                                                                                               ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
Х А Б А Р Ш Ы С Ы
В Е С Т Н И К
СЕМИПАЛАТИНСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ ШАКАРИМА
Семей - 2012
Ғылыми журнал
Научный журнал
№ 3 (59) 2012
ISSN 1607-2774
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ
Бас редактор – Әмірбеков Ш.А., саясаттану ғылымдарының докторы
Арынова Р.А., биология ғылымдарының докторы; Әпсәлямов Н.А., экономика ғылымдарының докторы, профессор; Атантаева Б.Ж., тарих ғылымдарының докторы; Вашукевич Ю.Е., экономика ғылымдарының докторы, профессор (Иркутск қ.); Дүйсембаев С.Т., ветеринария ғылымдарының докторы, профессор; Еспенбетов А.С., филология ғылымдарының докторы, профессор; Ескендіров М.Ғ., тарих ғылымдарының докторы, профессор; Кешеван Н., PhD, профессор (Лондон қ.); Лопаткин В.М., педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Барнаул қ.); Молдажанова А.А., педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Рскелдиев Б.А., техника ғылымдарының докторы, профессор; Тоқаев З.Қ., ветеринария ғылымдарының докторы, профессор; Кәкімов А.Қ., техника ғылымдарының докторы, профессор; Панин М.С., биология ғылымдарының докторы, профессор; Мұстафаев Ә.П., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент; Рақыпбеков Т.Қ., медицина ғылымдарының докторы, профессор
РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ
Главный редактор – Амирбеков Ш.А., доктор политических наук
Арынова Р.А., доктор биологических наук; Апсалямов Н.А., доктор экономических наук, профессор; Атантаева Б.Ж., доктор исторических наук; Вашукевич Ю.Е., доктор экономических наук, профессор (г. Иркутск); Дюсембаев С.Т., доктор ветеринарных наук, профессор; Еспенбетов А.С., доктор филологических наук, профессор; Ескендиров М.Г., доктор исторических наук, профессор; Кешеван Н., PhD, профессор (г. Лондон); Лопаткин В.М., доктор педагогических наук, профессор (г. Барнаул); Молдажанова А.А., доктор педагогических наук, профессор; Рскелдиев Б.А., доктор технических наук, профессор; Токаев З.К., доктор ветеринарных наук, профессор; Какимов А.К., доктор технических наук, профессор; Панин М.С., доктор биологических наук, профессор; Мустафаев А.П., кандидат физико-математических наук, доцент; Рахыпбеков Т.К., доктор медицинских наук, профессор
© «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 2012
© Республиканское государственное казенное предприятие «Семипалатинский государственный университет имени Шакарима», 2012
ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ
УДК 637.344
Молдабаева Ж.К., б.ғ.к., Қамзанова Н.М.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қ.
СҮТ САРЫСУЫ НЕГІЗІНДЕ ДАЙЫНДАЛАТЫН
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПА
В этой статье описываются биологически активная добавка на основе молочной сыворотки. Использование молочной сыворотки и продуктов, полученных из нее в профилактике многих заболеваний.
In this article describes the biologically active additive on the basis of milk whey. The use of whey and products derived from it in the prevention of many diseases.
Бұл мақалада сүт сарысуы негізінде дайындалатын биологиялық белсенді қоспа жазылған. Көптеген аурулардың алдын-алу мақсатында сүт сарысуын және одан алынған өнімдерді қолдану көрсетілген.
Мамандардың пайымдауы бойынша, адамдардың денсаулығы 12%-ы денсаулық сақтау деңгейіне, 18%-ы генетикалық бейімділікке, 70%-ы маңыздысы тамақтану қосылатын өмір сүру салтына байланысты.
Биологиялық белсенді қоспа дегеніміз не? Медициналық көзқарастар тұрақты болған емес, бірақ бүкіл адам тарихында бір дүниеге бірауыздан келіседі: тамақтану нашар болған сайын ауру түрлері де көп. Мамандардың айтуы бойынша қазіргі кезде адам тағам мөлшері 600 әр түрлі заттар (нутриенттер) құрауы керек. Өкінішке орай, бүкіл адамдар барлық тағамдық заттар бойынша үйлестірілген тағам мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде көмекке биологиялық белсенді қоспа (әрі қарай ББҚ) келеді. ББҚ – өсімдік, минерал, жануар ( соның ішінде теңіздік) текті тағам шикізатынан бөлініп алынған шынайы табиғи немесе табиғи аналогына ұқсас заттардың химиялық синтезі арқылы алынған концентраттар [1].
Қазіргі уақытта химиялық жолмен синтезделетін ББҚ-ға қарағанда жануар және өсімдік текті шикізаттан дайындалған ББҚ өндірісі әлдеқайда өзекті болып отыр, себебі олардың адам ағзасына сіңімділігі жоғары. Мысалы, Қазақстанда іс жүзінде өндірілмейтін сүт өнеркәсібінің екіншілік шикізаты- сүт сарысуын алсақ. Сүт сарысуына сүттің түгелге жуық суда еритін дәрумендері, тұздар мен микроэлеметтері өтеді. Сүт сарысуы тыныштандыратын сусын ретінде қолдануға мүмкіндік беретін В тобындағы дәрумендерге өте бай болып келеді. В тобындағы дәрумендерден басқа онда С дәрумені, никотин қышқылы, холин, А дәрумені және биотин кездеседі. ББҚ өндірісі үшін шикізат ретінде сүт сарысуын қолдана отыра, тек тыныштандыратын әсер ғана емес, сонымен қатар заманауи адамның эмоциональды реактивтілік және жүйке-психикалық жағдайын қалыптандыруын жүзеге асырады. Атеросклероз, жүрек-қан тамыр аурулары, жүйке-эмоциональды бұзылыстар, невроз бен стресс сияқты патологиялық жағдайлар дамуын және қалыптасуын туғызатын дәрумендік жетіспеушіліктің жабық түрінің дамуымен күресетін сүт сарысуының маңызды рөлін айта кеткен жөн. Дәрумен жетіспеушілігі жабық түрінің қаупі көбінесе артық салмағы бар жасы келген , сонымен қатар қарт адамдарға төніп тұр. Дәрумен жетіспеушілігі қан қысымының жоғарылауы, жүректің ишемиялық ауруын асқындырады, сауығу үрдісін баяулатады. Сүт сарысуы және оның өнімдері ішек микрофлорасының қалыптандыруына және сауығуына, улағыш өнімдер туғызатын шіру үрдісінің төмендеуіне көмегін тигізеді. Сонымен қатар сүт сарысуын семіруді емдегенде және дене артық салмағының дамуын ескерту және алдын-алу мақсатында қолдануға болады [2].
Страврополь қаласының Солтүстік-Кавказ мемлекеттік техникалық университетінде «Биобактон» ББҚ өндіріп шығарды. Қоректік орта ретінде сүт сарысуын, майсыздандырылған сүт, глюкозаны және ацедофильді таяқшасының штамм культурасын қолданған. «Биобактон» өндірісінде ацедофильді таяқшасын культивирлеу үшін фосфорқышқылды натрийдің есептік көлемін қоса отыра, термоқышқылды әдіспен ақуызынан тазартылған сүт сарысуы қолданылған. Культивирлеу үшін дайын ортасы бар ферментаторға араластыра отыра, ацидофильді культура ашытқысын енгізеді және 12-20 сағат оптималды температурада өсіреді. Культивирлеу процесінде ортаның қышқылдануын алғашқы өлшемге (6,2-6,8) периодты түрде алып келеді. Культивирлеу аяқталғаннан кейін ортаны 18°С кем емес температураға дейін салқындатады, қышқылдылығын тексереді және ацедофильді культураның құрамын тексереді. Бактериалды массаны ацедофильді бактерия жасушасын қоректік ортадан центрифуга арқылы бөліп алады. Сахароза мен желатиннен тұратын, 20оС теператураға дейін салқындатылған стерильді ортасы бар гомогенизаторда бактериалды массаны араластыру жолымен жасуша суспензиясын дайындайды. Гомогенделген қоспаны 4-5 мл флакондарға буып-түйеді, лотоктарға орналастырады, стерильді салфеткамен жабады және 6 сағат бойы минус 45оС температураға дейін мұздатады. Одан кейін суспензияны басында минус 45оС, аяғында 26оС температурада сублимациялық машинада кептіреді. Кептіру ұзақтылығы 5% артық емес ылғалдың массалық үлесіне дейін 20-30 сағат созылады. Дайын өнім сақтауға, буып-түюге және тұтынуға жіберіледі [3].
Махачкала қаласының Дагестан мемлекеттік техникалық университетінде экстрагирлеу арқылы сүт сарысуы және жидектер негізінде ББҚ-ның жаңа технологиясын жасап шығарды. Бұл үшін ұсақталған жидектерді сарысуға 1:5; 1:10; 1:20 қатынаста құйып, 40оС температурада 1,5 сағат бойы экстрагирленді. Экстракцияның оптималды температурасын анықтау үшін жидектерді ұсақтады, 1:20 қатынаста экстрагентке құйды, 20, 40 и 60оС температурада 1 сағат бойы экстрагирледі. Экстрагирлеуді 40оС жоғары емес температурада жүргізу керек, ал 60оС дейін қыздыру шеңгел жидектің полифенолының бұзылуы есебінен оптикалық қышқылдың азаюына алып келеді. Экстракцияның оптималды ұзақтылығын анықтау үшін жидектерді ұсақтады, экстрагентке 1:20 қатынасында құйды, 40оС температурада 2 сағат бойы экстрагирледі. Тиімді ұзақтылық 1,5 сағат болды. Алынған экстракт 0,62о титрленетін қышқылдылығы және 7% еритін құрғақ заттары бар, шеңгел жидегінің аздаған ароматы және ащы дәмі бар ақшыл қызғылт түсті мөлдір емес сұйықтық болып шықты. Алынған экстракттарды нан-тоқаш және кондитер өнімдерін, тәтті тағамдар мен сусындарды байыту мақсатында қолдану жоспарланып отыр [4].
Сүт сарысуынан дайындалған ББҚ ағзаға белгілі бір мөлшерде, пропорцияда және үйлесімде түссе, онда әр түрлі емдік қасиеттерге ие болады. Жануар және өсімдік текті ББҚ-ның дәрілік заттардан негізгі айырмашылығы, ББҚ ағзаға өзіндік дұрыс күйге түсуге көмектеседі және сырқаттардың дамуына әкеп соғатын бұзылыстарды жояды. ББҚ ағзаның ретке келтіруші жүйесі орнына жұмыс істемейді, адам ағзасындағы қандай да бір артықшылықтың немесе кемшіліктің көзін жояды. Оларды қолдану көптеген дәрілерге тән жағымсыз әсерсіз, еш зиянын тигізбей ағзаны қалпына келтіруге мүмкіндік береді [1].
Басым көпшілігі қарапайым өнімдер йогурттан шұжық өнімдеріне дейін құрамында кездесетін ББҚлар дәрілік заттар сияқты бальзам, экстракт, тұнба, тұндырма, крем, құрғақ және сұйық концентраттар, шәрбат, таблетка, ұнтақ т.б. түрінде шығарылады.
Сонымен, қазіргі уақытта сүт сарысуын өңдеу және одан биологиялық белсенді қоспа алу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Иванова Л.А. Пищевая биотехнология- М.: КолосС.-2008.-С472.
-
Лихарева И.С. Молочная сыворотка – доктор для души и тела //Все о молоке, сыре, мороженом.-2008.- №10.-С.3
-
Самойлов В.А. Использование молочной сыворотки в производстве БАД «Биобактон» //Молочная промышленность.- 2006.-№6.-С.78-79
-
Рамазанова Л.А. Даудова Т.Н. Получение и использование комплексных БАД на основе молочной сыворотки //Хранение и переработка сельхозсырья. -2009.-№2.-С.63-65
УДК 658.512.005
Курмангалиева Нургуль Кадылбековна
Доктор PhD по специальности 6D070300 - «Информационные системы»,
КазФЭА г.Семей, зав. кафедрой «Информационные системы»
Баймаганбетов Олжас
Магистрант Казахской финансово-экономической академии по специальности
6М070300 - «Информационные системы»
Достарыңызбен бөлісу: |