Қарағанды қ. 14 қазан 2016 ж. 2016 ж. 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру



Дата28.03.2017
өлшемі102.56 Kb.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

Алқаның № 4 Қаулысы
Қарағанды қ. 14 қазан 2016 ж.
2016 ж. 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық»

Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Баяндамашылардың баяндамаларын тыңдай және талқылай келе, Алқа келесіні атап көрсетті.

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі нысаналы индикаторы болып Қазақстан Республикасы халқының өмір сүруінің күтілетін ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа дейін жеткізу белгіленген.

Қарағанды облысы бойынша 2020 жылға қарай Мемлекеттік бағдарлама индикаторларының келесі межелік мәндері белгіленген:

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,5 жасқа дейін арттыру;

Төмендету:

жалпы өлім-жітімдікті 1000 халыққа шаққанда 9,28-ге дейін;

ана өлім-жітімін 100 мың тірі туғандарға шаққанда 13,5-ке дейін;

нәрестелердің шетінеуін 100 мың тірі туғандарға шаққанда 8,1-ге дейін;

онкологиялық аурулардан өлім-жітімді 100 мың халыққа шаққанда 9,6-ға дейін;

ҚЖА өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 342,6-ға дейін.

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 1,9%-ға төмендеді және 1000 адамға шаққанда 9,95 жағдай құрады.

Ана өлім-жітімі де 23,6%-ға төмендеді.

Нәрестелер өлім-жітімі 4,7%-ға төмендеді (1000 тірі туғандарға шаққанда 8,6-дан 8,2-ге дейін). Балқаш қ. (15,4), Шахтинск (10,7), Қаражал (10,8), Осакаров ауданында (11,2) бұл көрсеткіш облыстық деңгейден жоғары.

Туберкулезбен ауыру 21,7%-ға төмендеді (100 мың тұрғынға шаққанда 51,2-ден 40,1-ге дейін). Аурушаңдықтың жоғары деңгейі Теміртау қ. (61,4), Нұра (66,6), Бұқар жырау (61,0) және Шет (64,0) аудандарында сақталуда. Осы аурудан өлім-жітімнің 3,8%-ға төмендеуі орын алған.

Қанайналымы жүйесі ауруларынан және онкологиялық аурулардан өлім-жітім 15,8%-ға төмендеген (100 мың халыққа шаққанда 267,9-дан 225,6-ға дейін) және тиісінше 4,6%-ға (100 мың халыққа шаққанда 76,1-ден 72,6-ға дейін).

Халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң динамикасына қарамастан Қарағанды облысында халықтың жалпы өлім-жітімінің жоғары көрсеткіші сақталуда.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында жетекші орынды қанайналымы жүйесі аурулары (ҚЖА) алады - 34%. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш республика өңірлері арасында ең жоғарғылардың бірі.

ҚЖА өлім-жітім көрсеткіші келесі аймақтарда облыс бойынша орташадан жоғары: Осакаров ауданы (100 мың адамға шаққанда 345,2), Шахтинск қ. (100 мың адамға шаққанда 327,3), Қарағанды қ. (100 мың адамға шаққанда 288,5), Шет ауданы (100 мың адамға шаққанда 262,9), Ақтоғай ауданы (100 мың адамға шаққанда 246,7). Сонымен бірге көрсетілген аймақтарда жүрек-тамырлық аурулармен аурушаңдықтың төмендеуі байқалады.

Қорытынды: бұл аймақтарда медициналық байқап-қараулар сапасыз жүргізіледі, профилактикалық жұмыс және диспансеризация тиімсіз жасалады.

ЕПҰ-да медициналық жабдықтар тапшылығы сақталуда. Осы уақытқа дейін облыстың 11 стационарында жоғарысезімталдық тропонин талдауыштары сатып алынбаған (ОМО, Гиппократ, Шахтинск, Саран, Сәтпаев, Қаражал, Приозерск және 4 ОАО: Жаңаарқа, Нұра, Шет, Ұлытау аудандарында).

Кардиологтар мен функционалдық диагностика дәрігерлеріне жоғары қажеттілік Қарағанды (7), Жезқазған (5), Теміртау (4), Сәтпаев (3), Шахтинск (2), Балқаш (2) ққ., Бұқар жырау (2) және Шет (2) аудандарында байқалады. ҚЖА-дан өлім-жітімділікті төмендету мақсатында келесі жұмыс жүргізіледі:



  • инфаркттер және инсульттер кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген моделін енгізу үшін ОКО және ОМО базаларында ахуалдық орталықтарды ұйымдастыру басталды, олар өңірлік мамандар желісімен талдамалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік орталықтар болуы керек. Орталықтардың негізгі мақсаты – өңірлік кардиолог және невролог мамандардың желісі арқылы инфаркт және инсульттермен науқастарға медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлеріндегі жұмысты келісу және үйлестіруді қамтамасыз ету;

  • ЭКГ-диагностиканың облыстық дистанциялық телеметриялық желісін құру жүзеге асырылуда;

  • КМАЖ-де ҚЖА диспансерлік топтарына мониторинг жобасы іске асырылуда;

  • шалғай өңірлерден жіті инфарктпен науқастарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ОКО жанынан кеңестік-көліктік бригада құрылуда, ол үшін заманауи реаномобиль сатып алынды.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру халықтың ҚЖА-нан өлім-жітімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Қаржылық-шаруашылық қызмет

Қарағанды облысының денсаулық сақтау бюджеті ағымдағы жылы 65 млрд. 82 млн. теңге құрады, өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд. 653 млн. теңгеге немесе 17,4%-ға артқан (2015 ж. – 55 млрд. 429 млн. теңге).

2017 жылғы 1 қаңтарда 70 ұйымның ішіндегі 66 денсаулық сақтау ұйымынан есептік шотта 2 млрд. теңге қалдық күтілуде.

Алдын ала деректер бойынша, 2016 жылдың аяғына қарай 11 млн. теңге сомадағы несиелік борыш 1 кәсіпорында – «Қарағанды қ. перзентханасы» КМК-де болжануда.

2 кәсіпорында несиелік борыштың пайда болу қаупі бар: «Қаражал қ. орталық ауруханасы» КМК және «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК.

Жыл бойы облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында мемлекеттік тапсырыстың орындалмауы байқалады. Қазіргі күні жоспарлы 4 мың базалық мөлшерлеме кезінде, 3 мың 880 орындалған, төлемге 3 мың 855 алынған, орындалмау 120 базалық мөлшерлеме немесе 6 млн. 952 мың теңге құрайды.

Бірнеше ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге қосалқы мердігерлік шарт бойынша міндеттемелер бөлігінің орындалмауы байқалады, ол халыққа қолжетімді, кешенді және сапалы медициналық көмек беруді, олардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін субъектіні еркін таңдау құқығын жүзеге асыруын шектейді.

2016 жылы қосалқы мердігерлік бойынша 1 млрд. 22 млн. теңге сомаға шарттар жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 304,3 млн.теңгеге немесе 42%-ға артқан (2015 ж. – 717,3 млн. теңге).

Ведомствоға қарасты бірқатар қаржылық қызметтерде тәртіптілік жеткіліксіз.

Алқа жоғарыда айтылғандарды ескеріп, баяндамаларда берілген ақпарат мәліметке алынсын деп, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Облыстың медициналық ұйымдардың басшылары:

    1. ұйымдастырушы-әдістемелік орталықтардың (облыстық бейінді ұйымдар) бақылауымен облыс халқының денсаулық көрсеткіштерін жақсарту бойынша тиімді жұмысты және Жол карталарын орындау бойынша іс-шаралардың өңірлік жоспарларын іске асыруды жалғастырсын;

    2. бюджеттік қаражаттың, медициналық жабдықтардың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етсін;

    3. қосалқы мердігерлік бойынша шарт міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етсін;

    4. несиелік борышқа жол бермеу бойынша тиімді шараларды қабылдасын.

    5. Облыстық кардиохирургиялық орталыққа ЭКГ-диагностиканың телеметриялық желісін құру кезінде қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстық кардиохирургиялық орталықтың басшысы (А.Г.Мағзұмов):

    1. ОКО-да ахуалдық орталық ұйымдастыруды 2016 жылғы 1 қарашаға дейін аяқтасын;

    2. Кеңестік-көліктік бригадалардың (науқастарды «өздері» тасымалдау) жұмысын қамтамасыз ету – 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап;

    3. ҚЖА-дан халықтың өлім-жітімі жоғары деңгейдегі аймақтарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін мониторинг және бақылау тобының шығуын қамтамасыз етсін. Көшпелі жұмыс кестесін ҚОДСБ амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөліміне 2016 ж. 1 қарашаға дейін мерзімде тапсырсын;

    4. барлық аймақтарды қамтумен телеметриялық шұғыл ЭКГ диагностикасының облыстық желісін құруды аяқтасын – 2016 ж. 1 желтоқсанға дейін.

    5. Тұрақты негізде ҚЖА науқастарды диспансеризациялау тиімділігіне мониторинг жүргізсін.

  2. «ОМО» КМК директоры (Е.А.Нұрғожин):

    1. Облыстық медициналық орталық жанынан ахуалдық орталық ашсын; ахуалдық орталық туралы ережені әзірлесін және аймақтық неврологтардың функционалдық міндеттемелерін және есептер формасын ҚОДСБ-ға бекітуге тапсырсын – 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін;

    2. ОМО инсульт орталығының толық көлемде қызмет етуін қамтамасыз етсін (ангиографиялық зерттеулер жүргізумен) 01.12.2016 ж. мерзімге дейін;

    3. Инсульт орталығын стандарттарға сәйкес кадрлармен жиынтықтауды қамтамасыз етсін;

    4. Инсульт кезінде тромболитикалық терапияны және нейрохирургиялық араласуларды ҚР ДСӘДМ белгіленген шекті мәндерге дейін қолдануды кеңейтсін;

    5. Жоғарысезімтал тропонин талдауышты 2017 ж. 1 ақпанына дейін мерзімде сатып алуды қамтамасыз етсін.

  3. «Жезқазған қ. ОА» директоры (Е.Ш.Мұсағұлов):

    1. Инсульт орталығын стандарттарға сәйкес кадрлармен жиынтықтауды қамтамасыз етсін;

    2. Инсульт кезінде тромболитикалық терапияны және нейрохирургиялық араласуларды ҚР ДСӘДМ белгіленген шекті мәндерге дейін қолдануды кеңейтсін;

    3. Кардиологиялық бөлімше ашу бойынша іс-шаралардың қадамдық жоспарын ұсынсын.

  4. «ОЖМККО» КМҚК директоры (Қ.Асқаров):

    1. МҚЖБ науқастарға шақыруларға талдау жүргізсін, инсульт орталығына жеткізу уақытын жедел медициналық көмек шақырған сәттен бастап 40 минутқа дейін қысқарту бойынша шаралар қабылдасын;

    2. Облыстың жедел медициналық көмек қызметкерлерін ЖКС және МҚЖБ науқастарға госпитальға дейін көмек көрсету алгоритмдерін білуі бойынша үздіксіз оқытуды (кейіннен тестілеумен) қамтамасыз етсін;

    3. Аймақтың медициналық ұйымдары басшыларымен ЖКС бар пациенттерді әрбір елді мекеннен тасымалдау маршрутын пысықтасын, 2016 ж. 10 қарашаға дейін;

  5. «Балқаш қ. ОА» КМК директоры (А.Т.Махмұтов):

    1. Жіті миокард инфарктімен науқастарды ТАА орталығына ауырсыну синдромы басталған бірінші тәулік ішінде жеткізуді қамтамасыз етсін;

    2. ТАА аймақтық орталығы және инсульт орталығын ұйымдастыру бойынша жоспарды ҚОДСБ-ға 2016 ж. 1 желтоқсанына дейін ұсынсын.

  6. МСАК көрсететін ЕПҰ басшыларына:

    1. Диспансерлік кабинеттердің тиімді жұмысын қамтамасыз етсін;

    2. Тегін дәрілік заттардың тиімді және оңтайлы қолданылуын қамтамасыз етсін;

    3. Емханалар жанынан стандарттарға сәйкес жасақталған кардиологиялық кеңестік-диагностикалық бөлімшелерді ұйымдастырсын – 2017 ж. 1 қаңтарға дейін;

    4. ЖКС науқастарды жүргізу стратегиясы бойынша мамандарды үздіксіз оқытуды қамтамасыз етсін;

    5. ҚР ДСӘДМ 5 нозология бойынша Жол карталары бойынша ақпараттық материалды ұйымның сайтында орналастыруды және ақпараттық роликтердің емханаларда тұрақты көрсетілуін қамтамасыз етсін, 01.11.2016 ж. дейін;

    6. ЖКС бар пациенттерді әрбір елді мекеннен тасымалдау маршрутын ҚОДСБ-ға бекіту үшін ұсынсын, 2016 ж. 15 қарашаға дейін;

  7. Стационарлар басшылары:

    1. Жоғарысезімтал тропонин талдауыштарын 01.02.2017 ж. дейін мерзімде сатып алуды қамтамасыз етсін.

  8. ҚОДСБ клиникалық бөлім басшылары (Д.Е.Байкенова, Г.Б.Байкубекова, С.А.Әмірқұлова):

    1. Облыстың медициналық ұйымдарының қызметін бағалау индикаторларының тізбесін әзірлесін және бекітсін (ЕПҰ-мен Меморандумға) – мерзім 2016 ж. 1 қарашаға дейін;

    2. Медициналық ұйымдар қимасында бағалау индикаторларының шекті мәндерін анықтасын – 2016 ж. 1 желтоқсанға дейін мерзімде.

  9. ҚОДСБ амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы (Д.Байкенов):

    1. ҚММУ мамандарымен бірлесіп халықтың ҚЖА-дан жоғары өлім-жітімі себептеріне талдау жасасын, оны төмендету бойынша ұсыныстар енгізсін;

    2. Өлім-жітім деңгейі жоғары, оның ішінде ҚЖА-дан, аймақтарға жұмыс топтарының баруын ұйымдастырсын (кесте бекітсін). Мерзім 15 қарашаға дейін.

  10. ҚОДСБ стационарлық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы (С.Әмірқұлова):

    1. Мейіргерлік күтім бөлімшелері желісін кеңейту бойынша ұсыныстар (негіздемемен) ұсынсын. Мерзім 2016 ж. 10 қараша;

    2. ОСАМККО директорымен (И.Ахмадишин) бірлесіп ОСАМККО ахуалдық орталығын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізсін. Мерзім 2016 ж. 25 қазанға дейін.

  11. ҚОДСБ заңдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (Б.Омарова):

    1. Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдар арасында ЕПҰ қызметін бағалау бойынша Меморандум жобасын әзірлесін – мерзім 2016 ж. 1 желтоқсанға дейін.

  12. Басшының орынбасары А.С.Мұқышева ҚОДСБ персоналды басқару қызметінің басшысымен (М.Майлығұлова) бірлесіп:

    1. Медициналық ұйымдардың кірістер сметасын және шығыстарды қорғау барысында мамандарды оқытуға, шеберлік сабақтарын жүргізуге, оның ішінде жаңа жабдық сатып алған медициналық ұйымдарда, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық буын қызметкерлерін оқытуға қаражат бөлуін бақылауды қамтамасыз етсін.

  13. Осы Қаулының орындалуы туралы ақпаратты 20.12.2016 ж. қарай ұсынсын (егер тапсырмада орындаудың басқа мерзімі көрсетілмесе).

15. Осы қаулының орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Г.К.Мамалиноваға жүктелсін.

Алқа Төрағасы Е.Нұрлыбаев
Алқаның жауапты хатшысы Р.Яркова


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет