Арғьн Абыз шешен жүзге келіп отырғанда, Әсет би көріскелі келіп, былай деген екен



Pdf көрінісі
Дата25.11.2018
өлшемі60.25 Kb.
#97114

Арғьн Абыз шешен жүзге келіп отырғанда, 

Әсет би көріскелі келіп, былай деген екен: 

- Уа, Абыз ақсақал, жасьңыз бір сыпыраға 

келіп қалды. Абыз айтушы еді деген артыңызда 

бір сөз қалсьн, бізге де бір үлгілі сөз қалдырьп 

кетіңіз, - депті. Сонда Абыз: 

Ата-анаңның қадірін 

Балалы болғаңда білерсің. 

Ағайынньң қадірін 

Жалалы болғанда білерсің. 

Балалықтың қадірін 

Саналы болғанда білерсің. 

Асыл менен қастықты 

Бағалы болғанда білерсің. 

Бостандықтың қадірін 

Қамалғанда білерсің. 

Қалтаңдағы ақшаны 

Қағылғанда білерсің. 

Денсаулықтың қадірін 

Ауырғаңда білерсің. 

Ақ бетіңнің қадірін 

Қан кеткенде білерсің. 

Ақ білектің қадірін 

Әл кеткенде білерсің. 

Жиырма бестің қадірін 

Жас өткенде білерсің. 

Қара көздің қадірін 

Нұр кеткенде білерсің. 

Татулықтың қадірін 

Дос кеткенде білерсің. 

Аяқ-қолдың қадірін 

Ақсағанда білерсің. 

Отыз тістің қадірін 

Қақсағанда білерсің. 

Қызыл тілдің қадірін 

Тоқтағанда білерсің. 

Білгеніңді сөйлеп қал, 

Білгендерден ғибрат ал! - деген екен. 



ТӨЛЕ БИ 

Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз 

әңгімелер, шешендік сөздер көп. Солардың 

көпшілігіңде Төле би ақыпды, әділ, шешен және 

халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде 

суреттеледі. 

Шынында да Төле би ХҮІІ-ХУІІІ ғасьрда өмір 

сүрген, өз заманының ақылды, білімді, парасатты 

азаматы болған. Төле бидің туған әкесі - Әлібек 

би. Төлені халық "Үйсін Төле би" деп атаған. 

Атадан балаға ауысып келе жатқан аңыз 

бойьнша Төле орта бойлы, сымбатты, нұрлы кісі 

болған. Әулиеата (қазіргі Тараз) төңірегінде 

туған, кейін көбінесе Ташкент төңірегінде, 

Жиделібайсьн жеріңде, Сьрдың бойында көшіп 

жүрген. Көп тұрьп, билік жүргізген жері - Шыназ 

(ескі Ташкент). Сол жерде қайтыс болған. 

Төле - Тәуке ханньң жеті жарғысы, бас биінің 

бірі. Ал Тәуке хан тұсында қазақ хандығының 

бір орталыққа бағынып, ішкі жөне сыртқы 

жағдайының бірсыдырғы нығайғаны тарихтан 

белгігі. 

Сонымен, Төле би Әлбекұлы кезіңде қазақ 

хаңдьіғьн, қазақ елінің бірлігін ньғайтуға қызмет 

еткен үлкен қайраткер болған. 

Төле би көршілпес елдермен: Бұхар, Қоқан, 

Жоңғар халықтарымен мүмкін болғанша тату, 

достық қатынас жасауды жақтаған үлкен 

кемеңгер болған. 

Қазақ елін нығайтуда, қалмақ-жоңғар 

басқыншыларына қарсы халық азаттық күресін 

ұйымдастыруда көрсеткен ерлігімен, сіңірген 

еңбегі үшін, сондай-ақ, ақылымен, әділдігі 

арқасында Төле би ел алдында үлкен сенімге, 

беделге ие болған. 

Төле би он үш жасында сексенге келіп 

отырған Жетес биді іздеп келеді. Екі-үш күн 

қонақ болған соң, Төле би еліне жүрме к 

болғанда, Жетес би оған бата береді, сөзінің 

соңьнда: 

-Балам, басқа бұйымтайыңды айта бер, бата 

басқа бітер, қына тасқа бітер. Жолға шығьп 

өкінбе, ақылың болса төгілме, атамда бір сөз 

қалды деп түңілме. Тағы немді қаладьң, - дейді. 

Сонда Төле би: 

- О, қасиетті ата! Ат берсеңіз өліп қалады, 

тон берсеңіз тозьп қалады. Одан да өлмейтін, 

тозбайтын тағы бір бұйымтайымды сұрайын, -

дейді. 

Жетес би: 



- Әп, бәрекелді! Айта бер, сұрай бер, -

дейді. 


Төлеби: 

- Әр он жастың арасын бір белес десек, 

соны неге ұйғарып, неге бағаладыңыз? - деп 

сұрайды. 

Сонда Жетес би: 

- Онға келдім ойнадым, қызығына тоймадым, 

жиырмаға жеттім бойладым, онда да балалықты 

қоймадым. Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім, 

жаман сөзге күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу 

қыз, келіншектерге сүйілдім, жауларыма түйілдім. 

Отызға кепдім - алтайы қызыл түлкі болдым, қьран 

бүркітке алдырмадым, қүмай тазыға 

шалдырмадым, қатар қүрбының көңілін 

қалдырмадым. Қырыққа келдім - арғымақтай 

аңқылдадым, тау тасындай тасқындадым. Елуге 

келдім - биік қырға шықтым, арғы жағьньң алыс-

жақьнын байқамадым, дәулетімді шайқамадым. 

Алпысқа келдім - алты тарау жолға түстім, 

қайсысының алыс-жақынын білмедім. Жетпіске 

келдім - жеңілгенімді білдім, бала мен келінге 

билігімді бердім, айтқанына көндім, айдауына 

жүрдім. Сексенге келдім - оң жағым от, сол 

жағым су, алдым жар, артым құз, қалай 

қозғалсамда тірлік деп біле алмадым,- деген екен. 

Ел ауыз әдебиетінде Төле би негізінде жеке 

басының қасиеттерімен, әділ билігімен, тілмәр 

шешендігімен дәріптеледі. Сол сияқты, халық 

аңыздарьна қарағанда Төлеби заманындағы белгілі 

батырлар мен билердің, тіпті хандардың 

бірсыпсырасьна ақылшы кемеңгер болған. Атақты 

батьр, әрі шешен Шақдиқұлы Жәмбек Төле биден 

ақыл сұрай келіп: 

- Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, 

мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала 

бопьп, ерлік қылайын ба, үлгі альп билік құрайьн 

ба? Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған хатың, 

жайлаған еліңнің алдында төбе болса, ерттеулі 

атън, деуші еді, ақыл сұрай келдім, - дейді. Соңда 

Төле би: "Өгізді өрге салма - қанатың талар, 

наданға көзіңді салма, сағън, сынар; досьңа өтірік 

айтпа, түбіңе жетер. Жал-құйрығы қаба деп, 

жабыдан айғыр салма - жаугергілік болғанда, 

маңдайлай мінер ат тумас. Жақыным деп 

жаманньң малы үшін жақсьның жағасьнан алма -

өрісің тарылар. Қару жисаң мылтық жый, жаяу 

жүрсең - таяқ, қарның ашса - тамақ. Иг жүгіртіп 

құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң көріктіге 

қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жыйсаң -

ұятқа қалдырар. Тұмау түбі құрт болар, тұман 

түбі - жұт болар, ақылдың түбі - құт болар. Елге 

бай құт емес, би құт, қабырғадан қар жауса атан 

мен нарға күш, ел шетіне жау келсе - қабырғалы 

биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап 

отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас. Менен ақыл 

сұрасаң, менің айтарым осы, - деген екен. 

Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына 

бұдан көп жыл бұрын Үйсін мен  А р ғ ы н 

тайталарьньң белді бектері таласьпты. Екі жақтъң 

да билері бас қосып, кеңесіп келісе алмай 

отырғаңда, Үйсін тобьна еріп келген он бес жасар 

Төле би билік айтушылардың бір-біріне көңілі 

толмай: 


Ақты ақ бағалар, 

О, игі жақсы ағалар! 

Өзегі толса ел біткен 

Өзен бойын жағалар, - деп сөз бастай 

бергенде: "Ата тұрьп ұл сөйлегеннен без, ана 

тұрьп қыз сөйлегеннен без", деуші еді. "Мына 

бала кім өзі? - дейді төрдегі бас би. Төле қасқая 

тұрьп: 


- О, би аға, он үште отау иесі демеп пе, 

Кінәлімін бе келіп қалсам он беске? 

Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айьпқа, 

Алакөз болу ағайьн адамдарға лайықпа? 

О, игі асқар тауымыз 

Әділ ме осы дауымыз? 

Жар астында тұрғанда 

Жасырыньп жауымыз? - дейді. 

Сондатөрдегі бас би: 

Қой асығы демеңдер 

Қолыңа жақса, сақа қой, 

Жасы кіші демеңдер, 

Ақылы асса аға ғой, - деген екен. 

- Балам, ағалық билікті саған бердім, - депті. 

Бала Төле жұльп алғандай: 

-Сары табақлен сарқыт қайтады деген, бигікті 

маған берсеңіз, Шу өзенінің сол жағын Үйсін, оң 

жағын Арғын жайласын деп,- билік айтады. Бұл 

билік шешіміне екі жағы да риза больп, бітімге 

келеді. 


Сонда төрдегі би: 

Үй баласы ма деп едім, 

Ел баласы екенсің 

Ақмаңдайлы арысым, 

Талабьң алдан өтелсін. 

Ауылыңның таңы бол, 

Маңдайдағы бағы бол! - деп, бала Төлеге бата 

берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығьп, 

ел арасьндағы дау-жанжал сөзге араласьп, билік 

айта бастады. 

Бір аңызда Төле би Түлкі есімді жігіттің 

сұрақтарьна былайша жауап береді: 

- Ата, алггы алаш деген кім? - деп сұрайды 

жігіт. 


- Алты алаш-Алашаханның балалары: Қазақ, 

Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Жайылхан, 

-дейді Төле. 

- Үш жүз деген кімдер? 

- Үш жүз - Қазақтың ағайынды үш баласы, -

дейді. 


- Ағайынынды кісілердің өкпесі немен тарқайдь і? 

- Сағьнысьп көрісумен тарқайды... 



Қ А З ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ 

Қаздауысты Қазыбек бидің әкесі Келдібек 

би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек. 

Сонда ойламаған жерден бір жиында аяғы ақсақ, 

көзі қыли жас қызға көңілі ауып, құда түсіп, 

айттырып алады. Әке-шешесінің бұл жағдайға 

аса көңілі толмайды. "Таңдаған тазға 

жолығадыньң" кері келді, - деп жақтырмайды. 

Сөз байласқан бұрынғы құдалардың бетіне 

қалай қараймыз, - деп айтып та тастайды. Сонда 

Келдібек былай деп әке-шешесіне жауап береді. 

Қаймағын піскен сүттің апдым қалқьп, 

Аяғы ақсақ, болғанмен ақылы артық. 

Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу 

Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып - дейді. 

- Жетер, енді көңілім орнықты. Бабашыға да 

жауап табылар-дейді әкесі. 

Келдібектің замандастары әзілдескенде, 

осыны алдына тартъп, қағъпъп жүріпті. Бірде олар 

Келдібектің үйінде отырьп әзілдей берген екен, 

сонда жас келіншек былай деп әзілге жауап 

қайтарыпты: 

Көзім қыли, жасырмаймьн, ақсақпын, 

Келдекеңмен сондай тату жақсы-ақлын. 

Татулықтың белгісіндей тамаша, 

Төрт бошанды билейтін ұл таппақльн! 

Айтқанындай соның артынан Қаз дауысты 

Қазыбек дүниеге келген екен. 

* * * 

- Әке, мен Төле биге барьп сәлем беремін, 



өзін көріп, сөзін тыңдағым келеді, - деп бала 

Қазыбек қолқа салғанда әкесі Келдібек: - Ойбай, 

балам-ау ол үлкен кемеңгер кісі, не деп барасың, 

алдында сөз таба алмай күлкі боласьң, барма, -

дейді. Бірақ Қазыбек қоярда қоймай әкесінен 

рұқсат алып, біраз жолдасымен Төле бидің 

аулына сәлем бере келеді. Сонда Төле би: -

Шырағым, "баз бала әкесінен асьп туады, баз 

бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп 

туады" - деп, сұрақ қояды. 

- Өткенімді алдағы өмірім біледі. Өз ойымша 

әкеме жетіп тудым-ау деймін, - дейді Қазыбек 

сөзден тосылмай. 

- Ә, шырағым, жарайсың,- деп Төле би 

балаша жадырай ризапығън білдіреді, ал,-балам 

шаруаңды сұрай бер, - деп Қазыбекке мейрлене 

қарайды. 

-Алысыңыз қаңдай?-дейдіҚазыбек те сыпайы 

сұрақ қойьп. 

-Алысым жақьн болды. 

- Тәттіңіз қандай болды? 

- Тәттім шырын болды. 

- Несіпең қандай болды? 

- Несіпем шүкір өтіп жатыр. 

Қазыбек аулына келгеннен кейін әкесі оның 

қасьна ерген серіктерінен: "Балам бимен не деп 

сөйледі" деп сұрағанда: 

-Екеуі былай еп әңгімелесті, бірақ мәнісіне 

түсіне алмадың, - деседі олар. "Олары несі екен" 

- деп қарт әке де түкке түсінбей таң қалады



Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып 

береді. 

- «Төкеңнің алысым жақын болды» - дегені 

қос жанарьн айтқаны. "Тәттім" шырьн болдь 

дегені ұйқысыньң қашқаньн білдіргені. "Шүкір 

несіпем өніп жатыр" - дегені балаларының 

жақсы бағып, жақсы күтіп отырғань» 

түсіндіргені, -дейді. 

* * * 


Төле би тоқсан жасқа келгенінде Қаз 

дауьсты Қазьбек сәлем бере барыпты. Елдің 

жақсылары, шешендер, ойшылары жиналып, 

әңгіме-дүкен құрьп отырғанда: 

- Қаз дауысты Қазыбегім келді, берің түгел 

жинальңдар, сеңдерге айтар он түрлі жұмбағым 

бар, соны шешіңдер,- дейді Төле би. 

- Айтьңыз, айтыңыз! - дейді көпшілік. 

-Айтсам, он түрлі жұмбағым мьнау бір, 

екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз 

және он. - Отырғаңдар таң-тамаша болады. Бұл 

не деген жұмбақ, осындай да жұмбақ бола 

ма? 

- Төке, бұл жұмбақты мен шешейн, рұқсат 



болса? - дейді Қаз дауысты Қазыбек. 

- Рұқсат, рұқсат - дейді Төле би. 

- Бір дегеніміз - бірлігі кеткен ел жаман. 

- Екі дегеніміз - егесіп өткен ер жаман. 

- Үш дегеніміз - үш бұтақты шідерден 

шошынған ат жаман. 

- Төрт дегеніміз - белсеніп шапқан жау 

жаман. 


- Бес дегеніміз - жаудьң аты жүйрік болса 

сол жаман. 

- Алты дегеніміз - асқыньп кеткен дерт 

жаман. 


-Жеті дегеніміз - жас келішіек жесір қалса 

сол жаман. 

- Сегіз дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман. 

- Тоғыз дегеніміз - торқалы той, топырақты 

өлімге бас көрсетпесе сол жаман. 

- Он дегеніміз - оңалмас кәрілікке дауа 

болмас деген, - дейді Қаз дауысты Қазыбек. 

- Рахмет, дәл тауьп шештің. Ойы да, тілі 

де жүйрік тұлпарым, - деп Төле би Қазыбекке 

риза больпты. 

* * * 

Қазыбек биге бір беделді адам: «Кім 



жақын, не қымбат, не қиын?» - деген үш 

сұраққа жауап беріңізші, - деп қиыльп отырып 

алыпты, сонда Қазыбек былай деп жауап 

қайтарған екен. 

Тату болса да ағайын жақын 

Ақылшыл болса, апайың жақын. 

Бауырмал болса інің жақьн, 

Инабатты болса, келінің жақын. 

Алдыңа тартқан адал асьң, 

Қимас жақын қарындасың. 

Сыбайлас болса нағашьң жақьн, 

Адал болса досьң жақьн. 

Еркелейтін немерең жақьн, 

Өз ұрпағьң шөберең жақын. 

Жан серігің жас кезіңнен, 

Бәріненде әйелің жақын. 

• * * 

Алтын ұяң - Отан қымбат, 



Құт бергенің - атаң қымбат. 

Аймалайтын анаң қымбат, 

Мейірімді апаң қымбат. 

Асқар тауың - әкең қымбат, 

Кіндік кескен жерің қымбат. 

Ұят пенен ар қымбат, 

Өзің сүйген жар қымбат. 

* * * 


Арадан шыққан жау қиын, 

Таусылмайтьн дау қиын. 

Жанын қинаған сөз қиын. 

Дәл осьндай жағдайда, 

Пана болмас өз үйің. 

Жазылмаса дерт қиын, 

Іске аспаған серт қиын. 

Ақыльнан адасьп, 

Өзің түскен өрт қиын. 

Тентек болса ұл қиын, 

Неістеріңді біле алмай, 

Ашиды сонда бас миьң, -деп жауап беріптіі 



Ел аузынан жинаған 

Күмісбек Мырзахметұлы 

соғыс, еңбек ардагері 

Каталог: irbis64r 01 -> kraeved -> Tarih


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет