Ақпарат жəне оның қасиеттері. Ақапарат қасиеттері



бет1/7
Дата22.02.2018
өлшемі0.92 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Ақпарат жəне оның қасиеттері.» Ақапарат қасиеттері:

1.Сенімділігі-егер ақапарат істің растығын белгілейтін болса ол сенімді ақпарат.2.Анықтылық-гер ақпарат істі толық ашатын болса,ол анық ақпарат болғаны.3.Толықтық-егер ақапарат түсінікті болса ол толық ақпарат.4.Дәлділік-егер ақпарат істі дәл анықтап берсе онда дәлділік ақпарат.5.Нақтылығы-объективті жағдайының ақиқаттылығын бейнелейді.6.Адекваттылық-жұмыстың нақты объективті күйінің сәйкестік дәрежесін білдіретін қасиет.7.Қол жетімдігі-керек ақпаратты алу мүмкінділігінің шамасын анықтайды.8.Маңыздылығы-ақпараттың ағымды уақытпен сәйкестігін анықтайды.9.Объективтігі-ақпараттың бұрмалану дәрежесін анықтайды.10.Түсініктілік-ақпарат жіберілген адамның пайдаланатын тілінде берілу керек.

7) Ақпарат жəне оның түрі, формасы Ақпарат формасы ж/е қасиеттері.Білім.Білім қоршаған ортаны нақты бейнелеудің нәтижесі ретінде ақпаратты үсынудың ерекше түрі мен формасы.Білім адамның теориялық ж/е тәжірибелік қызметінің қорытындысынан пайда болады.Білім түріндегі ақпарат жоғары құрылымымен ерекшеленеді.Ғылыми ақпарат-табиғаттың,қоғамның ж/е ойлаудың объективті заңдылықтарын мейлінше толық бейнелейтін ақпарат.Түрлері:әлеуметтік,экономикалық;техникалық;биологиялық;биологиялық;физикалық ж/е т.б.Ақпарат шығу облысына қарай: қарапайым- жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар;бтологиялық- өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестер;әлеуметтік-қоғамдағы адамадар туралы процесті бейнелейді. Сонымен қатар ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:

• мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;

• жарық немесе дыбыс сигналдары;

• радиотолқындар;

• электрлік жəне нервтік импульстер;

• магниттік жазбалар;

• ымдар мен қимылдар;

• иістер мен дəм сезінулер;

• ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар жəне т.б.

8) Қоғамды ақпараттандыру. Ақпаратты технологияларды қолданудың аумағы.

Қоғамды ақпаратандыру-ақпараттық ресурстарды жасақтауын пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, жегілікті басқару органдарының қоғамдық бірлестіктері мен құқықтарын іске асыруды қанағаттандыру үшін тиімді жағдайлар жасауға ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық,ғылыми-техникалық үрдіс. Білім берудің кез-келген саласында «электрондық курстарды» пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасады. Біз өмір сүріп отырған ғасырда-автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы сияқты, косманавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, тех-ның және жаңа тех-ның бұрын болмаған жылдамдықпен дамуына тең. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан (15ғ. ортасы) радио қабылдағышқа (1895) дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында отыз жылдай уақыт өткен. Алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасындағы уақыт небары бес жыл болды. Жетінші ғасырдан бастап ғылыми ақпарат жинау саласында ақпарат көлемі, шамамен әрбір он он бес жыл сайын екі есе көбейіп отырды. Сондықтан адамзаттың тіршілік әрекетінің кез келген саласындағы ақпараттың тасқынды ағымы оның ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде «ақп-тық тех-ия» термині ақп-ды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақп-ты тех-лар барлық есептегіш тех-лар мен байланыс тех-ры және ішінара тұрмыстық электрониканы телекөріністерді зерттейді. Олар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, денсаулық сақтауда, медицина мен ғылымда көлік және байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады. Әртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы әйелдерге қызмет етеді. Дамыған елдердің халқы ақп-ық тех-ды жетілдірудің қымбат ету және қиын,алайда маңызды екендігін сезінеді. Ақпараттандырудың мақсаты – адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту. Ақп-ру – бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі әлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттырда,соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақп–тық тех–ды пайдалану мәдениетін қалыптастыруда қажырлы еңбекті қажет етеді.

9) Ақпаратты ресурстар, ақпараттық процесстер жəне ақпараттық технология.

Қазіргі кезеңде «ақпараттық технология» термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын жəне ішінара, — тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды қамтиды. Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, əлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, əртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы əйелдерге қызмет етеді. Дамыған елдердің халқы ақпараттық технологияларды жетілдірудің қымбат жəне қиын, алайда маңызды екендігін сезінеді .

Ақ-тық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерд, техикалық құрылғыларда ж(е қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау ж(е түрлендіру процестері.

Ақп–ты прцесстер –әртүрлі обьетілердің жүзеге асу мақсатынан шығатын мәліметтер жиыны. Ал,ақпарат–адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған(кодталған) ақп–ты өзінің даму барысында беріп отырған.Ал,жануарлар мен құстардың тілі ақп-қа қандай бай!Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың,яғни оны қабылдау мен жіберудің жаңа құралдарын іздеуде және табуда.

Ақ-тық ресурстар

Ақ-әртүрлі объектіерден, процестерден шығатын мәліметтер жиыны (ақ-қ ресурстар). Ал ақ-қ ресурстар д(з басқару функцияларынын іске асырып нысан жөнінде ақ-ды алуды, беруді ж(е өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Яғни адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ж(е ең бірінші кезекте, компьютер – ақ-тарды өңдеуге арналған әмбебабты қасиеті бар жүйе болып табылады. Ақ-тық рес-тар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, білім беруде, денсаулық сақтауда, мед-на мен ғылымда көлікпен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, яғни ақ-тық рес-дың негізгі мақсаты – адам еңбегінің өнімділігін арттырумен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту б(т.

10) Есептеу техникасының даму сатылары. Есептеу техникасының дамуы ЭЕМ-нің 5 ұрпағына бөлуге болады, олар бір-бірінен элементтікбазасымен, логикалық ұйымдасуымен, математикалық жабдықталуымен, адамның машинамен қарым-қатынасының ыңғайлылығымен ажыратылады. ЭЕМ ұрпақтарының алмасып отыруы, оның элементтік базасымен дамуымен байланысты.

1. буын электронды шамдарнегізінде болды.

Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған шамдар орналасқан алып құрылғылар болды.

2 буын жартылай өткізгіш диод пен транзисторлар негізінде болды.

Оларда электр шамдарының орнына жартылай өткізгіштер-транзисторлар пайдаланылады.ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді,пайдаланатын электр қуаты аз болады,онымен қатар амалдарды орындау жылдамдығы секундына он мыңдағаған амалға жетті

3.буын интегралды схемалар негізінде болды.

Бұл машиналардың жады үлкен,амалдарды орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион амалға жетті.Үшінші буындағы машиналарда бір мезгілде бірнеше программалардың қатар орындалуына мүмкіндік туды.

4.буын үлкен интегралды схемалардан тұратын компьютерлер шыға бастады.ЭЕМ-дер 70-жылдардан бастап өндіріске енді.Оның жады мен көлемі бірінші буындағы машиналардың амалдарды орындау жылдамдығының ондағанымен пара-пар болды.

5.буын аса интегралды деңгейлі сызбалар пайдаланатын ЭЕМ.Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.Ол машиналар адамды кәдімгі адам сөйлейтін тілде түсінуі қажет.Яғни,ЭЕМ «Жасанды интеллект» негізінде құрылуы қажет .

Электроника табыстарының нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар деп аталады.

Бұл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады.70-жылдарды электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін-жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты.Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалынды.(Laptop немесе Notebook).Қазіргі кезде ДК адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Соның ішінде медицинада кеңінен қолданылады.Мәліметтер базасын жүргізу,халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу.Науқастарға компьютерлік диогностика жүргізу.Түрлі физиологиялық қисықтарға автоматты талдау жұмыстарын жүргізу.

11) Ақпаратты енгізу, шығару жəне сақтау құрылғылары

Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

• символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар

• функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.).

• нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері.. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;

• цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.

Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға (енгізу пернесі), (жою пернесі), (артқа қарай өшіру), (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.

Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик — компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.

Колонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады.

Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар.ZІР — Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Ақпараттарды сақтау құрылғысы.

Жады — деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Жады — компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы.

Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ж\е жедел жадтайтын құрылғы

Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

10-12) Санау жүйелері, түрлері. Санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар.

Сан ұғымы – математикадағы сияқты информатиканың да іргелі негізі. Егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлінетін болса, информатикада сандардың берілу әдістерінің маңызы ерекше, өйткені солар ғана жадының қажет ресурсын, есептеу жылдамдығы мен қателіктерін айқындайды. Сандарды арнайы символдар көмегімен бейнелейміз.Информатикада сандарды атау және жазу тәсілі санау жүйелері деп аталады.Санау жүйелері позициялық және позициялық емес деген екі топтан тұрады. Позициялық емес санау жүйесінде сан цифрының тұрған орнының ешқандай мағынасы жоқ. Мысалы, Римдік санау жүйесіне қатысты ХХХ санында Х цифры кез-келген позицияда 10 (он) деген мағынаны береді. Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау күрделі болғандықтан барлық есептеулер позициялық санау жүйесінде іске асады. Позициялық санау жүйесінде цифрдың мағынасына оның тұрған жерінің ролі зор. Позициялық санау жүйесінің негізі болып жүйедегі пайдаланылатын цифр сандары табылады.

Позициялық санау жүйесі төмендегі санау жүйелерінен тұрады:

1)ондық санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9);

2)екілік санау жүйесі (0,1);

3)сегіздік санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7);

4)оналтылық санау жүйесі (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9, A, B, C, D,E, F).

Ондық санау жүйесі.

Санау жүйесінің 10-дық деп аталатын себебі, бұл жүйенің негізі 10 саны болып есептеледі. Бұл жүйеде сан енгізу үшін төмендегі цифрлар пайдаланылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.Санның цифрына бөлінген позиция — дәреже деп аталады.Мысалы, 425 жазуы – сандардың 4 жүздік, 2 ондық, 5 бірлік дәрежеден тұратынын білдіреді.

2) Екілік санау жүйесі. Компьютерде позициялық негізі 2 болатын екілік санау жүйесі қолданылады. Екілік санау жүйесінде кез-келгенсан 0 және 1 цифрларының көмегімен жазылады және екіліксанау жүйесі деп аталады. Берілген санның индексінде 2 саны көрсетілсе ол – екілік санау жүйесі. Екілік санның барлық цифрын (дәрежесін) бит деп атаймыз.Ондық санау жүйесіндегі сияқты екілік санау жүйесінде де кез-келген санды қосынды түрінде жазуға болады.

Мысалы, 1010101,101(2) = 1*2ның 6дәрежесі + 0*2ның 5д.

Сегіздік санау жүйесі сегіз цифрдың көмегімен санды көрсетеді: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.

16 негіздеушісі бар санау жүйесін он алтылық санау жүйесі деп атайды. Он алтылық позициялық санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін ондық сандардың мәні 10, 11, 12, 13, 14 және 15 болатын сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Сонда он алтылық жүйенің барлық цифрлары мыналар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F.

Негізгі арифметикалық амалдар: қосу, азайту, көбейту және бөлуді. жүйе үшін өздерінің қосу және көбейту кестелерін қолдану керек.

14) Буль алгебрасы Логикалық құрылым заңдары. Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу жəне сақтау үшін қолданыла аладүйы дегенді білдіреді. Логикалық қорытынды заңдары:

1.Қарама қарсылық заңы- тұжырым және оның терістеуі бір уақытта ақиқат болуы мүмкін емес.Мысаллы:алма піскен. Алма піспеген

2.Үшінші аласатату заңы -тұжырым және оның терістеуі ғана ақиқат болады. Үшінші жағдайы жоқ.Мысалы:бүгін жаңбыр жауады немесе жаңбыр жаумайды.

3.Екі мәрте терістеу заңы- егер терістеу жалған болса,онда тұжырым ақиқат болады.Мысалы: кешк жаңбыр жаумады.

4.Кез келген тұжырым дәлелдеуге жеткілікті дәлелдер мен деректердің бар болуын ескруі қажет.Мысалы:қара қарға пайда болса,онда күн жылынады.

5.Егер А дан қорытылса Б және А себебі орындалса,онда Б салдары орындалады.Яғни,тұжырым ақиқат болса,салдары да ақиқат.

6.Егер А дан қорытылса Б, алайда Б салдары жоқ болса,онда орындалмайды А себептері.Яғни, Б салдары жоқ болса,алғашқы тұжырымы да жоқ болады.

7.Қарастырылып отырған мәселе анықталуы тиіс және қарастылу соңына дейін өзгертілмеуі тиіс.

логикалық схеманың бөлігі.

Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз.

ЖӘНЕ құрамындағы бұл жалғауды әрқашан құраушы пікірлердің бәрін ақиқат деп ұйғарады. ЖƏНЕ элементінің көмегімен қарапайым екі Х1 мен Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction-біріктіру), ал операцияның нəтижесі – логикалық көбейтінді деп аталады.

Белгіленуі: Х1∧Х2, Х1&Х2, Х1⋅Х2, Х1 AND Х2, Х1 жəне Х2

Математикада НЕМЕСЕ жалғаулары бар құрамды пікірді құрайтындардың кемінде біреуі ақиқат болса, ол ақиқат деп есептеледі. Ал құрмында жалған болса ол жалған деп есептеледі. Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 жəне Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу), ал операцияның нəтижесі – логикалық қосынды деп аталады. Белгіленуі: Х1∨Х2, Х1\Х2, Х1+Х2, Х1 OR Х2, Х1 немесе Х2.

ЕМЕС бастапқы пайымдау жалған болса, онда терістеу ақиқат ж\е керісінше егер бастапқы пайымдау ақиөат болса онда терістеу жалған.

Логикалық программалар дискреттік математика бөлімі б.т.Берілген дәйектердің қорыту ережелеріне негізделген ақпараттың логикалық қорытындының тәсілдерін зерттейді.

Логикалық программа обьекті мен мақсаттың арасындағы ережелердә және олардың қатынастарын анықтайтын құрылым.Мұндай программалардың орындалуы қажетті мақсатты тұжырым ретінде дәлелдеу үшін қажет,программаларды анықталған ережелер бойынша іске асырады.

15. Есептеу жүйесінің аппараттық жасақтамаcы. Жүйелік блоктың элементтерінің функционалды қызметі.

Есептеу жүйесінің аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Жүйелі блоктың құрамына кіретіндер

Микропроцессор бір кристалда орналасқан біріктірілген (үлкен) интегралдық схемалар — БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-дер жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалау мүмкіндігі бар, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы бөлігі ретінде немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғылары қосылады.

ІВМ РС тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және де соларға сәйкес келетін басқа фирмалардың да микропроцессорлары қолданылады.

Микропроцессорлар бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (моделдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегагерц – МГц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық ) жиілігінде жатыр. Кең тараған модельдерге Intel-8088 ( _ 5МГц), 80286 ( _ 20МГц), 80386SX ( _ 25МГц), 80386DX ( _ 40МГц), 80486 ( 100Мгц-ке дейін ), Pentuim ( 75МГц-тен жоғары ) және Pentuim-Pro ( _ 200МГц) жатады.

ЭЕМ-нің жедел жады

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады (RАМ) және де тұрақты есте сақтау құрылғысы (RОМ) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына көшіріледі.

Компьтердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ өшірілгенде немесе электр торабында ақау болып, тоқ сөнген шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьюетрдің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде 8 биттен (бір мен ноль) тізбегі тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі.

Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360 кб , 720кб немесе 1,2 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1килобайт) = 1024байт, 1Мб = 1024кб, ал винчестер аталып жүрген атты дискіде 500Мб, 1000Мб (1Гб) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.

Әдетте ІВМ РС ХТ (бұрынғы модель) компьютерлердің жедел жадының көлемі 640 кб, ІВМ РС АТ үшін – 1Мб-тан жоғары, ал олардың жроғарғы модельдері 1 –ден 8 Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 16,32Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі платасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.

Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін мәліметті сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, ол мәліметті тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64 кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоққа қосқан кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.

Компьютерлердің көлемі 1Мб болып келетін жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640кб қолданылатын программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалған мөлшері төмендегідей мақсаттарға қолданылады:

— операциялық жүйенің компьютердің жұмысқа жарайтынын тексеретін және төменгі деңгейде қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын атқаратын бөлігі;

-экранға бейнелер шығару үшін;

-компьтердің қосымша құрылғылары мен бірге келетін операциялық жүйелердің кеңейтілген бөліктері.

Жедел жадтың көлемін көрсеткенде, оның бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) мен қосымша (expanded) пайдаланылады.

INTEL фирмасының 80286, 80386SХ и 80486 SХ процессорлары 16Мб жедел жад көлемімен, 80386 и 80486 прцессорлар- 4Гб көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосымша жад көлемін толық пайдалану үшін aрнаулы программалар — драйверлер жасалып, олар процессордың жедел жадындағы информацияны сақтайтын, әрі толық пайдаланатын режимге көшуді қамтамасыз ете алады.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) деп атайды. Ол жедел жадпен процессор арасында дәнекерлік роль атқарып, жалпы жұмыс өнімділігін арттыру қызметін атқарады.

16) Ес. Жүйесінің аппараттық жасақтамасы. Фон Нейман принциптері

Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.


Каталог: uploads -> doc -> 0770
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0770 -> Минералды-құрылыс материалдардың көліктік сипаттамасының тасымалдауды ұйымдастыруға әсер етуі Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет