Аманжол қалыш Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы оқу-əдістемелік кешен



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата13.08.2018
өлшемі2.96 Kb.
#81862
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы 
 
 
ƏЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
АМАНЖОЛ Қалыш 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОГЕНЕЗІ 
МЕН 
ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ 
 
 
 
Оқу-əдістемелік кешен 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
«Қазақ университеті» 
2013 

 
 
ƏОЖ 39(574) 
КБЖ 63.5(2к) 
Қ 30 
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  
тарих, археология жəне этнология факультетінің  
Ғылыми кеңесі жəне Редакциялық-баспа кеңесінің шешімімен ұсынылған 
 
 
Пікір жазғандар
 
тарих ғылымдарының докторы, академик Б.Е. Көмеков 
тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Б. Кəрібаев 
тарих ғылымдарының докторы, доцент Р.А. Бекназаров 
 
 
 
 
Қалыш А.  
Қазақ  халқының  этногенезі  мен  этникалық  тарихы:  оқу-
əдістемелік  кешен. – Алматы:  Қазақ  университеті, 2013. – 
14
8 б. 
ISBN 978-601-04-0123-5 
 
Оқу-əдістемелік  кешенде  қазақ  халқының  этногенезі  мен  этникалық 
тарихына  қатысты  негізгі  тұжырымдар  қарастырылады.  Этногенез  жəне 
этникалық  тарихқа  байланысты  теориялық  көзқарастар,  сонымен  қатар 
қазақ  халқының  құрылуының  тарихи  алғышарттары;  ежелгі  жəне 
ортағасырлық Қазақстан территориясындағы этникалық үдерістер; монғол-
татар  шапқыншылығынан  кейінгі  халық  болып  қалыптасу  үдерісінің  ше-
шуші  себептері;  Қазақ  хандығының  құрылуына  байланысты  қазақ  халқы-
ның  қалыптасу  кезеңіне  анализ; «Қазақ»  атауының  шығуы  мен  мағына-
сына  байланысты  ғылыми  талас  мəселесі;  Ұлы,  Орта  жəне  Кіші  жүздер 
сияқты этнотерриториялық бірлестіктердің қалыптасуы мен құрылу меха-
низмдері  сияқты  іргелі  мəселелерге  қатысты  бағдарламалық  бағыттар, 
дəріс  тезистері  берілген.  Оқу-əдістемелік  кешен  «археология  жəне  этно-
логия»  мамандығы  бойынша  білім  алатын  магистранттарға, Ph.D док-
торанттарға,  тарих  жəне  этнология  пəнінен  дəріс  беретін  оқытушыларға, 
зерттеушілерге арналған. 
 
ƏОЖ 39(574) 
КБЖ 63.5(2к) 
 
© Қалыш А.Б., 2013 
ISBN 978-601-04-0123-5                                              
        © Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013 
Қ 30 

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы 
 

 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
«Қазақ  халқының  этногенезі  мен  этникалық  тарихы»  пəні 
«Археология жəне этнология» мамандығы бойынша білім алушы-
лардың  өз  мамандықтарына  сəйкес  теориялық  жəне  практикалық 
танымдарын  қалыптастыруына  мүмкіндік  береді.  Оқу  үдерісіне 
деген жаңа талаптар мен көзқарастар магистранттардың болашақта 
игеретін  мамандықтарына  сай  терең  білім  мен  дүниетанымды 
бойларына  сіңірулерін  талап  етеді.  Бұл  пəн  магистранттарды 
этностар мен этнонимдердің қалыптасуы, даму заңдылықтары тео-
риясын  талдап,  ғылыми  саралай  білуге  үйретеді.  Жалпы  этнос-
тардың  шығу  теориясын  зерделей  отырып,  қазақ  этногенезінің 
күрделі үдерістерімен қоса, этникалық территориясының қалыпта-
суына қатысты ғылыми еңбектермен терең таныстырады.  
● Курстың мақсаты мен міндеті.  
Пəннің  мақсаты – магистранттарға  қола  дəуіріндегі  тайпалар-
дан бері қарайғы қазақ халқының шығу тегі, олардың жалпы даму 
эволюциясы,  халық  болып  қалыптасуында  зор  рөл  атқарған  ру-
тайпалардың тарихы туралы терең білім алуға бар теориялық жəне 
методологиялық жағынан мүмкіндік жасау.  
 Пəннің негізгі міндеттері
–  қазақ  халқының  этногенезі  мен  этникалық  тарихы  туралы 
теориялық мəселелерді қарастыру; 
– қазақ халқының құрылуының тарихи алғышарттарын зерттеу; 
–  ежелгі  жəне  ортағасырлық  Қазақстан  территориясындағы 
этникалық үдерістерді зерттеу; 
–  монғол-татар  шапқыншылығынан  кейінгі  халық  болып  қа-
лыптасу үдерісінің шешуші себептерін зерттеу; 
–  Қазақ  хандығының  құрылуына  байланысты  қазақ  халқының 
қалыптасу кезеңіне анализ жасау; 
– «қазақ»  атауының  шығуы  мен  мағынасына  байланысты 
ғылыми талас мəселесін зерттеу;   
– Ұлы, Орта жəне Кіші жүздер сияқты этнотерриториялық бір-
лестіктердің қалыптасуы мен құрылу механизмдерін зерттеу. 
Пəнді  оқытудағы  негізгі  атаулар,  түсініктер,  əдістер  мен 
əдістемелер.  
Этностардың  этногенезі,  этникалық  тарихы,  олардың  қызме-
теріндегі  өзектілік,  этникалық  мəселелердің  талдануы,  халықтар-
дың  антропофизикалық  дамуы.  Этнологияның  əлеуметтік  функ-

Аманжол Қалыш 
 

 
циялары:  ғылыми-танымдық,  этностың  өзін-өзі  тану  қызметі. 
Этникалық  топтардың  қызметтері  мен  əлеуметтік  аспектілері, 
дамуы,  олардың  ұқсастықтары,  өзіндік  ұйымдастыру  формалары, 
этникалық топтардың өзара байланыс типтері. Этникалық стерео-
типтердің  қалыптасу,  этникалық  өзін-өзі  тану  мен  бірегейлік 
мəселесі. Тақырыпқа байланысты терминдер.  
    Этногенез  бен  этникалық  тарихқа  байланысты  шетелдік 
жəне отандық тарих пен этнология ғылымдарының тарихы. Гер-
маниядағы  халықтар  туралы  қалыптасқан  ғылымдағы  дəстүр. 
Ұлыбританиядағы  ағылшын  этнологиясының  негізін  салушылар-
дың  бірі  Д.  Фрезердің  ғылыми  айналымға  енгізген  əлеуметтік 
антропология  құрамындағы  халықтар.  АҚШ-тағы  физикалық 
антропология, нəсілдік жəне мəдени айырмашылықтарды зерттеу-
дің негізін салушы Г.Л. Морганның ізденістері. Россия мен Фран-
циядағы  халықтар  туралы  ғылымның  деңгейі.  Н.Н.  Миклухо-
Маклай,  Г.Г.  Шпет,  В.В.  Богораз  жəне  т.б.  ғалымдардың  ғылыми 
зерттеулері.  
 Этникалық  үдерістерді  этногенетикалық  тұрғыдан  түсін-
діру. Этникалық қауымдастықтардың географиялық саналуандығы, 
тарихи-этнографиялық  аймақтар  жəне  олардың  топтастырылу 
орындары мен ерекшеліктері. Тарихи-этнографиялық бірлестіктер-
дің  типологиясы.  Адамзаттың  жіктеліске  түсуінің  заңдылықтары 
мен  себептері.  Қауымдастықтардың  бірігу  факторлары,  олардың 
қалыптасуы.  
Этногенетикалық  шоғырлар,  генезистің  негізгі  критерийлері. 
Бірлестіктердің  этникалық  өзіндік  санасы  жəне  өзіндік  атауы. 
Археологиялық жəне этнографиялық материалдардың этногенети-
калық мəні, олардың хронологиялық байланысы.  
 ●  Зерттеулердің  əдістері.  Нақты  нысанды  барлық  қолда  бар 
білім көлемімен зерттеу. Тарихи-этнологиялық зерттеу жұмыстары 
тəсілдерінің  спецификасы.  Этностарды  қарастырудағы  тарих  пен 
этнология ғалымдарының зерттеулері мен сипаттамалары, саяхат-
шылардың  жазбалары,  фольклорлық  жəне  көркемдік  мəтіндер, 
этносоциологиялық  жəне  этнопсихологиялық  зерттеулер,  публи-
цистикалық материалдар, ресми құжаттар,  тарихи жəне  қоғамдық 
саяси  əдебиеттер  жəне  т.б.  Сонымен  қатар  этностарды  зерттеу 
барысында  қолданылатын  басқа  да  тəсілдердің  құндылығы. 
Мысалы, олармен тікелей қатынас кезінде кездесетін əртүрлі жағ-

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы 
 

 
дайлар,  пайымдаулар  мен  түрлі  дəлелдер,  əңгіме  жəне  талас 
кезінде  қолданатын  логикалық  пайымдаулар,  қоршаған  ортаның 
өзіндік іс-əрекетін түсіндіруде жиі кездесетін басқа да тəсілдер мен 
құнды құбылыстар.  
Жоғарыда  көрсетілген  əртүрлі  мəліметтерді  алу  жəне  өңдеу 
барысындағы  қолданылатын  түрлі  тəсілдер.
 
Бүгінгі  таңда  тарихи- 
этнологиялық  жəне  т.б.  зерттеу  тəсілдерінің  тұтас  жиынтығының 
жан-жақты  қалыптасуы.  Оның  құрамында  жазба  деректер  мен 
ауызша  аңыздарды  анықтау,  археологиялық  жəне  антропология-
лық мəліметтердің қолданылуы мен талдануы. Салыстырмалы-та-
рихи, құрылымдық-функционалдық жəне жүйелі тəсілдер жəне т.б.   
●  Этнос  пен  этногенезге  байланысты  негізгі  теорияларды 
талдау.  Этнос  пен  этногенезге  байланысты  негізгі  теорияларды 
талдау.  Халықтардың  этногенезі  туралы  теориялық  мəселелерге 
тоқталу. Тарихта ғасырлар бойы қалыптасқан этнологияның негізгі 
ірі  ғылыми  бағыттары  мен  мектептерінің  сипаттамасы  мен  кей-
біреулерінің əр мезгілде жоғары сатыға көтерілуі жəне белгілі бір 
беделге ие болуы. Этникалық коғамдар жəне олардың мəдениетіне 
тікелей  қатысты  негізгі  идеялар  мен  алғашқы  тұжырымдардың 
бөлініп шығуы. Бұл теорияны қолданудағы шектеу тəсілінің анық-
талуы жəне олардың инструменталды əрекет етуші элементтерінің 
көрсетілуі.  Сонымен  қатар  тарих  пен  этнологияның  дамуы  бары-
сындағы қалыптасқан бағыттарды жүйелі түрде мазмұндау. 
Этнос  теориясының  халықтарды  классификациялау  барысын-
дағы  жүйелі  жəне  реттеуші  сипаты.  Тарихи-антропологиялық 
мəселелер: морфологиялық, психофизиологиялық құралдар, кеңіс-
тік  пен  уақыттағы  этногенетикалық  бүршіктер,  олардың  түрлері. 
Антропогендік  үдерістер  жəне  этногенездік  фактілер,  олардың 
түрлеріндегі өзіндік айырмашылықтар. Əр этностың өмір сүруі мен 
одан  əрі  дамуының  көп  жағдайда  басқа  этностармен  өзара 
байланыста болуы. 
Археологиялық материалдар бойынша əлеуметтік жəне рухани 
мəдениет  құбылыстарын  реконструкциялаудың  теориялары.  Эт-
ностың жүйелі параметрі, этногенездің пайда болу көзі, этникалық 
қауымның  құрылымдылығы.  Этногенетикалық  болжам  жəне 
талдау. 

Аманжол Қалыш 
 

 
І БӨЛІМ
ЭТНОГЕНЕЗ БЕН ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХТЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
 
 
1.1 Этногенездің теориялық мəселелері 
 
● Этнос пен этногенездің примордиалистік теориясы  
Этностың  примордиалистік  теориясы.  Примордиализмнің 
философиялық  жəне  дүниетанымдық  негізі.  Этникалық  объек-
тивті мəлімет ретінде адамзат тарихындағы алғашқы (примордиа-
листік)  тұрақтылық.  Примордиалистік  (жалпылай  көзқарас)  тео-
риясының  этникалық  жекелеуіне,  адамның  топпен  немесе  сол 
мəдениеттің  табиғи  байланысына  негізделуі.  Примордиализмнің 
теориялық көздері. Примордиализмнің жақтастарының этнос пен 
этностықты табиғатта немесе қоғамда жалпылама негізі бар шы-
найы феномен ретінде өмір сүреді деп есептеуі. Этностың шығуы 
туралы осы екі объективті нұсқаны негізге ала отырып, примор-
диалистік  тұрғыдағы  барлық  теориялардың  екі  бағытқа  бөлінуі: 
табиғи жəне тарихи-эволюциялық. 
Табиғи  бағыт.  Бұл  жерде  примордиалистік  құрылым  ретінде 
ата-тегі  бір,  бір  нəсілге  жататын  биологиялық  механизм  деп  ай-
қындалуы. Этникалық ұғымын эволюциялық идеялар көменімен, 
“кеңейтілген  қоғамдық  топтардың”  немесе  “туысқандық  талдау 
мен  байланыстардың  кеңейтілген  формасы”  ретінде  түсіндіруі. 
Тарихи-эволюциялық бағытта этностың жүйелі параметріне баса 
назар  аударылуы.  Əсіресе  этногенез  бастаулары,  этникалық  тұ-
тастықтың  құрылымдылығы,  оның  тарихи  дамуының  сатылы-
лығы (соның ішіндегі “тайпа”, “халық”, “ұлт” түсініктері, этника-
лық  шекараларды  бекіту,  этносаралық  өзара  əрекеттестіктің 
оптимизациясы, этносқа ғасырлар бойы өзінің қайталанбастығын 
жаңғыртуға  мүмкіндік  беретін  “этникалық  константаларды”  із-
дестіру,  этногенетикалық  үдерістерді  болжау  жəне  т.б.  мəсе-
лелер). 
Этностың  биоəлеуметтік  концепциясы.  Л.Н.  Гумилев  тұ-
жырымдамасындағы  этностың  пассионарлық  теориясы.  Этноге-

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы 
 

 
нездің  негізгі  тарихи  түрлері.  Палеоэтногенез – этностардың 
түрлі  метаэтникалық  қауымдастықтар  негізінде  қалыптасуы. 
Мезоэтногенез – халықтар  типті  этностың,  яғни  тайпа  мен  ұлт 
арасындағы этностың пайда болуы. Неогенез – жаңа жəне қазіргі 
заманның  этногенезі. “Этносфера”  ұғымы  адамзаттың  жер  ша-
рындағы  тіршілігінің  формасы  ретінде.  Л.Н.  Гумилевтың  этнос 
концепциясындағы  биоəлеуметтік  түсінігі.  Этногенез – тірі  зат, 
биохимиялық  энергиясының  этностың  тарихи  қызметіне  жəне 
этномəдени энергиясына өзгеруі. Этностың пайда болуы, қалып-
тасу  орны  мен  даму  циклдерінің  белгілі  бір  “заңдылықтарға” 
тəуелді  бағытталуы.  Ғалымның  пікірінше,  олар  үш  қағиданың 
бірлігімен анықталады: географиялық (ландшафт), этникалық (ха-
лық) жəне саяси-əлеуметтік (мемлекеттік). Алғашқы екі маңызды 
принциптің жаратылыс ғылымымен байланысты болуы, үшіншісі 
алғашқы  екеуінің  өнімі  ретінде  адам  туралы  ғылым  сферасына 
жатқызылуы. 
Этностың  əлеуметтік-тарихи  концепциясы.  Ю.В.  Бром-
лейдің  этнос  жəне  этникалық-мəдениет  теориясы.  Этносқа  тəн 
белгілері мен компоненттері: ішкі бірлігі, өзіндік сана-сезімі мен 
идентификациясы,  ортақ  психикасы,  территория  тұтастығы,  тілі 
жəне т.б. Этнос терминінің кең мағынасы. “Этникалық мəдениет” 
жəне “этнос мəдениеті” ұғымы. Этнос “этникалық-этноəлеуметтік 
организм”  ретінде.  Күнделікті  тəжірибеде  этностардың  өзіндік 
материалдық  жəне  рухани  мəдениеттерімен  ерекшеленуі.  Негізгі 
терминдер, ұғымдар. 
Этностың  синергетикалық  концепциясы.  Синергетика – 
күрделіліктің жоғарғы деңгейіндегі бірізділік емес тепе-теңсіздік 
жүйесінде  өзін-өзі  басқару  үрдісін  зерттейтін  ғылым.  Этносты 
біркелкі емес синергетикалық жүйе ретінде қарастыру: этникалық 
тəжірибе  феноменін  зерттеу,  этностардың  өзін-өзі  ұйымдастыру 
үдерісінің  əлеуметтік  тұжырымдарын  талдау,  этностың  иерар-
хиялық  құрылымының  жүйеленіп  бөлінуі  жəне  олардың  өзара 
ықпалдасуы.  Этнос  құрылымының  жасалуының  синергетикалық 
қағидалары.  Этникалық  жүйенің  бірізділік  емес  ұғымы,  оның 
ұжымдылығы, этникалық құрылымның икемділігі. Этногенездегі 
мəдени  байланысты  зерттеудегі  синергетикалық  тəсілдің  жалпы 
ғылыми  əдіс  болып  есептелуі  жəне  қоршаған  ортаны  диалек-
тикалық тану əдісі болып табылатындығы.   

Аманжол Қалыш 
 

 
● Этнос метафора ретінде. Конструктивизм əдістемесі. Эт-
никалық  құрылымды  зерттеудегі  конструктивистік  тəсіл
Конструктивизмнің  негізгі  теориясы. “Ұлт – мемлекет”  концеп-
циясы.  Ұлттар  жəне  ұлтшылдық  “белгісіз  қауымдастық”  ретінде 
(Б. Андерсон). Этнос – белгілі бір топтың жəне тұлғаның мəдени 
дəстүрге  енген  ұқсастық  формасы  ретінде  (Э.  Эриксон).  Э.  Гел-
лнердің “ұлттар жəне ұлтшылдық” кітабының басты идеясы. Ұлт-
шылдық – саяси қауымдастықтың реконцептуализациялық меха-
низмі ретінде (Р. Бурдье). Этникалық бірлестік – өзара əлеуметтік 
байланыс нəтижесі ретінде (Э. Хобсбаум). Этнос – метафора ре-
тіндегі феномен, оның өкілдерінің ортақ атауы жəне мəдениеттік 
түрлерінің  бөлісуі,  шығу  тегі  мен  тарихи  ортақтығы,  ынтымақ-
тастық сезімге ие болуы (В. Тишков)”.  
Этникалық зерттеу əдістемесіндегі конструктивистік (постмо-
дернисттік) тəсіл сипаттамасы. Этнос – ерекше мəдени белгілері 
жəне өзге қоғаммен мəдени байланыста болатын адамдар қауым-
дастығы ретінде түсіндірілуі. Сонымен этникалық қауымдастық-
тың белгілері ортақ шығу тегімен байланысты емес, оның жалпы 
ортақ  тарихи  тағдырына,  мифке,  сондай-ақ  шектелген  мəдени 
ортаға байланыстылығы.  
●  Этнос  зерттеудегі  инструменталистік  əдіс.  Этносты 
зерттеудегі  инструменталистік  тəсіл.  Примордиалистік  тə-
сілге  қарағанда  инструменталистік  тəсілдің  этникалылықтың 
объективті  негізін  іздестіруге  емес  (инструментализм  этносты 
факт, шындық  ретінде  қабылдайды),  қауымдастық  пен  этностың 
орындайтын функцияға бағытталуы. Инструментализмнің əдісте-
мелік  көрсеткіші.  Этникалық  бірлік  топ  мүддесінің  орындалу 
құралы, саяси күресте жұмылуы (Н. Глезер, Д. Мойнихэн). Этни-
калық  қауым – “топ  мүддесі”, “жұмылдыру  тобы” (Р. Джексон). 
Этникалық  топтың  сақталуы – қазіргі  қоғамға  тəн  бұқаралық 
мəдениет  жəне  құндылықтың  қажеттілігі  мен  прагматизмі  үшін 
адам  қажеттілігіндегі  жатырқауды  жеңу.  Этникалық  сана-саяси 
күш  ретінде  (У.  Коннор).  Ұлтшылдықтың  этномəдени  жəне  аза-
маттық  түрі,  ұғымдары.  Этносты  анықтаудың  негізгі  тəсілдері. 
Этностың  күрделі  құрылым  ретінде  сипатталуы,  оның  салыс-
тырмалы категория ретінде көрінуі. Этникалық топтардың өзіндік 
мəдени ерекшеліктері, құндылықтары жəне қызметтері.   
Этностың ақпараттық концепциясыƏлемдік этнологияда 
этникалықтың  инструменталистік  тəсіліне  Н.Н.  Чебоксаров  пен 

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы 
 

 
С.А.  Арутюновтың  этностың  ақпараттық  концепциясын  қосуы. 
Ақпараттық  байланыстардың  əртүрлі  (синхрондық,  диахрондық) 
қатынас формалары түрінде болуы. Ақпараттық байланыстардың 
əр  түрлі  жолдар  арқылы  (тілдік  қатынас  көмегімен  көрсету, 
еліктеу) берілуі. 
 
Магистранттардың өз білімін тексеруге арналған сұрақтар: 
1.  Примордиализмнің теориялық көздері. 
2.  Л.Н.  Гумилев  тұжырымдамасындағы  этностың  пассионарлық  жəне 
этносфера теориясы. 
3.  Ю.В. Бромлейдің этнос теориясының ерекшелігі. 
4.  Этностың синергетикалық қағидасының негізі. 
5.  Конструктивистік тəсілдің негізгі сипаттамасы. 
6. 
Инструменталистік теорияның елеулі қасиеттері

 
1.2 Қазақ халқының  
этногенезінің деректері мен тарихнамасы 
 
 
     ●  Жазбаша  деректер.  Этногенездік  жəне  этникалық 
үдерістердің мəселесі. Қазақ халқының этногенезі мен этникалық 
тарихына байланысты жазбаша деректер. 
 Парсы  деректері.  Ала  ад-дин  Жувейнидің  «Тарих-и  джа-
хангуша» («Əлемді бағындырушының тарихы», 1260), Фазлаллах 
Рашид  ад-Диннің  «Жами´ат-таварих» («Жылнамалар  жинағы», 
1310-1311),  Низам  ад-дин  Шамидің  «Зафар-наме» (1403-1404), 
Шараф  ад-дин  Əли  Йаздидің  «Зафар-наме» (1425), Муин  ад-дин 
Натанзидің  «Мунтахаб  ат-таварих-и  Му´ини» (1412-1414), 
Хафиз-и Абрудың «Зубдат ат-таварих-и Байсункари» (1430), Абд 
ар-Раззақ  Самаркандидің  «Матла´ас-са´  дайн  ва  маджма´  əл 
бахрайны» (1471), Мұхаммед  Хавенд-шах  Мирхондтың  «Раузат 
ас-сафа» (1498), Əбу-л Хасан Сайид Əли əл-Жүзжанидің «Маса-
лик  əл-мамалик» (1477), Мырза  Мұхаммед  Хайдар  Дуғлаттың 
«Тарих-и  Рашиди» (1542-1546), Камал  ад-дин  Бинаидің  «Шай-
бани-наме» («Шайбани  туралы  кітап»)  жəне  «Футухат-и  хани» 
(XVI  ғасырдың  басы),  Молла  Шадидің  «Фатх-наме» («Жеңістер 
кітабы», XVI ғасырдың  басы), Фазлаллах  ибн  Рузбихан  Исфаха-
нидің  «Михман-наме-йи  Бухара» («Бұхар  мейманының  кітабы», 
XVI  ғасырдың  басы),  Масуд  ибн  Усман  Кухистанидің  «Тарих-и 
Абулхайр-хани» (1543-1544), Зайн ад-дин Васифидің «Бадаи´ əл-
вакаи´» («Ғажайып  оқиғалар», XVI ғасырдың  ортасы),  Хафиз 

Аманжол Қалыш 
 
10 
 
Таныш  ибн  Мир  Мұхаммед  Бұхаридің  «Шараф-наме-йи  шахи» 
(«Шахтар  даңқы  кітабы», XVI ғасырдың  екінші  жартысы),  Мах-
мұд  ибн  Əмір  Уəлидің  «Бахр  əл-асрар  фи  манакиб  əл-ахйар» 
(«Өнегелі  адамдардың  ерліктері  жайлы  ғаламат  құпиялар»,  
XVII  ғасырдың 1-жартысы),  Аштархани  Нəдір-Мұхаммедтің 
«Бахр  аль-асрар» (XVII ғасырдың 1-жартысы), Мұхаммед  Юсуф 
Муншидің  «Тарих-и  Муким-хани» (XVII ғасыр),  Шах-Махмұд 
Шорастың «Тарих» (Хроника, 1676-1677) шығармалары.  
Түркі тілді деректер. Сейфи Челебидің «Китаб-и падишах-и 
вилайет-и  Хинд  ва  Хитай  ва  Хотан  ва  Кашмир» (XVI ғасыр), 
Абдаллах  бен  Мұхаммед  Балхидің  «Зубдат  əл-асар» («Маңызды 
жылнамалар», XVI ғасырдың  басы),  Бабырдың  «Бабыр-наме» 
(«Бабыр  жазбалары», XVI ғасырдың  басы),  Өтеміс  қажы  ибн 
Маулана  Мұхаммед  Достың  «Шыңғыс-наме» (XVI ғасырдың 
басы),  беймəлім  автордың  «Тазкира-йи  Ходжа  Мухаммад 
Шариф» (XVI ғасырдың  екінші  жартысы),  Мұхаммед  Салихтың 
«Шайбани-наме» («Шайбани туралы кітап», XVI ғасырдың басы), 
Қадырғали  Жалаиридің  «Жами  ат-таварих» («Жылнамалар  жи-
нағы», 1602), Əбілғазының  «Шаджра-йи  тюрк» («Түрктердің  ге-
неалогиясы») пен «Шаджра-йи таракима» («Түркімен шежіресі», 
XVII  ғасырдың  ортасы),  Шер-Мұхаммед  Əуез  бидің  (Мунистің) 
«Фирдаус  əл-икбал» («Жұмақтағы  бақыт  бағы», 1829), беймəлім 
автордың  «Тарих-и  Қашғар» («Қашғар  тарихы», XVII ғасырдың 
екінші  ширегі),  Мұхаммед-Салық  Қашғаридің  «Тазкира-йи  ход-
жаган» («Қожаның  ғұмырнамасы»),  Молла  Мұса  Айса  қожа 
Сайрамидің  «Тарих-и  амнийа» («Тыныштық  пен  қауіпсіздік 
тарихы», XIX ғасыр) еңбектері. 
 Араб тілді деректер. Жамал Қаршидің «Мулхакат ас-сурах» 
(«Ас-сурах  сөздігіне  қосымша», 1274), беймəлім  автордың 
«Китаб маджму тарджуман тюрки ва аджами ва мугули ва фарси» 
(«Түркі, араб емес, монғол жəне парсы түсіндірме сөздері жина-
ғының кітабы», 1245), əл-Омаридің «Масалик əл-абсар фи мама-
лик  əл-амсар» (1340), Ибн  Баттутаның  «Тухфат  ан-нуззар  фи 
ғараиб əл-амсар ва аджаиб əл-афсар» («Қалалардың ғажайыптары 
мен саяхат кереметтерін аңғаратындарға сыйлық», 1356), Ибн əл-
Фураттың (1334-1405), əл-Калкашандидің (1355-1418), əл-Макри-
зидің (1364-1442), Ибн  Арабшахтың  «Абжаиб  əл-макдур  фи 
наваиб  Тимур» («Темір  жасаған  қасіреттердегі  алдын  алу  кере-
меттері», 1450), Ибн  Тангрибердидің (1411-1465), Ибн  Иястың 

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы 
 
11 
 
(1448-1524) тарихи жəне энциклопедиялық еңбектері.  
Қытай  деректері. 332 тараудан  тұратын  Қытайдың  
25  əулеттік  тарихын (1645-1736 жылдар)  қамтитын  «Мин  ши» 
(«Мин  əулетінің  тарихы»).  Императорлар  билеуінің  хроникасы 
«Мин шилу» («Мин əулеті билік етуінің анық жазбалары»). Тари-
хи  құрама  «Мин  хой  яо» («Мин  империясына  жалпы  шолу») 
еңбегі.  
Орыс  деректері.  Сібір  жылнамалары:  Строганов  жылнамасы 
(XVII  ғасырдың  орта  шені),  С.  Есиповтың  «Сібір  жылна-
масы»(1687), «Ремезов  жылнамасы» (XVIII ғасырдың  басы).  Ре-
сейдің  орталық  (ЦГАДА,  АВПР),  сондай-ақ  жергілікті  мұрағат-
тарында  сақтаулы  материалдар  мен  құжаттар.  Елшіліктердің 
есептері,  сауда  миссияларының,  экспедициялардың  сызбалары 
мен жазбалары. «Үлкен Чертежге Кітап» (XVI ғасырдың аяғы).  
Батыс  деректері: XIV-XVII ғасырларда  дипломаттардың, 
саудагерлердің,  миссионерлердің  (Гонзалес  де  де  Клавихо, 
Сигизмунд  Герберштейн,  Иософат  Барбаро,  Амброджо  Конта-
рини,  Антоний  Дженкинсон,  Филип  Авриль,  Адам  Олеарий) 
тарихи-этнографиялық  мəліметтері.  Венеция  дипломаты  И.  Бар-
бароның  «Тан  мен  Персияға  саяхат» (XV ғасырдың  ортасы) 
кітабы, ағылшын А. Дженкинсонның «Ресей, Московия, Татария» 
(1562)  картасы,  голландтық  географ  Н.К.  Витсеннің  «Солтүстік 
жəне шығыс татария туралы» (XVII ғасыр) еңбегі, шведтің соғыс 
тұтқыны  Филип  Иоганн  Страленбергтің  «Еуропа  мен  Азияның 
солтүстік  жəне  шығыс  бөліктерінің  тарихи-географиялық  сипат-
тамасы» (XVIII ғасыр)  деген  кітабы. XVII ғасырда  нарративтік 
əдебиетті  голландықтар  Ян  Стрейстің,  Корнелий  де  Бруиннің, 
швед дипломаты Энгельберт Кемпфердің, француздар жан Батист 
Таверньенің,  ағылшындар  Самюэль  Коллинздің,  Джон  Перридің 
жəне т.б. байытуы. 
 XVIII ғасырдың  ортасы – XX ғасырдың  басындағы 

Каталог: pdf -> foreign
foreign -> ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Қазақстан республикасы
foreign -> Қазақстан қҦстары
foreign -> Инструкция по вскрытию нерестовых бугров лососей в реках Сахалина Краткое руководство по определению количества нерестовой площади и численности лососей в нерестовых реках Сахалинской области
foreign -> Этнологияның іргелі мəселелері
foreign -> Диуани хикмет
foreign -> Книга вторая в серии словарей «Биологические науки»
foreign -> «жас ерекшелік физиологиясы жєне мектеп гигиенасы» пәні бойынша 050113- биология, 050116-география мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешені
foreign -> М. И. А›ылбаев Ы›тималды›тар теориясы жЩне математикалы› статистика элементтері
foreign -> Қазақстан Республикасы Президентінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет