Ақтау қаласы «№3 орта мектеп» кмм тақырыбы: «Биолог атағы кімге бұйырады?»



Дата07.01.2018
өлшемі94.1 Kb.
Ақтау қаласы «№3 орта мектеп» КММ

Тақырыбы: «Биолог атағы кімге бұйырады?»

c:\documents and settings\admin\рабочий стол\klchnitlemq.jpg

Биология пәні мұғалімі: Нугманова Алтынай
Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы:  “Биолог атағы кімге бұйырады?”


Мақсаты:  

1) Оқушыларды адам организмі және ондағы жеке мүшелермен физиологиялық құбылыстарын  жете  түсінуге, биологиялық  білімдерін жетілдіру; 

2) Биология пәнінен оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу;

3)  Жас ұрпақты қоршаған орта табиғатын өз организмін қорғай білуге  тәрбиелеу;


Сабақтың барысы:  

1. Ұйымдастыру кезеңі (Жарыс 2 топ арасында жүргізіледі)
І-топ:  «Өсімдіктер дүниесі»                         
ІІ-топ: «Жануарлар дүниесі»
1-жүргізуші:
     

Табиғаттың бар байлығы даламда,


Жер-Ананың жаттығы жоқ адамға
Тамақ та, киім де, денсаулық та,
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында.

2-жүргізуші:    

Тапқыр, білгір дарынды


Жарыс бар бүгін арынды.
Сүйсең туған жеріңді,
Ортаға сал, барыңды.

1-жүргізуші:   

Бар ізгілік тек білімнен алынар,


Білімменен аспанға жол салынар

Жарыс 6 кезеңнен тұрады:
1.    Таныстыру  (Әр топ өз тақырыптарын қорғап, ұран, эмблема,
шығарады)
2.    Үй тапсырмасы  (Әр топ тақырыпқа байланысты өз ойын айтады)
3.    Білгенге маржан (Әр топ тақтадағы сұрақтарға жауап береді)
4.    Анықтам бюросы ( сұраққа жауап беру, жылдар мен ғалымдар аты)
5.    Сандар сыры  ( Тақтадағы сандар қандай мағына беретінін табу)
6.    Танып біл (Көрсетілген суреттердін ерекшелігін қарастырып,
таныстыру)
1.    Таныстыру
2.    Үй тапсырмасы
3.    Білгенге маржан

1-сұрақ
І-топқа: Жасушаның химиялық құрамы  қандай?
(органикалық, бейорганикалық заттар)
ІІ-топқа: Ұлпалар қандай топтарға бөлінеді?
(эпителий, дәнекер, жүйке, бұлшық-ет ұлпалары)

2-сұрақ
І-топқа:  Гуморальдың  реттелу  дегеніміз не?
(биологиялың белсенді химиялың  заттар-гормондар көмегімен жүзеге асады)
Ішкі секрециялың бездерді ата.
(эпифиз, гипофиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, тимус, бүйрек үсті безі)
ІІ-топқа:     Гормондар дегеніміз не?
(ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекеттерін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтамыз)
Сыртқы секрециялық бездерді ата
(қарын безі, сілекей безі, ұйқы безі, ішек безі, бауыр)
3-сұрақ
І-топқа:      Жұлынның қызметі:
(рефлекстік, өткізгіштік)
Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді?(рефлекторлық доға)

ІІ-топқа:   Мидың құрылысы?
(үлкен ми сыңарлары, аралық ми, сопақша ми, ортаңғы ми, мишық)
Мишықтың ең басты қызметі?
(тепе-теңдікті сақтау, қимылды үйлестіру)

4.Анықтама бюросы
І-топқа:     


1.Клетка дегеніміз не және оны қай ғалым, қай жылы ашты?
(тірі ағзаның ең кішкентай өлшем бірлігі. 1665ж Роберт Гук)
2. Дальтонизм ауруы және оны ашқан ғалым қай жылы?
(заттың түсін айыра алмайтын ауру. 1794 ж.Джон Дальтон)
3.Кортиев мүшесі дегеніміз не және оны кім ашты?
(есту анализаторының рецепторлық аппараты.Италиялық анатом А.Корти)
4.Витаминдер дегеніміз не және оны ашқан ғалым, нешінші жылы?
(организм тіршілік әрекетіне қажетті органикалық заттардың жеке тобы.1881 ж. Н.И.Лунин)

ІІ-топқа:
5.Кан топтарын ашқан ғалым және қай жылы?
(1901ж. Австралиялық ғалым К.Ландштейнер)
6. Фагоцитоз құбылысы, қай ғалым, қай жылы ашты?
(лейкоциттердің микроорганизмдермен басқа бөгде денелерді сіңіру, қорыту процесі 1882ж. И.И.Мечников)
7. Ми рефлексі еңбектің авторы және қай жылы?
(1863 жылы   И.М.Сеченов)
8.Шартты және шартсыз рефлексті ашқан ғалым?
(1903жылы И.П.Павлов)
5.Сандар сыры

І-топқа:     
1) 70-75 рет
(минутына журектің соғу ырғақтылығы)
2) 46-23 (сомалық және жыныстық хромосоманың саны)
3) 1300-1400г (мидың салмағы)
4) 7 млн, 130 млн (көз рецепторындағы құтышалар мен таяқшалар)
5) 30мм (есту мүшесінің сыртқы дыбыс жолы)

ІІ-топқа:
6) 200- ден астам (қаңқадағы сүйек саны)
7) 1 мм 6-8мың (лейкоциттердің саны)
8) 120 күн (эритроциттердің тіршілік ұзақтығы)
9) 55-60% (қандағы плазманың мөлшері)
10) 600-ден астам (адамдағы бұлшық еттің саны)
6. Танып біл

(өсімдіктер мен жануарлар суреттерін қимылмен көрсетіп, анықтау)



І-топқа:    Дәрілік өсімдіктер берілген екен.

  Адыраспан - емдік  мақсатқа   шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Кезінде атақты Абу Әлі Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған  Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде   пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде де пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады  ;

         Бақ-бақ (Одуванчик) - шөп тектес өсімдік, тамыры мен жапырықтарында кристалды  қышқыл, шырын, қант, тағы басқа заттар, ал тамырында 25 процентке дейін инсулин болады.Дәрі жасау үшін бақбақтың тамырын, кейде жапырақтары алынады. Ол халық медицинасында кеңінен қолданылады. Тамырынан жасалған тұңба тәбет ашады, астың қорытылуын жақсартады ,омырау  сүтін молайтады,     қақырық түсіреді. Тамыры мен ұңтақталған жапырағын қатты ісіктерді басуға қолданылады. Ғылыми медицинада бақбақтың тамыры  мен шөбін тәбет ашатын, ас қорыту органдарының қызметін жақсартатын шипалық зат ретінде пайдалынады. Одан әртүрлі препараттар жасайды.

          Барқытшөп (Бархатцы мелкоцветные) – ерекше иісті, бұтақты сабағы бар бір жылдық өсмдік. Жіңішке сүйір жапырақтары бар, ал гүл қауашақтары сары, қоңыр – қызыл түсті. Жемісі – ұзынша келген дәннен тұрады. Биіктігі 20 – 40 сантиметр. Маусым мен қыркүйек айларының аралығына гүлдейді.Емдік мақсатқа гүл қауашақтарын пайдаланады. Оларды шілде – қыркүйек айларында жинайды. Барқытшөптің гүл қауашақтарының суға қосып жасалған тұнбасын несеп жүргізетін, тер шығаратын және ішек құртын түсіретін дәрі ретінде пайдаланады. Ол үшін барқытшөптің 1 ас қасық құрғақ қауашағын 1 стакан   (200 грамм) қайнаған суға салып, жарты сағат тұндырып сүзеді. Сонан соң, оны 2 ас қасықтан күніне 3 – 4 рет  ішеді.

          Жолжелкен    (Подорожник большой) – көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 – 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады.Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді  Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі.Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.  

Итмұрын  –Ошаған (Дурнишник обыкновенный)  бір жылдық сұрғылт жасыл түсті өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді. Үстіңгі беті жасыл. Жемісі – сопақ дән. Биіктігі 30 – 120 сантиметр.Шілде – тамыз айларында гүлдейді .Жапырақтарында йод, алколоид және С витамині бар. Ал дәңдерінде май, шайыр, глюкозид пен йод бар. Ошаған – улы өсімдік.Емдік мақсатта ошағанның жапырағы мен сабағын, жемісі мен тамырын пайдаланады. Жапырағы мен сабағын шілде – тамыз айларында жинайды.

Қалампыр (Гвоздика)- қалампыр тұқымдасы, бұтақты сабағы бар, көп жылдық өсімдік. Қазақстанның барлық жерлеріне кең таралған. Негізінен шалғынды далаларда, сирек ормандарда, алқаптар мен орман шеттерінде өседі. Нақты құрамы әлі анықталмаған. Емдік мақсатқа қалампырдың шөбі мен  гүлдерін пайдаланады. Қалампырдан жасалған дәрілер қан тоқтатады және қабынудан сақтайды.

Станса  ауласында  өсетін ағаш  Жапон акациясы (Софора японская  ) бұршақ тұқымдасынажатады, биіктігі 10 метрге жуық ағаш. Бұтақтарының ұшына ірі шашақ болып бірігіп шыққан гүл шоқтары ұсақ, ақшыл – сарғыш түсті. Жемісі жұмыр, ашық көрінетін белдеулері бар, толық дәнді, түсі қара, қошқыл, қызғылттау түйе бұршақ тәрізді. Жемісінің ұзындығы 10 см-ге жуық. Маусымнан бастап  қазан айына дейін гүлдеді (бізің аулада), рутин алатын негізгі шикізат көзі болып саналады. Емдік мақсатқа піскен жемісін пайдаланады.



Табиғат, Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш - жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты, өсімдікті аялайық!
ІІ-топқа: Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар берілген екен

Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.

Қаяздар - Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланатын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кәдімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін жетеді. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.

Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған.

Бессаусақты ергежейлі қосаяқ (лат. Cardiocranius paradoxus) — кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң. Қазақстанда Солтүстік Балқаш өңірінде кездеседі. Көбінесе, ұсақ қиыршық тасты шөлдерді мекендейді. Дене тұрқы 5,7 — 6,5 см, салмағы 15 — 17 г. Артқы аяғы бес бармақты, құлағы түтік тәрізді, құйрығы денесінен 2 еседей ұзын. Табанында сүйелді-мүйізді қабат бар. Ін қазып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды. Негізінен өсімдік жапырақтарымен, тұқымымен қоректенеді. Бір жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — маусымда ұрғашысы 2 — 4 қосаяқ табады. Қыркүйектің аяғынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).

Бат-бат кесіртке (лат. Phrynocephalus mystaceus) – ешкіемерлер тұқымдасындағы жұмырбасты кесірткелер туысының бір түрі. Каспий теңізі мен Алакөл арасындағы шөлді аймақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда 2 түр тармағы бар. Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 43 г-ға дейін, терісінің қабыршақтары ұсақ, бүртікті келеді. Басы жалпақ, жұмыр. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, ұшы қара түсті болады. Түсі тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл түсті, алқымында қара жолағы, ал екі езуінде ұсақ шашақты үлкен терілі қатпары бар. Ізіне түсіп қуғанда денесінің екі бүйіріне ырғала қозғалып, тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен, «бат-бат кесіртке» деп аталған. Жауынан қорғанғанда не қауіп төнгенде терілі қатпары қатты керіліп, құлаққа ұқсайды, сондықтан оны «құлақты кесіртке» деп те атайды. Наурыз – қазан айларының аралығында күндіз көзге түседі. Жылына 2 рет 2 – 4 жұмыртқа салып, көбейеді. Өрмекшілермен, өсімдік жапырақтарымен қоректенеді. Кейбір зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді. [1] ТМД кеңістігінде 7 түрі белгілі. Теңбіл Б.к. Түркмен Қарақұмының оңтүстігінде, ТМД фаунасы эндемигі, Өзбекістанда таралған, кентаун Б.к. КСРО, Қызыл кітабына енгізілген.

Қызыл қасқыр - (лат. Cuon alpinus) — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл Қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде Қызыл Қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл Қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда Қызыл Қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Сілеусін (лат. Lynx lynx) – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 – 104, құйрығы 20 – 31 см, салмағы 13 – 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Жалбағай, қалбағай (лат. Platalea leucorodia) — ескекаяқты құстар отрядының тырна-құтан түқымдасына жататын құс. Қанатының ұзындығы 39 см, салмағы 1,5 кг. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Тұмсығы жалпақ, қалақша тәрізді. Балапаны ақ мамықты. Жыл құсы: наурыз-сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Сәуірде 3-4 жүмыртқа салады. Оны мекиені Жалбагай мен қоразы 3 аптадай кезектесіп басады. Су жәндіктерімен, олардың дернәсілдерімен, балықпен, бақамен қоректенеді. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
7. Қорытынды.

Сыныптан тыс жұмыс қорытындыланып, ең көп балл  жинаған,



Жас биолог атағы бойынша _____________________тобы жеңіске жетті.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет