Астана қаласының білім басқармасы



Дата03.07.2017
өлшемі56.46 Kb.
#21589
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

1курс студенті Аман Нұржан

Ғылыми жетекшісі: Касымбекова А.А
Ақсу – Жабағылы қорығының өсімдіктер әлемі
Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік - батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Шымкент облысының Түлкібас, Ленгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палеонтологиялық учаске кіреді: бірі - Қарабастауда, жер көлемі - 126 гектардай, екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 гектардай. Екеуі де Алғабас аудандары жерінде орналасқан. Қорықтың негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашық орналасқан.

Қазіргі кезде қорықтың жалпы көлемі 74416 гектар, оның 20616 гектары Түлкібас ауданында, 50576 гектары Түлкібас ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді.

Жер бедері мен ауа райының әр түрлі болуы өсіміктер дүниесінің алуан түрлі болуына жағдай жасайды. Тасты, құзды келетін альпі белдеуінде (3000-4000м) топырақ онша қалың емес. Субальпі белдеуі (2000-3000 м) қоңыр топырақты келсе, орманды дала белдеуі (1200-2000 м) қызыл-қоңыр топырақты, ал тау етектері сұр топырақты болып келеді.

Ақсу-Жабағылы қорығы өсімдіктер дүнесіне бай. Оның территориясында мүктің 61, қынаның -58 – ден астам, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1836 түрі кезедседі. Бұл – бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.

Қорық территориясы түгелімен дерлік биіктігі 1200-дан 4200 метрге дейін болатын таулы өңірде орналасқандықтан, мұнда жартылай шөлейтті, далалы, орманды-далалы, субальпі мен альпі белдеулеріне тән өсімдіктерді кездестіруге болады. Мәселен, жартылай шөлейтті белдеуге тән баданалы қоңырбас, арпабас, қияқ, қозықұлақ, шоқайна сияқты шөптерді Ақсу, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері бойынан 1100-1250 м биіктік аралығынан саны – 7 (түр саны – 32), алабота тұқымдастар (14), көкнәрдің тұқым саны – 6 (13), жасаң шөп – 4 (12), сүттіген – 1 (12), шермен гүлділердің тұқым саны -5 (түр саны – 12), қоңырбас тұқымдастары -5(10), қожағай 1 (8), күреңот – 2 (8), бәйшешектің тұқым саны – 4, түр саны – 8.

Басқа өсімдік тұқымдастарының тұқым саны – 87, түр саны – 66. Енді осы өсімдіктердің жалпы өсімдік түрлерімен саластырғанда пайыз есебі мынадай: күрделі гүлділер тұқымдастарының пайыз есебі 9,5 қалғандырының жалпы өсімдік түрлерімен салыстырғандағы пайыз есебі 8,9-дан 0,6 пайызға дейін.

Қара арша – Ақсу өзені маңында тау жотасының күнгей бетін ала, 1200 м биіктіктен бастап өседі. Сауыр аршасы 1700-2400 м биіктікте көбіне тау қыраттарының теріскей беткейінде өсуді ұнатады. Қорықтағы адамның баруы қиын жерлердегі аршалы орман 200-350 жылдай жапсаған. Мұндағы аршаның биіктігі 13 метрге дейін жетеді. Нағыз биік аршалы орманды осы жерден көріп, тамашалауға болады.

Қара арша, әсіресе Ақсу, Кіші және Үлкен Балдыбірек өзендері төңірегінде 3300 гектардай жерді алып отыр. Аршаның бұл түрі Ақсу өзенінен солтүстікке қарай сирек кездеседі. Оқта-текте әр жерде сорайып тұрған бұл аршалар Аршалы сайда, Талдыбұлақ, Жабағылы өзендері аңғарында ұшырасып қалады. Сауыр аршасы қорықта басқа арша түріне қарағанда көбірек таралған, көлемі 5200 гектардай. Оны Үлкен және Кіші Қайыңды өзендері аралығында 1700-1900 м биіктіктен көреміз. Балдыбірек және Жабағылы өзендері маңындағы тау жоталарында да өскен, Ақсу өзенінің көмкеретін қыраттардың күнгей беткейлерінде кездеседі. Балғын аршасы қорық жерінде субальпі белдеуінде кездеседі. Балғын аршасы қорық жерінде субальпі белдеуіне тән тұтасып өседі. Мұнда бұл арша 11 мың гектардай жерді алып жатыр. Тауда жақсы өніп-өсіп, тау беткейлерін жасыл түске бояйды.

Қазір арша орманының көлемін ұлғайту мақсатымен қорықта біраз жұмыстар істелуде. Тау жоталарында аршаны тұқымнан өсіру жұмысы едәуір жақсы нәтиже берді. Мәселен, Кіші және үлкен қайыңды өзендері аралығында орманда бір гектарда 300-ден 700-ге дейін 10-30 жастағы арша бұталы ағаштары өсіп тұр.тек қара аршаның қолдан еккенде өсімі төмен (бір гектарда 40-45 арша өсіндісі кездеседі).

Жалпы алғанда Ақсу-Жабағылы қорығы территориясының 30 пайызы аршалы алқап. Арша – аса бағалы, мәңгі жасыл өсімдік. Оның қылқанды жапырақтары мен бұталарынан эфир майы көп алынады. Ал бүршігі мен жемісі қыста құстарға таптырылмайтын азық. Аршаның тау беткейлерінің топырағы мен тастарын бекітудегі ролі өте зор. Ол тас қуыстарында, тік құз жоталарында өсіп, өзінің күшті жетілген тамыр жүйесі арқылы тастардың төмен сырғу қаупін болдырмайды. Аршалар орманда да ылғал қорын жинайды, соның нәтижесінде тау өзендерінің ылғи да суы мол

болады. 8

Ақсу- Жабағылы қорығының жалпы көрінісі

Ақсу-Жабағылы қорығында жапырақты орман көлемі онша көп емес, бар болғаны 210 гектардай өзен аңғарындағы жерлерді қамтиды. Өзен бойындағы бұл тоғайлардың да су режимін реттеуде маңызы зор. Сол сияқты таудағы тоғайлар – көптеген жабайы жануарлардың паналайтын мекендері. Тек онда құстардың 40-тай түрі қоныстанып, олардың 22 түрі ұя салады. Тоғайда елік, аю, жабайы қабан көп – ақ. Тоғайда өсетін негізгі ағаштар –қайың, тал және терек. Аздап үйеңкі, жабайы алма ағаштары да бар. Міне, бұл шағын жерде өскен орман-тоғайлы сақтап қалуға қорық қызметкерлерінің атқарған қызметі зор. Қорықтан тыс жерлердегі мұндай тоғай ағаштары әлдеқашан кесіліп біткен. Әлі де қорықта бұл тау тоғайын қорғауға зор көңіл бөліне беруге тиіс.

Әсіресе, оның территориясына мал жаю ісін тоқтату қажет. Қорық территориясында жайқалып өскен тау шабындығы 22-23 мың гектардай жерді алады. Тау беткейлері мен өзен аңғарында шабындық түлкіқұйрығы, қылтықсыз арпабастың бірнеше түрлері, жатаған бидайық, тянь-шань жоңышқасы, қоңыраубас шөп түрі, беде, кәдімгі ақбас жусан, қарабас шалғын, ұсақ гүлді киікоты сияқты шөптер қаулап өседі.

Субальпі шабындығында тау қаршығаның бірнеше түрі, қазтамақ, гельцер қалампыры, кекіребас, бөденешөп, адыраспан тән болса, ал альпі белдеуінде альпі қоңырбасы, тау таспасы, тасжарған, сарғалдақ, қазьабан, қияқтың бірнеше түрлері кездеседі.

Қорық территориясында жемшөптік, дәрі-дәрмектік, техникалық эфир майы, жеміс беретін өсімдіктер көп-ақ. Қазақстанда шипалы маңызы бар үш мың өсімдік түрі болса, соның 200-дейі қорық территориясынан табылады. Мұнда, әсіресе, емдік қасиеті жоғары қылша, қара андыз, шайқурай сияқты өсіміктердің қоры мол. Сонымен қатар, халық медицинасында талас уқорғасыны, ұсақ гүлді киікоты, жиекжалбыз, құмзере өсімдіктері пайдаланылып келеді.

Тамаша жемшөптік өсімдіктер – жабайы тянь-шань жоңышқасы, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде қорық жерінде жайқалып өседі. Техникалық, осының ішінде тері илеуге жарамды шөптерден – рауғаш, итқұмық, таран кездеседі. Ал эфир майлы өсімдіктерге шаған, сасыр, заре, әр түрлі жыланбас жалбыз, көкбас жалбыз, райханның (зизифора) екі түрі жатады.

Жеміс-жидек беретін өсімдіктерден жабайы алманы, шетенді, шиені, қарақатты, қарлығанды, сиыр бүлдіргені, жуаны, рауғашты, тікен жидені, қышқыл шөпті айтпай кетуге болмайды. Тіпті піскен жуасын жеуге пайдалнылып қоймай, сонымен қатар онымен өкпе туберкулезі мен сары ауруын да емдейді. Сондай-ақ тауға әр түрлі реңді сән беретін қызғалдақ, құртқашаш (ирис), жарықгүл, желайдар, қалампыр сияқты өсімдіктер. Қорықта сирек кездесетін Грейг қызғалдағы бар.

Тек таралу аймағы қорық территориясы және онымен көршілес жатқан учаскелермен шектелетін эндемик өсімдіктер түрі – 17. Олардың ішіндегі майысқыш қияқ, талас кайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қансиген немес сақаушөп, лаңса, шоқайнаның бірнеше түрлері, сүт жапырақ бар. Қорықта реликті өсімдіктердің үш түрі кездеседі. Олардың бірі – Талдыбұлақ, Машат, Ақсу аңғарында ұшырасатын жалған масақша деп аталатын өсімдік. Ленец Миквице қорықпен көршілес Даубаба тау етегіндегі тасты жерлерде өседі. Сол тау мен Машат маңында реликті өсімдіктің үшінші түрі – Қаратау лепидолофасы кездесіп қалады.

Қорық ұйымдасқан 50 жыл ішінде Талас Алатауындағы бұл жерде едәуір өзгеріс болды. Пайдалы өсімдіктерді қорғауға алу нәтижесінде қорықта арам шөптер – атқұлақ, қос үйлі қалақай, айлық тұқымдастар, ошаған жойылып кетті. Олардың орнына жем-шөптік, дәрі-дәрмектік шикізат беретін өсімдіктер қоры молайды. Әсіресе, қорық режимі онда өсетін арша орманының жақсы қалыптасуына әсерін тигізеді.



Жалпы алғанда, Ақсу-Жабағылы қорығының өсімдік дүниесі жақсы зерттелген, әлі де зерттеле бермек. Келешекте мұнда өсетін өсімдік түрлерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге көп көңіл бөлу керек. Әсіресе, тек осы маңда таралған эндемик өсімдіктер мен реликті өсімдіктердің таралуынан, өніп-өсуін, оларды көбейту шараларын зерттеуге аса мән берген орынды. Реликті өсімдіктерді қорғап қалу үшін олар кездесетін, қорықпен көршілес учаскелерді қорық қарамағында енгізу керек. Өйткені, бұл өсімдіктерді сақтап қалудың ғылым үшін, халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы бар. Міне, осындай шараларды жүзеге асыра берсек, Ақсу-Жабағылы қорығының табиғаты көркейген үстіне көркейе түсетіні сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет