«Ақтау қаласы 34а шағынаудандағы 10,07 га ерекше қорғалатын аймақ Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бақты игеру және көктендіру



Дата02.07.2017
өлшемі41.98 Kb.
#18920
«Ақтау қаласы 34а шағынаудандағы 10,07 га ерекше қорғалатын аймақ Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бақты игеру және көктендіру (ІІ кезең – Әкімшілік ғимарат, Гараж және Бақылау-өткізу пункті)» жұмыс жобасы бойынша
Ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаудың хаттамасы
Өткізу күні: 12 мамыр 2017 жыл, сағат 15.00

Өткізу орны: Ақтау қаласы, 34 а шағынаудан.

Қоғамдық тыңдауды ҚР БжҒМ Ғылым комитеті «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК ұйымдастырды.                            

Қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа 12 мамыр 2017 жылы жергілікті «Тумба» газетінің №17 жарияланымымен қазақ және орыс тілдерінде жеткізілді.


Қатысқандар:

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері: Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жобаларды экологиялық сараптау» бөлімінің бас маманы А. Чакилова, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілі – табиғат бөлімінің меңгерушісі А.Қуанышева мен қызметкер Л.Быкова, «Ақтау қалалық Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі, «Қала жолдары» ЖШС өкілі, Ақтау қаласы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» өкілі, Маңғыстау облысы білім басқармасының өкілі – химия-биология бағытындағы әдіскері А.Рсалиева, №8 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі.

ҚР БжҒМ Ғылым комитеті «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» ШЖҚ РМК өкілдері: Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Иван Филаретович Белозеров, бас директордың әкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары Мұхамбет Аяпбергенов, аға инженер Виктор Александрович Ким, бас экономист Бағила Төлегенқызы Тәжімұханова.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының тұрғындары қоғамдастығының өкілдері (Тізім қоса жалғанды).

Тыңдауға қатысқандар – 17 адам.


Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібінде:


  1. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркеу (15.00-15.15);

  2. Қоғамдық тыңдаудың ашылуы (15.15-15.25) Тыңдауды Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Иван Филаретович Белозеровтың ашуы;

  3. Жұмыс жобасын әзірлеген «ТАНО-С» ЖШС директоры Танатты Омаровтың баяндамасы (15.25-15.35);

  4. Баяндаманы талқылау, қоғамдық тыңдауға қатысушылардың сауалдары мен ұсыныстары (15.35-15.45);

  5. Қоғамдық тыңдауды қорытындылау (15.45-15.55).

Тыңдауды Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Иван Филаретович Белозеров ашты. «Ақтау қаласы 34а шағынауданда орналасқан 10,07 га ерекше қорғалатын аймақ туралы қысқаша баяндады. Содан кейін сөз кезегін жобалаушы ұйым «ТАНО-С» ЖШС-ның директоры Танатты Омаровқа берді.

Жобалаушы ұйым «ТАНО-С» ЖШС директоры «Ақтау қаласы 34а шағынаудандағы 10,07 га ерекше қорғалатын аймақ Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бақты игеру және көктендіру (ІІ кезең – Әкімшілік ғимарат, Гараж және Бақылау-өткізу пункті)» жұмыс жобасы бойынша баяндама жасады. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруда барлық техникалық шешімдердің ҚР аумағында қолданысқа енген экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы, жарылыс қауіптілігі және басқа да нормалық талаптарға сәйкес екендігін, сондай-ақ, халықтың қауіпсіз өмірі, адам денсаулығына зиян келтірмеу жақтары қамтамасыз етілгендігін, жобаны жасақтау барысында жоспарланған жобалық шешімдер қабылданғанын, қоршаған ортаның қолайсыз көздері анықталғандығын, жобаланған құрылыс нысандарының қоршаған ортаға келеңсіздік әсерлерін болдырмау мақсатында орындалатын табиғатты қорғау шараларының қарастырылғандығын, қоршаған ортаны ластаудан келетін экологиялық залалдың есебі анықталғандығын атап өтті.

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Иван Филаретович Белозеров құрылыс кезінде қолданылатын материалдар жөнінде сауал қойды. Т.Омаров жобаны жасақтау барысында нормалық талаптарға сәйкес, яғни экологиялық таза құрылыс материалдарын қолданудың көзделгендігін келтірді.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілі – табиғат бөлімінің меңгерушісі А.Қуанышева біздің өңірімізге жасыл аймақтың өте қажет екендігін мұндай игі бастамалар өлке тарихында қалатындығын өскелең ұрпақ үшін де маңыздылығын, сондай-ақ, бақты құруға бағытталған іс-шаралардың өз орнымен жүргізілетіндігіне күмәні жоқтығын атап өтті.

Маңғыстау облысы білім басқармасының өкілі – химия-биология бағытындағы әдіскері А.Рсалиева бақтың басқа да ботаникалық бақтармен қарым-қатынасы туралы сауал қойды. Бұл сауалға Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Иван Филаретович Белозеров мекеменің еліміздегі ботаникалық бақтармен, атап айтқанда, ҚР БжҒМ ҒК «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК филиалы Жезқазған және Алтай ботаникалық бақтарымен, сондай-ақ, ТМД елдеріндегі бақтармен де тығыз байланыста екендігін атап өтті.

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Иван Филаретович Белозеров бұл жобаның бастамасы экологиялық аймақ болып табылатын өңірге болашақта зор үлес қосатындығын атай келе, өзге де сауалдар мен ұсыныстар, сондай-ақ бұл шараларды бастауға қарсы емес жақтарды саралап, қоғамдық тыңдауды қорытындылады.

Қатысушылардың ұсыныстары мен ескертпелері:

Ұсыныстар мен ескертпелер болған жоқ.

Қоғамдық талқылаудың негізгі шешімдері:

Тіркеуге алынған ұсыныстар, ескертпелер және келіспеушіліктер болған жоқ.

Қоғамдық тыңдау төрағасы: ___________ Белозеров И.Ф.

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы: ___________ Тәжмұханова Б.Т.




                   
Каталог: media -> uploads
uploads -> Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение. Вторжение возбудителя в верхние дыхательные пути, размножение
uploads -> Қазақстан Республикасында перинаталдық көмекті өңірлендіруді жетілдіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
uploads -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы №2136 Қаулысы (2010. 15. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
uploads -> Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
uploads -> Опрос (анамнез, жалобы)


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет