Атырау облыстық кәсіпкерлер Палатасы жанындағы, кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы Кеңесінің отырысы



Дата21.01.2018
өлшемі65.08 Kb.


Атырау облыстық кәсіпкерлер Палатасы жанындағы, кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы Кеңесінің отырысы.
Аққыстау ауылы 20 қыркүйек 2017жыл

Хаттама №3
Күн тәртібінде:

  1. «Атырау» әлеуметтік - кәсіпкерлік копорациясы ҰК» АҚ Исатай ауданында несие алған Несие Серіктестіктерінің несие төлеудегі берешектерінің туындау себептерін талқылау;



  1. Исатай ауданындағы несие серіктестіктері мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау (сұрақ-жауап бөлімі);

Төрағалық еткен: С.Х. Жолдыбаев - Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының

директорының орынбасары;



Хатшысы: К.Жубанова – Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы

Исатай ауданы бойынша филиалының

менеджер-кеңесші.

Қатысушылар: Кеңес мұшелер және

Шалабаев Асылбек Ғалиахметұлы - Атырау облыстық кәсіпкерлер

палатасының Исатай аудандық

филиалының директоры;

Мұхамбеткалиев Нұржан Қайырғалиұлы - «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік

копорациясы Ұлттық Компаниясы» АҚ

басқарма төрағасының орынбасары;

Жұмағазиев Жасұлан Уалиханұлы - Исатай ауданы прокурорының

орынбасары;

Үбіғалиев Ерлан Абилхасимұлы - Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының

сарапшысы;

Мусағалиев Жоламан – Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының

сарапшысы;

Ахметжанова Ақтолқын Жақсылыққызы - «Нұр Отан» партиясының Исатай

аудандық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары,

Сариев Қуандық Ғалламұлы - «Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығы»

директоры;

Несие серіктестіктерінің басшылары, жеке кәсіпкерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Жиналысқа қатысқандар саны- 35 адам.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жолдыбаев Сәрсенбай Хамидоллаұлы сөз алып Исатай ауданы бойынша шағын және орта бизнес туралы жалпы айтып өтті. Кәсіпкерлік саласын жетілдіру бағытында негізгі проблемаларға тоқталды.

«Қ.Р. Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынан кәсібімді ашамын деп барлықтарыңыз да несие алдыңыздар, аталған корпорация ол қаржыны бюджеттен алып, сіздерге пайыздық үстемақымен несие ретінде берген болатын. Облыстан келген ақпаратқа сүйенсек күні бүгін аудандағы 11 несие серіктестігінің көпшілік бөлігі, несиені төлеу кестесінен кешігуде.

Несие серіктестіктері директорларынан себебін сұрағанымызда несие төлеу кестесін серіктестіктер мүшелерінің бұзуынан болғанын алға тартады. Бүгінгі жиынға аудандағы 11 несие серіктестіктің төрағалары мен мүшелері шақыртылып, серіктестіктерден өкілдер қатынасып отыр.

Жиналыста алынған несиені төлеудегі берешектердің не себептен туындауын талқылап, хаттама жасақталып, ұсыныстарыңызды облыс, республика деңгейіндегі тиісті органдарға ұсынатындығымызды хабарлаймын.»

Несие серіктестік директорлары жеке жеке тыңдалды:



  1. «Нарын НС» ЖШС директоры М.Шахуов:

«Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» АҚ заңды көмек сұралды. Сот процесстеріне қатысуға, ақы төлеудегі шот-фактуралар қазақ тілінде жазылуын талап етті.

  1. «Нұрқат-АК НС» ЖШС директоры Г.Зинетуллина :

- «Нұрқат-АК» несие серіктестігінің 5(бес) мүшесінің әр қайсысы 3,0 млн теңгеден жеке кәсібін ашамын деп несие алды. Олар Ұштаған, Айбас, Қойшыбай елді-мекендерінде мал шаруашылығымен айналысуда. Несие алған жылы мал сатып алып аталған елді-мекендегі құдықтарға малдары үйренгенше және малды сатып алған жылы төл ала-алмай қиындықтарға ұшырадық. Соңғы жылдары мал жайылысына шегіртке түсіп, одан кейін мал арасындағы індеттің шығуы, күні кешегі жайылымдағы шөптің өртеніп кетіп жайылымда шөптің болмауынан малымыз көтерем болып сатуға келмеуде. Сол себепті несие төлеу кестесінен қалып келеміз деді.

3. «Бабан НС» ЖШС директоры Н.Жұмашев :

- «Бабан» несие серіктестігінің 5(бес) мүшесі әр қайсысы 3,0 млн теңгеден жеке кәсібін ашамын деп несие алды.Яғни 112,5 шаршы метр тұрмыстық қызмет көрсету орталығы ғимараты салынып, 21 бас жылқы, 100 бас қой, 10 бас мүйізді ірі қара малдар сатып алынды. Қазіргі таңда несие серіктестігінің 3 мүшесі несиелерін кесте бойынша кешіктермей төлеуде. Қалған 2 мүшесі:



Жумашев Азамат - «Тұрмыстық қызмет көрсету орталығы» құрылыс нысаны біткенімен, нысанға инженерлік-инфрақұрылым тартылмағандықтан толық іске қосалмай отыр. Кәсіпкерге жергілікті атқарушы органдар «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында несие алып кәсіп ашқандарға инженерлік - инфрақұрылым бюджеттен тартылып беріледі деп айтып, кәсіпкер 3 жыл күтіп қалды.

Аталған бағдарлама 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылып кетті. Енді нысанына инженерлік-инфрақұрылымды тартуға қаржыны қайдан табарын білмей жүр.



Ыбраев Болат – несие алып 100 бас қой сатып алған. Қойды алған жылы төл ала алмады, өйткені алған қойлары тоқты болды. Келесі жылдары құмда жайылымдық жердің өртенуінен , жердің қуаңшылығынан мал басы өспей несиені кесте бойынша төлей алмауда деді.

4. «Анарбек НС» ЖШС директоры м.а А.Хисимова :

Біз «Анарбек НС» ЖШС - 2012 жылы егіншаруашылығы үшін жылыжай салуға 9,0 млн тенге несие алдық. 2013 жылы ақпан айынан бастап ауыл әкіміне жер бөліп беруін өтініп, бірнеше рет арыз жазылды. Алайда, арыз қанағаттандырылмай, өз шарбағымнан коммерциялық бағамен 65 000 тенгеге жер сатып алынып, 3 жылыжай орналастырылды. 2013-2015 жылдың аралығында алынған несиені уақытында қайтарып отырдық. Кейін өзек жағасынан жер алып, шаруамызды кеңейттік.

Бірақ кең жерді жырту, тыңайту үшін техника жетіспеуінен қиындықтарға кезіктік, дән уақытымен салынбады, өнім алынбады. Зор шығынға ұшырап, несие төлеу қабілетімнен айырылдым. Оның үстіне ауа- райы қолайсыздығынан қуаңшылық та кедергі болды.

Сөйтіп, 2015 жылдан бері жермен осындай мардымсыз тірлік жасап, несиені жабуға мүмкіндігіміз болмай отыр.



5. «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Н.Мұхамбеткалиев:

Исатай ауданы бойынша 11 несие серіктестіктері бар.



11 Несие серіктестіктерінің 2011-2013 жылдары алған 94,0 млн несиесі негізінен мал шаруашылығын дамытуға, ішінара егін егу мақсатына арналған болатын.

Малдарын алған, қора үй жайларын салған (сатып алған), құдықтарын қазған, бір жыл каникулдан кейін қайтару мерзімі басталды. Алайда несиенің жылдың аяғында берілуі, өндірістегі қиындықтар, техниканың тапшылығы, былтырғы жаздағы жауын-шашынның мөлшерден көп түсуі, былтырғы және биылғы малға келген індет қарызгерлерді тығырыққа тіреген.

Келісім-шарт талаптары орындалмауына орай әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қарызгерлерді сотқа беріп отырмыз, алайда күні бүгін өсімпұл өсіп, берешек бүгінгі күні көбейіп кетіп отыр. Несие серіктестігі мен корпорация арасындағы негізгі келісім шарт бойынша, Үкімет бекіткен қағидаларға сүйене отырып, бізге борышкерлерден несиені қайтаруға тиісті деді.

6. «Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығы» басшысы Қ.Сариев:

Жалпы сараптау бойынша аудан бойынша құрылған несие серіктестіктерінің көп бөлігі несие төлеуге қабілетсіз. Сондықтан, аталған жағдайлар бойынша несие алушыларға несие төлеу кестесіндегі мерзімдерді қайта қарауға ұсыныс етемін.



  1. «Нұр Отан» партиясының Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметжанова:

«Нұр Отан» партия жанынан ұсыныс хат жазылып, осы аталған мәселеге қатысты нормативті құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге пікір білдіремін.

8. Исатай ауданы прокурорының орынбасары Жұмағазиев Жасұлан Уалиханұлы: «Заңдылықтар бойынша құқықтық көмек көрсетуге әзірмін.»

ЖИНАЛЫС ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Атырау облыстық кәсіпкерлер Палатасына (Палата) анықталған

проблемаларды облыс әкімінің назарына жеткізу тапсырылсын

  1. Палата және «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық

3. Компаниясы» АҚ тарапынан несие серіктестіктері директорларына

регресстік талап арыз жазуға көмектесу, құқықтық көмек беру

қарастырылсын;

4. 11 несие серіктестіктерінің әр-біреуінің несие төлеу тарихына зерттеу

жүргізіп, қорытынды ақпаратты Атырау облысы кәсіпкерлер

палатасына жолдау;



  1. Несие беру келісім- шарттарында сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу үшін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан, жергілікті атқарушы органдардан ұсыныстар жинауға.

Жиналыс Төрағасы С.Х. Жолдыбаев

Хатшысы К.Жубанова




Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет