АҚТӨбе маңы шөлді дала кешеніндегі өсімдіктер бірлестіктерінің Өнімділігі ғылыми жетекші: б.ғ. к. Атаева Г. М., Жаратылыстану факультеті, 2- курс, 5В011300-



Дата05.07.2017
өлшемі60.71 Kb.
#24205
ӘОЖ 57

АҚСЕЛЕУ – БЕТЕГЕЛІ АССОЦИАЦИЯСЫ ӨНІМДІЛІК ДИНАМИКАСЫНЫҢ АУА – РАЙЫ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ

АҚТӨБЕ МАҢЫ ШӨЛДІ ДАЛА КЕШЕНІНДЕГІ ӨСІМДІКТЕР БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІ
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. Атаева Г.М., Жаратылыстану факультеті, 2- курс, 5В011300-«Биология» мамандығы студенттері Нұржау Ж., Бегім А.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университеті

Ақтөбе облысының өсімдіктер жамылғысы 3 зона элементерінен тұрады. Солтүстігі ақселеулі далалар зонасы, оны бетегелі далалар алмастырып, В.В.Иванов бойынша облыстың біраз бөлігін шөлді дала және шөлейт зонасы алады. (Никитин, Левина), ал солтүстік аудандарда шөлдің солтүстік шекарасы өтеді.

Біздің зерттеген ауданымыз шөлді дала зонасында орналасқан. Біздер Ақтөбе маңы шөлді дала кешенінен ақселеулі – бетегелі, ақжусанды – бетегелі және еркекшөпті – ақселеулі ассоциацияларды зерттедік.

Ақтөбе облысының шөлді далаларына екі қарама – қарсы топтар типі тән: дала мен шөл, олар кешенде рельефтен, топырақ пен ылғалдану жағдайларынан өзіндік орын алады. Шөлді дала өсімдік бірлестіктерінің орналасуына микрорельеф үлкен орын алады, тіпті 7 – 20 см көтерілу де өсімдік бірлестіктерінің түрлі орналасуына әкеледі. Зерттелетін участоктің шалғынды – қарақоңыр топырағында ақселеулі – бетегелі ассоциация өседі, ол 20% территорияны алса, ашық – қарақоңыр топырақты микроплакорлар, микробеткейлер де, кейде микросайларда да ақжусанды – бетегелі ассоциация өседі. Олар кешеннің 25% - ін алады. Зерттелген участокте астық бірлестіктері басым болды, сондықтан В.В.Ивановтың классификациясы бойынша доминантты тұқымдас – Poaceae бар участоктер шөлді далаға, яғни дала типіне жатады [1]. Селеу формациясы (Stipeta capillatea).



img_3019

Сурет1. Әр түрлі шөптесін - дәнді ассоциация (Stipa capillata, S. lessingiаnа, Elytrigia repens, Medicago romanica, Salvia nemorosa, Galium ruthenicum) шалғынды - қарақоңыр жерлерінде.

Зерттелетін ауданда селеу формациясын шалғынды – қарақоңыр топырақты сайларда, олардың кешендегі үлесі 20%-ке келетін бір ақселеулі – бетегелі ассоциацияға (Stipa capilata, Stipa lesingiana (сурет 1), Festuca valesiaca) келеді.

Селеу формациясының эдификаторы тығыз шым қабатты көпжылдық астық тұқымдас – қылқан селеу немесе тырса (Stipa capilata L.) болып табылады, ол 65 – 105 см – ге жетуі мүмкін. В.Г.Танфильева, Л.А.Манохина және басқалар бойынша шым қабаттың орташа диаметрі 5 – 9 см – ге жетеді.

Өте үлкен шым қабаттарды Л.Е.Родин 40 см – ге дейін жететіндігін белгілеген. Басқа селеулерден қылқан селеудің ерекшелігі көктемде өркен түзілуі жай, гүлдеу фазасы басқаларынан ай жарымға кейін келеді[2].

Қылқан селеудің тамыр жүйесі 180 – 250 см тереңдікке енеді (М.С.Шалыт), бірақта негізгі тамырлардың массасы гумус қабатында шоғырланған.

Зерттелген ауданның ақселеулі – бетегелі бірлестікте басты рөлді қылқан селеу мен бетеге алады, ал қалған өсімдіктер аз ғана бөлігін құрайды.

Бірінші, екінші белдеулерді (биіктігі 50 – 75 см) қылқан селеу, бетеге мен басқа да аралас шөптердің генеративті өркендері құрайды. Үшінші белдеуді (биіктігі 30 – 50 см) бетеге, қозықұйрық, қызылбояулардан тұрады. Төртінші белдеу биіктігі 30 см – ден кіші өсімдіктер кіреді, оған кейбір өсімдіктердің жертаған жапырақтары, ерте көктемдегі – эфемерлер мен эфемероидтар жатады. Ассоциацияның жобаланған жабындысы 80 - 95%, ал шын жабындысы 50 - 60%, 1 шаршыметрде түрлік қанығуы 10 – 19 түрден келеді. Қылқан селеу қауырсын селеуге қарағанда түсуге төзімді. В.Г.Танфильев, М.С.Шалыт, Е.М.Лавренко, В.В.Иванов және басқалар көрсеткендей қарқынды жайылымдарда алдымен қауырсынды селеу, одан кейін қылқан селеу бетегеге орын береді [3].


Кесте 1. Ақтөбе маңы шөлді дала кешеніндегі гидроучастоктерге сипаттама


Микрорельеф-тің элементі және гидроучастогі

Ассоциа-циясы

Топырағы

Жылда-ры

Жауын- шашын мөлшері, мм

Жылдық орташа темпера-тура

Гидро- фактор

Hf


Кешеннің құрамындағы гидроучасток-тің ауданы % - пен

Микротөмен-деуCd – шалғынды - далалық

Stipacapilata + Festucavalesiaca

Шалғынды - қарақоңыр

1999

2006


2011

462,7

619,5


284,7

7,2
6,4
6,5

114,91
120,09
105,40

20

Микроплакор-лар Cb - шөлейтті

Artemisia lerchiana + Festucavalesiaca

Ашық - қарақоңыр

1999

2006


2011

308,5

413,0


189,8

7,2
6,4
6,5

106,70
112,75
97,63

25




Фитомасса қорының динамикасы
Фитомасса қорының динамикасы барлық негізгі блоктарда 1 жыл бойы зерттелді. Мұндай зерттеулердің әдістемесі Базилевич пен Титлянова (Бағдарлама мен әдістеме ..., 1974; Әдістер ..., 1978; Миркин, Розенберг, 1978) жұмыстарында сипатталды. Жер асты фитомассасы 0 – 30 см қабаттан анықталды, өйткені тамырлардың негізгі массасы (80 – 97%) осы қабатта жинақталған. Келесі бөлімде әрбір ассоциацияларындағы фитомасса қоры динамикасының бөлек блоктары, яғни Ф – жасыл фитомасса, В – ветошь, П – төсеніш, R – тірі тамыр фитомассасы, V - өлі тамырлар зерттеулердің қорытындылары келтірілген. Одан басқа келтірілген кестелер мен суреттерде келесі белгілер: рФ, рВ, рП, рR, pVсәйкес блоктардың өсімдері, pM – жер үсті органикалық заттарының минерализациясы, рW – жер асты қабатының минерализациясын қабылдаған. Қорды есептеу бірлігі ц/га, өнімдердікі ц/га/жыл.
Кесте 2. Жылдық және вегетациялық емес кезеңдегі жауын ­ шашынның мөлшері (мм)


Участок

Жылы

Вегетациялық емес кезеңдегі жауын – шашын мөлшері

Жылдық жауын – шашын мөлшері

Мерген

1999

2006


2011

162,9

57,8


102,0

308,5

413


189,8

Әртүрлі ассоциацияларда 150 см биіктікте ауаның температурасы көп ерекшеленбейді. Көптеген айларда сайлардан 150 см – биіктікте төменгі температура байқалды. Көктем мен күзде 150 см биіктікте әртүрлі гидроучастоктерде ауа температурасының көрінетіндей өзгешелігі байқалған жоқ. Дала кешендерінің гидроучастоктерінде әртүрлі ассоциацияларда шалғындық үсті мен топырақ қабатының жоғары температурасы тәртібінде басқаша сурет байқалды [4].


ҚОРЫТЫНДЫ

Ақтөбе маңы шөлді – дала кешенінде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы өнімділік және топырақ түзілу процестерінің ажырамас байланыста екендігін көрсетеді. Органикалық заттардың заңдылығы мен жиналуы анықталып, топырақ жамылғысының эволюциясын негізгі жүйелік анализ арқылы зерттеді.



Шөлді дала кешенінде біркелкі емес гидротермиялық жағдай мен өсімдік жамылғысы әр түрлі топырақтардың дамуын анықтағанда түрлі құнарлылығымен сипатталады. Шалғынды қарақоңыр топырақтар жақсы құнарлы болып келеді. Оларда гумус, азот көптеп болады. Сіңіру кешенінде кальций көп, аз мөлшерде натрий мен хлор саны болады. Ашық – қарақоңыр топырақтар аз құнарлы болып келеді. Бұл топырақтарда гумус пен азот аз болып, сіңіру кешенінде натрий мен магний, топырақ ерітіндісінде хлор иондары көп болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Агроклиматический справочник по Западно – Казахстанской области. Алма – Ата: Казгосиздат, 1980. – 183с.

  2. Алехин В.В. Методика полевого изучения растительности и флоры. М., 1968.

  3. Базилевич Н.И., Родин Л.Е. Географические закономерности продуктивности и круговорота химических элементов в основных типах растительности земли. – В кн.: Общие теоретические проблемы биологической продуктивности. М. - Л.: Наука, 1989, с. 24 – 32.

  4. Базилевич Н.И., Шатохина Н.Г. Опыт определения продукции подземной массы в фитоценозе луговой степи. – В кн.: Структура, функционирование и эволюция системы биогеоценозов Барабы, т.2, Новосибирск: Наука, 1976, с. 300 – 303.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет