Ас адамның арқауы Ас тұрған жерде ауру тұрмайды
Тағам- ағзаның өсуі және дамуы үшін қажетті қуат көзімен және құрамдас бөлшектермен адамды қамтамасыз ететін фактор. Тиімді тамақтану денсаулықты, жұмысқа қабілеттілікті сақтауға, әртүрлі сырқаттардың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік туғызады. Тағамның дәмі, оның хош иісі, сыртқы көрінісі адамның көңіл күйіне ықпал етуі мүмкін. Осылайша, балалардың тамақтануы ағзаның өсуі мен дамуы үшін қажетті заттармен және қуат көзімен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Тағам- ағзаның өсуі және дамуы үшін қажетті қуат көзімен және құрамдас бөлшектермен адамды қамтамасыз ететін фактор. Тиімді тамақтану денсаулықты, жұмысқа қабілеттілікті сақтауға, әртүрлі сырқаттардың алдын алуға және емдеуге мүмкіндік туғызады. Тағамның дәмі, оның хош иісі, сыртқы көрінісі адамның көңіл күйіне ықпал етуі мүмкін. Осылайша, балалардың тамақтануы ағзаның өсуі мен дамуы үшін қажетті заттармен және қуат көзімен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін тамақтану әртүрлі болуы тиіс: біз тамақтанатын тағамның құрамында барлық қажетті нәрлі заттардың болуы қажет. Ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін тамақтану әртүрлі болуы тиіс: біз тамақтанатын тағамның құрамында барлық қажетті нәрлі заттардың болуы қажет. Бір күнде қолданатын барлық тағамның шамамен жартысын көмірсулар құрауы керек (нан, жармалар, картоп, көкөністер, көк шөп); Күндізгі ас үлесінің үштен бірін ақуыздар құрауы керек (ет, балық, сүт, жұмыртқа); Алтыдан бірін– майлар (май, мар-гарин); Тағамның құрамында міндетті түрде дәрумендер болуы тиіс (жемістердің барлық түрлері), минералды тұздер және жасұнық, су.
Дәрумендер – адам тіршілігіне өте қажетті заттар. Әдетте олардың атаулары бір латын әріпінен тұрады: А дәрумені, В, С, D, E және т.б. дәрумендер бар. Дәрумендер – адам тіршілігіне өте қажетті заттар. Әдетте олардың атаулары бір латын әріпінен тұрады: А дәрумені, В, С, D, E және т.б. дәрумендер бар. Әр дәруменнің өз белгілері болады: мысалы, D дәрумені сүйектің жетілуі мен беріктігіне қажетті, В дәрумені жүйке жүйесіне пайдалы және т.б. Дәрумендер ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін әдбен қажетті, бірақ ағза бұл заттарды өзі шығаруға қабілетсіз, сондықтан оларды тағаммен бірге алуы қажет. Көптеген дәрумендер жаңа піскен жемістер мен көкөністерде, сондай-ақ етте, балықта, жұмыртқада және сүт өнімдерінде болады. Дәрумендер ағзаға өте аз мөлшерлерде қажет, сондықтан оларды аса көп қолданудың қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |