Қарсы беттегі опера театрынан Күләш, Шара бастаған керім актрисаларды к ру үшін-ақ ел жиналады. Сылаң қағып



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата15.03.2019
өлшемі1.11 Mb.
#100927
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қарсы беттегі опера театрынан 

Күләш, Шара бастаған керім 

актрисаларды к ру үшін-ақ 

ел жиналады. Сылаң қағып, 

әдемі күлкісі мен сән-салтанаты 

жарасып қатар шыға келгенде, 

зіміз де есіміз ауып, қызыға 

қарайтынбыз. Ол заман  нердің 

шоқтығы биіктеп, жұлдыздары 

жарқырап, айы оңынан туып 

тұрған кез еді...

...Сырдарияның сол жағалауына салы-

натын Күміскеткен су қоймасының су 

сыйымдылығы алты жүз миллион тек-

шеметр деседі. Ал жер полюстерінің 

орналасу заңы бойынша біздің дария 

мыңдаған жылдардан бері солтүстікке 

қарай аунай ағып келеді.

Мамандардың болжамынша, 

роботтар 2024 жылдары тілдерді 

аудару қабілетін игереді, ал 

2026 жылға қарай орта мектеп 

бітірушінің эссесін жазып, 2027 

жылға қарай жүк машинасы 

жүргізушілерін толықтай 

алмастырып, адамның табиғи 

мүмкіндіктерінен асып түседі. 

АҢ-ҚҰСТАН БАСТАП 

ХАНШАЙЫМҒА ДЕЙІН 

СОМДАДЫМ


АДАМЗАТ ҚҰЛТЕМІРГЕ 

СЕНІМ АРТТЫ

ҒАЖАЙЫП ТҰНҒАН ЖЕР

09

11



05

Жалғасы 4-бетте

Жалғасы 4-бетте

Жалғасы 2-бетте

Әсел ӘНУАРБЕК

Бүгінде тұтынушылардың барлығы дерлік дүкен сөрелерінен «халал» 

өнімдерді іздейтіні белгілі. Кейбірі тіпті, «халал» сөзінің мәнісін жете 

түсінбесе де, осындай белгісі бар өнімнің қауіпсіз екеніне сенеді. Бірақ соңғы 

уақытта «халал» деп айдар тағылған тауарлар да күмәнді бола бастады. 

Өйткені жуырда Денсаулық сақтау министрлігі 11 кәсіпорынның «халал» 

деп шығарған шұжықтарынан доңыздың ДНК-сы табылғанын мәлімдеді. 

Анар ЛЕПЕСОВА

Жуырда Қырғызстанның мемлекеттік органдарымен бірлесіп зерттеу 

жүргізген Халықаралық еңбек ұйымы дабыл қақты. Өйткені зерттеу 

нәтижесінде Қырғызстанда 5-17 жас аралығындағы әрбір үшінші бала 

заңсыз еңбекке жегілгені белгілі болған. 6-13 жастағы әрбір төртінші бала 

қауіпті жұмыс істейді. Зерттеу мәліметіне қарағанда, жұмыстағы бала мен 

жұмыс істемейтін баланың бойы мен салмағында орташа есеппен 13 см және 

12 келі айырмашылық болады. Еңбекке жегілген оқушы оқу үлгерімі жөнінен 

де қатарластарынан қалыс болатыны түсінікті. Халықаралық еңбек ұйымы 

сарапшыларының айтуынша, бала еңбегін  заңсыз пайдалану Қырғызстанда 

ғана емес, Орта Азия елдерінің көпшілігінде ушығып тұр. Баланы жұмысқа 

жегуге заң жүзінде тыйым салған Қазақстандағы жағдай қалай?

Bizdin’ elektrondy pos’ta: turkestan_gazeta@mail.ru 

Bizdin’ sai’t: www.turkystan.kz

№49 (


1219

)

2017 JYL



7 jeltoqsan, 

bei’senbi

Halyqaralyq sai’asi’ aptalyq 

Gazet 1994 jylg’y qan’tardyn’ 28-inen s’yga bastady 

АЛДЫ Ы  АТАР А А ЫЛМЕН 

ОСЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Анар ЛЕПЕСОВА

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі өтті. Онлайн режимде еліміздің 

түкпір-түкпірінде жаңа индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды. 

Мемлекет басшысының рұқсатымен жұмысын бастаған кәсіпорындар ел экономикасының дамуына тың серпін бермек. 

ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН 

НАН ТӘТТІ

Алайда еңбекке ерте араласқан баланың салмағы 

қатарластарынан 12 келі жеңіл болады. Неге? 

АЛДЫҢДАҒЫ АСЫҢ 

АДАЛ БОЛСА...

Әлемдік халал нарығының қаржы айналымы 

2,6 триллион долларды құрайды


ҚОҒАМ

2

7 jeltoqsan, bei’senbi

Иранның Ауыл шаруашылығы ми-

нистрімен  кездесу  барысында  қазақс-

тандық  бидай  тасымалына  шектеуді 

жою  инвестиция  тарту  мұздатылған 

қой етіне қатысты сертификатты бекі-

туді  тездету,  Иран  тарапынан  мүйізді 

ірі  қара  мен  мұздатылған  жəне  сал-

қындатылған сиыр етін импорттау ту-

ралы  мəселелер  сөз  болды.  Сапар  ба-

рысында  Асқар  Мырзахметов  Иран-

ның  өнеркəсіп,  кен  жəне  сауда  ми-

нистрімен де кездесіп, Каспий теңізін-

дегі қазақстандық жəне ирандық кеме 

қатынасы компаниялары арасында қо-

сымша салықтарды азайту мəселелерін 

талқылады. 

–  Биыл  «Азық-түлік  келісім  шарт 

корпорациясы»  ұлттық  компаниясы 

Экспорттық орталық болып қайта құ-

рылған  болатын.  Ол  ауыл  шаруашы-

лығының  барлық  өнімдерін  сыртқы 

нарықтарға  шығарумен  айналысуда. 

Иран нарығына 2 мың тонна салқында-

тылған қой еті мен 100 мың тонна би-

дай жеткізу жөніндегі келісім-шартты 

бекітуге қол жеткіздік. Сонымен бірге, 

200 мың тонна мал азығын сату жөнін-

де уағдаластыққа қол жеткізілді. Иран 

жағы өздерінің ұн тарту кəсіпорында-

рының қуатын Қазақстан бидайын өң-

деуге  пайдаланып,  ары  қарай  дайын 

өнімді Ирак, Ауғанстан секілді елдерге 

шығаруды ұсынды. Бұл ұсыныс еліміз 

үшін  ұтымды  жəне  жан-жақты  зерт-

телетін  болады,  –  дейді  «Азық-түлік 

келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 

басқарма  төрағасының  орынбасары 

Дəурен  Есмағамбетов. 

Ал  ҚР  Ауыл  шаруашылығы  ми-

нистрінің кеңесшісі Олжас Жұмағұлов-

тың айтуынша, Иранға сапар кезіндегі 

келіссөздер нəтижесінің екі ел үшін де 

игілігі  мол  болмақ. 

–  Егер  былтыр  жазда  Иран  нары-

ғына тоңазытылған қой етін жеткізудің 

шарттарын келісуге қол жеткізсек, бұл 

жолғы сапар кезінде мұздатылған қой 

етін  экспорттауға  қатысты  келісімге 

келдік. Сонымен қатар қазір Иран та-

рапымен сиыр етін жеткізу шарттары 

келісілуде.  Сондай-ақ,  осы  сапар  ая-

сында  күріштің  иран  нарығында  үл-

кен сұранысқа ие түрлерінің тұқымын 

ұсыну  жөніндегі  уағдаластыққа  қол 

жеткіздік.  Осыған  орай  Қазақстан  ау-

мағында  күрішті  өсіріп,  оны  ары  қа-

рай Каспий теңізі арқылы Иранға экс-

порттаудың  кешенді  жоспары  бекіті-

летін  болады,  –  дейді  ол. 

Иран  –  дамыған  индустриалды-

аграрлы  ел,  өндіріс,  мұнай-газ  сала-

сы  мен  ауыл  шаруашылығы  жақсы 

дамыған.  Еліміздің  аймақтары  ішін-

де  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 

бұл  елмен  байланысы  ерекше.  2016 

жылы  ОҚО-ның  сыртқы  тауар  айна-

лымы 1,9 млрд АҚШ долларын құра-

са, соның ішінде 19 млн АҚШ долла-

ры Иран Ислам Республикасымен жа-

салған алыс-беріс. Оңтүстіктен Иран-

Үкімет отырысының басында Ақпарат 

жəне коммуникациялар министрі Дəурен 

Абаев  2018-2022  жылдар  аралығын  қам-

титын «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік 

бағдарламасының  жобасын  таныстырды. 

Министр  өз  сөзінде  құжаттағы  шаралар 

Қазақстанның  алдыңғы  қатарлы  салала-

рын  технологиялық  жаңғыртуға  қосым-

ша  серпін  беретіндігін  атап  өтті.  Дəурен 

Абаевтың  айтуынша,  министрлік  Мем-

лекет  басшысы  айтқан  барлық  мəселені 

барынша  қамти  отырып,  бағдарламаның 

соңғы  нұсқасын  дайындап  шыққан.  Ми-

нистр  таныстырған  бағдарлама  «эконо-

мика  салаларын  цифрландыру»,  «цифр-

лық мемлекетке көшу», «цифрлық Жібек 

жолын  жүзеге  асыру»,  «адам  капиталын 

дамыту»,  «инновациялық  экожүйе  құру» 

сынды 5 бағыттан тұрады. Аталған бағыт-

тар  бойынша  17  бастама  мен  120  іс-ша-

ра жоспарланып отыр. «Мемлекеттік бағ-

дарлама  қосылған  құнды  қалыптастыру 

жəне  экономикадағы  шығындарды  қыс-

қарту  тұрғысынан  айтарлықтай  əлеует-

ке ие. Бұл 2025 жылдан бастап, ЖІӨ-нің 

жылына  4,5-5  пайыздап  өсу  қарқынына 

қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Өсімнің 

шамамен 1,6-2,2 пайызы, яғни үштен бір 

бөлігі  тек  цифрландыру  үлесіне  тиеді. 

2025  жылға  қарай  жеке  инвестициялар-

ды қоса есептегенде, жалпы инвестиция-

лар көлемінің 4,8-6,4 еселік қайтарымын 

қамтамасыз етеді», – деді Дəурен Абаев. 

Министрдің  айтуынша,  бағдарлама-

ны  жүзеге  асыру  үшін  квазимемлекеттік 

сектор жəне республикалық бюджет қар-

жысы бөлінеді. Яғни, квазисектордан 169 

млрд  теңгеден  астам,  ал  бюджеттен  141 

млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалмақ. 

Д.Абаевтың айтуынша, бағдарламада қам-

тылған мəселелердің бір бөлігі таяу жыл-

дары  нақты  нəтижесін  береді.  Қалғанда-

ры  экономикаға  тың  серпін  беруші  сала 

ретінде  алдағы  онжылдықта  жеміс  бер-

мек.  Министрдің  таныстырылымын  мұ-

қият тыңдаған Үкімет мүшелері «Цифрлы 

Қазақстан» бағдарламасының ұсынылған 

жобасын  бірауыздан  қолдады. 

Ал  Үкімет  басшысы  Бақытжан  Са-

ғынтаевтың айтуынша, «Цифрлы Қазақс-

тан» бағдарламасын енгізу арқылы бүгінгі 

күнгі  экономикалық  тиімділік  2,2  трлн 

теңгені құрайды. Енді бағдарлама нұсқа-

сы Елбасының қарауына жолданбақ. «Бағ-

дарламаға қатысты шаруаларды тиянақтау 

үшін  бірқатар  министрлік  жұмыла  жұ-

мыс істеуі керек. Бірінші кезекте Ақпарат 

жəне коммуникациялар министрлігі мүд-

делі  мемлекеттік  органдармен  бірлесіп, 

бір  айдың  ішінде  мемлекеттік  бағдарла-

маны  ұйымдастыру  жөніндегі  жоспарды 

əзірлеп  бекітуі  тиіс.  Бизнес  үшін  де,  ха-

лық үшін де кешенді ақпараттық түсінді-

ру шараларын қолға алуды тапсырамын», 

–  деді  Үкімет  басшысы.

Осыдан  кейін  Үкімет  мүшелері  «Ас-

тана»  халықаралық  қаржы  орталығының 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

АЛДЫ Ы  АТАР А А ЫЛМЕН  ОСЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК

Телекөпір  барысында  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  Ақмола  облысындағы  алтын  шы-

ғаратын  кəсіпорынды  іске  қосты.  «Қазақ-

алтын»  ТМК»  акционерлік  қоғамының  бас 

директоры  Баламир  Маханов  Президент-

ке  жаңа  зауыттың  алдағы  жұмысы  жайын-

да  баяндады. 

«ТМД елдері арасында алғаш болып құ-

рамында  бағалы  металдар  бар  техногендік 

минералды  түзілістерді  өңдеу  кəсіпорнын 

ашып отырмыз. Жобаны іске қосу арқасын-

да  7  млн  тонна  өңдеуге  мүмкіндік  туады. 

Алғашқы  жылдары  Доре  қорытпасымен  4 

тонна алтын, 2 тонна күміс өндіретін бола-

мыз. Ал олардың елордамыздағы аффинаж-

дау  зауытында  ары  қарай  өңделуі  еліміздің 

алтын  қорын  толықтыруға  мүмкіндік  бе-

реді»,  ‒  деді  Баламир  Маханов. 

Өз  кезегінде  Мемлекет  басшысы  атал-

ған  кəсіпорынның  ел  экономикасында  ма-

ңызды  жобалардың  бірі  болатынын  айтты. 

«Бүгінгі күні алтын біздің валютамыздың 

негізі болып отыр. Қазақстанның əр жерін-

де 150-ден артық кен орны бар. Соның бар-

лығын өзіміздің компаниялар игеретін бол-

са, еліміздің байлығы одан ары көтерілетін 

болады. Төрт тонна алтын шығаратын бол-

са, бұл үлкен жоба саналады. Мен өте қуа-

ныштымын!  Барлықтарыңызды  құттықтай-

мын!»,  ‒  деді  Елбасы. 

Іске қосылған зауыт – техногендік мине-

ралды түзілістерді қайта өңдейтін, кейіннен 

Доре қорытпасы түрінде алтын мен күмісті 

шығаратын  республикадағы  əзірге  жалғыз 

кəсіпорын.  Дəл  осындай  зауыттарды  жыл-

дың  соңына  дейін  Бестөбе  жəне  Жолым-

бет кенттерінде де іске қосу жоспарланған. 

Индустрияландыру күнінде Қазақстанда 

мұнай-газ  құрылғыларын  шығаратын  жаңа 

зауыттың  ашылуы  да  елеулі  оқиға  болды. 

Ақтөбе  облысында  бой  көтерген  зауыттың 

ашылуына рұқсат берген Мемлекет басшы-

сы кəсіпорын жұмысына табыс тілеп, мемле-

кеттің мұнай-газ өндірісінің артуына серпін 

береріне  сенім  білдірді.  Зауыт  ұжымы  Ел-

басы  жүктеген  міндеттерді  тыңғылықты 

орындап,  ел  үдесінен  шығуға  тырысатын-

дарын  жеткізді. 

«Біз  жас,  қарқынды  дамып  келе  жатқан 

компаниямыз.  Біздің  жоғары  технологиялы 

өндірісіміз  –  елдің  мұнай-газ  өнеркəсібі-

не  арналған  машина  жасау  саласын  дамы-

ту үлгілерінің бірі. Зауытты іске қосу арқа-

сында  120  жұмыс  орны  құрылды.  5,5  млрд 

теңге көлемінде инвестиция тартылды. Ал-

дағы уақытта шығарылған өнімнің 20 пайы-

зын ЕАЭО мен Қытай нарығына экспорттау-

ды жоспарлап отырмыз», ‒ деді «Мұнай құ-

рылғыларының қазақстандық зауыты» ЖШС 

директоры  Анар  Кашлаев.

Бүгінде  елімізде  жеңіл  автокөліктің  18 

түрі шығарылады. Жыл өткен сайын респуб-

лика  жолдарында  автокөліктер  саны  елеулі 

түрде артып келе жатқанын аңғаруға болады. 

Көлік тозған кезде оны өңдейтін өндіріс оша-

ғының болмауы елдегі экологиялық түйткіл-

дерді  ушықтыра  түскен  еді.  Бұл  мəселенің 

шешімі табылды. Телекөпір барысында Қа-

рағанды облысындағы ескі көліктерді өңдеу-

мен айналысатын еліміздегі алғашқы зауыт 

іске  қосылды.  «Recycling  Company»  ЖШС 

қолданатын  жоғары  технологиялық  жаб-

дықтар жылына тозығы жеткен 50 мың ав-

токөлікті  өңдеуге  мүмкіндік  береді.  Соның 

арқасында 20 мың тоннадан астам қара əрі 

түсті  металл  өндіруге  жол  ашылмақ. 

Кешеден  бастап  Атырауда  өз  жұмысын 

бастаған металл құрылғыларын шығаратын 

«ЖігерМұнайСервис» кəсіпорнынан да елдің 

күтері  мол.  Роботты  жүйені  енгізу  арқылы 

өндіріс ошағы шығарылатын металл құрыл-

ғыларының жылдық көлемін 6 мың тоннаға 

дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Соның ар-

қасында мұнай-газ саласының халықаралық 

жобаларындағы қазақстандық үлесті артты-

руға  жол  ашылмақ. 

Индустрияландыру  күніндегі  тағы  бір 

елеулі  жаңалық  –  еліміздің  үш  аймағында 

ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  шығаратын 

үш  өндіріс  ошағы  іске  қосылды.  Атап  айт-

қанда,  «Маслодел»  ЖШС,  «Шығыс  –  Сүт» 

ЖШС жəне «Жайық Агро LTD» ЖШС. Экс-

порттық  өндіріске  бағытталған  үш  кəсіп-

орынның  ашылуына  куə  болған  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Аграрлық  сала  Қа-

зақстанның  өркендеу,  өсу  жолындағы  эко-

номикасының  негiзіне  айналып  келедi.  Се-

бебi дүниежүзiнде таңертең, түсте, кешке та-

мақ iшпейтiн адам жоқ. Халық саны көбею-

де.  Жылдан-жылға  сұраныс  та  артып  келе 

жатыр.  Сондықтан  бiз  өнiмдер  шығаратын 

өндірістерді жолға қоймай, алға жылжи ал-

маймыз»,  ‒  деп  атап  өтті. 

Сонымен  қатар,  Астанадағы  жалпыұлт-

тық  телекөпір  барысында  елімізде  ұшақ 

жөндейтін  Орталық  Азиядағы  ірі  кəсіп  о-

рын ашылды. Өз авиалайнерлері мен басқа 

да  əуе  компанияларының  ұшақтарына  тех-

никалық  қызмет  көрсететін  «Эйр  Астана» 

авиациялық  техникалық  орталығы  Еуропа 

авиациялық  қауіпсіздік  агенттігінің  стан-

дарттарына  сəйкес  жұмыс  істейтін  болады. 

Бұл өз кезегінде Астананың əуе хабы ретін-

де  дамуына  елеулі  үлес  қосатыны  сөзсіз. 

Бұған қоса, Елбасы тау-кен саласын авто-

маттандыруға арналған үш жобаны іске қос-

ты. Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік 

бірлестігі «ақылды карьерді» ашса, «АК АЛ-

ТЫНАЛМАС»  АҚ  «цифрлық  кенішті»  іске 

қосты. Ал «Қазцинк» ЖШС Малеев кенішін 

автоматты  басқару  жобасын  қолға  алды. 

«Аталған  үш  жоба  –  тау-кен  саласын 

цифрландырудың алғашқы қадамы. Сіздерге 

қарап, басқалар бой түзейді. Сондықтан осы 

жұмысты аяғына дейін жеткізулеріңіз керек. 

Ашығын  айтсам,  сіздер  «ақылды  карьер» 

мен «цифрлық кеніштің» анықтамасын енді 

түсініп  жатқан  шығарсыздар.  Алайда  оның 

арғы  жағында  үлкен  жұмыс  жатыр.  Цифр-

ландыруды толығымен іске асыра алсақ, ел 

экономикасын 30 пайызға өсіруге болады», 

‒  деді  Нұрсұлтан  Назарбаев.

Мемлекет  басшысы  шенеуніктер  мен 

компаниялар  басшыларын  цифрландыру 

үдерісіне  ерекше  назар  аударуға  шақыр-

ды.  «Үшінші  жаңғыру  бағдарламасы  еңбек 

өнімділігін  айтарлықтай  арттыруды,  біздің 

тауарлардың  экспортын  кеңейтуді  талап 

етеді.  Индустриалды  саясаттың  негізгі  ба-

ғыты  4.0  технологияларын  енгізуге  қатыс-

ты  болып  отыр.  Бұл  бағыттың  мəн-жайын 

тыңғылықты  түсіну  керек.  Осыған  байла-

нысты  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарлама-

сы  дайын.  Сондықтан  оны  жүзеге  асыру-

ға  барлығы  қатысуы  керек,  яғни  əрбір  ми-

нистрлік, əкімдік, сондай-ақ, Қазақстандағы 

əр компания қамтылуы тиіс», ‒ деді Елбасы 

жалпыұлттық  телекөпір  барысында. 

Тəуелсіз  Қазақстанды  индустрияланды-

ру  тарихына  көз  жүгірткен  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  жылдар  бойы  қаншама  қиындық-

тардың  бастан  өткенін,  қыруар  еңбек  атқа-

рылғанын  атап  өтті.  «Индустрия,  иннова-

ция  деген  нəрсе  əркім  «жасаймын»  деген-

нен кейін жасалмайды. Ол үшін тиісті қара-

жат, мамандар керек. Ол үшін мемлекет да-

йын  болуы  керек.  Мінекей,  біз  2010  жылы 

ғана дайын болдық. 2008-2009 жылдардағы 

дүниежүзілік дағдарыстан, қаржы дағдары-

сынан, экономикалық дағдарыстан шықтық. 

Мұнайдың бағасы барреліне 10 долларға түс-

кенін, ол ары-бері ауытқып тұратындығын да 

көрдік. Шикізат бағасының бір орында тұр-

майтындығын, кейде көтерілетіндігін, кейде 

түсетіндігін  көрдік.  Ал  адамның  өмірі  он-

дай емес қой. Бүгін біз халыққа, мысалы 300 

мың теңге жалақы төлейтін болсақ, ертеңгі 

күні «мұнайдың бағасы төмендеді» деп 100 

мың теңге бере алмаймыз. Зейнетақы да со-

лай.  «Мұнай  төмендеп  кетті,  сендерге  зей-

нетақыны үш есе азайтып береміз» деп айта 

алмаймыз»,  ‒  деді  Президент.

Мемлекет  басшысы  ел  экономикасын 

шикізат нарығындағы тұрақсыздықтан қор-

ғаудың жолын айтты. «Бүкіл əлемдегі сияқ-

ты екінші экономика жасауымыз керек. Өз-

деріңіз қарап отырсаңыздар, алдыңғы қатар-

лы мемлекеттерде, Оңтүстік Кореяда мұнай 

мен  металл  тұрмақ  бір   түйір  көмір  де  жоқ. 

Сингапурда  қандай  көмір,  темір,  мұнай-газ 

бар?  Швейцарияда,  Германияда  не  бар?  Бі-

рақ  ақылмен,  оймен  алдыңғы  қатарлы  ел-

дердің  легінде  болды.  Сондықтан  біз  бі-

лектің күшімен жерді қазып, қопарып, кенді 

далаға шығаратын қазақ болмай, жұрт сияқ-

ты ақыл-оймен, парасатпен ақша табуымыз 

керек.  Мен  көрген  Израильде,  Тель-Авивте 

тұрған зауыт осы біз отырған кішентай зал 

сияқты.  Жыл  сайын  10  млрд  доллар  ақша 

табады... Біз кең даламызда кеннің бəрін қа-

зып,  шығарып,  қатырып  жатырмыз  деп  ой-

лаймыз.  Сондықтан  біз  қиын  болса  да  ин-

дустриялық бағдарламаны қолға алдық. Бұл 

біздің болашағымыз. Бұл ‒ еліміздің өркен-

деген  мемлекеттер  қатарына  қосылу  жолы. 

Бұл ‒ біздің кадрларды дайындаудың мəсе-

лесі. Ендеше, жастарды басқаша жұмыс іс-

теуге  дайындау  керек.  Бір  сөзбен  айтқан-

да,  бұл  ‒  қазақтың  болашағы.  Сондықтан 

не  болса  соны  жасамай,  керекті,  бəсекеге 

қабілетті  дүниелерді  шығаруымыз  қажет», 

‒  деді  Нұрсұлтан  Назарбаев. 

Басы 1-бетте



ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен кезекті 

Үкімет отырысы өтті. Жиында 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы 

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қорытынды нұсқасы 

таныстырылып, келесі айда жұмысын бастайтын «Астана» халықаралық 

қаржы орталығының жұмыс жоспары, амбулаторлық деңгейде дәрі-

дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

«АСТАНА» ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ: 

Үкімет отырысында ел экономикасының маңызды салалары сарапталды 

басқарушысы Қайрат Келімбетовті тыңдады. 

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Астанадағы 

қаржы орталығының халықаралық танысты-

рылымы  мен  ресми  ашылуы  келер  жылдың 

шілде айына жоспарланып отыр. «2018 жыл-

ға қарай Қаржы орталығы алғашқы транзак-

цияларға толық дайын болады. Қазірдің өзін-

де ол жергілікті сараптама орталығына айна-

ла алады. Ұлттық компаниялардың акцияла-

рын орналастыру, яғни IPO-сын осында өткі-

зу  капиталдың  жергілікті  нарығын  дамыту-

ға  мүмкіндік  береді.  Бұл  Астананың  алаңын 

өңірлік нарықтарға ілгерілету мүмкіндіктерін 

кеңейтеді», – деді орталық басқарушысы.

Қайрат Келімбетов өткен айда қаржы ор-

талығы алаңында оның биржасы тіркелгенін 

атап өтті. Оның жұмысын жаңа құрылым – 

қаржы қызметтерін реттеу комитеті үйлесті-

реді.  «Астана»  қаржы  орталығы  алаңында 

инвесторларға  да  теңдессіз  жеңілдік  шарт-

тары қарастырылып отыр. Айталық, инвес-

торларды ынталандыру үшін 2065 жылдың 

аяғына дейін корпоративтік жəне жеке табыс 

салығынан босататын салықтық жеңілдіктер 

ұсынылады. Бұл тақырыпты түйіндеген Үкі-

мет  басшысы  «Астана»  халықаралық  қар-

жы орталығына үлкен үміт артылып отыр-

ғанын нықтады. «Біздің қателесуге құқығы-

мыз жоқ. Қалған барлық мəселелер желтоқ-

санда  пысықталуға  тиіс.  Сонда  жаңа  жыл-

да  біз  Ұлы  дала  кеңістігінде  тағы  бір  қар-

жы орталығы өмірге жолдама алғанын жа-

рия  ететін  боламыз.  Біз  табысты  жəне  дұ-

рыс  бастап  кетуіміз  қажет.  Бұл  іс  Мемле-

кет басшысының жеке бақылауында», – деді 

Бақытжан  Сағынтаев.

Күн тəртібіндегі кезекті мəселе – амбу-

латорлық  деңгейде  дəрі-дəрмекпен  қамта-

масыз ету. Бұл ретте Денсаулық сақтау ми-

нистрі Елжан Біртанов елімізде 2005 жыл-

дан  бастап  тегін  жəне  жеңілдікпен  дəрілік 

қамтамасыз ету жүйесі қызмет ететінін атап 

өтті. «Министрлік пен бірыңғай дистрибью-

талды. Осы мақсатта тегін медициналық 

көмектің  кепілдікті  көлемі  мен  міндетті 

əлеуметтік медициналық сақтандыру жү-

йесінде  дəрілік  заттар  мен  медициналық 

мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізім-

дерін қалыптастыру ережесі бекітілді, ол 

Əділет  министрлігіне  мемлекеттік  тір-

кеуге  жіберілді»,  –  деді  Елжан  Біртанов.

Жалпы, тегін немесе жеңілдікпен бері-

летін дəрілерді сатып алу тендер бойын-

ша жүзеге асырылатыны белгілі. Бірыңғай 

дистрибьютор жүргізетін екі кезеңді тен-

дер рəсімнің ұзақтығы – 59 күн. Сондық-

тан келесі жылға дəрі-дəрмекті жеткізудің 

басталу  мерзімі  шамамен  2018  жылдың 

15  ақпанынан  10  наурызына  дейін  жос-

парланып отыр. Бұл ретте дəрілік препа-

раттармен  қамтамасыз  етудің  бұзылуын 

болдырмау үшін Үкімет қаулысының жо-

басына толықтырулар енгізу ұсынылады. 

Түзетулер бірыңғай дистрибьюторға 2018 

жылға  арналған  дəрі-дəрмектер  мен  ме-

дициналық мақсаттағы бұйымдарға деген 

үш  айлық  қажеттілікті  бір  жеткізушіден 

сатып  алуына  мүмкіндік  береді. 

Күн тəртібіндегі соңғы мəселені қоры-

тындылаған ҚР П ремьер-министрі Бақыт-

жан  Сағынтаев  халыққа  тегін  берілетін 

дəрі-дəрмектерді сатып алу мəселелері ті-

келей Мемлекет басшысының бақылауын-

да екеніне тоқталды. Мəселенің маңызды-

лығына байланысты Үкімет басшысы ми-

нистр  Елжан  Біртановқа  бұл  үшін  жеке 

жауапкершілік  жүктелетініне  баса  назар 

аударды. Сонымен қатар, Денсаулық сақ-

тау министрлігіне дəрі-дəрмекпен қамта-

масыз  етуді  ұйымдастыру  жұмыстарына 

түзетулер  енгізіп,  жоспардағы  кемшілік-

терді жою туралы тапсырма берілді. Атал-

мыш мəселені бақылау вице-премьер Ер-

болат  Досаевқа  міндеттелді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет