Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



Дата27.09.2018
өлшемі282.74 Kb.
түріМетодическая разработка


image029

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Коммунальное государственное казенное предприятие «Жамбылский медицинский колледж» управления здравоохранения акиматаЖамбылской области

Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическаяразработка открытого урока

ЦӘК-СМЖ/ЦМК-СМК

10-02/3-06

16 беттің беті

стр из 16



Келісілді Бекітемін

директордың оқу-әдістемелік ісі директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

Сарыбекова Ж.Н._______ Мырзагулова Ж.Б. _____

« »____________2014 ж « »__________ 2014 ж.

Қаралды

№2 «Жалпы білім беру және жаратылыстану

ғылыми пәндері» ЦӘК отырысында

ЦӘК төрайымы: Сагындыкова Б.А. ________

« »____________2014 ж.

Биология пәнінен «Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер» тақырыбы бойынша өткізілетін ашық

сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Оқытушының аты-жөні: Бекмурзаева Динара Турсунбеавна

Бөлім, топ: «Емдеу ісі»105 топ

Өткізілетін орны: 122 аудитория

Өткізілетін күні: 23.12.14.
Пән: Биология.
Мерзімі 23.12.14.Топ 105.
Сабақтың№ 24.
Тақырыбы: Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Білімгерлерге өзгергіштіктуралы түсінік беру, оның түрлерімен модификациялық және мутациялық түрлері мен таныстыра отырып,оларға салыстырмалы түрде сипаттама береотырып,оларды бір-бірінен ажырата білугедағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқуға жауапкершілікпен қарап, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Экологиялық бағытта тәрбие беру.
Дамытушылық:Білімгерлерге есте сақтау,жүйелеу,қорытындылау қабылеттерін дамыту білім деңгейін, сабаққа деген ынтасын арттыру, адамгершілік,жаңашырлық қасиетін ояту.
Әдістемелік:Әртүрлі сұрау тәсілдерін (фронтальды,интерактивті тақта бойынша ауызша сұрау,тақтада жазбаша есептер шығару, қима қағазбен жұмыс жасау)қолдану арқылы білімгерлерді бағалау.
Сабақтың типі:Құрастырылған.
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі- иллюстрациялы баяндау,сұрақ–жауап
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар:Плакат «Лавршиенің жапырақтарының нұсқа қатары»,презентация жүргізу,плакат;

б) үлестірмелі материалдар: тірек-конспектілер, қима қағаздармен, гербарий Лавр жапырығы.


в) ТОҚ: Интерактивтіктақта, бейнетаспа, компьютер.


Пәнаралықбайланыс:Математика «Пропорция құру».
Пәнішілік байланыс: «Өзгергіштік заңдылықтары».«Мутация түрлері».

Қолданатын әдебиет:


Негізгі әдебиет:
Қасымбаева Т.. Мұхамеджанов К. «Жалпы биология» 10-11 сынып, Алматы-мектеп 2006 ж.

Сартаев А., Гильманов М. «Жалпы биология» 10-11 сынып, Алматы, мектеп – 2006

Беляев Д.К., «Жалпы биология» 10-11 сынып, М.: Посвещение, 2002

Жатқанбаев Ж.Ж «Экология» Алматы-2003 ж.

Р.Сәтімбеков «Биология» 10-11 сынып, Алматы-Мектеп 2007ж
Қосымшаәдебиет / Дополнительная литература

Қасымбаева Т.. Мұхамеджанов К. «Жалпы биология» Хрестоматия, Алматы-мектеп 2006 ж.

Абшенова Л.У., Зайрова Б.З., «Биология», Алматы 2008

Дюсебаев М.К., Кашкарова З.А., «Экология негіздері» Оқуқұралы, Алматы 2006

Сабақтың хронологиялық кестесі




Сабақтың құрылымдықэлементтері

Болжамды уақыт

1

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, топ білімгерлерін түгендеу.

2.Аудиторияның санитарлық-гигиеналық жағдайына, білімгерлердің сырт көрінісіне, сабаққа дайындығынашолу жасау.

3. Білімгерлер зейінін сабаққа ұйымдастыру.

4. Білімгерлерді сабақтың мақсатыменжәне жоспарымен таныстыру.


1-2 минут


2

2.1
2.2

2.3


Үйтапсырмасынсұраукезеңі:

Тақырыбы: «Адам генетикасы. Тұқымқуалаушылықтызерттеуәдістері. Адамныңтұқымқуалайтынаурулары, олардыңалдыналу»

І-кезең«Миға шабуыл»(Ұяшықтардырет-ретіментаңдап, жекеше, ауызшажауапберіледі).

ІІ-кезең«Ұтыс ойыны»(қима-қағазбенжұмыс).

ІІІ-кезең«Генетикалықесептершығарту»(тақтабетінде).

15-18 минут



3

Жаңа тақырыпты баяндау:

Тақырыбы:«Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер»(жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы слайд түрінде түсіндіру,білімгерлер дәптерлеріне жазып отырады).

Жоспар:

1. Өзгергіштік заңдылықтары.



2. Модификациялық өзгергіштік.Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері.

3. Мутациялық өзгергіштік.

4. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.

5.Тәжіриебе жүзінде лавр шиенің варициялық қатарын құру.

6.Білімгерлердің тірек-конспектімен өзіндік жұмысы 5-6 минут


30-35 минут



4

4.1


4.2
4.3

Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:Ауызша, жекеше,жазбаша жауап беру.

I-кезең«Білімді мыңды жығар»(ауызша сұрау).

ІІ - кезең«Термин сөздерді таны»,«Сыңарын тауып интерактивті тақта бойынша ауызша жауап беру».

ІІІ-кезең А.«Ой шақыру»(вариациялық қатарға есеп шығару,тақтада жазбаша жұмыс жасау).

Б.«Ой түйін» Венн диаграммасы (Дәптерменжұмыс.Модификация мен мутациянысалыстырады ,жазыпайтады).


15-17 минут

5

Сабақты қорытындылау кезеңі:тақырып бойынша жалпы шолу жасау

2-3 минут

6

Рефлексия «Ой сергіту».

1 минут

7

Бағалау «Жиналған ұпай бойынша».

2-3 минут

8



Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Тақырыбы: «Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер».

Әдебиет.Қасымбаева Т.. Мұхамеджанов К. «Жалпы биология» 10-11 сынып, Алматы-мектеп 2006 ж.Кестетолтырыпкелесіздер.


1 минут


Cабақтыңжүрубарысы.
I.Ұйымдастырукезеңі. 1-2 минут

1. Сәлемдесу, топ білімгерлерінтүгендеу.

2. Аудиторияныңсанитарлық-гигиеналықжағдайына, білімгерлердің сырт көрінісіне, сабаққадайындығынашолужасау.

3. Білімгерлер зейінін сабаққа ұйымдастыру.

4. Білімгерлерді сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Ұраны.Біз егемен елдің жастары,

Болашақтың бастауы.

Нұрлы жолдан жол тапқан ,

Тәуелсіз елдің жастары!


II.Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру 15-18 минут
Тақырыбы: Адам генетикасы. Тұқымқуалаушылықты зерттеу әдістері. Адамның тұқым қуалайтын аурулары, олардың алдын алу.
Әдісі: І-кезең«Миға шабуыл»(Ұяшықтарды рет-ретімен таңдап, жекеше, ауызша жауап беріледі).
«Адам генетикасы»бойыншасұрақтар:
1. Генетика ғылымыненізерттейді?Генетика - дегентерминдіеңалғашенгізгенғалымдыатаңыз?

Жауабы:(Тіріорганизмдердіңтұқымқуалаушылықжәнеөзгергіштікқасиетінзерттейтінғылым.Генетика – терминінеңалғаш 1906 – жылыағлшынбиологыУ.Бетсонұсынды).

2.Тұқымқуалаушылықдегеніміз не?Мысалкелтіріңіз.

Жауабы: (Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің ұрпағында қайталанып көрінуі).

3. Өзгергіштік дегеніміз не?Мысал келтіріңіз.

Жауабы:(Организмніңжаңабелгілергеие болу қасиеті).

4. ХХІ ғасырдаашылғанеңсоңғыжаңалықтардыңбірі?

Жауабы:(Генетикалықкодтың ашылуы).


5. Саусақтардың құрылысында болатын қандай ауытқушылықтарды білесіз және де биологиялық тілде атаулары қандай?

Жауабы : (Полидактилия-көп,саусақтылық,синдакталия-біріккенсаусақтылық, брахидактилия –ұзын саусақтылық) ?


«Зерттеу әдістері бойынша» бойынша сұрақтар:
1.Генологиялық әдіс дегеніміз не? Оны қандай мақсатта қолданады?

Жауабы: (Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын,оның шыққан тегіне қарай зерттеу жасайды .Ол үшін әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып,соның негізінде шежірелік сызбанұсқасы жасалады).

2. Цитогенетикалық әдіс дегеніміз не? Оны қандай мақсатта қолданады?

Жауабы:(Бұл әдіспен сау немесе ауру адамның кариотипіне(храмасома жиынтығына)цитогенетикалық талдау жасалады.Цитогенетикалық әдісті медицинада диогностикалық мақсатта қолданады).

3. Егіздік әдіс дегеніміз не? Оны қандай мақсатта қолданады?

Жауабы: (Егіздік әдіспен бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды айтады).

4. Биохимиялық әдіс дегеніміз не? Оны мақсатта қандай қолданады?

Жауабы:Тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан тікелей анықтайтын әдіс биохимиялық әдіс).

5. Популяциялық әдіс нені зерттейді?

Жауабы:(Қалыпты немесе тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің адам популяциясында таралу жиілігін зерттейді).


«Адамның тұқым қуалайтын аурулары » бойынша сұрақтар
1.Шершевский –Тернер ауруына сипаттама бер және оған тән белгілерді ата?

Жауабы:(Шершевский –Тернер ауруыәйелдердекездеседі.Аурудыңхромосомаларныңдиплойдтыжиынтығы -45,жыныс хромосомасыбіреу –ХО).

2. Клайнфельтер - ауруынасипаттамабержәнеоғантәнбелгілердіата?

Жауабы:(Клайнфельтер ауруымен тек ер адамдар ауырады.Белгілері-жыныс бездері дұрыс жетілмейді,ақыл есі кем болады және аяқ қолы шамадан тыс ұзын,денесіне сәйкес келмейді.Ауру адамныңхромосомаларының жалпы диплоидты жиынтығы – 47,жыныс хромосомасы -ХХХ).

3. Даун синдромына сипаттама бер және оған тән белгілерді ата?

Жауабы : (Даун ауруы аутосомалардың дұрыс ажырамауына байланысты болады.Ақыл есі кем,бойы аласа,беті дөңгелек,көздері қысыңқы әрі бір біріне жақын орналасқан және кішкентай аузы үнемі жартылай ашық жүреді.Бұл ауру 21 хромосоманың екеу емес ,үшеу болатындығына байланысты).

4.Фенулкетонурия ауруына сипаттама бер және оған тән белгілерді ата?

Жауабы:Бұл ауруды зерттегенде нәруыз құрамына кәретін фенилаланин аминқышқылының триптофанға айналмайды).

5.Анеуплоидия ауруына сипаттам бер және оған тән белгілнрді ата?

Жауабы:(Қалыпты кариотиптің бұзылуына байланысты жас нәресте денесіндегі түрлі ақау – кемістіктері көрсетілген.Мұның себебі 15-жұпта бір хромосома болғандықтан ,олардың жалпы саны 47 болады).


ІІ- кезең. «Ұтыс ойыны» (қима - қағаздармен жұмыс).

Ұтыс ойыны №1.




1. Адамда тұқым қуалайтын аурулар гендік және хромосомалық болып бөлінеді ме?

3.Голандриялық тұқым қуалау дегеніміз У хромосомада әкесінен тек ұлбалаларына беріледі.


Ұтыс ойыны №2.




2. Гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын аурулар хромосомалық ауруларға жатадыма?


5.Жасушалардың мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалар гаметаға ажырамайды.

Ұтыс ойыны №3.




3.У хромосомада әкесінен тек ұл балаларына ғана берілуі голандриялық тұқым қуалау дегеніміз не?




  1. Адам ағзасында кездесетін тұқым қуалайтын аурулар гендік және хромосомалық ауруларға жатады.мысалы аеуплоидия,даун синдром,клайнфельтер,т.б.



Ұтыс ойыны №4.





4.Белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің бір адамда қатар келуін хромосомалық ауру деп атайды ма?


7.Аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типіне фенилкетонурия ауруы жатады .

Ұтыс ойыны №5.




5.Жасушалардың мейоздық бөліну кезіндегі хромосомалар гаметаға теңдей ажырайды ма?

2.Гендердің өзгеруі нәтижесінде пайда болатын аурулар гендік ауруларға жатады.

Ұтыс ойыны №6.




6. Аутосомаларының 21 жұбында артық бір хромосома болады, жалпы хромосома саны 47 болады, ақыл есі кем, барлық ішкі секреция бездерінің қызметтерінің бұзылуы даун синдромында байқалады ма?


8.Генетика ғылымы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.

Ұтыс ойыны №7.




7.Аутосомды-рецессивті тұқым қуалау типіне қандай ауру жатады?


4.Белгілі бір ауруға жатпайтын бірнеше ауру белгілерінің бір адамда қатар келуін хромосомалық ауруларға жатқыза алмаймыз.

Ұтыс ойыны №8.




8.Генетика ғылымы нені зерттеді?

6.Аутосомаларының 21 жұбында артық бір хромосома болады, жалпы хромосома саны 47 болады, ақыл есі кем, барлық ішкі секреция бездерінің қызметтерінің бұзылуы даун синдромында байқалады).

ІІІ- кезең (Генетикалық есептер шығарту, тақта бетінде).

№1.Адамдарда дальтонизм қызыл, жасыл түстерді ажырата алмау,Х хромосома мен тіркес рецессивті жолмен тұқым қуалайды.Қалыпты көретін жұбаййлардың 1.дальтоник ұлы және қалыпты көретін қызы бар 2. Қалыпты көретін қызы,ал оның бір дальтоник және 1 қалыпты көретін ұлдары бар. Осы жанұяның балаларының , немерелерінің генотиптерін анықта.



№2.Патау,Эдвардс, Даун, Клайнфельтер, Тернер және «Мысықша мияулау» синдромдарының кариотипін жаз.


Жауабы.Патау– 47,13 +

Эдвардс -47,18+

Даун, Клайнфельтер -47,21 +

Тернер - 47, XXY

«Мысықша мияулау» - 46, p
III.Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Жаңа сабақтың тақырыбы: Өзгергіштік және оның түрлері. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктер.
Жоспар:

1. Өзгергіштік заңдылықтары

2.Модификациялық өзгергіштік. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері.

3. Мутациялық өзгергіштік

4. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.

Жаңа тақырыпты интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жоспар бойынша баяндау.


Өзгергіштік заідылықтары.

Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады. Өзгергіштіктің екі түрі бар, олар: 1) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік, бұған модификациялық өзгергіштік жатады; 2) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік; бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.


Модификациялық өзгергіштік.

Модификация (көне латынша modіfіcatіo, латынша modus – өлшем, түр және fаcіo – жасаймын) – организмнің белгілері мен қасиеттерінің (фенотипінің) сыртқы орта факторларының әсерінен генотипке байланыссыз (тұқым қуаламай) өзгеруі. Модификациялық өзгергіштікті тудырушы факторларға сыртқы ортаның температурасы, жарық, қоректену жағдайы, т.б. жатады.

Генотиптері ұқсас, бірақ әр түрлі орта жағдайларында өсіп дамитын организмдердің фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарақтардың осылайша фенотипті жағынан әр түрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организм белгілерінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз байланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез және көп өзгеретін қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық және күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты және ол сиырдың тұқымына тән біршама тұрақты қасиет. Дегенмен, құнарлы азық беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз өзгеретін, тұрақты белгі — сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмайды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан біз қандай белгі-қасиет болсын сыртқы ортаның әсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық өзгергіштікке ұшырайтындығын көреміз.

Модификациялық өзгергіштік организмнің көбею жолдарына, қандай биологиялық түрге жататындығына және өсу ортасына байланысты. Ол жер бетіндегі барлық тірі организмдерде болады.Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қызметіне және ферменттердің белсенділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, төменгі температурада кейбір ферменттердің белсенділігі кемиді. Соған байланысты зат алмасу процесі өзгереді де, организмнің өсіп-дамуы баяулайды. Олай болса, сыртқы орта факторларының әсерінен көптеген физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық процестер өзгереді. Бірақ бұлар тек фенотиптік қана өзгерістер. Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай өзгеріс байқалмайды.

Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық әдістері.

Тағы да бір айта кететін жай, жоғарыда келтірілген модификациялық өзгергіштіктің реакция нормасы, яғни белгі-қасиеттердің өзгеру шамасы генотип арқылы анықталады.



http://kze.docdat.com/tw_files2/urls_3/1027/d-1026657/1026657_html_2e68b352.jpg
сурет. Лавршие жапырақтарының өзгермелі нұсқа қатары (жапырақ ұзындығы сан арқылы көрсетілген)
Өткен тақырыпта организм белгілерінің сыртқы орта жағдайларының әсерінен әр түрлі мөлшерде өзгеретіндігі туралы айтылды. Енді осыған зер салып қарайық. Мысалы, бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың ұзындығы мен енін өлшесек, олардың әр түрлі екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жапырақтардың өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі және т.б. бірдей әсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Егер жапырақтарды ұзындығы бойынша ең кішісінен үлкеніне дейін бір қатарға орналастыратын болсақ, бұл белгінің өзгергіштік қатарын көреміз (1-сурет). Мұны вариация қатары деп атайды. Ол варианттардан тұрады, сонда вариант дегеніміз — белгі дамуының жеке көрінісі.  Мұндай модификациялық өзгергіштік статистикалық әдіспен зерттеліп анықталады. Мысал ретінде бидай масағындағы масақшалар санының өзгергіштігін қарастырайық.Зерттеу үшін таңдамастан 100 масақты алып, олардың әрқайсысындағы масақшалардың санын есептейміз. Сонда өзгергіштіктің шамасы 14 пен 20-ның аралығында болатындығын көреміз. Соның ішінде масақшаларының саны 16—18 болып келетін масақтар жиі, ал сандары жоғары немесе төмен болып келетіндері сирек кездеседі. Ол есептеулердің нәтижесі мынадай:Кестедегі жоғары цифрлар азынан көбіне қарай орналасқан варианттар қатарын, ал төменгі цифрлар варианттардың кездесу жиілігін көрсетеді. Бұл цифрлардың бәрін қоссақ, бастапқы алынған 100 масаққа сәйкес келеді. Вариация қатарында орналасқан жеке варианттардың өзгерісін қисық сызық арқылы анық көрсетуге болады (2-сурет).

2-сурет. Бидай масағындағы масақшалар санының өзгермелі нұсқа қисық сызығы

Вариациялық қатардың маңызды бір статистикалық көрсеткіші — орташа ариф-метикалық шама. Оны табу үшін мына формуланы қолданамыз: http://kze.docdat.com/tw_files2/urls_3/1027/d-1026657/1026657_html_4d19f731.jpg

М

n
М — орташа шама, Х — вариант, — варианттардың кездесу жиілігі, n — варианттар саны,  — жиынтық.

Бұл формула бойынша жоғарыда аталған бидай масақшаларының вариация қатарының орташа шамасын былай есептеп шығарамыз:


Сонымен, орташа арифметикалық шама 17,13-ке тең болып шықты.
Алайда, орташа арифметикалық шама өзгергіштіктің сипатын анық көрсете алмайды. Себебі орташа шамасы бірдей екі вариациялық қатардың өзгергіштігі әр түрлі болып келуі мүмкін. Белгінің өзгеру деңгейін сипаттайтын келесі бір көрсеткіш — ол орташа квадраттық ауытқу (— сигма). Оны мына формула бойынша табамыз: 
Мұнда орташа шамамен әр жеке варианттардың айырымдары квадраттарының жиынтығы (n — 1)-ге бөлініп, түбір астынан шығарылады.
Математикалық статистиканың заңдылығы бойынша кез келген кездейсоқ шама орташа шамадан Ғ3,0-дан артыққа ауытқымауы керек. Сондықтан орташа квадраттық ауытқудың негізінде орташа арифметикалық шаманың қателігі (М Ғ m) анықталады. Ол мынадай формуламен есептеледі:
Ең соңында, осы көріністердің негізінде пайыз бойынша белгілердің өзгергіштігі анықталады. Оны вариация коэффициенті (V) депатайды. Олмынаформуламенесептеледі:
Мутациялық өзгергіштік.

Мутация дегеніміз латынша (mutatio- өзгеріс)— организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады. Осы зерттеулерінің негізінде 1901 жылы өзінің “Мутациялық теория” деп аталатын еңбегін жариялады. Мутациялық теорияның негізгі ережелері мынадай:

Мутация барлық тірі организмдерге тән қасиет. Олпайдалы да зиянды да болуымүмкін. Бірақкөбінесе, жануарлар мен адамүшінзияндыболыпкеледі. Себебіэволюциялық даму барысында  организмдеқалыптасқанүйлесімділікбұзылады. Мутация сыртқы орта факторларыныңәсеріненпайдаболады, олардымутагендердепатайды. Мутагендердіңүштүрікездеседі. Олар: физикалық, химиялықжәнебиологиялықмутагендер. Физикалықмутагендергерадиоактивтісәулелер, ультракүлгінсәулелер, лазер сәулелеріжәнет.б. жатады. Химиялықмутагендерге колхицин, этиленимин, никотин қышқылыжәнет.б. химиялыққосылыстаржатады. Олардың саны қазір 400-ден асады. Өтежоғарыконцентрациядағыкейбіргербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыраалады. Сондықтангербицидтер мен пестицидтердішамадантысмөлшердепайдаланбауқажет.

Клеткадағызаталмасупроцесікезіндетүзілетінкейбірыдырауөнімдері мен организмгетағамарқылыкеліптүсетінрадиоактивтізаттарда да (мысалы, сүйектежинақталатын стронций, т.б.) мутагендікқасиетболады. Олардыбиологиялық  мутагендердейді.

 Мутациялықпроцестітабиғижағдайдакенеттенпайдаболатынсекірмеліжәнемутагендікфакторларменарнайыәсеретуденпайдаболғаниндукциялықдепекігебөлугеболады. Мутацияныңмұндайтүріорганизмдетұқымқуалайтынөзгергіштіктіқолданжасауғамүмкіндіктуғызды.

Мутацияларорганизмніңқандайклеткаларындапайдаболатындығынабайланыстыгенеративтік (жынысклеткаларындағы) жәнесомалық (денеклеткаларындағы) болыпекігебөлінеді. Жынысклеткаларындаболатын мутация келесіұрпаққатікелейберіледі. Ал сомалық мутация жыныстыжолменкөбейетінорганизмдердеайтарлықтайрөлатқармайды. Себебіденеклеткаларындапайдаболатынөзгерісұрпаққаберілмейді. Жыныссызжолменкөбейетінорганизмдебұлжағдайкерісіншеболады. Сомалық  мутациянызерттеудіңобырауруыныңсебептерінбілудемаңызызор. Қазіргікездеқалыптыклеткалардыңобырклеткаларынаайналуысомалық мутация арқылыжүретіндігітуралыкөптегенғылымидеректер бар.

Генотиптіңөзгерусипатынақараймутацияларгендік, хромосомалық, геномдықжәнецитоплазмалықболыпбөлінеді.
Геномдық мутация. Геномдық мутация дегеніміз — клеткадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік. Геном  дегеніміздің өзі гаплоидты хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы. Енді осы геномдық мутацияның пайда болу жолын қарастырайық. Хромосомалар санының тұрақтылығын және олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етіп отыратын клетканың бөліну механизмдері — митоз бен мейоз екендігі белгілі. Бірақ кейбір жағдайда бұл механизмдер бұзылады да, хромосомалар клеткадағы екі полюске теңдей ажырамайды. Соның салдарынан хромосома  саны өзгерген клеткалар пайда болады. Геномдық мутация хромосома  санының гаплоидты жиынтыққа еселеніп немесе еселенбей өзгеруіне байланысты. Егереселеніпкөбейсе оны полиплоидия, ал еселенбейкөбейсе не азайса — анеуплоидия немесегетероплоидиядепатайды.
Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.
Гендік немесе нүктелік мутациядеп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде ағза биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе біраз уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды. Полиплоидты мутанттардың клеткалары мен органдарының көлемі ұлғайып, хромосома жиынтығы жұп болса, оның ұрпақ беру қабілеті сақталады, ал тақ болса бұл қабілеті сақталмайды. Гендік мутация кезінде ағза үлкен өзгеріске ұшырайды. Кейде бір геннің өзгеруінен ағзаның бірнеше белгі-қасиеттері өзгереді (плейотропия).

Гендік мутация доминантты (басыңқы), 



жартылай доминантты 

 рецессивті (басылыңқы) болады.


Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері.

Семей полигоны — КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.

Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада — Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. Қазақ – көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып, атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан атажұртын тастап кетер емес. Қайнар – (Абыралы) полигоннан 120-ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі шаруашылық ірге тепті. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана қозғалар емес.

Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.


Тәжіриебе:Өзгергіштік,семей полигоны.

Тақырып бойынша дәріс (қосымша №1).

IV.Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
Тақырыбы:«Өзгергіштік. Модификациялық өзгергіштік».
І - кезең«Білімді мыңды жығар» (ауызша сұрау).
1.Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?

Жауабы:(Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атаймыз.)


2.Ұзаққа созылған модификациялық өзгергіштіктің біртіндеп мутациялық өзгергіштікке айналуы мүмкін деген қорытынды жасаған ғалымды берілген суреттен көрсете отырып есімін атаңыз?

Жауабы: (Н.И.Вавилов)


3.Сыртқы орта жағдайларының әсерінен ағзаның белгілері түрліше өзгеріп отыруына мысал келтіріңіз?

Жауабы: (Мысалы, жем-шөпті мол беріп, қораны жылы ұстап, уақытылы суарып отырса, ірі қара сүтті мол береді және т.б.)


4.Ұзаққа созылған модификация терминін 1921 жылы қай ғалым ұсынды?

Жауабы :(В.Иоллас)


5.Модификациялық өзгергіштік тұқым қуалайдыма?

Жауабы : (Модификациялық өзгергіштік тұқым қуаламайды.)


ІІ-кезең.«Термин сөздерді таны» (Сыңарын тап интерактивті тақта бойынша ауызша жауап беру).




Сұрақтар

Жауаптары

1

Өзгергіштік

Организмнің белгілері мен қасиеттернің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі.

2

Модификация

Организмнің белгілері мен қасиеттерінің ,фенотипінің сыртқы орта факторларының әсерінен генотипке байланыссыз (тұқым қуаламай) өзгеруі.

3

Вариация қатары

Белгінің өзгергіштік қатарын айтамыз.Статистикалық көрсеткіші орташа арифметикалық шама.

4

Мутация

Организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік.

5

Мутаген

Сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болатын мутацияны, мутагендер деп атайды

6

Биологиялық мутаген

Клеткадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да қасиет болады.

7

Химиялық мутаген

Колхицин, этиленимин, никотин қышқылы және т.б. химиялық қосылыстарының салдарынан болатын өзгеріс

8

Физикалық мутаген

Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады.

9

Гендік мутация

ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады

10

Хромосомалық мутация

Микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс

11

Геномдық мутация

Клеткадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік

12

Семей полигоны

КСРО ядролық сынақ полигондарының бір

ІІІ-кезең А.«Ой шақыру»(есеп шығару).


Берілгені.Қоянның бір түрі өте кең географиялық арелды (таулы,құрғақшылық ауалық аудандары бар)мекендейді деп ойлайық. Таңдамалы түрде тері жүндерінің ұзындықтарын өлшеу нәтижелері төмендегі деректерді берді.(9,7,8,8,9,11,12,10,10,10,9,9,10,10,10,11,9,10,11,10,13,14,15,15,15,16,17,16,15,14,18,15,15,15,14,15,16,15,15,14,15).Осы белгілері бойынша варияциялық қатар түзіп,ол қатарды график түрінде көрсетіндер.
Шешуі:


Қоянның саны (V)

12

13

14

15

16

17

18

Кездесу жиілігі (P)

1

1

4

10

3

1

1

Жалпы қоянның саны: (п)-40


Жалпы формула:
Сонда: М=12*1+13*1+14*4+15*10+16*3+17*1+18*1= =7.85

Жауабы: Қоян санының орташа кездесу санының жиілігі 7.85-ке тең.
Б. «Ой түйін» Венн диаграммасы.Дәптермен жұмыс.Модификация мен мутацияны салыстырады,жазып айтады.
Модификация Ұқсастығы Мутация

V. Сабақтың қорытындысы. 2-3 минут

Өзгергіштіктің екі түрі бар. Олар:

а) фенотиптік немесе тұқым қуаламайтын өзгергіштік.Бұған модификациялық өзгергіштік жатады;

ә) генотиптік немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік.Бұған мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктер жатады.

Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды.

Модификациялық өзгергіштіктің өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни организмнің әрбір белгі-қасиетінің өзгеруінің белгілі бір шамасы болады.

Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланысты емес, сондықтан ол тұқым қуаламайды.

Модификациялықөзгергіштікстатистикалықәдіспензерттеледі. Статистикалықәдістіқолданудыңнегізіндебелгілердіңөзгерушамасыпайызбенанықталады. Оны вариация коэффициенті (V) депатайды.

Мутация дегеніміз — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.

Мутация ұғымын голландиялық ғалым Г. Де Фриз қалыптастырды. Ол 1901 жылы “Мутация теориясы” деп аталатын еңбегін жариялады.

3.Мутация тудыратын факторларды мутагендер дейді.

Олардың үш түрі бар:физикалық, химиялық,биологиялық.

4. Мутация екі түрлі жолмен пайда болады: табиғи жағдайда кенеттен болатын секірмелі мутация және арнайы әсер ету арқылы қолдан жасалатын индукциялық мутация.

5. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның төрт түрін ажыратады: гендік, хромосомалық, геномдық және цитоплазмалық.

6. Орыс генетигі Н.И.Вавилов “Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар” заңын ашты. Оның мәні — шығу тегі жағынан бір-біріне жақын тұрған түрлер мен туыстарда болатын мутациялық өзгергіштіктер ұқсас болып келеді

VI.Бағалау. Білімгерлерді үй тапсырмалары және жаңа сабақты қорытындылау бойынша жауап берулеріне қарай бағалау

VIІ.Рефлексия. «Ой сергіту»;1 минут.

Смайликтер арқылы білімгерлердің сабақты қалай меңгергендерін байқау. Білімгерлерден сабақтың несімен ұнағанын немесе ұнамағанын сұрау. Білімгерлерге ұнаса несімен ұнағаны жайлы мәлімет алу. Ал егер ұнамасанеліктен ұнамағаны туралы сұрсатыра отырып,мәлімет алу.

VIII. Үй тапсырмасы 1 минут.Қасымбаева Т. Мұхамеджанов К. «Жалпы биология» 10-11 сынып, Алматы-Мектеп 2006 ж

§36-37 Өзгергіштік заңдылықтары.Модификациялық және мутациялық өзгергіштік 142-146 бет
Insertкартасы


Нені білдім

Нені үйрендім

Нені білгім келеді









Оқытушыныңқолы _______________________________________________







Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет