Аты Суреті Мәліметі



Дата03.07.2017
өлшемі309.81 Kb.
#21535

Аты

Суреті

Мәліметі

Хлорофитум

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=5f560bf672ef8ed7d020afaa49124616&n=33&h=190&w=265

Хлорофитум гүлінің атауы грек тілінен аударғанда – жасыл және – өсімдік деген сөздерден шыққан. Отаны – Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда – Оңтүстік АмерикаАфрикаМадагаскар аралы, Оңтүстік АзияАвстралияда таралған. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Әдемілігі – мұртшасы мен нәзік қияқ жапырақтарында. Жапырақтарының түсі түріне байланысты: жай сұрыптары жасыл, қою жасыл болса, сұрыпталған түрлерінің жапырақтары ақала, сарыала болып келеді. Жасыл жапырақтарының ортасында ақ сызық болса, екінші түрінде керісінше ортасында жасыл сызық, ал шеттері ақ немесе сары түсті болып келеді. Ерте көктемде гүлдейді. Гүлдері ұсақ, пішіні лала гүлдікіне ұқсайды, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Гүлдері гүлсидамында кезектесіп орналасады. Гүлдеп болған соң, гүлдеген жерлерінен балапандар шығарады. Балапандары біраз уақыттан кейін үлкейіп өсіп, тамырланады. Оны бірден аналығынан бөліп, бөлек түбекке отырғызу керек. Басты ерекшелігі, күтімді көп қажет етпейді, есесіне бөлменің ауасын жақсы тазартады. Ғалымдар хлорофитум өсімдігінің ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл өсімдікті әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.

Ала жапырақтыларына жарық қажет, көлеңкеде түссізденіп кетеді. Жасыл жапырақтылары көлеңкеде де өсе береді.

Жазда 15-200С, қыста 70С-дан төмен түспегені абзал.

Жазда жиірек, қыста сирек суғарылады.

Құрғақ, ыстық ауада жапырақтарының ұшы қоңырқай тартып, қурап кетеді. Сондықтан су бүркіп тұру қажет.

Әдемі жапырақтыларға арналған тыңайтқышпен көктемнен күзге дейін екі аптада бір рет қоректендіріп тұрған жөн.

Ауруға сирек шалдығады. Алайда щитовка, өсімдік биті, ақ ұнтақ құртының әсерінен ауруы мүмкін.

Балапандары және түбін бөлу арқылы көбейтеді.





Аты

Суреті

Мәліметі

Қынагүл

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=4b9da410630945bf9231d462f2502bf0&n=33&h=190&w=286

ҚЫНАГҮЛ (IMPATIENS БАЛЬЗАМИН) – бальзаминдер тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Африка аймақтары. Гүлдің 850-дей түрі белгілі. Сабақтарының биіктігі 40-50 см, тік орналасқан, сулы, жартылай мөлдір. Жапырақтары ұзыншақ сүйір болып келген, жиектері майда аратісті, түсі ақшыл жасылдан, қою жасыл аралығында. Гүл күлтелері жай және гүлпарлы, ал түстері күлгін, ақ, қызыл, ақшыл көк, қызғылт болады. Мол әрі ұзақ көктемнен күзге дейін гүлдейді.

Жарық мол түсетін жерге орналастыру керек. Бірақ тіке күн сәулесінен қорғау қажет.

Қыста 18ºС төмен түспегені абзал.

Жаз айларында топырағы ылғалды болып тұрғаны абзал, қыста суды топырағының беткі қабаты құрғағанда ғана құю керек.

Жапырағына су бүркіп тұру қажет. Гүлдеп тұрған кезінде гүлін қалқалап барып су бүрку керек, әйтпесе су тамшылары гүл күлтелерінде дақ қалдырады.

Көктемнен күзге дейін гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріледі.

Ауа құрғап кетсе өрмекші құрты, кене, өсімдік биті секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.

Қалемшелеу, тұқымы арқылы көбейтеді.






Аты

Суреті

Мәліметі

ҚАЗТАМАҚ



https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=3c6e1cb69a1d73583d3a703caaa0971c&n=33&h=190&w=217

ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны –Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтардыстафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.

Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады.

Қыста 10ºС төмен болмағаны абзал.

Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет.

Ылғалдандыруды қажет етпейді.

Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет.

Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік.

Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.





Аты

Суреті

Мәліметі

Фикус

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=8029d44a20fa64df58ea267b32c6df0c&n=33&h=190&w=190

Фикус (FICUS ФИКУС) үй гүлдерінің ішіндегі ең кең таралғаны және танымалы десек те болады. Туысында 1500-2000-ға жуық түрі болғанымен «Каучук фикусы» көп өсірілетін түрі. Сонымен қатар, «Бенджамин фикусы» және «Эластика фикусы» деген түрлерін де өсірушілер қатары көбейіп келеді. Әдемі жапырақтарына бола бұл гүлді нағыз мекеме гүлі деп айтады. Дегенмен де фикус көпшілікке ең алдымен көп күтімді қажет етпейтін «көнбістігімен» танымал болған шығар. Бүгінгі біз айтқалы отырған фикус «каучук фикусы». Каучук фикусының өзі бірнеше топқа бөлінеді. Алғашында, жасыл, жалпақ жапырақты бір түрі болса, қазіргі кезде оның сары ала, ақ ала, қызыл ала және ұсақ жапырақты, бойы аласа секілді бірнеше түрі шығарылды. Барлық түрінің күтімі бірдей. Олардың бір-бірінен айырмашылығы жапырағының түстерінде ғана.

Тіке түскен күн сәулесін көтере алмайды. Ала жапырақты түрлері жарықты ұнатады, көлеңкеде ала түсін жоғалтып, жай жасылға айналып кетеді. Жарық жетіспегеннен төменгі жапырақтары түсіп қалады.

Жылу сүйгіш өсімдік. Қыста температура 16-180С төмен болмағаны дұрыс.

Жылдың барлық мезгілінде бірқалыпты суғару қажет. Топырағында судың тосылып қалғанын ұнатпайды. Суғаратын судың бөлме температурасы деңгейінде жылы болғаны дұрыс.

Жапырақтарын дымқыл матамен сүртіп тұру керек. Ол фикусқа әрі ылғалдылық беріп, әрі жапырақтарын шаңнан тазартады. Ұсақ жапырақты фикустарға су бүркіп тұру қажет.

Фикустың барлығы шіріген көң мен құнарлы топырақты ұнатады. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын тазалап алып, жаңа топырақ салып тұрған абзал.

Өрмекші, ақ ұнтақ саңырауқұлағымен, өсімдік битімен ауырады. Кез келген ауру фикусқа көп суғарғаннан және тазалықтың жоқтығынан келеді.

Қалемшелеу және жапырағы арқылы да көбейтіледі.





Аты

Суреті

Мәліметі

Спатифи́ллум

http://kvit-sad.com.ua/static/site/images/products/266/266_516.jpg

Спатифи́ллум (лат. Spathiphyllum) - Ароид тұқымдасының лат. Araceae 113 тегінің бірі. Спатифиллумның бүгінгі таңда 50 түрі белгілі[1] . Біздін елде тек бөлме өсiмдiктерi түрінде өседі. Ол көбінесе «Әйел бақыты» деген атпен белгілі. Бұл аялы алақанға ұқсайтын гүлдеріне байланысты болуы мүмкін.

Көбіне бұл шөп тектес өсiмдiк. Әдетте 60 см өседі. Ол мәңгi жасыл өсімдік. Мамырда гүлдейдi. Тамырсабақ қысқа. Сабақты болмайды - тамыр қасындағы жапырақтар топырақтан шоқ тiкелей құрастырады.

Гүлдерінің түсі ақ, ұзындығы шамамен 7-12 см болады. Гүлінің сыртындағы қаптамасының түсі түріне қарай әртүрлі болып келеді. Гүлдері ұзын сабақ басында орналасады. Сабағының ұзындығы 30 см. Көктемде екі аптадай гүлдейді. Жаздың аяғында екінші мәрте, қыста үшінші рет гүл жарады. Солған гүлдерін түбінен кесіп тастау керек. Гүлдегеннен кейін де спатифиллум үлкен жапырақтарымен әдемі көрінеді.

Жарығы: Жарық жерде өсіру керек.

Жылуы: Қыста 18ºC төмен болмағаны жөн. Орташа температурасы +25

Суғарылуы: Гүлдеу кезінде молынан, басқа уақыттарда сирек суғарылады.

Ылғалдылығы: Ылғалдылықты көп қажет етеді. Су бүркумен қатар, түбегінің түбіне үнемі су құйып тұру керек.

Қоректендірілуі: Наурыз айынан қыркүйек айына дейін минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі.

Аурулары: Түбегі тым үлкен болса гүлдемей қалады. Ылғалдылық аз болса жапырақтарының ұштары сарғайып, қурап қалады.

Көбейтілуі: Түбін бөлу арқылы көбейтеді





Аты

Суреті

Мәліметі

Бегония

https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=98914a59261cec9e6b38f63b2d70e55d&n=33&h=190&w=159

Бегония  (лат. Begonia) - Бегония тұқымдасының біржылдық және көпжылдық өсімдіктөрі мен бұта не шала бұта түрінде өсетін өсімдіктердің бір туысы. Бегонияның 1000-нан астам түрлері бар. Бөлме гүлдерінің арасында кез келген жағдайға икемделе алатын кең таралған гүл. «Begonia» деген атауы Гаитидің губернаторы М.Бегонның құрметіне қойылған.

Сабағы түкті, жапырағы түрлі түсті көпжылдық шөптесін өсімдік. Бегонияның биіктігі түріне қарай әртүрлі, тіпті 3-4 см болатын өте аласа түрлері де бар. Жапырағы әдемі түрлерінің жапырағы: жасыл, қызыл, сары, күміс түстес, ою-өрнекті, көркем, аралас түсті, жиектері аратісті болып келеді. Беткі қабаты түкті жапырақты түрлері де кездеседі.

Көктемде өсімдікті шырпыл, кесінділерін қалемше ретінде пайдаланып және оларды 2 бөлігі жапырақ шірінділері аралас топырақтан, 1 бөлігі шымтопырақ пен қарашірік топырақтан, 1 бөлігі құмнан тұратын топыраққа егеді. Үйде өсірілетін бегонияның едәуір көп тараған түрлері — король бегониясы және оның көптеген формалары, сондай-ақ Беттина РотшильдКлеопатрамасониан жәгіе шұбар ала бегония. Бұл өсімдіктер жазда көлеңкелі жерді және қанды-ра су ару ды қажет етеді.

Бегониялардың барлық түрлері жылуды жақсы көреді. Қыс айларында ауа температурасының 18-20°С-ден төмен болмауын қадағалау қажет.

Жазда жиі, қыста сирек суғарылады.

Ауаның 60%-ға дейін ылғалды болуы бегония үшін тиімді жағдай болып есептеледі.Дайын минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі.

Жақсы күтім жасалса бегониялар ауру мен зиянкестерден зардап шекпейді. Жиі кездесетін зиянкестер өсімдік биті, нематодалар мен трипстер. Ақ ұнтақ саңырауқұлағына шалдығады.

Тұқымын себу, қалемшеу және тамыртүйнектерін бөлу арқылы көбейтіледі





Аты

Суреті

Мәліметі

Шегіргүл

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=22e103061a465c728f93626a5c39c405&n=33&h=190&w=255


Шегіргүл (лат. Víola) - шегіргүл тұқымдасына жататын бір жылдық, көп жылдық шөп тектес, кейде бұталы өсімдік.

Сабағы тік, жапырақтары кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді.

Гүлі дара, қос жынысты, гүлсерігі екеу. Аналыққа қысылған аталығы бесеу, жіпшелері қысқа, алдыңғы екі аталығы қапшық сияқты шірнелік. Аналығы бір ұялы, көп тұқымды түйін, аналық аузы қатпарлы.

Жемісі - екі жағына ашылатын қорапша.

Тұқымы - ақуызды ұрықтар.

Жер бетінде 500-ге жуық түрі кездеседі, негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулеріндетаралған. Кейбір түрлері Солтүстік АмерикадаАнд тауларында эндемик өсімдік ретінде, Жапониядаөседі. Аздаған түрлері Бразилияның субтропикалық аймағында, Оңтүстік АмерикаАвстралияЖаңа Зеландияның тропикалық аймақтарында да кездеседі. Қазақстанда үш түсті шегіргүл (Viola tricolor), хош иісті шегіргүл (Viola odorata) және т.б. түрлері өседі.[1]

Шегіргүлден алынған препараттар бронх бездерінің қызметін күшейтеді. “Тривиолин” препараты жөтелге ем.

Шегіргүлді ежелден әсемдік, сондай-ақ эфир майын алу үшін өсіреді.



Үш түсті шегіргүл (Viola tricolor) — дәрілік өсімдік, оның құрамында глюкозидтер, сапониндер, қышқылдар, флаволоидтар, алкалоидтар, каротин және дәрумендер (С, Е, Р) бар. Халық медицинасында өсімдіктің қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, қышыма қотырды, т.б. тері ауруларын емдеуге, сондай-ақ несеп жүргізіп, тер шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.[




Аты

Суреті

Мәліметі

Фуксия

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=1c73bc09baa954f43bf01b3e00d2472d&n=33&h=190&w=143

Фуксия — үйге әсемдік үшін өсірілетін қызыл гүлді өсімдік. Ұсақ жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы біткен, гүлдері нәзік, тез солғыш, сабағы жіңішке болып келеді.Бақта өсірілетін фуксияның әртүрлі пішінді көптеген түрлері болады (гүлдерінің сабағы қарапайым немесе түкті — ақ, қызыл, көгілдір немесе күлгін, ал гүл қауатағы әдетте қызыл түсті). Фуксия жарық аз түсетін бөлмеде жақсы өседі. Оны жаз айларында көлкітіп не бүркіп суарады да, әр 10 күн сайын қоректендіріп отырады. Ал қыста фуксияны суаруды азайтып, терезеге жақын, салқын жерге орналастырады жылы ауа келмейтіндей етіп батареялы бүркен жауып қояды. Фуксияны гүл жарған кезде орнынан қозғауға болмайды, өйткені гүлі түсіп қалуы мүмкін. Оны көктемде қарашірік пен құм қосылған қара топыраққа ауыстырыл отырғызады. Осы кезде өркенінің 1/3 бөлігін шырнып тастайды. Фуксияны тұқымы және қалемшесінен көбейтеді. Оның бұт ақтарын дұрыс шырпыса шар пішінді әсем ағаш болып шығады.



Аты

Суреті

Мәліметі

Аспарагус

https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=d99016135a9d3333b4d3e54fdc4ba039&n=33&h=190&w=254

Аспарагус лат. Аsparagus — лилия тұқымдасына жататын көпжылдық шөп текті өсімдік.

Қауырсынды аспарагус — тікенек жапырақты, ұсақ ақ гүлді, жемісі қызыл, мәңгі жасыл бұта. Жарық талғамайды, бірақ жылылықты қалайды. Топырақ салынған қыш құмыраларда (ыдыстарда) өсіреді; топырақ құрамының бір бөлігі шым топырақ, бір бөлігі қарашірік топырақ, бір бөлігі жапырақ шіріндісі қосылған топырақ болуға тиіс. Бұған өзен құмын қосады. Қыста бірқалыпты, ал жазда қандырып суарады. Құрғақ ауада бұтақшалары түсін қалады, сондықтан өсімдікке су бүркіп тұру керек. Аспарагус тұқым және бұтағын кесіп алып - отырғызу арқылы көбейтіледі.Аспарагус тұқымын мамыр-сәуір айларында құм араластырылын, жапырақ шіріндісі қосылған жұмсақ топыраққа себеді. Көктем шыққан аспарагустерді кішкентай қыш құмыраларға көшірт отырғызады. Ал бұталан көбейткенде ең алдымен әр бұтаны жеке бөледі.

Ашық күн астында, көлеңке де немесе алакөлеңкеде де өсе береді

Ауа температурасы қыста 12-150С-дан төмен болмағаны дұрыс.

Жазда топырағының құрғамай, ылғалды болып тұрғанын ұнатады. Қыста топырағының беткі қабаты құрғаған уақытта суғарады.

Ауаның үнемі ылғалды болғанын қалайды, сондықтан күніне бір рет су бүркіп тұрған абзал. Ылғал жетіспесе инелері түсе бастайды.Жапырағының түсі қанық, сабағы толық болуы үшін көктем, жаз кездерінде әдемі жапырақтыларға арналған минералды тыңайтқышпен қоректендіреді. Топырағы құнарлы болуы үшін жылына бір рет шіріген көң салып тұруға болады.

Ақ ұнтақ ауруымен ауыруы мүмкін.

Түбін бөлу және тұқымын себу арқылы көбейтеді. Түбін 4-5 жылда бір рет бөледі. Тұқымы арқылы наурыз, сәуір айларында жылыжайларда көбейткен дұрыс.


Аты

Суреті

Мәліметі

ЖҮСІП СҰЛУЛЫҒЫ ( СOLEUS КОЛЕУС

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=7f93a980610023f8d4028a64d5abeb81&n=33&h=190&w=143

ЖҮСІП СҰЛУЛЫҒЫ ( СOLEUS КОЛЕУС) – көпжылдық, шөптесін немесе жартылай бұтақты, қалақай тұқымдасына жататын өсімдік. Негізгі отаны - АзияЯва аралдары. 150-ден астам түрі белгілі. Ол өзінің түрлі-түсті ала жапырақтарымен бағаланады. Бірақ бір түсті түрлері де кездеседі. Жапырағы жүрек пішіндес және жиегі ара тісті, беті тегіс емес. Соңғы уақытта жіңішке, жиегі жыртық жапырақты сұрыптарын өсіру үлкен сәнге айналды. Жаз, күз мезгілдерінде гүлдейді. Гүлдері айтарлықтай әдемі емес, шырақ секілді сабақ басында орналасады. Жүсіп сұлулығын гүлі үшін емес, әдемі жапырақтарына бола өсіреді. Бір жылдық түрлеріде бар. Бір жылдық түрлерін көгалдандыруда қолданады, күз кезінде алып тастап, көктемде қайтадан орнына жаңа өскіндерін егеді. Бөлмедегідей, аулада да топтасып тұрғанда, немесе жол жиегіне еккенде әсем көрінеді.

Жарықта жақсы өседі. Жарық жетіспеген жағдайда сабағы майысып, жапырақтары қанық түстерін жоғалтып, бозғылданып әрсіз болып кетеді.

Жылы температураны ұнатады. Қыста бөлме температурасы 120С төмен болмау керек. Ыстық күндері, ауа ылғалдылығын молырақ жасау қажет.

Жаз айларында молынан, қыста өсу процесі баяулайтындықтан суды азырақ құяды.

Жапырақтарына су бүркіп тұрады

Көбінесе өсімдік битімен ауырады. Оған қарсы инсектицидтер қолданады.

Қалемше арқылы көбейтеді. Сонымен қатар тұқымы арқылы да көбейтуге болады. Бірақ қалемшелеп көбейткенге қарағанда, біршама қиынырақ және тұқымынан өсіп шыққан жүсіптің сұлулығы, бастапқы түрінен өзгеше болып шығуы мүмкін.


Аты

Суреті

Мәліметі

ЦИПЕРУС

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=442949a6eadc4178e3cf35bc890fac01&n=33&h=190&w=143

ЦИПЕРУС (CYPERUS) ЦИПЕРУС – өлең шөп (Carex) тұқымдасына жатады, ежелгі грек тілінен аударғанда «өзеннің байлығы» деген мағынаны білдіреді. Бізде циперусты бөлме гүлі ретінде өсіреді. Оның тік сабақтарының басында қолшатыр тәріздес жапырақшалары орналасқан.Түріне байланысты циперус сәуірден қыркүйек айына дейінгі аралықта гүлдейді. Гүлдері жапырақшаның дәл ортасынан шығады, жасыл түсті, кейін біртіндеп қоңырға айналады. Циперусты бөлменің көлеңкелі жерлеріне, аквариумның маңына орналастырады. Үй жағдайында бойы биік емес, 70 см-ден 1-метрге дейін жететін түрлерін өсіреді.

Тіке түскен күннің көзіне қоюға болмайды. Жарықта және көлеңкелі жерлерде де жақсы өсе береді.

температураны аса талғамайды. Бірақ қыста 120С төмен болмағаны жөн.

Мол суғарғанды ұнатады. Жазда өсімдікті түбегімен су құйылған ыдысқа салып қойған жөн. Қыс кезінде суғару мөлшерін азайтады.

қысы-жазы су бүркіп ылғалдандырып тұру қажет.

көктем-жаз айларында 2-3 аптада бір рет толық минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

ылғалдандырмай, құрғатып жібергенде, өрмекші, өсімдік кенесімен, ақ ұнтақ құртымен, аққанат зиянкестерімен ауруы мүмкін.

Тұқымын себу, түбін бөлу және жапырақ қалемшелері арқылы көбейтеді. Жапырақ қалемшелері арқылы көбейтудің ерекшелігі, қолшатыр тәрізді жапырақтарды сабағымен кесіп алып, суға сабағын емес, төмен қаратып жапырағын салады. Бір жапырақ қалемшесінен бірнеше өскіндер пайда болады. Кейін оларды бөліп, жеке-жеке түбектерге отырғызады.




Аты

Суреті

Мәліметі

АСПИДИСТРА

http://dev.massaget.kz/userdata/aspidastra.jpg

АСПИДИСТРА (ASPIDISTRA) Лилейниктердің туысына жататын аспидистраның мәдени түрге енгеніне біраз уақыт болды. Көбінесе оны меруерт гүлімен шатастырып жатады. Алайда аспидистра мен меруерт гүлінің айырмашылығы жер мен көктей. Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын (50 см), түсі қою жасыл, қабығы жылтыр болады. Жапырағының ұзындығына бола оны «Биік аспидистра» (Aspidistra elatior) деп атайды. Үй жағдайында терезе алдын және үстел үстін көмкеруге қолданады.

Жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде де өсе береді.

Қыста ауа температурасы 15 °C-дан төмен болмағаны дұрыс.

Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай жиі суғару қажет. Қыста суғару азайтылады.

Ауаның құрғақ болғанына аспидистра гүлі шыдамды келеді. Бірақ, құрғақтық ұзақ уақытқа созылмауы қажет. Ұзақ уақыт құғақ жағдайда тұрса жапырақтары ширатылып кетуі мүмкін. Сондықтан жапырақтарына су бүркіп тұрған пайдалы.

Көктемде және жазда екі аптада бір рет әдемі жапырақтыларға арналған сұйық тыңайтқышпен қоректендіру қажет.

Аспидистра ауруға көп шалдықпайды.

Түбін бөлу және тұқымы арқылы көбейтеді.






Аты

Суреті

Мәліметі

Алоэ



https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=dcd71d237a5aa1e8d38ad6159d01c773&n=33&h=190&w=192

Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.

Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-мірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және . сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейті-леді. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын бір тәулік кептірін, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ төрелкеге отырғыз ады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді.




Аты

Суреті

Мәліметі

Каланхоэ


https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=e8f9d621fc2a43e180d89eff19f856d1&n=33&h=190&w=143


Каланхоэ (гүл) – халық арасында «үй дәрігері» немесе «өмір ағашы» деп аталады. Каланхоэның шырынды болғандықтан,сукуленттер тобына жатқызылады. Отаны – Оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азия және оңтүстік Америка. Бөлме жағдайында каланхоэның бірнеше түрі өседі, өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін оның емдік қасиеті туралы мәліметтер болмаған. Бөлме өсімдігі ретінде өсіріле бастағаннан кейін ғана дәрілік қасиеттері ашылған. Оның жапырағынан алынған шырыны емдік мақсатта пайдаланылады.




Аты

Суреті

Мәліметі

Сансевиерия


https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=abd8aaaad685698365cb25153af8a4d3&n=33&h=190&w=156

Сансевиерияның қалың жапырақтары өте төзімді, тіпті ашық күннің де зияны тимейді. Сансевиерия аздаған суға қанағат етеді.

 Освещение: Лучше всего яркий непрямой свет, но выдержит и прямое солнце, и некоторое затенение.

Температура: Зимний минимум 14°С.

Влажность: Устойчива к сухому воздуху.

Пересадка: Частой пересадки не требуется, пересаживают по мере необходимости. Желательно пересаживать в мелкую посуду с хорошим дренажом.

Полив: Поливайте умеренно с весны до осени, очень умеренно зимой (раз в месяц и реже). Всегда давайте почве немного высохнуть перед поливом.

Питание: Летом регулярно подкармливайте.

Размножение: Делением; листовыми черенками (но разновидности с желтым окаймлением превратятся в зеленую форму). Семенами редко.






Аты

Суреті

Мәліметі

 Цикламен

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=734b4dadb285b8833ec94cdf3de3559d&n=33&h=190&w=197

Цикламеннің (СYCLAMEN ЦИКЛАМЕН) Отаны Иран, Шығыс Жерорта теңізінің жағалауы. 15-ке жуық түрі белгілі.  Гүлдеп болған соң өсімдікте демалыс кезеңі басталады. Жапырақтары солмай тұрып жұлып тастауға болмайды, жапырақтағы нәр қайтадан тамыртүйнегіне барады. Жапырағы солып болғаннан кейін, өсімдікті түбегімен салқын, қараңғы жерге қояды. Тек анда-санда топырағы құрғап кетпес үшін ғана дымқылдандырып тұрады. Жаздың ортасында жаңа топыраққа қайта отырғызып, жарық жерге қойып, суғарып, қоректендіруді бастайды. Қайта отырғызу кезінде түйнектің 1/3 бөлігі топырақтың бетіне шығып тұруы керек. Еуропа цикламені мәңгіжасыл, жапырақ түсірмейді, өйткені бұл өсімдікте демалу кезеңі болмайды.

Тіке түскен күннің көзіне қоюға болмайды, жарық жерде жақсы өседі.

Гүлдеп тұрғанда ұзақ гүлдеуі үшін салқындау 12-14 °C, бірақ жарығы мол жерде ұстау керек.

Түйнегі өніп шыққанға дейін түбектің үстінен, өсу барысында әсіресе гүлдеп тұрғанда түбектің түбінен суғарады. Суғарып болған соң артық суын төгіп тастау керек.

ылғалдылықты жақсы көреді, бірақ су бүркуге болмайды. Түбектің астындағы ыдысқа қиыршық тастар салып, түбек түбіне тимейтіндей мөшерде су құю керек немесе гүлдің жанына ыдысқа су құйып қоюға болады. Егер, салқын жерде тұрса ылғалдандырудың қажеті жоқ.

Гүлдеп тұрғанда, гүлдеп болғаннан кейінгі демалған мезгілдерінде қоректендірмейді. Басқа уақытта екі аптада бір, толық минералды тыңайтқышпен қоректендіреді.

Цикламен өсімдік кенесімен ауруы мүмкін.

Жаздың соңына таман тұқымын себу немесе қайта отырғызу кезінде жанама өскіндерін бөлу арқылы көбейтеді.




Аты

Суреті

Мәліметі

Пеперомия

http://dev.massaget.kz/userdata/peporimiya.jpg

Пеперомияның қалың жапырақты түрлері бұрыш тектілерге жатады және жартылай суккулента болып табылады. Бұл өсімдіктің сабағы мен жапырақтарында су қоры сақталады. Соның арқасында, бір-екі рет суарылмай қалғанның өзінде, оған ештеңе болмайды. Оларға ауаның аз ылғалдығы да маңызды емес. Қыста +12С дейінгі температураны жақсы көтереді. Бұл мерзімде суаруды азайту қажет.    

 




Аты

Суреті

Мәліметі

Традесканция


http://dev.massaget.kz/userdata/tradeskanciya.jpg

Традесканция әрқашан балалық шақты еске түсіреді. Қыста бұл өсімдік салқын бөлмеге керемет үйлеседі. Дегенмен, оған жеткілікті жарық түсіп тұруы қажет. Ал суға келсек, традесканция оны өте үнемдеп жұмсайды.

Жарық сүйгіш өсімдік. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.

Температураның бірқалыпты болуын ұнатады. Қыс айларында 10-12°C төмен болмағаны абзал.

Көктемнен күзге дейін мол суғару керек. Қыста аз суғарылады, дегенмен топырағының үнемі ылғалды болуын қамтамасыз ету керек.

Су бүрку арқылы ылғалдандырып және жапырағын шаңнан тазалап отыру керек. Құрғақ ауада нашар өседі.

Наурыздан тамыз айына дейін әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіру қажет.

Ауа қатты құрғап кетсе өрмекші, кене секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.

Қалемше арқылы оңай көбейтіледі. Қалемшесі бір-екі аптада жақсы тамырланып кетеді.






Аты

Суреті

Мәліметі

Лиана

http://dev.massaget.kz/userdata/liana.jpg

Лиана (французша lier - байлау) - өздігінен тік көтеріле алмайтын, бірақ маңындағы ағаш, бұта, құрылыстарға ілініп, шырмалып немесе өрмелеп тез өсетін ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер.

Лианаға көбіне гүлді өсімдіктер, папоротниктің кейбір түрлері, жалаңаш тұқымдылар жатады. Лиананың ілініп өсетіндерін өрмелегіш өсімдіктер, оралып өсетіндеріншырмалғыш өсімдіктер деп атайды. Лианалар күн аз түсетін тропик, субтропик ормандарда 2000 түрі, Закавказье, Уссурий өлкесінде таралған. Лиананың арам шөп(егінжай шырмауығы, шырмауық таран), қолдан өсірілетін (жүзімқұлмақбұршақ, т.б.) және әсемдік үшін өсірілетін түрлері бар. Құлмақтан ашытқы (нансыра)жасалады, жемісі (жүзімбұршақ, т.б.) тамаққа пайдаланылады

Ал Амазонка тропикалық ормандарынан келген лиана немесе монстер ылғалдылығы жоғары жылы және қараңғы бөлмелерде жақсы өседі. Дегенмен, жарық көп түсетін жерде оның жапырақтары әдемі болып өседі.          




Аты

Суреті

Мәліметі

Маранта 

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=f8e50079da29382f88b0a828db68f7c7&n=33&h=190&w=190

Маранта (ARROWROOT) (Maranta), маранта (Marantaceae) тұқымдастарының көп жылдық шөпті өсімдіктерінің түрі, ТАМЫРЫНДА крахмал (яғни, аррорут) бар. [1].

Анағұрлым танымал түрі – қамысты немесе вест-индтік маранта (М. arundinacea). Марантаның тамырынан алынатын ұнтақ – таза крахмал; оны аспазханада қоюландырғыш ретінде қолданады.

Аррорут жеңіл қорытылады және құрамындағы тұз бен ақуыз мөлшері төмен жұмсақ тағамдар талап етілетін диеталық тағамдарда пайдаланылады.

Бразилиялық КАССАВА өсімдігінен де тағамдық крахмал - тапиока алынады.






Аты

Суреті

Мәліметі




https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=59c541ccfc998b7d441b7e6b066fb143&n=33&h=190&w=206

Хамедорея (CHAMAEDOREA ХАМЕДОРЕЯ) – пальмалардың ең ірі түрлерінің бірі. Оның жүзден астам түрлері бар. Грек тілінен аударғанда хамедорея атауы «аласа бойлы, сыйлық» деген мағынаны білдіреді. Отаны Мексиканың, Оңтүстік және Хамедорея үй жағдайында өсіруге өте ыңғайлы өсімдік, көп күтімді қажет етпейді, бірақ баяу өседі. Жаз кезінде оны балконға немесе аулаға шығарып қоюға болады. Тек өткір күн сәулесінен қорғау керек. Ол жел өтіне шыдамсыз өсімдік.

Алакөлеңкеде жақсы өседі. Жарық жерге де орналастырса болады, бірақ тіке түскен күн көзінде қалмағаны жөн.

Қыс кезінде 12-15 °C төмен болмауы абзал.

Жазда молынан жиі, қыста сирек суғарады. Топырағын үнемі ылғалды қалпында сақтаған жөн.

Күніне 2-3 рет өсімдікке су шашып тұрса, жақсы өседі.

Наурыз-тамыз айларының аралығында сұйық тыңайтқышпен қоректендіреді.

Хамедореяға өсімдік биті мен өрмекшісі өте үйір келеді. Ауа тым құрғақ болса түрлі зиянкестер пайда болады, жапырақтарының ұштары сарғайып кетеді. Сондықтан өсімдік жапырақтарын үнемі таза ұстау керек. . Жапырақтары әрсізденіп, ашық түске айналып кетсе, өсімдікті алакөлеңкеге ауыстырып қою керек.

Түбінен өскіндер пайда болады. Оларды бөліп жеке отырғызады. Немесе тұқым арқылы көбейтіледі. Тұқымдарды 24 °C температурада тамырландыру керек. Ең тиімдісі, хамедореяның дайын көшеттерін сатып алу.




Аты

Суреті

Мәліметі

Монстера

https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=ef908a2b406012ae8fb2cb90f4c39b73&n=33&h=190&w=255

Монстера (лат. Monstеra) - Ароид тұқымдасының лат. Araceae 113 тегінің бірі. Ірі тропикалық өсімдік, лиана. 1800-ге жуық түрі белгелі.

Қазақстанда ол әдемі бөлме гүлдері ретінде өсірілсе, отанында оны тағам, дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Сонымен қатар кейбір түрлерінен жемістер алады. Жемісі дәмді, шырынды, хош иісті, ананасқа ұқсас келеді.

Қазақстанда «монстера деликатесная» -деген шырмауық түрін өсіреді. Бұл өсімдікке тіреу қажет, түбектің ішіне мүкпен қапталған тіреу орнатып оған су бүркіп ылғалдандырып тұрса, гүл өзінің ауа тамырларымен тіреуге жабысып, жоғарыға қарай шырмалып өседі. Жапырақтары өте үлкен, көлемді, қатты, қалың, жылтыр болып келеді. Жаңа шыққан жапырақтары бір тұтас болады да, өсе келе әр түрлі пішінде кескіленген, ойық-ойық болып кетеді.

Жарығы. Тіке түскен күн сәулесі жақпайды. Алакөлеңкеде өседі. Көлеңкеге де шыдамды. Бірақ үнемі көлеңкеге қойып қоюға болмайды.

Жылуы: Бірқалыпты жылуды қалайды, қыста 14ºС төмен болмағаны абзал.

Суғарылуы: Көктемнен күзге дейін жиірек, қыста сирек суғару керек.

Ылғалдылығы: Жоғары ылғалдылықты қалайды. Жапырақтарына су бүркіп шаң тозаңнан тазартып әрі ылғалдандырып тұрған абзал

Қоректендірілуі: Наурыздан-тамызға дейін үй гүлдеріне арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріп тұру қажет.

Аурулары: Суық жел өтінен сақтау қажет. Артық суғарғаннан саңырауқұлақ ауруларына шалдығады.

Көбейтілуі: Қалемшелеу арқылы көбейтеді.






Аты

Суреті

Мәліметі

Жасаңшөп

http://dev.massaget.kz/userdata/tolstyanka.jpg

Тағы бір суккулентті өсімдік, халық арасында маймыл не ақша ағашы деп аталып кеткен жасаңшөп(толстянка) те төзімді және күй таңдамайды. Оның жапырақтары қалың және сабағы қатты, ағаш тәрізді. Оның күтімі өте қарапайым. Қыста ол үшін 6-10С температура жеткілікті. Сәйкесінше, судың да қажеттілігі азаяды. Бұл өсімдікке құрғақ ауаның зияны болмайды. Жазда да олардың күтімі қиындамайды, олар таза ауада жақсы өсе береді.

 




Аты

Суреті

Мәліметі

Драцена

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=2f941d6bed04f95122fc44db626d12b8&n=33&h=190&w=162

Бұл гүлдің аты - драцена. Атауы айдаһардың (дракон) аналығы дегенді білдіреді. Драценаның бұл түрі - Маргината немесе жиекті каймленная) сұрыпты.
Декоративті-жапырақты гүл, яғни гүлдемейді. Пальма ағашы сияқты өте әдемі көрінеді. Биіктігі 1,5 м-ге дейін өседі. Қонақ бөлмесінде өте әдемі көрінеді. Биіктігі үлкендерін, жерге қойып қойсаңыз, бөлменің сәнін келтіреді.
Бөлменің жарық жағына, бірақ тура күн сәулелері түспейтін жақта қойған жөн. Топырақтағы ылғалдылық - орташа. Спатифиллум сияқты көп құйғаннан, аз құйған жақсы. Суы көп құйылса, тамыры шіріп кетеді. Ал тамыры шіріген гүлді лақтырғаннан басқа амалы жоқ, қалпына келтірілмейді.
Бұл гүлдің де ауа тазарту қасиеті бар, бірақ спатифиллумға қарағанда оттегін бөлу жылдамдығы төмендеу.
Көбейтуі қиындау келеді. Ол үшін өсіп тұрған бір сабағын кесіп алып, тамыры шыққанша суға малып қояды. Сондықтан, тағы бір драцена өсіргініз келсе, ескісін бүлдірмей-ақ жаңасын сатып алған жақсы.
Жалпы, драцена ештемеден қорықпайтын гүл деуге болады, тіпті "балалардан қорықпайды"))) Анам да өсіреді осы гүлді. Балаларымды алып, ата-анама демалысқа барғанда, балаларым жерде тұрған драценаның үстіне отырды ма керек, жапырақтарын жұлды ма керек, түгін қалдырмады. Содан әлгі драцена өлетін шығар деп ойлағам, бірақ 1-2 апта өткеннен кейін әлгі драцена түк болмағандай өсіп кетті.
Көп күтім қажет етпейтіні анық.



Аты

Суреті

Мәліметі

Саумалдық


https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=37d2fc59e7ed468026bc9a4de02105b4&n=33&h=190&w=190

Саумалдық (Amphilophis odorata) — хош иісті бар, дәнді дақылдарға жататын шөп өсімдігі. Саумалдық – көгалдандыруда жапырағыәдемі және гүлі әдемі болып 2 топқа бөлінеді.Гүлінің аты грек тілінен аударғанда қышқыл деген мағынаны білдіреді. Ал ауылдықжерде саумалдық жоңышқа деген атпен танысОның өспейтін жері жоқ. Арамшөп секілді ауланың кез – келген бұрышына шыға береді.Саумалдық Ирландияның гербінде бейнеленген. Мамыр – маусым айларында гүлдйді. Гүлінің түсі ақ, сары, көк, қызыл,күлгін. Бойының биіктігі 7 -10см.Құнарлыжеңіл топырақты ұнатады. Жақсы жарық түсетін жерге отырғызу керек. Күн жетіспегенжағдайда сабағы ағарып, жіңішкеріп кетеді.Тұқымын себу арқылы көбейтеді. Тұқымының өнімділігі өте жоғары.

Раушан

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/c460913ae5fbeb2f4b26463ebac25b85.jpg

Екпе раушан гүлдері шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, оның 300-ге тарта түрі, 30000 мыңға жуық сорты бар.Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылады.Раушан гүлінің ең ежелгі бейнесі Крит аралында табылған, жасы шамамен б.з.д 2000 жыл.Ең кішкентай раушан гүл- «Си»(испан тілінде «ия») сортының түйнектерінің көлемі күріш дәнімен бірдей.Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда кездеседі.Ол Хильдесхаймдағы шіркеудің жанында өсіп тұрған раушан гүлі, оның ұзындағы соншалық, тіпті шіркеудің шатырына да жетіп қалған.

 

Бәйшешек

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/ec859cd0fe882539fd67440746d679fe.jpg

Әлемде бәйшешектің 17-ге тарта түрі белгілі.Олардың қатарында гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады.

Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді.Оның эльвис деп аталатын шар тәріздес түрі бар.Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.

Қызғалдақ

https://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=3b4c2d782e36c2ca87188e9438787322&n=33&h=190&w=303

Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы.Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған.Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр.Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрияға, одан кейін Германия мен англияға әкелінген.XVII ғасырдың басында олар Голландяда да тарала бастаған.



Жұпаргүл

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/cdf73716b1029d7aaf47d2fda89640c3.jpg

Жұпаргүлдің атауы гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, бұл түтікше деген мағынаны білдіреді.Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындаған.

Қазіргі таңда бұл өсімдікті бау бақша, паркты әсемдеуге пайдаланылады.

Нәркес

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/e2b0214eee16e0720bccd91a2802b422.jpg

Нәркес негізінен Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі аймағы мен Азияда таралған 60-қа тарта түрі бар.Ежелгі Римде нәркес Жеңістің белгісі болған деі.Римдіктер соғыстан қайтқан жеңімпаздарын әдетте сары нәркестерден жасалған алқагүлдермен қарсы алатын болған.Қытайлықтар осы күнге дейін нәркесті Жаңа жыл салтанаттарында пайдаланады.Осындай тамаша күні осы әсем гүл барлық салтанатты шаралардың, құдайға табыну орындарының басты әшекейіне айналған.



Лаванда

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/661c2190d378aa40743624ed3405cf22.jpg

Бұл гүлдің Отаны-Жеротрта теңізі жағалауы, Канар аралдары және Үндістан.Өсімдіктің атауы латынның «lava» -жуу сөзінен шыққан, бұл лаванданың гигиеналық қасиеттерін көрсетеді.Лаванданың қымбат тұратын жұпар иісі халықаралық саудада ерекше орынға ие, ол көптеген зиялы адамдардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерекше маңызға ие болған, себебі оны бальзамдау құрамына да қосады.



Меруертгүл

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/fe90931b9994f4cc724e9312de8a6627.jpg

Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған.Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді.Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды.



Түймедақ

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/c94691f6b277d3fe18ffdcfc7525e853.jpg

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.



Лалагүл

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/2abfcaa149d3f33e08fb8f71a3dc4628.jpeg

Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар.Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.



Сарыгүлдер

http://www.on.kz/userdata/14313/blogpost_photos/5008745b3bd3d49d811c6f7090cf6235.jpg

Сарыгүлдер адамзат баласына ежелгі заманнан-ақ бері белгілі.Мысалы, Крит аралындағы Кносс сарайының қабырғасындағы суреттерде гүлдеп тұрған сарыгүлдермен қоршалған абыз бейнеленген.Бұл сурететрдің жасы шамамен 4000 жыл.Сарыгүлдің атауы ежелгі Грекиядағы Ирида құдайының атына сәйкестендіріліп қойылған.Аңыз бойынша, құдайлардың елшісі Ирида жерге кемпірқосақ арқылы түскен.Бұл гүлдің атауын грек дәрігері Гиппократ қойған.



Бақбақ гүлі

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=22a2d781eba3fb04884b03efcf6c8fda&n=33&h=190&w=284

Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамырайларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады

Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадіртұтып, сүйіспенші- лікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Гре- цияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.
Каталог: uploads -> doc -> 087b
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
087b -> Ұялы телефонның шығу тарихы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет