Армысың ӘЗ – наурыз



Pdf көрінісі
Дата01.08.2018
өлшемі27.14 Kb.

 

 

 

 

 

АРМЫСЫҢ ӘЗ – НАУРЫЗ  

Наурыз мейрамы 

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл 

бастау мейрамы. Көне парсы тілінде «жаңа күн» 

мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған, 

яғни «жаңа жылды»  білдіреді. Қазақстанда Наурыз мейрамы 

үш күн: 21 – 23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Жалпы, 

Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында 

көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде 

тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде 

және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда 

және Қазақстанда 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 

наурыз күні аталып өтіледі. 

 

 



Тарихы 

• Наурыз – көне мейрам. Наурыз 



мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі 

халықтарының көпшілігінің тұрмыс-

салтында бағзы замандардан орын 

алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер 

«патрих», бирмалықтар «су мейрамы», 

тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», 

«гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», 

татарлар «нардуган», буряттар «сагаан 

сара», соғдылықтар «наусарыз», 

армяндар «навасарди», чуваштар «норис 

ояхе» деп түрліше атаған. Әбу Райхан 

Бируни, Омар Һайям, т.б. еңбектерінде 

шығыс халықтарының Наурызды қалай 

тойлағандығы туралы мәліметтер мол.  

Мысалы, парсы тілдес халықтар 

Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл 

күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа 

май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап 

болашақты болжайды; жеті ақ кесемен 

дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; 

ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны 

аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, 

үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн 

символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа 

гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) 

ұйымдастырады. 

НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ

 

• Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні 



жыл басы саналған. Халықтың 

мифологиялық түсінігі бойынша 21 

наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. 

Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан 

қасиетті, киелі саналған. Халық таза, 

жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер 

адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс 

қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-

біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі 

мерекеге арнап дайындалған наурыз 

көже ішуге шақырады. Оған қойдың 

басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс 

тағамымен (етпен) қоштасуды, 

құрамына ақтың қосылуы – жаз 

тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. 

Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, 

пендешілік атаулыдан тазарып, ар-

ожданы алдында арылады 

• 

Ауыл ақсақалдары араларына жік 

түскен бауырлас ел, руларды, 

ағайын, дос-жарандарды бір 

дастарқаннан дәм таттырып, 

табыстырған, жалғыз жарым 

жетімдерді үйлендіріп, жеке отау 

еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын 

туыстарының қарауына арнайы 

міндеттеп тапсырған. Жұтқа 

ұшырап қиналғандарға жылу жинап 

берген. Алтыбақан басында ән 

айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі 

ұлттық ойындар (көкпар, 

аударыспақ, күрес, қыз 

қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) 

ойналады. Таң ата көпшілік биік 

төбенің басына шығып, атқан таңды 

қарсы алады. 

 


• Дәстүр бойынша бұрын Наурыз 

мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, 

әсіресе жастар жағы түгелдей таң 

шапағатын қарсы алудан — 

тазаланған арықтарға су 

жіберуден, ағаш отырғызып, гүл 

егу рәсімін өткізуден бастайтын. 

Қызықшылық онан әрмен халық 

ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», 

«Ақ серек пен көк серек», «Алқа 

қотан», т.б.), ән салып, би 

билеумен, ақындар айтысымен, 

«Қызғалдақ» мерекесімен, 

қазақша күреспен, ат жарысымен 

жалғасып кете береді. 

 


Наурыздың 22 күні Наурыз 

мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ 

баласының көбі біледі.Наурыз 

туралы көптен бері,жыл сайын 

газеттерде жазылып келеді.Бұл 

мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде 

Наурыз ұлт мейрамы 

болғандағының үстіне оның тарихи 

маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы 

қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын 

туғызған жыл,жаздың келетіндігіне 

барлық жаратылыспен қатар қазақ 

елі де қуанатын.  

• «Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде 

жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар 

да қыбырлап дүниеде бар 

екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар 

сауығамын деп,аттар тойынамын 

деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін» 

дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп 

жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де 

табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей 

сағынышты көрісілері, жалынды 

құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы 

алатын. «Бүгінгі күні Самарқанның көк 

тасы да жібіпті», - десіп Наурыз күні 

пейілін кеңітпеген адамды тастан да 

қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз 

қылысатын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет