Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының Технология пәні мұғалімі Конысбаева Гульжайнар Ериковна



Дата05.04.2018
өлшемі69.8 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы

Үшқұдық мектеп – бақшасының

Технология пәні мұғалімі

Конысбаева Гульжайнар Ериковна

Сыныбы: 7 А

Пәні: Технология

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімдері.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық киімді қастерлей ,қадірлей тани білуге, әсемдеп тіге білуге, өнерлі болуға баулу.

Білімділігі: Оқушыларға ұлттық киімдермен таныстыру барысында жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой – қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Заман талабына сай іскерлік, шеберлікке, ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеу және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті:

1. Ұлттық киімдердің тігілуіне, безендірілуіне көңіл бөлу.

2. XX ғасыр мен кәзіргі ұлттық киімдердің үлгісі мен бояуына мән беру.



Сабақтың түрі: топпен, теориялық

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, көрсету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих, сызу,сурет, музыка, әдебиет.

Сабақтың жабдықталуы: Ұлттық киімдер салынған суреттер, оқулық, ұлттық киімдер үлгілерінен көрме, оқушылар да ұлттық киімдермен киінген.

Сабақтың барысы:

І. «Сергіту сәті»

Сабақ барысы:

II.Ұйымдастыру: Амандасу.Оқушылардың сабаққа қатысымын тексере отырып назарларын сабаққа аудару.

Кілемді тарқату арқылы топқа бөлу.

III. Жаңа сабақ.

Халқымыздың ұлттық киімдерінің түрлері өте көп.Кең байтақ даламыздың табиғатына, ауа райына байланысты киім түрлерінде де ерекшеліктер бар. Неше стиль түрі бар?

4 Соның ішінде фольклорлық киім стилі.
1-топ Жас ерекшеліктеріне қарай киілген ұлттық киімдер.

2-топ XX ғасыр.


Жас ерекшеліктеріне қарай киілген ұлттық киімдер.

Қазақтың киімінің тәуірін ежелден қыз- келіншектер киген,әшекейдің де ең асылын осылар таққан. Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпент, камзол, қынама бел киімдер, бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген.Бойжеткен қыздар бастарына бөрік, сәндеп өрнектеген шыт орамал тартқан. Әсіресе ұзатылған қызды үлде мен бүлдеге ораған.Киім тігуде адамның жас ерекшелігі ескерілген.Жас ерекшелігіне қарай бала киімі,бозбала киімі, қалыңдық, күйеу,жас жігіт, келіншек, бәйбіше, ақсақал киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келген. Киімдердің

етек -жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою- өрнек элементтерін салу,

үкі тағу жын- перілерден, пәлежаладан, ауру сырқаудан қорғайды,магиялық күш әсер етеді деген сеніммен туған.Кейіннен үкіні тақия, сәукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке қадаған.




XX ғасыр

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары Еуропаның киім кию дәстүріне еліктей бастады. Олар кастюм-шалбар,қайырмалы жағалы ақ жейде, галстук тағуды әдетке айналдырды.Шапанды тастап, пальтоға көшті.

Қазақ киімдерін зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана кеңінен қолға алына бастады.1922-1926 жылдары Қазақ республикасының астанасы Орынбор қаласының музейі Ақтөбе,Торғай,Қостанай,Орал,Атырау,Семей, Павлодар аймақтарын аралап, көптеген ұлт киімдері мен өрнектердің,алтын-күмістен жасалған бұйымдардың экспонаттарын жинап, әр облыстағы әртүрлі киім үлгілерін зерттеп,қағаз бетіне түсірген. Көптеген киім үлгілері Абай атындағы Опера және балет театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театрларының эпостық, тарихи шығармаларды сахнаға шығарудағы ізленістері, архив материалдарымен жұмыс істеу нәтижесінде қалпына келтірді.

Олар адамның дене мүшелеріне сәйкес баскиім, иықтық киім, белдік киім, аяқ киім деп жіктеледі.

Ұлттық киім - бай тарихи, мәдени мұра,өзіндік қасиетке толы.Мұның басты себебі:қазақ халқының табиғат төсінде өсіп,еркін ғұмыр кешуімен байланысты.Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.
Белгі тастау.Тарқатылған кілемнің бөлшектеріне жазып орнына қалдыру
IV Постер қорғау. Жақсы - екі қолымызды көтереміз он саусағымызды

майыстырамыз (3 шапалақ)

Орташа - екі қолды екі жаққа созып он саусағымызды

майыстырамыз.

Еңбекте қолданатын құрал жабдықтармен топқа бөлу.(саниметровка, қайшы, қалам, бор,түйреуіш, ине-жіп,оймақ)
1-топ Бөрік.(қалам,метровка,түйреуіш,бор)

2-топ Кимешек. (қайшы, ине-жіп, оймақ )
Қазақтың ұлт ретінде бір ерекшелігі бар. Ол - қазақтың ешқашан жалаң бас жүрмегені. Қазақ әйелдері болсын,еркек болсын бас киіммен жүрген. Балаларға дейін тақия кигізіп, үкілеп қоятын болған. Жалаң бас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздері бар. Аттан түспеген халық үшін денсаулық аса қажет. Қысы үскірік аяз, жазы аптап ыстық қазақ даласында денсаулық сақтаудың өзіндік шарттары бар.Оның үстіне ұлттың этикалық нормаларында бас киімге өзіндік орын берілген. Бас киімге қарап. сол кездегі адамдардың қоғамдағы орнын таныған.Адамның қоғамдағы рөліне қарай оның бас киімі де қымбат терілерден немесе маталардан тігілген.

Кимешек

Кимешек-қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Кимешекті жас келіншектерден бастап,егде жастағы әйелдерге дейін киген.Салт бойынша кимешекті келіншек балалы болғаннан кейін киеді. Ол көбінесе ақ матадан немесе ақ жібектен молдау пішіліп тігілген.Кимешек басты,мойынды,кеудені,иық пен жауырынды жауып тұрады. Оның өңірге,жауырынға түсіп тұратын бөлігін күндік деп атайды.Көбінесе жас келіншектерге арналған кимешектердің бет жақтаулары алуан түрлі ою-өрнектермен кестеленіп, оқаланып, кей жағдайда алтын,күміс,асыл тастармен,түрлі шытыралармен,тана,моншақтармен әшекейленеді.Қазақстанның әр өлкесінде сол өңірді мекендейтін рулардың киімдерінде орын алатын ерекшеліктер сияқты,кимешектердің пішімінде,түрінде,кестеленуінде,оқалануы мен әсемдеу тәсілдерінде өзіндік өзгешеліктер бар.



Сәукеле

Сәукеле-қазақ әйелдерінің бас киімінің арсындағы ең көріктісі және ең ежелгілердің бірі.Ол қалыңдық киімінің ішіндегі салтанатысы болып табылады.Қазақ қыздары тұрмысқа шыққанда ғана өздеріне арналып алдын ала тігілген сәукелені киген. Сәукеленің негізгі бөліктері- тәж, төбе, құлақбау және артқы бойы.Сәукеленің төбесі конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады.Оны асыл тастармен, алтын, күміс, меруерт, маржандармен өрнектеп, алтын жіптермен әшекелейді. Оның астар,сыртына бидай(шүберек) салынып,жиі сырылады.Сырты қамқа,дүрия,торғын сияқты асыл маталармен қапталады.

Оның алдыңғы жағы түрлі зер жіптермен,асыл тастармен,күміс түйреуіштермен әшекейленеді.Екі жағына ұзындығы белге дейін жететін құлақбау орнатылып,оларда түрлі тастармен,күміс әшекейлермен безендіріледі.

Сәукеленің басты құрамды бөлігі-жеңіл матадан жасалған желек.Ол сәукеленің ұшар басына бекітіледі.Ертеректе оны ақ желектен жасап,кестемен өрнектеген.Сәукеле ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп,ол әйелдерден гөрі қалыңдықтың тойға киетін бас киіміне айналды.



Қыздар тақиясы
Егер ер адамдардың тақиясы күнделікті тұрмыстағы маталардан тігілетін болса,қыздар киетін тақияға міндетті түрде қымбат маталар қолданылады.Оның үстіне тақия түсі сырт киімге-бешпентке немесе камзолға сәйкес келуі керек.Етегіде,жоғарғы бөлігі де алтын немесе күміс паршамен оюланады.Кейде сәнді жіптермен зер төгіледі.

Қыздар тақиясының жоғарғы жағы дөңгелек конус немесе төрт қырлы пирамида түрінде болып келеді.Төбесіне міндетті түрде үкінің немесе тотының қауырсыны тағылады.



Қасаба Қасаба-әйелдер киетін сәнді бас киім үлгісі.Оны желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түрінде елестетуге болар еді.Қасабаны қас аруға лайық деп білген. Қасабаның желкені жауып тұратын жоғары тұсымен бірге пішіп-тігу керек.Егер төменгі жалбағайының жалғанғаны көрініп тұрса,онда сәндік тартымы болмайды.Оның ерекшелігіде тұтас тігілуінде.Ол да қыздар тақиясы сияқты алтын немесе күміс паршамен әдіптеледі.Желкені жауып тұратын жағына да сондай өрнектер түсіріледі
Бөрік Ерлер де, қыздарда киетін бас киім. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын,аумалы-төкпелі кезеңдері-көктем мен күзде киген.Өйткені ол киіп жүруге әрі жылы,әрі жеңіл. Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет.Қазақта бөріктің атауларын қандай аң терісінен тігілгеніне қарай атау дәстүрі бар.(сусар бөрік),(құндыз бөрік),(кәмшат бөрік)деген атаулар содан қалған. Аң мен мал терілері иленіп, тазаланып болған соң далаға жайып, иіс-қонысты кетіріп,бөрікке сәйкестендіріп пішіп, астарлап тігеді. Бөріктер ұзынша, сопақша,төбесі үшкір,үш немесе төрт, алты қиықтан құралады.Бөріктің сыртын мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталармен тыстайды. Тысына маржан ,әшекей сәндік үшін ою салады және үкі тағылады.

.

Айыр қалпақ Айыр қалпақ – ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киім. Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі. Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады).Қалпақтың төбесі төрт сайдан(бөліктен) тұрады.Пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан сызық салып, қайып тігеді. Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің етегіне сызық салып қондырады. Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді.



Тымақ

Тымақтың түрлері көп, соның ішінде ең бағалысы- түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай киізден құралып, шошақ болып келеді.



Сұрақтар беріледі Ағаш үйдің ішінен алу арқылы жауап береді.

Кесте таратылады.

Бағалау.

Үйге тапсырма: Иықтық киімдер туралы мәнжазба.

Белдік киімдер туралы мәлімет жинау.



Аяқ киімдері түрлері туралы мәлімет ала отырып буклет жасау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет