Ақсу ауылдық кітапханасы



Дата06.07.2017
өлшемі12.24 Kb.
Ақсу ауылдық кітапханасы
Ақсу – Бөрлі ауданындағы селолық округ әкімшілігі, округ орталығы. Аудан орталығы Ақсай қаласынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан. Шыңғырлау өзенінің жағалауындағы қамыс, құрақ аралас бетеге, сұлыбас, т.б. әртүрлі астық тұқымдас шөптесін өскен шалғынды-қоңыр, қызылқоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 0,9 мың адам (1999). Іргесі тың жерлерді игеру жылдары (1954) осы маңда «Ақсу» астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оған Жаңақоныс ауылы бөлімшесі ретінде кірді. Селода орта және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, кітапхана бар. Халыққа дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункті қызмет көрсетеді. Соған орай ауылдық кітапханасының ашылу уақтысы да бертін келе болды. Кітапхананың құрылған жылы – 1958ж. Тұңғыш кітапханашылар В.У.Громова, А.Хасанова, З.С. Кульпейсова болды.

Соңғы жылдары Ақсу селолық кітапханасында М.М.Алиханова, Г.Н.Курмангабылова кітапханашы болып жұмыс жасады. Қазіргі кезде селолық кітапхана Ақсу селолық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. 2011 жылдың маусым айынан бері кітапхана меңгерушісі Лариса Ескалиқызы Тлеугалиева жұмыс жасайды.



Кітапхана «Балалар әлемі» «Қазақстаным - Қарашығанағым», «Жаңа кітап-жаназығы», «Қазақстан болашағы қазақ тілінде», «Қазақстан туған мекенім», «Міндет айқын, бағыт дұрыс» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. «Оқуға құштар Қазақстан», «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Мәдени мұра» бағдарламалары бойынша және ақын-жазушыларының мерейтойларына әдеби кештер ұйымдастырылып, такырыптық папкалар мен картотекалар жинақталады. Кітапханада мереке сайын әртүрлі бағытта іс-шаралар өткізіледі. Ай сайын кітапхананың кітап қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет