АҚмола облысының архивтер мен қҰжаттамалар басқармасының «Қорғалжын ауданның мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата03.12.2017
өлшемі93.61 Kb.
#47238
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «Қорғалжын ауданның МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘНДІ ЖӘНЕ ЕСТЕН КЕТПЕС УАҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ 2018 жыл

Келісілді Мақұлданды

Ақмола облысының архивтер Қорағалжын ауданының

мен құжаттамалар басқармасының мемлекеттік архивінің ЭТК ЭӘТК хаттамасымен хаттамасымен

__________2016 №____ ___ ____________2016 №____
с. Коргалжын 2016
Қ О Р Ғ А Л Ж Ы Н А У Д А Н Ы
2018 жылың ерекше мәнді және естен кетпес

(Уақиғалары)
90 жыл (1928) Қорғалжын ауданы құрылған.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Ақмола облысы Энциклопедия 2009

с. Коргалжын 2016


Қорғалжын ауданы- Солтүстік - батысында Егіндікөл, солтүстігінде Астрахан, солтүстік - шығысында Целиноград аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Астана қаласынан оңтүстік батысқа қарай 128 км жерде орналасқан. Аудан орталығы Қорғалжын ауылы. Оңтүстіктен солтүстікке дейін 270, батыстан шығысқа дейін 180 километр. Аудан негізінен Теңіз - Қорғалжын ойысында орналасқан. Аудан орталығы Нұра өзеннің жағасына солтүстік ендікте 50,5, шығыс бойлықтан 70,15 жатыр. Аудан аумағындағы 25 елді мекен, 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Жерінің аумағы 93 мың км2. Тұрғыны 10,4 мың адам, оның ішінде 4,3 адам аудан орталығында (2008), этникалық құрамы: қазақтар -9061 мың, орыстар -544 мың, украиндар-259, немістер -153 мың, татарлар-83 мың, шешендер-15 , башқұрттар-15 мың, молдавандар -16 мың, әзірбайжандар-16 т.б. ұлттар құралады. 1957-97 жылдары астық өндіретін кеңшар орталығы болған. Аудан орталығында 2 орта мектеп,ӘТЛ «Сұнқар», 1 ән-күй мектебі, орталық және балалар кітапханалары, емхана, дәріхана, Мәдениет үйі, «Қазпошта», «Қазақтелеком»АҚ, кафе, ойын-саулық орталығы, дүкендер, наубайхана,спорт мекемелері бар. Ұлы Отан соғыста қаза тапқандарға және Қазақ ССР-нің халық әртісі, белгілі композитор К.Күмісбековке ескерткіштер қойылған.



Жер бедері сәл белесті жазық, көне заманнан қалған екі кең жыралардан

тұрады, оларды көлді- аллювиальды, құмды балшықты шөгінділер жапқан. Абс.

биіктігі 305-380м.

Климаты континенттік. Қысы ұзақ (қар 180 күндей жатады, қалыңдығы 20-50 см-дей), боранды (20 күндей), суық. Қаңтар айыныі орташа температурасы-17-18 С. Абс. төмен температура-32,3-43 С. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң (50 күндей). Шілде айының орташа температурасы 20-21 С . Абс. жоғары температура 34,4-39,8 С болады. Жауын –шашынның жылдық орташа мөлшері 232,5-334,5 мм.

Аудан жері арқылы Нұра, Құланөтпес өзендері ағып өтеді. Қорғалжын ауданы басқа аудандарға қарағанда сулы болып келеді. Ауданның солтүстік бөлігі Қорғалжын және Теңіз көлдеріне қарай су ағатын еңкіш болып келеді. Сол кезде бұл аймақта үлкенді- кішілі ащы және тұщы 360 көл бар еді.

Тұщы көлдерге: Қорғалжын, Қоқай, Қоржынкөл, Қайыпшалқар, Қызылкөл,

Шолақшалқар, Арыстанкөл, Жосалы, Табанкөл, Тікіркөл, Ұялышалқар,

Бестөбешақар, Қаражар, Есей, Ұзын көл,Жәнібек тағы басқа. Бұл көлдер балыққа да, құстарға да бай.

Ащы көлдер: Теңіз, Ақтайлақ, Тұзшы, Қарасор, Сасық, Мамайкөл, Қыяқты,

Алакөл тағы басқа.

Алакөл-Арықты ауылының маңынан ағып өтетін бұл көлдің аумағы – 15,4 шаршы шақырым. Суы тұзды. Үйрек пен қаз ұя салады.

Ақтайлақ- Өркендеу ауылының солтүстік -батысындағы бұл көлге шағын Қарасу өзені құяды. Суы ащы. Үйрек , қаз, қоқиқаз (фламинго) ұя салады.

Алқасор- негізінен қар суымен толығып тұратын бұл көлдің ұзындығы шамамен 9 шақырым, ені 2,5 шақырымдай. Кей жылдары тартылып та қалады.

Асаубалық- Қорғалжын мемлекеттік қорығы аумағындағы балығы мол көл. Суы тұщы. Табан балық, қара балық, алабұға, көкжан, шoртан сияқты балықтар мекендейді. Мұнда да қоқиқаз, қаз, үйрек ұя салады.

Ащыкөл- Кенбидайық ауылының маңындағы көл. Суы ащы. Мал суаруға пайдаланылады.

Балықсор – Қорғалжын ауылының шығыс жағындағы бұл көлдің арнасы қар суымен толатындықтан, кей жылдары кеуіп те қалады.

Біртабан –суы ащы. Құстар ұя салады. Балығы мол көл.

Жаныбекшалқар- бұл көлге Нұра өзені құяды. Сондықтан суы азаймайды. Балық пен құс мол.

Қалмақты - Өркендеу ауылының маңындағы бұл көлдің суы мал суаруға жарамды.

Қарасор-Суы кермек. Жазда тартылып қалады.

Керей –Теңізжазығында орналасқан. 1,23 текше метр суы бар. Ауыз суға жарамды.

Қияқты, Қоқай –көлдері де жергілікті жердің құты болып саналады.

Теңіз - Теңіз-Қорғалжын ойпатында орналасқан, Қорғалжын мемлекеттік қорығы аумағындағы атақты көл. Бұл Солтүстік және орталық Қаақстандағы ең ірі көл. Аталмыш өзенге Нұра, Құланөтпес өзендері құяды. Сондықтан суы кей жылдары азайғанымен, ернеуінен тым алыстап кетпейді.

Ұялышалқар- Ұялы ауылының жанындағы бұл көл әуесқой балықшылардың сүйікті демалатын орны. Балығы мол.

Ауданның солтүстік жағына Нұра өзені ағып, ол көптеген тұщы көлдерді кесіп өтеді. Бұл сулар Қорғалжын көлдеріне құяды, оңтүстіктен келіп Кең өзені қосылады.



Қорғалжын ауданы- облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік аумақтық бөлігінде 1928 жылы құрылған. Аудан орталығын «Казгородок» деп атады. Ауданға Ақмола округіне кіретін мына болыстар қарады: Қанқорғалжын, Қорғалжын, Соналы Қорғалжын, Жақсыкөң, Сарыөзен және Қарақойын болысының кейбір жерлері. Аудан құрылған кезде оның жер көлемі 3403073 гектар не болмаса 34080 шаршы километр. Тұрғын халықтардың көпшілігі ру жағынан арғын, қыпшақ, аздап найман т.б.

Аудан құрылған кездегі халықтың негізгі кәсібі- көшпелі мал шаруашылығы болды. Мал тұқымдары жергілікті жердің ауа райына төзімді ірі қара мал, қой- ешкі, жылқы, аздап түйе болды. Аудан құрылғанда Қорғалжын халқында 16498 бас мал болды, оның ірі қарасы -49592, қой мен ешкі-77466, жылқы-33542, түйе-3698 бас.

Егін шаруашылығы ауданның солтүстігіндегі кейбір шаруалар ғана айналысты. 1928 жылы ауданның егіс көлемі 6349 гектареді, оның бидайы -4456, сұлысы-27, қарабидайы-16, тары - 1850 гектар. 1928 жылы шаруалар колхозға бастады. 1929 жылы 0,6 пайыз, 1930 жылы 31,6 пайыз колхозға мүше болып кірді.

Қорғалжын ауданында ең бірінші колхоз Жантеке ауылындағы Жоламан атындағы қолхоз болды.

Трест «Скотовод» деген ұйымға қараған «Шалқар» (орталығы Кенбидайық) деген совхоз 1929 жылы құрылды. Оның жер көлемі 350000 гектар.

Аудан құрылған кезде 195 адам жұмыс істейтін 174 ұсақ өнеркәсіп орындары болды. Олар: 1 кірпіш құятын шаруашылық, бірнеше ұсталық, ұн диірмені, пима басып, етік тігетін шеберханалар жұмыс істеді. Сауда жұмысымен 7 сауда нүктесі, 1 ауыл шаруашылық заттарын сатумен айналысатын, 1 ат сататын сауда орны жұмыс істеді.

Ұйымдасқан кезде ауданда бірінші басқыш 1 мектеп, 73 сауатсыздықты жою пункті, 3 оқу үйі, 1 саяси мектеп ашылды. 17 мектептегі 25 оқытушы 763 оқушыға сабақ берді.

Тек 1934 жылы ғана аудан шаруаларына көмек беріле бастады. Нашар ұжымдар жерді бірлесіп өңдейтін шаруалар қатарына көшірілді де, олар 2 жылға салықтан және өткен жылғы салық– берешектен босатылды. Шаруаларға мал сатып алуға, тұқым, тамақ алуға көмек берілді. Ұжымға үй салуға, шаруашылық құрал- саймандарын алуға, мектеп, мәдени мекеме, аурухана салуға қаражат бөлініп, көмек ұйымдастырылды.

1932 жылдың ақпан айының 20 жұлдызында Қарағанды облысы құрылды, орталығы - Қарағанды қаласы болып бекіді. Облыс құрамына 23 аудан, оның ішінде Қорғалжын ауданы бар.

Қорғалжын ауданы халқының сұрауы мен өтініші бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Қорғалжын ауданы 1939 жылы Ақмола облысының қарауына берілді. 1941 жылы ауданның жалпы халық саны 13 мың адам болып, 1983 шаруа қожалығы 32 колхозға біріккен еді. Колхоздарға 33 трактор, 14 комбаин, 6 жүк машинасы бар бір машина- трактор станциясы қызмет көрсетті. Ауданда осы кезде «Кенбидайық», «Арықты» аталатын 2 совхоз жұмыс істеді. Ауданның барлық шаруашылығында 16436 ірі қара мал, 366 шошқа, 23069 бас қой мен ешкі, 4247 жылқы, 48 түйе болды.

Еліміздің барлық аудандары сияқты Отан соғысы басталуымен байланысты аудан экономикасы соғыс жағдайын лайықталып қайта құрылды. Көпшілік ер–азаматтар соғысқа кетті де, халық шаруашылығымен тылда қалған әйелдер, қарттар мен жас балалар айналысты. Елбасына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында Қорғалжын ауданынан 1452 азамат майданға аттанса, оның 1023-і майдан даласында қаза тапты. Ал 419 жауынгер жерлестеріміз жеңіспен елге оралды.

Халық өте жоғары ұйымшылдықтың, табандылықтың, еңбекке беріліп істегендіктің үлгісін көрсетті. Соның нәтижесінде соғыстың әрбір жылында ауданға берілген ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен мемлекетке тапсыру жоспарын асыра орындап отырды. Мал басы 1943 жылы 1940 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 174 пайызға қой мен ешкі 246 пайызға, жылқы 117 пайызға, түйе саны 214 пайызға өсті. Ал 1939 жылы аудан мемлекетке 6220 центнер астық берсе, 1943 жылы 32000 центнер, 5 есе артық берді. Ұлы Отан соғысы жылдары Қабыланбек деген балықшы бір қыста 47-50 тонна балық аулаған. Қорғалжынға арнаулы самолет келіп, Қарағандыға апарып тұрған.

Тың игеру жылдары мектеп, мәдени -ағарту мекемелерін, тұрмыс -қызметін көрсететін орындар салуға көп көңіл бөлінді. Барлық жаңа совхоздарда аурухана, клуб, дәрігерлік пункттер, 2 жетіжылдық, 4 бастауыш мектептер салынды. Ауданда 26 клуб, 2 орта, 7жетіжылдық, 38 бастауыш-бәрі 47 мектеп жұмыс істеді. Халыққа 19 дүкен, 6 асхана, 6 наубайхана, 12 мәдениет орны, 14 электростанция қызмет көрсетті.

Қорғалжын ауданында үлкен құрылыстар жүргізілді: 1962 жылы 5 қабатты орта мектеп ғимаратын аяқтадық. Үш қабатты тұрғын үй, аудан орталығында қабылдау пунктін, екі квартирлік үй салынды. Жаңадан үлкен автобаза, райкомға пәтерлі үй салынды.



Қорғалжын қорығы-1958 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Ол тың игерген өлкеде табиғаттың қызықты да бағалы жерін сақтау мақсатымен ұйымдастырылды. Ол кезде оның көлемі 177,2 мың гектардай еді. Содан 1961 жылы қорық Қорғалжын орман аң шаруашылығы болып қайта құрылды. 1968 жылы 16 сәуірде №214 Қазақстан Үкіметінің шешімі бойынша осы шаруашылық тағы да қорыққа айналды. Оның негізгі мақсаты жан- жағы жайқалған егін, арасында туған өлкенің табиғаты мен жан -жануарлар дүниесінің көбеюіне қолайлы жағдай жасап, оларды қорғау нәтижесінде хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін зерттейтін табиғат лабораториясына айналдыру. Қорық территориясында қорғалатын объектілердің құндылығына қарай 8 мың гектар, 1976 жылы қаулымен 8,3 мың гектар жерді қорыққа қосымша етіп қосып берсе, 1978 жылы 43,6 мың гектар Қорғалжын және Теңіз көлдер жүйесі бөлімі берілді. Сөйтіп, қорықтың барлық жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы-41-41 С суық болса, шілдеде температура 38-39 С- қа жетеді. Кей кездері 125-130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын - шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, без селеу, қызғылт тобылғы, бидайық, бозшөп тағы басқа өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Суда қалқып жүретін және суға батып тұратын өсімдіктерден балықоты және қазоты жиірек өседі. Судың асты-үстінде және оның бетінде қалқып өсетін өсімдіктердің жиынтығы көлдің барлық көлемінің шамамен 80 проценттейін алады. Мұнде фитопланктонның- суда қалқып жүретін өсімдіктер жиынтығының 167түрі бар. Олардың арасында, әсіресе ұсақ және көк жасыл балдырлар көбірек кездеседі. Фитопланктондар су құстары мен балықтардың қорегі. Теңіз көлінде судың бетінде өсетін өсімдіктер болмайды, бірақ мұнда кейбір балдырлар мен фитопланктондар мол кездеседі. Қорғалжын айдынының 70-80 процентін ну қамыс пен қоға басып жатыр.

Қорғалжын жан - жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүт қоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10 -нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай - ақ дала суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен т.б. мекендейді.

Қорғалжын және Теңіз көлдерінің басты назар аударарлық байлығының бірі- су құстары. Бұл көлдерде олардың түрі жұмыртқалайды, түрі мұнда қоңыс аудару және қыстайтың жерлеріне ұшу мезгілдерінде мекендейді. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келетін құстар саны бірнеше есе көп болатындықтан қорықты «Құс базары» деп те атайды. Қорғалжын көліне 32 мыңдай қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек, аққу, қаз т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы, қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан - жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ғана ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей болып, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде «Қызыл қанат» деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздын саны 45-60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10-15 мыңдайы ғана қалды.



Халықаралық маңызы бар қорғауға алынған батпақты сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын - Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылады. Қазір қорықта туризм саласы дамып келеді.

2008 жылдың 8 -шілдесінде өткен ЮНЕСКО- ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 32-ші сессиясында «Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласымен көлдері» аумағын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне қабылдау туралы шешім қабылданды. Аталмыш аумақ құрамына облысымыздағы Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы кірді.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет