«ана-қыз бала» ЖҮйесіндегі сексуалдылықҚа деген қатынастың ерекшеліктері қоғамның сексуалды мәселелерге уақыт өте көзқарасы біртіндеп өзгеріп келеді. «Дәстүрлі емес»



Дата01.04.2018
өлшемі205.89 Kb.
Насирова А.Ш.
«АНА-ҚЫЗ БАЛА» ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕКСУАЛДЫЛЫҚҚА ДЕГЕН ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қоғамның сексуалды мәселелерге уақыт өте көзқарасы біртіндеп өзгеріп келеді. «Дәстүрлі емес» жүріс-тұрысқа қоғамның қатынасы өзгерді, яғни некеге дейін байланыстар және некеге тұрмай жатып жүкті болу, тұрмысқа кеш шығу, ер балардың кеш үйленуі ешкімді таң қалдырмайды қазіргі күнде. Сонымен бірге адамның сексуалды индивидуалды ерекшелігі де қоғамда белгілі бір құндылыққа ие болуда. 20 ғасырдың 60-70 жылдарындағы Батыс елдеріндегң сексуалды революция глобализация мен интеграциялық процесстердің қарқыны арқасында дістүрлі мәдениеттерге де ену үстінде.

Психосексуалды даму мәсғлғлғрі негізгі психоаналитикалық дәстүрде анағұрлым кең тарапты және жүйелі түрде қарастырылады [1]. Бұл дәстүр классикалық сипата ие және ең беделділердңғ бірі. Сонымен қатар, ересек шақтағы әйел адамдардың еркектермен интимді қатынастарындағы қайшылықтар мен қиындықтардың бейсаналы механизмдерін терең талдау мүмкіндігін осы дәстүр төңірегінде мүмкін болады [2,3]. Әйелдердің эдип комплексының дағдарысынан дұрыс шығужолдарны талқылау сексуалды мәселелермен арызданатын әйелдерге психотерапиялық көмек көрсетуде ереше орын алады [4,5].

Әйелдік сексуалдылық - бұл әйел адамның өз тәнінің қажеттілігін қанағаттандыра алу мүмкіндігі [6]. Ал ана мен қыз бала арасындағы қатынас бұл ана мен қыз бала арасындағы жүктілік мерзімінен бастап және барлық өмір бойы қалыптасатын қатынастар жүйесі. Бұл қатынастар ең әуелі эмоциялармен алмасу процессі, сонымен бірге, бұл алмасу процессі когнитивті компоненттен тұрады - анасы мен қыз баланың қатынас процессінде эмоцияны және сезімдерді қабылдауы; субъективті компоненттен тұрады - тұлғааралық қатынастарды бастан кешіруі; экспрессивті компоненттен тұрады - ананың қыз балаға немесе қыз баланың анаға қатынасындағы вербальды және вербальды емес қатынасын көрсетуі.

Сөйтіп, сексуалдылық тематикасы әйелдердің өзін толыққұнды сезінуінде өте маңызды. Алайда бұл мәселе төңірегіндегі сұрақтар біздің қоғамымыздағы әйелдер тарапынан жоғары қарқынды қорғаныс механизмі ретіндегі «қарсыластықты» тудырады [7,8]. Бұл жағдай қыз балалардың гармониялы психосексуалды дамуы үшін еш қолғабыс тигізбейді. Керісінше өте көптеген қыз балалардың бойында комплекстар мен басқа жыныстпен қарым-қатынастағы психологиялық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сондықтан сексуалдылық туралы ана мен қыз баланың сексуалдылық туралы түсініктеріне қатысты пилотажды зерттеу жүргіздік.

Зерттеудің мақсаты қаншалықты дәрежеде қазіргі заманда қоғамымыздағы әйелдер өзінің сексуалдылығы мен соған байланысты мәселерді ашық қолға алу позициясын ұстана алатындығын анықтау және өз қыз балаларының гармониялы сексуалды өміріне қосатын үлесін көрсету болып табылады.

Қыз балар мен олардың аналарының сексуалдылыққа деген қатынасы мен түсініктері туралы эмпирикалық материалдар жинау үшін «Еркек адам мен әйел адамның суреті» атты проективті техника мен сексуалдылыққа деген саналы қатынасын анықтау үшін арнап құрастырылған анкеталық сауаланам жүргіздік.

«Адамның суреті» экспрессивті әдістер топтарына жатады, яғни адам өзінің сезімдерін белгілі бір суреттер арқылы көрсетуге тырысады. Бұл әдісті Карен Маховер (1949ж) ұсынған. Яғни сыналушы қағаз бетіне әйел және ер адамның суретін салады. Салынған суреттің кесінділері, штрихтары және салыну мәнеріне қарай біз сыналушы туралы толыққанды ақпарат ала аламыз. Сонымен бірге салынған сурет формалары және салынған әр түрлі қосымшалар арқылы адамның бейсаналық сферада орналасқан ақпараттар туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Біздің нұсқауымыз бойынша сыналушылар ер адамның және әйел адамның суретін салу керек болды. Екі жынысты адамның суретін алу арқылы біз сыналушыларды жыныстық мәселелерге қатынасының бейсаналық материалдарын алуды көздедік. Жоғарыда айтылып кеткендей, сексуалдылық – бұл жыныстық мәселелерге деген қатынас, «еркек - әйел» жүйесіндегі өз орнын анықтау.

Сонымен қатар, респонденттердің әйел сексуалдылығына деген саналы ойлары туралы мәліметтер алу мақсатында біз 16 сұрақтан тұратын анкетаны құрастырдық. Анкета әдісі аналары және қыз балаларының сексуалдылыққа деген қатынасын және оларда сексуалдылыққа байланысты қалыптасқан пікірлерін анықтау мақсатында қолданылды. Аналары үшін анкетада он алты сұрақ болса, ал қыз балаларында он төрт сұрақ ұсынылады. Анкетадан алынған мәліметтер контент аналитикалық тәсілмен талданды.

Біздің зерттеу базамыз он жеті және жиырма жас аралығындағы қыз балалармен және олардың аналары тұрды. Қыз балардан тұратын топ №27 орта мектептің 11 сынып оқушылары болып келеді. Жалпы 20 қыз бала теріп алынды. Және сыналушылар ретінде атап өтілген қыз балалардың аналары да алынған.

Анкетаны жүргізу үшін аналары мен қыз балаларына жеке анкета сұрақтары құрастырылды. Аналары сұрақтарға жауап беру барысында кейбіреулері сұрақтың мазмұнын оқып бас тартсада, ойлана отырып сұрақтарға жауап беруді жалғастырды. Ал қыз балалар сұрақтарға жауап беру барысында бұл тақырыпқа байланысты толығымен ақпарат бере алмайтындықтарын алдын ала айтты. Сонымен бірге қыз балалар анкета сұрақтарына аналарының алдында толтырудан бас тартты, олардың түсіндіруі бойынша ананың алдында ыңғайсыздық туындайды деп жауап берді. Аналары берілген анкета сұрақтарына толық түрде жауап беруге тырысты, ал қыз балалар берілген сұрақтар көптегеніне «білмейміз» деп жауап қайтарды. Яғни олар сексуалды тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беруге қиналды. Және белгілі дәрежеде қарсыластық байқалды.

«Адамның суреті» әдістемесіне қыз балалар және олардың аналары бірден адамның суретін салуға келісім берді. Тек сурет салу барысында қайта қайта суретті толығымен салу қажет пе әлде бас бөлігін салу қажет пе деген сұрақтар жиі қойылды. Кейбір әйел адамдар ер адамның суретін салудына бас тартты. Оны суретті сала алмаймыз деп түсіндіруге тырысты. Өз тарапымыздан біз сенімді атмосфера тудыруға тырысып, берілген тапсырманы соңына дейін жасауды сұрадық. Нәтижеде сыналушылардың барлығы делік тапсырманы толығымен орындады.

Қыз балалар тобында да сурет салудан бас тартқандары болды. Мұны да біз белгілі бір қарсыластық феномені деп бағладық. Себебі зерттеуде ұсынылған тақырыбымыз сыналушылардың терең, интимді жақтарына тиесілі.

Сексуалдылыққа деген саналы қатынасын анықтау үшін арнап құрастырылған анкета аналары үшін он алты сұрақтан және қыз балалар үшін он төрт сұрақтан тұрады. Анкетаға жауап беру ашық формада берілген, сыналушылар анкетаның әрбір сұрағына өз ойлары мен пікірлерін жазды. Анкета бойынша алынған мәліметтер контент-аналитикалық жолмен талданды. Берілген әдістің негізінде алынған мәліметтердің контент аналитикалық көрсеткіштері келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 1

Анкеталық сұрақтардың негізіндегі сексуалдылыққа деген аналары мен қыз балалардың пікірлері.




Аналардың жауаптары

Қыз балалардың жауаптары

Категориялар

Кездесу жиіліктері %

Категориялар

Кездесу жиіліктері %

қыз баланың сексуалды өмірінің сәтті ұйымдасуы

серігімен жылы қатынас сақтау;

отбасылық өмірдің негізі;

басқалары;


45

30



25

сексуалды өмір туралы ақпаратты құрбыларынан;

бұқаралық ақпараттан;

басқалары;

75

10



15

сәтті сексуалды өмір,

үйлесімділік, бірін бірі түсіну;

жыныстық қанағат алу;

білмейді;


45

40



15

сәтті сексуалды өмір,

жыныстық үйлесімділік;

түсінушілік;

15

85



сәтті сексуалды өмірдің немен байланысты сыртқы келбет;

тәжірибе;

баламен;

25

60



15

сәтті сексуалды өмірдің басқамен байланысы,

сыртқы келбет;

білмеймін;


70

30



сексуалды тартымдылықтың ие болу үшін қажет қасиеттері,

тән мен жанның сымбаты;

табиғилық;


70

30



сексуалды тартымдылық-тың ие болу үшін қажет қасиеттері, сырт келбеттің сымбатылығы;

білмеймін;


80

20



сексуалды серікке тән қасиеттер, шыдамдылық, жұмсақтық;

сыртқы келбет;

білмеймін;


15

60



25

сексуалды серікке тән қасиеттер, жұмсақ, нәзік;

сыртқы келбет сымбатты;

озықтық қасиеттері тән болу;

35

35


30

сексуалды қанағаттану деген не, серігімен үйлесімділік және түсінушілік;

бақытты болу;

тән мен жанның үйлесімділігі;


15

60



25

сексуалды қанағаттану деген не, түсінушілік;

білмеймін



5

95



отбасы өмірі үшін сексуалды қатынастардың маңыздылығы,

отбасының негізі;

маңызды емес;


85

15



отбасы өмірі үшін сексуалды қатынастардың маңыздылығы, маңыздылығы бойынша бірінші орында;

маңызды емес;


35

65



сексуалды қанағаттанудың маңыздылығы, отбасылық өмірді сақтап қалу;

маңызды


35

65



сексуалды қанағаттанудың маңыздылығы, маңызды емес;

100


қыз баланың сексуалды өмір туралы ойлануы, табиғи процесс болғандықтан, оны толғандырады;

білмеймін;


80

20



қыз баланың сексуалды өмір туралы ойлануы,

білмеймін;




100


қыз баламен сексуалды өмір туралы әңгімелесуді жүргізу

қажет жүктіліктің алдын алу үшін;

ерте деп санайды;

75

25



қыз баламен сексуалды өмір туралы әңгімелесуді жүргізу, жоқ


100


қыз баланы болашақ сексуалды өмірге дайындау,

сырқат,жүктіліктен алдын алу мақсатында


100








қыз баланы болашақ сексуалды өмірге дайындаудың себебі,

дұрыс түсінік қалыптасу үшін;

физиологиялық және психологиялық өзгерістерге байланысты;


70

30



қыз баланы болашақ сексуалды өмірге дайындау, иә;

жоқ;


35

65



күйеуіне махаббат сезімін көрсету бұл тәрбиелеу және қыз бала үшін үлгі;

қыз бала кері әсер әкеледі.



50

25



күйеуіне махаббат сезімін көрсету,

қалыпты процесс

кері әсер әкеледі.


70

30



некеге дейін және некеден тыс сексуалды өмірге қатынасы,

адекватты қарым-қатынас;

некеге дейін жағымды,некеден тыс негативті;

жағымды, сексуалды өмір-табиғи қажетілік болып табылады;



15
20

65


некеге дейін және некеден тыс сексуалды өмірге қатынасы, адам өмірінде бір ер адам болуы шарт;

некеге дейін жағымды, некеден тыс негативті;


75

25




сексуалды серіктер арасындағы сезімдер, ашық;

махаббат;

сыртқы келбеті сымбатты;

құштарлық;


50

10



15

25


сексуалды серіктер арасындағы сезімдер,:

сыйластық;

махаббат;

компромисс.



15

55



30

сексуалды қатынастар үшін кері әсер әкелетін сезімдер,

сезімнің болмауы;

ұялшақтық;

сырт келбетін күтпеу;

жаман әдеттердің болуы;серігімен


15

30



40
15






Алынған нәтижелерге сүйенетін болсақ, ең әуелі қыз балалардың сексуалды қанағаттану мен сексуалды өмір туралы ештеңе білмейтіндігі көзге түседі. Және бүкіл отбасыларында сексуалды, жыныстық қатынастыр тақырыбында мүлдем әңгіме қозғалмайтындығын атап өтеді. Қыз балаларда сексуалды тақырыпта ойлану туралы сұрақ күшті қорғанысты тудырды. 100% респонденттер бұл сұраққа бірыңғай жауап беруге қиналды.

Бірақ сексуалды өмір туралы ақпарат оларды қызықтырады деп айтуға болады. Себебі, ондай ақпаратты алатын көздерді көрсетеді. Сонымен қатар, көпшілік жағдайда отбасында сексуалды қатынастарға аса көңіл бөлінбейтіндігі анықталды. Мұнда аса жоғары әлеуметтік қадағалаудың бар екендігін атау керек. Әсіресе қыз балалардың көпшілігі сексуалды қатынастар мен сексуалды қанағаттанудың маңыздылығын мойындамауға тырысады.

Қыз балаларда сексуалды өмір туралы ақпарат қоршаған ортадан немесе ақпарат көздерінен жиналған мәлімет болып табылады. Қыз бала үшін сексуалды өмір дегеніміз ол ең бастысы адамның сыртқы келбеті, екінші орынға адамның ішкі жан дүниесінің қасиеттері қойылады.

Отбасылық өмірде алдынғы орынға жыныстық қатынастардың маңыздылығы емес, махаббат бірінші орынға ие. Аналары қыз балаларымен өте сирек немесе мүлде жыныстық қатынастарға байланысты тақырыптарға әңгімелеспейді, соның негізінде ана мен қыз бала арасында белгілі бір түсініспеушіліктер және қақтығыстар пайда болады. Қыз бала ыңғайсыздық немесе басқа себептер салдарынан бұл тақырыпқа байланысты анасымен ашық әңгімелесе алмайды.

Қыз бала үшін жыныстық қатынасқа түсу тек қана отбасы құрғаннан кейін болатын процесс, ал некеден тыс сексуалды өмірді негативті бағалайды, яғни ол неке өмірінің бұзатын факторлардың бірі деп есептейді.

Анасы және қыз бала үшін сексуалды өмір жабық тақырыптардың бірі болып табылғандықтан, оған байланысты сұрақтар ортаға салынып талқыланбайды. Аналары сексуалды қатынастар отбасының басты негізі деп санаса, қыз бала үшін сексуалды қатынастар отбасы өмірінде маңызды орынға ие емес. Аналар сексуалды серіктің ең басты қасиеті ретінде ішкі жан дүниесін бөліп қарастырса, қыз бала үшін ең маңызды ол адамның сыртқы келбеті болып табылады. Қыз баланың анасы сексуалды қатынастар отбасы өмірінде маңызды орынға ие деп санағанмен, қыз баланы сексуалды тұрғыда дамыту үшін белгілі бір қадам жасамайды. Сонымен бірге аналары үшін қыз баланың алдында күйеуіне махаббат сезімін көрсету кері әсер береді деп есептейді, яғни қыз бала өз әкесінде болашақ сексуалды серігін көруі мүмкін санайды.

Отбасылық өмірде сексуалды қатынастар отбасының басты негізі деп қарастырса, басқа сыналушылар үшін сексуалды өмір олардың отбасылық өмірінде маңызды емес. Яғни ол әйел адамдар үшін белгілі бір физиологиялық дамуында жыныстық кезеңде кідірстер басталғанын айтуға болады. Сол негізінде жыныстық қатынасқа байланысты мәселелер әйел адам үшін ауыр тақырыптың біріне айналған.

Сексуалды қанағаттан болу әйелдер соншалықты маңызды емес,яғни олар үшін қанағат алуы жалпы отбасылық өмірде маңызды орынға ие емес, ал кейбір әйел адамдардың есептеуінше жыныстық қатынаста ер адамның қанағаттануы маңыздырақ болып табылады.

Жалпы алғанда аналардың көпшілігі қыз балалардың келешектегі сексуалды өмірі туралы ойланғанда олардың сезімдерін, эмоционалды көңіл-күйі туралы емес, тәннің саулығына көбірек көңіл бөледі. Себебі қызымен сексуалды өмір туралы әңгімелесудің қажеті жоқ, бірақ кейбір ауру, сырқаттардан сақтану үшін, жүкті болып қалмау үшін ақпарат беруге болады деп есептейді.

Алайда кейбір сексуалды қылықтарды балалардың алдында демонстрациялау ондай қарсыластықты тудырмайды. Сонда да респонденттердің төрттен бір бөлігі мұндай қылықтар қыз балаға кері әсер етеді деп есептейді. Яғни аталған аналар пайызы мұндай қылықтарды демонстрациялау қыз баласының өз әкесіне деген құштарлықтарды тудыруы мүмкін деп санайды.

Сонымен бірге барлық дерлік аналар өз қыз балаларын келешектегі сексуалды өмірге дайындау керек екендігі құптайды. Және сексуалды өмір туралы сөйлесу қажеттігін атап көрсетеді. Оның себебін денсаулық мәселелерімен түсіндіреді. Бірақ шын мәнінде ондай талпыныстар отбасында орын алмайды (бұл тақырыпта ешбір ана өз перзентімен сөйлеспейді).

Сөйтіп, ананың позициясы қыз баланың сексуалды өмірі сәтті қалыптасуын қалайды. Яғни қыз баланың болашақтағы сексуалды өмірі бір ғана еркекпен байланысты болуы қажет деп санайды.. Сексуалды өмірді отбасының басты негізі деп ұғынады. Бірақ аналардың басым бөлігі қыз баланың сексуалды өмірі өзімен өзі уақытымен баланың есеюіне қарай дамиды деп есептейдіде, арнайы түрде оған көңіл бөлуді қажет емес деп түсінеді. .

Сонымен қатар, жыныстық қатынастан қанағат алу «бақытты болумен» теңестіріледі. Оның мазмұны детальды түрде анықталмайды. Әрине мұндай интимді тақырыптар саналы қадағалауды күшейтіп, терең жауаптарды беруге кедергі жасайды.



Кесте 2 «Адамның суреті» проективті техника негізінде алынған нәтижелердің көрсеткіштері.


Аналардың көрсеткіштері

Қыз балалардың көрсеткіштері

Категориялар

Категория жиіліктері

Категориялар

Категория жиіліктері

суреттің орналасуы – ортасы

9

суреттің орналасуы

11

суреттің орналасуы – сол жақ үстіңгі бұрыш

4

суреттің орналасуы – сол жақ үстіңгі бұрыш

2

суреттің орналасуы – қағаздың жоғарғы бөлігінде




суреттің орналасуы – қағаздың жоғарғы бөлігінде

5

анасының сценарияын алуы

6

анасының сценарияын алуы

3

сексуалды белгілер

7

сексуалды белгілер

8

сексуалды белгілердің жоқтығы

7

сексуалды белгілердің жоқтығы

12

сексуалдылықты басу (контроль)

11

сексуалдылықты басу (контроль

8

тұрақсыз өмірлік позициясы

11

тұрақсыз өмірлік позициясы

7

өмірлік позицияның жоқтығы

2

өмірлік поөицияның жоқтығы

6

эмоционалды қадағалау

12

эмоционалды қадағалау

11

адекватты өзіндік бағалауы

6

адекватты өзіндік бағалауы

5

адекватты емес өзіндік баға

7

адекватты емес өзіндік баға

8

партнерына тәуелділік

9

партнерына тәуелділік

4

партнерының тәуелділігі

6

партнерының тәуелділігі

3

әлеуметтік өзараәрекеттесуі

9

әлеуметтік өзараәрекеттесуі

9

өз жасын қабылдамау

10

өз жасын қабылдамау

6

ер адамға қатынасы

6

ер адамға қатынасы

8

үрейлік

9

үрейлік

8

Аналар мен қыз балалардың жыныстық мәселелерге деген қатынасын анықтау үшін біз «Адамның суреті» атты проективті тәсілді қолдандық. Берілген психодиагностикалық техниканың арқасында жыныстық мәселеге қатыынасты анғұрлым анығырақ ету салдарынан адамның суретін салу инструкциясында біз әйел кісі мен еркек адамның суретін салып беруді сұрадық. Алынған нәтижелерді келесі түрде бейнеледік.

Жалпы алған суреттерді бағалайтын болсақ, көпшілік әйел адамдың жыныстық қатынастардағы қиыншылықтары байқалады, бұл қанағаттанбау белгілерінің болуынан көреміз. Мұндай белгілер ретінде тұрақты өмірлік позицияның жоқтығын атап көрсетуге болады. Сонымен қатар, көпшілік сыналушыларда, аналарында да, қыз балаларда да эмоционалды қадағалаудың жоғары дәрежесі байқалады. Яғни өз сезімдері мен эмоцияларының экспрессиясы отбасында құпталмайды. Бұл жоғарыда басқа психодиагностикалық әдістемелерден алынған нәтижелермен сәйкес келеді.

Бірқатар сыналушылардың (қыз балаларда да, әйел кісілерде де) мүлдем өмірлік позициясы жоқ. Яғни көбінесе біздің қоғамдағы әйел адамдар тәуелді позицияда тұрады, және белгілі бір арқа сүйер ориентирлары жоқ деген сөз.

Аналардың жартысы дерлік сексуалдылықты қабылдамайды. Кейбір аналар әйел мен еркектің жыныстық өзгешеліктерін де мойындамайды. Бұл тағы да әйелдердің тарапынан сексуалдылықтың мәнін төмендетіп, мүлдем басып тастағандықтың белгісі. Осыны тағы да сексуалды сфераға бейсаналы түрде тыйым салып, қадағалауды көрсететін деталь дәлелдеп отырған (белбеулер).

Берілген топтағы сыналушылардың басым бөлігі (77%) өз жасын қабылдамауға бейім. Бұл факт та әйел адамдардың өз жағдайымен көңілі толмауын көрсетеді. Сексуалды сферамен байланысты көптеген қажеттіліктердің өтелуі еркектің бейнесімен байланысты. Ал алынған суреттердің жартысында дерлік ер адамға деген негативтілік байқалады. Осыдан біз әйел адамдардың көптеген сексуалды қажеттіліктері өтелмеуі мүмкін деген жорамал жасаймыз.

Қыз балалар да аналары секілді көптеген жағдайда өзінің позициясын нық, бекем деп қабылдамайды. Сонымен бірге, екі топта да жоғары деңгейде үрейліктің белгілері көрінеді. Бұл өмірдегі сенімсіздік пен тұрақсыздық сезімдердің басым болуын көрсетеді.

Жалпы алғанда, қыз балалар да аналары секілді эмоционалды сезімдерге өте ұстамды, өз қалаулары мен қажеттіліктерін ашық айтуға бейімделмеген. Мүмкін оларды саналы сезбейтін де болар. Бірақ қыздардың ер адамдарға қатынасы аналардыкіне қарағанда позитивті. Белгілі дәрежеде қыз балалар қиялдану, мен фантазия сферасына кетіп қалу тенденциясын байқатады.

Қорыта келгенде, аналары мен қыз баларының жыныстық қатынастар сферасындағы мінез-құлық стратегиясы ұқсас. Олардың өмірлік позициялары аналарының позицияларын қайталайды. Және интимділік саласындағы тыйымдар БАҚ-дағы ашық сексуалды революциялық пропагандаларға қарамастан күшті болып келеді. Қыз балалар үшін жыныстық қатынастар саласы қызығушылық тудыратындығын дәлелдемесе де айқын. Бірақ ашық түрде, саналы сезіне адекватты информацияны тәжірибелі аналарынан сұрауға олардың арасындағы эмоционалды дистанция мүмкіндік бермейді.

Сайып келгенде, анасы мен қыз бала жүйесіндегі сексуалдылық туралы түсініктер түрлі БАҚ сексуалдылық туралы ақпараттардың ашық сипатына қарамастан, үстіртін сипатқа ие болады, себебі, отбасында қоғамдық принциптарға сәйкес интимді сфералар туралы талқылау, әңгіме қозғау құпталмайды. Анасы мен қыз баланың арасындағы өзарақатынастарда жақын эмоционалды дистанция жоқ болғандықтан интимді тақырыптарды қозғау мүмкін болмай тұр. Көптеген тәжірибелі әйелдердің өзі өз басындағы жыныстық мәселелерді барын мойындап, оларды шешуге ат салысуды қажет етпейді. Себебі саналы түрде оған есеп бермеуі де мүмкін. Сондықтан біздің жұмысымыздың нәтижесінде болашақ аналар мен қазіргі аналардың сексуалды компетенттілігін арттыру, өзжыныстық қажеттіліктеріне адекватты есеп бере алу мүмкіндіктерін жоғарлаты мақсатында ағарту жұмыстарын жүргізу үшін бағдарламалар құрастыру маңызды деп есептейміз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Фрейд 3. Женственность // Введение в психоанализ. Лекции. М.: Наука, 1991.

  2. Фрейд З. Три очерка по теории сексуальности. Психология бессознательного. - СПб., Питер, 2003. с. 113-181Фенихель О. Психоаналитическая теория неврозов. М. Академический проект, 2004.

  3. Хамитов Н.В. Философия и психология пола. М.: Киев, 2001.

  4. Холдер А. Эдипов комплекс. Энциклопедия глубинной психологии. Том 1. Зигмунд Фрейд: жизнь, работа, наследие. М., МГ Менеджмент, 1998. с. 613-621.

  5. Шассге-Смиржель Ж. Женское чувство вины. О некоторых специфических характеристиках женского Эдипова комплекса. Французская психоаналитическая школа. СПб. Питер, 2005. – с. 385-426.

  6. Хорни К. О развитии комплекса кастрации у женщин.//Самоанализ. Психология женщины. Новые пути в психоанализе.-СПб.: Питер, 2002.

  7. Хорни К. Отрицание вагины. Размышления по поводу проблемы генитальной тревоги, специфичной для женщин. Женская психология. СПб. ВЕИП, 1993.с.115-129.

  8. Шайнесс Н. Женская сексуальность и эротическое переживание. Энциклопедия глубинной психологии, Том 1. - М., 1998 – с. 416-433.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет