Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі Іс- шараның тақырыбы: «Алтын сақа»



Дата05.04.2018
өлшемі21.04 Kb.
Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Іс- шараның тақырыбы:

«Алтын сақа»

( ұлттық ойындар сайысы)

картинки по запросу асық

2017- 2018 оқу жылы

Іс- шараның тақырыбы: «Алтын сақа» ұлттық ойындар сайысы

Мақсаты: Балалардың қазақ ұлттық ойындары жайлы білімдерін жалпылау және дамыту. Қозғалыстың негізгі түрлерін, сондай – ақ тәртібі қатаң ойындардағы қозғалыстардың түрлерін орындау, машығын жетілдіру,достық, жолдастық бір-біріне көмектесу, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, балалардың ойынға деген қабілетін дамыту, ынталандыру, ерік – жігерін тәрбиелеу.

Көрнекілік: Асықтар, арқан, кесте тоқуға арналған құралдар

Іс- шараның барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! «Алтын сақа» ұлттық ойындар сайысына қош келдіңіздер! Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Жастайынан баланың жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете бермейді. Бұл ойындардың еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.

Шараға қатысушы командалар:

  1. Шаңырақ тобы;

  2. Руханият тобы

  3. Зерде тобы

  4. Өркен тобы

Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар: Сайыс – кезеңнен тұрады.

  1. Арқан тартыс; ( 5 асық)

  2. Иықпен қағу; ( 5 асық)

  3. Білек сынасу; ( 5 асық)

  4. Ләңгі тебу; ( 5 асық)

  5. Қыз балалар белгіленген уақытта кесте тоқу; ( 5 асық)

  6. Асық ату;

  7. Үй тапсырмасы: Ұлттық би.

Бүгінгі сайысты бақылайтын әділқазылармен таныс болыңыздар:







Әр кезеңде жеңімпаз атанған команда өз қоржынына асық жинақтайды. Кезең бойынша жинаған асықтарынан ең соңғы кезеңде Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ату ойынынан сынға түседі. Сайыста қай команда өз қоржындарына көп асық жинаса сол команда жеңімпаз атанады. Ендеше командаларға сәттілік!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет