Ақтөбе облысы
Темір ауданы
Сарыкөл орта мектебі
Сулейменова Ляззат Куанышовна
Педагог-психолог
Тақырыбы: «Стреспен қалай күресуге болады?»
Мақсаты: Жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл-күйін көтеру. Теориялық
аспектілерге тоқталу және стрестен арылудың жаттығуларын ұсыну.
Барысы:
-
«Менің эмоциям» жаттығуы.
-
«Стресті қалай жеңуге болады?» мини-лекция.
-
«Біздің топтың жүрегі» жаттығуы.
-
«Дыбыстық жаттығу » жаттығуы.
-
«Менің өзіндік бағамның декларациясы» жаттығуы.
-
Стреске қарсы профилактикалық ережелер.
-
«Өз жұлдызыңды тап » жаттығуы.
2. «Стресті қалай жеңуге болады?» мини-лекция.
-Әдебиеттерде стресс туралы көптеп жазады. Бұл кінәні сезіну,құндылықтарды жоғалту,
Оқуды,айналасындағы адамдарды жек көру және т.б. Одан құтылудың тәсілі қандай? Не істеу керек?
Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп тұр. «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң,жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды,соның нәтижесінде қажып,шаршап және жалығасыз немесе ауырасыз.сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Бомаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз.» Шығыс даналығы осылай дейді. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа,оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп,қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психакалық саулығыңызға назар аударыңыз.Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау,бас ауру,жүрек дүрсілдеу, асқазанның,жүректің ауруы. Стрестің психологиялық белгілері: ұмытшақтық,есте сақтау қиындықтары,қобалжу, шектен тыс уайымшылдық,себепсіз қорқыныштар,ашуланшақтық болып табылады.Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып,түрлі ауруларды,психикалық шаршауларды туындатады.
Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
1.Стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры ,әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді,дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.
2.Дене жаттығулары өте пайдалы. Жаттығу жасаңыз,ән айтыңыз,далада серуендеңіз, моншаға барыңыз.
3.Психикалық және дене релаксациясы қажет. Олар: музыка тыңдаңыз,түнгі аспанға,бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
4.Үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен араласыңыз. Ата-аналарыңызға,ата-әжелеріңізге,бауырларыңызға көңіл бөліңіздер. Өйткені олар сіздің махаббатыңызды,қамқорлығыңызды ,мейіріміңізді қажет етеді.
3. «Біздің топтың жүрегі» жаттығуы.
-Мына үлкен ақ жүрекке қараңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз. Біз ол үшін кішкене жүрекшелерді түсті қағаздан қиып алып оған жапсыруымыз керек. Қараңыздаршы ол біздің көз алдымызда тіріліп келеді.Бұл біздің топтың жүрегі, ол сабақ барысында үнемі дүрсілдеп тұрады.
4. «Дыбыстық жаттығу» жаттығуы.
Мақсаты: рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын өзімізді бірқалыпты,жайлы сезінеміз,тік отырып, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз,ал дем шығаоғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды әндетіп айтамыз:
А-барлық ағзаға жайлы әсер береді;
Е- қалқанша безге әсер етеді;
И-миға,көзге,мұрынға,құлаққа әсер етеді;
О-жүрекке,өкпеге әсер етеді;
У- асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
Я-барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
Х-ағзаның тазаруына әсет етеді;
ХА-көңіл-күйді көтеруге әсер етеді;
5. «Менің өзіндік бағамның декларациясы» жаттығуы.
-Мен қазір сіздерге «Менің өзіндік бағамның декларациясын» оқып беремін. Бұл адамның өз-өзіне арналған ұран.
«Мен-бұл мен. Бүкіл әлемде мен сияқты,маған ұқсас адам жоқ. Маған кейбір жері ұқсас адам бар, бірақ олар дәл мендей емес. Соныдқтан менен шыққанның бәрі менің төлтумам,өйткені оны мен таңдадым. Өзімдегі барлық нәрсе маған тиесілі; менің тәнім,оның барлық әрекеті,менің санам,ондағы ойлар мен жоспарлар; менің көзім,оның көрген барлық образдары, менің сезімім,қобалжу,құмарлану,қатаю,махаббат,тітіркену,қуаныш сияқты қандай сезім болмасын; менің аузым және ол айтатын барлық сыпайы,мейірімді,дұрыс сөздер,менің қатты және жай дауысым,менің басқа адамдарға және өзіме бағытталған қимылым тек маған тән.
Барлық қиялдарым,армандарым,үміттерім және қорқыныштарым маған тән.Барлық жеңістерім мен жетістіктерім маған тән.Сондықтан да мен өзімді жақсы көре аламын.
Мені кенеттен таңқалдыратын және мен білмейтін кей нәрсе бер екенін білемін.Мен өзімді жақсы көргендіктен өзімдегі кенеттен таңқалдыратын және мен білмейтін нәрселердің қайнар көзін шыдамдылықпен біртіндеп ашуға мүмкіндігім бар. Мен өткеніме қрағанда ,менің не көріп, не түйсінгенімді не айтып, не істегенімлі, не ойлап ,не сезінгенімді ойланамын,менің бұған көңілім толмайтын көремін. Мен өзіме сәйкес келмейтіннен бас тартып,қажет дегенді сақтап,өзіме жаңа нәрсені аша аламын.
Мен көріп,сезіп,ойлап,сөйлеп,әрекет ете аламын.
Мен өзіме ғана тәнмін,сондықтан да мен өзімді құра аламын. Мен- бұл мен және Мен –бұл-тамаша!
6. Стреске қарсы профилактикалық ережелер.
Біздің өміріміздің жылдамдығының үдей түскені соншама,бұл біздің жүйке жүйемізге әсер етіп қоймай, денсаулығымызға да кері әсерін тигізуде. Ғалымдар қазіргі «өркениетті» адамдарға «стрестік қоршауда » қалмас үшін өздерінің әдістерін талмай шығаруда.
Төменде беріліп отырған әдістер австралиялық мамандардың ұсынған әдістері.
1.Аптадағы жарты күнді өзіңізге ұнайтындай етіп өткізіңіз: демалып қыдырыңыз,билеңіз.
2.Күніне бір реттен кем емес өзіңізге ең қымбат адамға жылы сөз айтыңыз. Оның да сізге сондай жауап қайтаратынына күмәніңіз болмасын.
3.Аптасын 2 немесе 3 рет дене жаттығуын жасаңыз.
4. Суды көбірек ішіңіз, денені қалыпт аұстау үшін күніне 1-1,5 литр су ішу керек.
5.Аптасына бір рет өзіңізге «зиянын» тигізетін іспен айналысып көріңіз. Мысалы , әдеттегіден ерте жату немесе кеш жату.
6. Өз өміріңізді бұзуға асықпаңыз. Сәзге келген кейбір телефон қоңыраулары мен хаттарға көңіліңізге соқпаса жауап бермей-ақ қойыңыз.Жұмысы жоқ кейбір адамдар сізге ұнамайтын немесе керек емес әңгңімелерді айтып сіздің өміріңіздің сағаттарын ұрлайды,сөйтәп сізде стрестер туғызады.
7.Көңіл-күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болса, күш қажет ететін жұмыс істеңіз.Мысалы: бақтарды тазалаңыз,үй жиһаздарының орындарын ауыстырыңыз немесе ешкім естімейтін жерде қаттылап айқайлаңыз.
8. Күіне ең аз дегенде бір банан жеңіз. Онда барлық витаминдер,микроэлементтер бар, сонымен қатар оның энергетикалық құндылығы жоғары.
9. Адамдарға қарап жиі күлімдеңіз және олармен әңгіңмелесіңіз. Бұл қарапайым ғана нәрсе емес пе? Ашуланғанда беттің 72 бұлшық еті,ал күлімдегенде 14 бұлшық еті жұмыс жасайды екен.
Онша қиын емес әдістер,келісесіз бе? Бұл әдістерді орындау арқылы сіз көптеген стрестерден аулақ боласыз.
7.«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы.
-
Міне,қоштасатын да сәт жетті! Дегенмен сабақ барысында жарық берген жұлдыздар қалды. Бұл жұлдыздар бізбен бірге жүреді. Қараңыздаршы ,олар қалай жанып тұр. Олар біздің энергиямызбен ,мейірімізбен,ертеңгі күнге деген үмітімізбен,жетістіктерімізбен толы. Енді әркім өзінің білім,даналық,жетістік,бақыт,махаббат жолында оны бағыттап,жарық беретін жұлдызды алсын .Егер ол өте қиын болса , біздің бүгінгі сабағымызды еске алсын. Олар сіздерге дұрыс жол сілтеп,сіздің проблемаңызды шешуге көмектеседі.
-
Сабақ аяқталды. Назар аударғандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |