Ақмола облысы Аршалы ауданы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы ом қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Муканова Мейрамгуль Тобылжановна



Дата05.02.2018
өлшемі47.96 Kb.
#56821
Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы ОМ

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Муканова Мейрамгуль Тобылжановна
«Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»

Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына байланысты

викториналық ойын

Жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі кешке қатысушы қонақтар! Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі елге танымал дарынды жерлесіміз Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы Павлодар облысы, Ақсу қаласына қарасты Алтыбай деген жерде дүниеге келген. Өмірінің біраз бөлігін Ақмола және Қызылорда облыстарында өткізді. «Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»

атты кешімізге қош келдіңіздер!



Жүргізуші : Тәуелсіздік алған уақытта Иманжүсіп секілді ұлы тұлғаларға жаңа заманның, жаңаша сөзі керек. Бұл тұлғаның рухын тұғырына қондыратын уақыт болды. Иманжүсіп бір өлеңінде 1 «Қараөткелдің бауырында қалың шұбар,

Көк мойынға үкілеп тақтым тұмар» дейді. Сол Қарөткел бүгін Елдің астанасы болып, бүкіл Алаш баласының арманы үкіленіп тұрған ел.

Иманжүсіп Құтпанұлы ақынның немересі, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрханқызы Раушан Көшеноваға сөз беріледі
Тақпақ «Ерейментау» Ералы Меруерт оқиды
Жүргізуші : Иманжүсіп ел ішіне алдымен ақындығымен, әншілігімен танылды. Бірақ шығармашылығының шағын бөлігі ғана сақталған. Дегенмен, «Сарымойын», «Сарыарқа», «Әкем Құтпан», «Сарыбел», «Ерейментау», «Сейфіл-Мәлік» әндері бүгінгі ұрпаққа етене таныс

.

Арнау өз шығармашылығы Серік Әл Фараби


Жүргізуші : Бүгінгі «Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты кешіміздің мақсаты батыр бабамыздың 150 жылдық мерейтойы еліміздің үш аймағында жалғасуда. Ол тарихта ұлт рухын тірілткен тұлға ретінде қалды. Осыған орай 11,10,9 сынып оқушылар арасында викториналық ойынның өткізілуі ұрпақтан-ұрпаққа Иманжүсіп есімі қалып, кейінгі шәкірттеріміз есте алып жүрсін дегіміз келеді.

Жарқырай көтерілді жыр күмбезің,

Сайраңдап көппен бірге жүрсің өзің.

Еріткен тас жүректі тыңдап жаулар,

Қолында ұрпағыңның жүрер сөзің.

(Алия мәнерлеп оқиды)


Жүргізуші : Ұлттық «Қазақстан» телеарнасында болған жаңалыққа көз салайық

Ал, қатысушыларымыз енді сұраққа кез берейік, сұрақты мұқият толық тыңдап алғаннан кейін ғана жауап береміз.



  1. Иманжүсіптің әкесі Құтпан 17 жасынан бастап кімнің жасағында болған ? Кеңесарының жасағында болған

  2. Атасы Тұрғанбай датқа тарихта Қоқан хандығы жайында не білесіңдер? Ал атасы Тұрғанбай датқа тарихта Қоқан хандығына қарсы азаттық күрестегі ерліктерімен ерекшеленді. Ол Қоқан хандығынан Түркістан жерлерін қайтарып алмақ болған шайқаста қаза табады. Тарихта бұл шайқас Шілік оқиғасы деген атпен белгілі.

  3. Иманжүсіптің түр-тұлғасын атап беріңдерші? сидалау, қапсағай көрінді. Қолмен қойғандай иегіне ғана біткен селдірлеу ұзынша сақалы, жебелі мұрты көк бурыл , жанары таймаған үлкен көзді, сәл шолақтау қыр мұрынды, ат жақты ашаң қара сұр жүзді байсалды да ойлы тәрізді. Жырта қарыс салалы саусақтары жуан да сүйрік.

  4. 1916 жылы «Қазақ» газетінде қандай мақала жарияланады? 1916 жылы «Қазақ» газетінде «Тұрғанбай және оның жоғалған ұлы» деген мақала жарияланып, онда 1913 жылдары Иманжүсіптің Шиелі жаққа сапарлап келгені айтылады.


Жүргізуші : 1916-жылғы ұлт азаттық қозғалысында әскер басқарып, кейіннен атылып кетеді. Яғни, бұл әулеттің үш бірдей буыны, атасы, баласы, немересі осы азаттық пен бостандық үшін күресіп, тәуелсіздіктің жолында құрбан болған жандар.

  1. Қай жылдарда Иманжүсіп өзінің отбасымен атасының бейітінің басына барады ? 1918 ж. Тұрғанбайдың немересі бабаларының отанына қайтып оралады.

  2. Иманжүсіптің шығармашылығының шағын бөлігі жайында не білесіңдер? «Сарымойын», «Сарыарқа», «Әкем Құт­пан», «Сарыбел», «Ерейментау», «Сейфіл-Мәлік» әндері

  3. Иманжүсіп секілді әнші-ақындар, сал-серілер шығармашылығының халық әндерінен тамыр тартатынына кімдер ? Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Муса, Балуан Шолақ

  4. Қазақ радиосының «Алтын қорынан» Иманжүсіп Құтпанұлының қанша әні әрі оындаушылар кімдер? 13 әні табылған. Орындаушылар: Рамазан Баймағанбетов, Ғалымбек Нұрғазинов, Қайрат Байбосынов, Жүсіпбек Елебеков, Мейіргүл Нұрмағанбетова, Жаппас Қаламбаев, Әмина Нұғыманова, Сматай Үмбетбаев, Айтбек Нығызбаев, Ербол Айтбаев.

  5. Иманжүсіптің қонысы қай жерде деп ойлайсыздар? Күйгенжардан 50 шақырымдай жерде. Есіл бойындағы қыпшақ елі

  6. Жақында Павлодарда бабамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған қандай кітабы жарық көрді ? «Тұлпардың ізімен» атты жаңа кітап жарық көрді

  7. Мынау мүсін қашан қай жерде орнатылған деп ойлайсыңдар? Ақсу қаласы орталығына Иманжүсіптің мүсіні орнатылды. 150 жылдық мерейтойына байланысты. Бұған дейін жаңа спорт сарайына есімі берілген болатын.

  8. Иманжүсіп қай жылы өмірден кетті? Иманжүсіп 16-шы жылғы ұлт-азаттық қозғалысында әскер басқарды. 31-ші жылы «атылып» кетті

Ақыл - тон аңдағанға тозбайтұғын,

Ғылым - кен күнде өріп қоздайтұғын

Иелік екеуіне еткендерім,

Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын – деп

Палуан, сазгер, ерлік пен намыс жыршысы, ақынның мерейтойына байланысты жоғары сыныптар арасында «Иманжүсіп – ұлт рухын тірілткен тұлға» атты шығармалар сайысы өтілді, сол үзіндіден оқытсақ...

Білімді ұрпақ өсіру арманыңыз ,

Балаларды әрдайым қолдадыңыз.

Қызметте абыройыңыз арта берсін,

Жасымай асқақ көңіл таса берсін –

дей келе әділқазыларға сөз береміз



Жүргізуші : Отаршылдық езгіге қарсы күресіп өткен Иманжүсіп болса - талантын туған елге бағыштап өткен нар тұлға. Тарихта болған және тарихи оқиғаларға қатысып, бел ортасында жүрген батыр тағдырын қарымды қаламгерлер, ақындар өз көркем туындыларына арқау етті. Иманжүсіп Құтпанұлының өмірі мен шығармашылығы, оның өзі өмір сүрген заманымен астастыра суреттеген шығармалардың қай-қайсысын алып қарасақ та, ел-жұртының болашағына алаңдаған қайсар ердің ерлігі мен азаматтығын танытады. Міне, өртеңге шыққан гүлдей Иманжүсіп сияқты ұлдарымызды әнші еткен өнерге деген махаббат, туған жерге деген сағыныш, соңғы демі жеткенше өз Отанының еркіндігі мен тәуелсіздігін аңсаған ақ жүрегі. Қазіргі жас-тарымыз осындай тұлғалардың мұраларын кейінгі ұрпаққа одан әрі жеткізе түседі деген үміттеміз.

Дүниеден өмірім бітіп, өтсем де өзім,

Аралап жердің жүзін жүрер сөзім!

«Көре алмай кейінгіні кеттім-ау!»-деп,



Арманда болмай-ақ қой, екі көзім!

дей келе әдеби кешімізді аяқталды, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тело большинства моллюсков покрыто раковиной, образованной в результате накопления извести в поверхностных слоях кутикулы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек
lessons -> Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту. Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту
lessons -> Сабақтың мақсаты Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Атф синтезі
lessons -> Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші Сыныбы: 5 сынып Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет