындарының иелігіне ұсынылмақшы.

Қапал ауылындағы екі қабатты үйлер аудан әкімінің меншігіне сот шешімімен берілді. Оларды да осы жылы күрделі жөндеуден өткізіп, іске жаратуымыз керек. Ағымды жылдың І жарты жылдығында аудан орталығындағы бос тұрған үйлерін анықтап, ұсыныс енгізу Жансүгіров ауылдық округ әкіміне тапсырамын. Бір сөзбен айтқанда 2-3 жыл ішінде қаңырап бос тұрған үйлер ауданда болмау керек.

Е.Сиқымов атындағы орта мектепті қайта жаңартуға 2014 жылы жобалық сметалық құжаттамасы даярланып, биыл құрылыс монтаждау жұмыстарына 300 млн. теңге қаражат бөлінді.

Жансүгіров ауылындағы 10 арендалық тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына қосымша жергілікті бюджеттен 16 млн. тенге 2014 жылға бөлініп игерілді.

Тиісті аудан әкімінің орынбасарына, аудандық құрылыс бөлімінің басшысына аудандағы құрылыс жұмыстарының сапалығына назар аударып, олардың белгіленген уақытында тапсырылуы міндеттеледі.


Аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

2014 жылы Сағабүйен, Алтынарық ауылдарының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына 334 млн. теңге қаражат бөлініп, қаражат толығымен игерілді.

2014 – 2015 жылдарға Көлтабан, Құрақсу, Үлгілі ауылдарының ауыз су жүйелеріне ағымды жөндеу жұмыстарына 64 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылы Қапал ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін 621 млн. 970 мың теңге, Суықсай ауылына 269 млн.366 мың, Қаракөз ауылына 171 млн.604 мың, Кеңғарын ауылына 78 млн.862 мың, Қызылжар, Қапал-Арасан ауылдарына 30 млн., Жансүгіров ауылына 87 млн.825 мың теңге қаражат бөлінді.

Ақсу, Есеболатов және Көшкентал ауылдардағы ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарына барлығы 687 млн.672 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттамалары дайын.

Сондай-ақ, Қарашілік, Көкөзек, Ащыбұлақ, Жаңалық, Тарас, Еңбек, Шолақөзек ауылдарының ауыз су жүйелеріне қүрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 113 млн.638 мың теңге бөлініп, жобалау сметалық құжаттама дайындалуда.

Бұған қосымша Арасан ауылдарындағы ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстарының екінші кезеңін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

«Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес ауданымыздағы 49 елді мекеннің жылына екі-үш қана ауылдың су құбырлары жөнделетінін ескерсек,Үстіміздегі 2015 жылы ауданымызда 9 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп 3 елді мекеннің жобалау сметалық құжаттамалары дайын, 7 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне жобалау сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Аталған шаруалар «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес өз жалғасын мүмкіндігінше таба бермек.
Жолдарды жөндеу

2014 жылы Жансүгіров ауылының Шоңай батыр, Сәтбаев, Пушкин, Желтоқсан көшелерінің жолдарын күрделі және ағымды жөндеу үшін барлығы 66 млн.924 мың теңге, «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламасы аясында Қопа ауылы бойынша Алтай көшесі жолының орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 21 млн. 913 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Осыған қоса, Сағабүйен – Сырттанов, Ақсу – Жаңалық, Ақсу – Қаракөз Құрақсу – Матай, ауылдарындағы арасындағы жолдарға барлығы 145 млн. 423 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

Қыс мезгілінде жолдарды күтіп – баптау жұмыстарына 5 млн. 434 мың теңге бөлініп, қажетті жұмыстар атқарылуда.

Биыл аудан аумағындағы елді-мекендердің көше жолдарын жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 90 млн. теңге қаражат бөлініп отыр.

2015 жылы «SINOOIL» мұнай компаниясынан инвесторлар тарту арқылы аудан орталығы Жансүгіров ауылының шығыс жағындағы жол айрығында заманауи технологиямен «SINOOIL» жанар май құю, супермаркет және автомобиль жуу кешенінің құрылысы салыну жоспарланып отыр.

2015 жылы облыстық маңыздағы автомобиль жолдары бойынша төмендегі нысандар бойынша жөндеу жұмыстары атқарылады деп жоспарлануда.

Ағымды жөндеу бойынша:

Қаракөз – Кеңғарын ауылдарының арасы - 11 шақырым, Тарас ауылының кірме жолы - 2,5 шақырым, Есеболатов – Қызылқайың аралығы - 7 шақырым, Арасан – Суықсай аралығы - 4,5 шақырым, «Қапал-Арасан» шипажайы - Көшкентал ауылының кірме жолы - -2,6 шақырым.

Орташа жөндеу бойынша:

Сағабүйен – Сырттанов елді мекендердің – 13 - 36 шақырым аралығы.

Жол - экономиканың күре тамыры болып табылады. Сондықтан бұл бағытта жұмыстар мейлінше жалғасын таба бермек.



Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Былтырғы жылы тіркелген жұмыссыздар саны 692 адамды құрады. Қоғамдық жұмысқа жұмыссыз азаматтар есебінен 279 адам жіберіліп, 592 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 93,2 пайыз болды.

2014 жылдың наурыз және маусым айларында Жансүгіров ауылында өткен бос жұмыс орындары мен маусымдық жұмыс орындарының жәрмеңкеде жұмыссыздар арасынан барлығы 169 адам жұмысқа жолдама алды. Сонымен қатар, 467 жаңа жұмыс орны ашылды.

2015 жылға жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға келесі жәрдемдесудің белсенді шаралар жоспарланды;

- 560 жана жұмыс орындары ашу, сонымен қатар, қоғамдық жұмысқа 350 адам жіберіледі.

Бұл іс-шараларға барлығы жергілікті бюджеттен 24 млн.700 мың теңге бөлініп отыр.



Мүгедектерді оңалту бағдарламасы

Аудан бойынша 2012-2018 жылдарға арналған аудандағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Биыл мүгедектер көп баратын денсаулық сақтау саласына – 9, мемлекеттік басқару органына – 4, мәдениет саласына – 4, білім саласына – 1, барлығы 18 пандус салынды.

Еңбек етуге ниеті бар мүгедектердің 78,9 пайызы жұмыспен қамтылды.


«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағытына сәйкес 2014 жылы ауданымызда 2 жоба іске асырылды. Жансүгіров және Қопа ауылдарының ішкі жолдарын жөндеуге. 24 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Бұл шара барысында 74 млн.763 мың теңге қаражат игерілді.

Екінші бағыты бойынша 2014 жылға жоспар 120 адамға 240 млн. қаражат несие бөлінген. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 76 адамға 161 млн. 100 мың шағын несие берілді. «Гоха и К» кредиттік серіктестігі арқылы 54 адамға 100 млн., барлығы 130 адамға, 261 млн.100 мың шағын несие берілді. 98 жаңа жұмыс орны ашылып, 36 адам өз істерін кеңейтті.

Ал, 3-ші бағытына сәйкес Республикалық бюджеттен барлығы – 9 млн.538 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.

Былтыр 28 адам қайта даярлау курстарынан өтті. Олардың 25-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Үстіміздегі жылы бағдарламаның 1 бағытына сәйкес Жансүгіров ауылының кәріз жүйесінің жөндеуіне 15 адам жұмысқа тартылады.

Екінші бағыты бойынша 250 млн.теңге шағын несие беру жоспарлануда.

Үшінші бағыты бойынша 19 млн.936 мың теңге бөлініп отыр.

Тек шағын несие беруде қосымша жұмыс орнын ашылуына, жыл бойы бағдарламамен және өзін-өзі қамтығандардың зейнетақы қорына тіркелуіне баса назар аударуымыз керек. Себебі, биылғы жылы болатын реформаға сәйкес зейнетақы мөлшері зейнетақы қорымен байланысты ұзақтығына сәйкес болмақ.

Әлеуметтік саланы басқарып отырған әкім орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім және жұмыспен қамту орталығының басшылары қолдағы бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, аудан тұрғындарын мейлінше жұмысқа тарту тетіктерін іске асыру керек.


Білім саласы.

Аудандық бюджеттің қомақты бөлігі білім саласына бөлініп отыр, атап айтқанда 2014 жылы 2 млрд 335 млн қаржы бөлінген.

10 орта мектепте 4 химия, 5 физика, 1 лингофонды кабинет алынды.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету 2013 жылы 71 пайыз болса, 2014 жылы 85,9 пайызға көтерілді. Т.Тоқтаров, Ғ.Мұратбаев, І.Жансүгіров (Ойтоған) орта мектептерінде ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы шағын орталықтары кеңейтіліп, «Балапан» бағдарламасын орындау пайызы 70 – ке жетті.

Ғ.Орманов атындағы орта мектебінің бір ғимаратына 16 млн.252 мың теңгеге күрделі жөндеу өткізіп, осы мектептің базасында лагерь ашылып, 300 бала жаз айларында демалып шықты.

2012-2013 жылғы оқу жылымен салыстырғанда 2013-2014 оқу жылында «Алтын белгімен» бітіргендер 1-ден 4-ке өсті. Алайда Біріңғай Ұлттық тестілеу қортындысы бойынша орташа балл 70,7-ден 66,2-ге төмендеді.

Сондықтан да, аудан әкімінің орынбасарына, аудандық білім бөлімінің басшысына, мектеп ұжымдарына ата-аналар комитетімен біріге отырып, білім сапасын көтеруде нақты іс-шараларды атқарылуын тапсырамын.

Денсаулық сақтау саласы

2014 жылы дәрі-дәрмектерге 157 млн.538 мың, медициналық құрал - жабдықтарға 110 млн.891 мың, тамаққа 15 млн.657 мың теңге бөлінген.

Былтыр жылы күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін аудандық емханаға 97 млн., Ойтоған ауылдық дәрігерлік амбулаториясына 5 млн.теңге бөлініп тиісті жұмыстар атқарылды.

32 млн.575 мың теңгеге 2 реомобиль, 1 санитарлық көлік, медициналық құрал- жабдықтар алынды. Орталық ауруханада барлық анализдерді алатын «Олимп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы ашылды. Биылғы жылы ауданда ауруханаға 5 үй бөлініп, дәрігерлермен қамту толығымен аяқталмақшы.

Алдын ала жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде әлеуметік маңызы бар аурулар саны жылдан жылға төмендеуде.

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы туберкулез 29-дан 25-ке азайған. 100 мың адамға шаққанда 2013 жылы облыс деңгейінде болсақ, 2014 жылы бірінші рет облыс деңгейінен төмен түстік. Вирустық гепатит мүлде тіркелген жоқ. тек бруцеллез ауруы 18-ден 27-ге көбейген.

Жылма жыл өлім-жітім азайып, туу көрсеткіші көбеюде. 2014 жылдың басынан өмірге 891 нәресте келіп, 2013 жылғы сәйкес мерзімнің көрсеткішінен 19 нәрестеге көбейді.

2014 жылдың қортындысы бойынша аудандық орталық аурухана облыс бойынша бірінші орынға шықты.

2014 жылы скринигтің 8 түрі енгізілсе, үстіміздегі жылы 12 бағытта жүргізіліп, ауруларды алдын алуға көп септігін тигізбекші. Соның арқасында әлі де болса көптеп кездесетін онкология, туберкулез аурулармен қайтыс болуына жол бермеу аудан дәрігерлерінің басты міндеті болуы тиіс.

Аудан әкімінің орынбасарына, аудандық орталық аурухана және аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне онкологиялық аурулардың алдын алуды, әлеуметтік маңызы бар ауруларына шалдыққан адамдарды анықтау, оларды емдеу, туберкулезге шалыққандарға азық-түлікпен көмектесу, сонымен қатар, аталған аурудың одан әрі таралуын болдырмауға, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға, ана мен бала өлімін болдырмау мақсатында барлық жүкті әйелдер мен жаңадан дүниеге келген балалардың және олардың аналарының денсаулығын қатаң бақылауға алып қажетті профилактикалық, емдеу шаралардың мерзімінде қолдануы, демографиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылады.


Мәдениет саласы

Былтыр «І.Жансүгіровтың туғанына 120 жыл» айдарында өткен Алакөл, Сарқанд және біздің ауданның мәдени күндері жоғары деңгейде өткізіліп, облыс бойынша екінші орынды иемденгеніміз аудан мәдениетінің даму үстінде екенін байқатты.

Республика және облыс аумағында өтіп жатқан додалы мәдени шараларда аудан өнерпаздары әрқашан жүлделі орындарды иеленіп қайтуда. Осыған орай облыс жұртшылығының Ақсу өнерлі аймақ деп таққан арайын төмендетпеуге тиіспіз.

Мәдени ошақтарының жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруда, ұлттық салт дәстүрлерді насихаттауда ізденіспен жұмыс істеуінің маңызы жойылмақ емес.


Қоғамдық тәртіпті сақтау.

2014 жылдың 12 ай қортындысы бойынша қылмыстың біршама өсуімен сипатталады, яғни 2013 жылы 286 қылмыс тіркелген болса, ал 2014 жылы 346 қылмыс тіркеліп, 60 қылмысқа өсіп отыр.

Қасақана адам өлтіру 2013 жылы 2 қылмыс тіркелсе, былтыр тіркелмеді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 3-тен 1-ге, зорлау 7-ден 6-ға, тонау 5-тен 1-ге, мал ұрлығы 100-ден 80-ге кеміді. Екі жыл қатарынан қарақшылық қылмысы орын алған жоқ.

Аудан көлемінде 2013 жылы 201 бөтен мүлкін ұрлау қылмысы тіркелсе, 2014 жылы 215 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы тіркеліп, 14 қылмысқа өсіп отыр.

Аудандық ішкі істер бөлімі 2014 жылдың қортындысы бойынша облыста 1-ші орынға шықса да, қылмыстардың саны артқанын ескере отырып, қылмысты азайту, оны түпкілікті жою бағытында жан-жақты шаралар қабылдап, ауқымды жұмыстар атқару қажет.

Спорт, туризм саласы

Елбасының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортпен қамтуды 30 пайызға дейін көтеру міндеті тұр.

Өткен жылы тұрақты дене шынықтырумен айналысатындар әр округ бойынша анықталды. Қамту деңгейі 3,4 пайыз бен 16,1 пайыздың аралығында, ал аудан бойынша 7,5 пайызды құрады. Әр округке бөлінген спорт нұсқаушыларының жұмысын ұйымдастырып, барлық спорттық нысандарды тиімді пайдалана отырып, тұрғындар арасында дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын бүгінгі күннің талабына сай жүргізу, ұлттық спорт түрлерін дамыту кезек күттірмейтін мәселе.

Былтыр туризм саласы бойынша ауданымызда «Қапал-Арасан» санаториясы 1032 адамға, 40 млн.490 532 теңгеге қызмет көрсетті.

2015 жылы Суықсай ауылдық округінде аңшылық үйі ашылып іске қосылмақ.
Діни ахуал, үкіметтік емес ұйымдармен, жастармен жұмыс

Ауданда заңды түрде тіркелген 23 мешіт бар. Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында әр деңгейде семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер жоспарлы түрде өткізілуде. Ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер мешіт имамдарына жалақы төлеу мәселесіне түсіністікпен қарап, елдің тыныштығына, жастардың қазаққа жат діндердің ықпалына ілікпеуі үшін үлес қосуда.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыруда шаралар атқарылды. Аудан бойынша 7 қоғамдық бірлестік, 4 қоғамдық қор, барлығы 11 үкіметтік емес ұйымдар заңды түрде тіркелген. 2014 жылы аудандық бюджеттен үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты ұйымдастыруға бөлінген 2 млн.173 мың теңге қаражатқа 2-і үкіметтік емес ұйым тарапынан 12 іс-шара өткізілді. Биылғы жылы осы мақсатқа бюджеттен 4 млн. теңге қаражат қарастырылған.

«Жастар саясатын» жүзеге асыруға жылма-жыл баса көңіл аударылуда. Ауылдық округтерге 17 жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы бірлігі бөлінді. «Ақсу ауданының жастары» филиалы ауыл жастарын жұмылдыра отырып облыста «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жеңімпаз болып танылып, «Үздік штаб» номинациясын иеленді. Жыл қорытындысымен «Ақсу ауданының жастары» филиалы облыс бойынша 1 орынға шықты.

Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы баршамыз үшін ең басты құндылық. Сондықтанда ауданда саяси-қоғамдық ахуалды қалыпты жағдайды сақтау басты міндетіміз.
Қадірменді жерлестер!

Қасиетті ағынды Ақсуымыздың бүгінгі даму келбеті баршаңыздың көз алдыңызда.

«Басқа жердің отынан, туған жердің түтіні артық» дейді дана халқымыз. Күн сайын туған ауданымыздың тұрмыс-тірлігін түгендеп, тыныс-бірлігін бүтіндеу, оның алымы мен қарымын қадағалау халық алдындағы жауапкершілік, өз еліңе деген жанашырлық деп түсінемін.

«Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар» демекші бірлігімізге тірлігіміз жарасып, туған ауылымызды, ауданымызды тарихи маңызына сай дамытып, өркендету – ортақ іс деп білемін.



Ауданымыздың экономикалық жағдайы жылдан-жылға дамып, халқымыздың әл-ауқаты арта берсін демекпін. Ол үшін алдағы уақытта да межелі міндеттерді ел мүддесіне сай жүзеге асыру одан әрі жалғасын табатынына сіздерді сендіргім келеді.
Ықылас қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!




Каталог: userfiles
userfiles -> Лекция аденома (гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) и Рак предстательной железы. Аденома ( гиперплазия, доброкачественная гиперплазия) простаты
userfiles -> Занятие №6 Тема 4: Воспаление. Наименование занятия: Воспаление
userfiles -> Саркома мягких тканей составляет 1% от общего числа злокачественных новообразований. Саркома мягких тканей составляет 1% от общего числа злокачественных новообразований
userfiles -> Вещества, влияющие на афферентную
userfiles -> Вещества, влияющие на афферентную
userfiles -> Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
userfiles -> Методическая разработка к практическому занятию для студентов 4 курса
userfiles -> Тесты по учебной дисциплине "токсикология и медицинская защита" Тема №6. 2 Клиническая картина отравления длк у человека складывается из: а нарушений психики


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет