«Алтын сақа» 5-сыныптар арасында өткізілген танымдық ойын Мақсаты



Дата27.10.2018
өлшемі34.58 Kb.
Баян Мұрынбаева,

№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы.
«Алтын сақа»

5-сыныптар арасында өткізілген танымдық ойын


Мақсаты: оқушыларды көркем әдебиетті оқуға ынталандыру,ой-өрісін

кеңейту,сөйлеу тілін байыту,тіл мәдениетіне көңілдерін аудару,салт-

дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге,халық ауыз әдебиетін қастерлеуге

тәрбиелеу.



Көрнекілігі: асық, қоржын,конверт,интерактивті тақта,слайд

Сабақтың барысы:

-Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен шәкірттер,ойынға қатысушылар! Бүгінгі 5-сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Алтын сақа» танымдық ойынына қош келдіңіздер! Оқушыларға сұрақтар қою арқылы ойыншыларды таңдаймыз.

Бүгінгі ойынымызға «Ер Төстік» ертегісі нысана болып алынады.

Ойынның шарты таныстырылады.

Ойын 6 кезеңнен тұрады.
І Табалдырық кезеңінде қойылған сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап берген 6 оқушы арбаға ие болады.

1. «Алда ғана ,көк шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кешке бүйтіп жар қуалап,торғай атқанша,тентіреп кеткен сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма?»

Кімнің сөзі?
2. «Апа,апа бидай піскенін көріп берші». Кімнің сөзі?
3. «Әкем маған жылқыдан таңдатсын,Шалқұйрық атты берсін,жасаудан ақ сырмалы сауытты берсін,түйеден құба інгенді берсін.» Кімнің сөзі?
4. «-Сүйген жарың Ер Төстік,

Құтты болсын,Кенжекей!

Мінген де атың Шалқұйрық,

Құтты да болсын,Кенжекей!»

Әрі қарай жалғастыр.
5. «Төстікті асып жейді.Ұзамай кемпір жүкті болады.Мезгілі толып босанады.

Бір ұлды туады,оның атын төстік жеген соң бітті деп,Төстік қояды.»

Төстік қалай ер жетеді?
6.Өрмек тоқып отырған кемпірдің өрмегін қалай үзеді?

«Алтын сақа» ойынына қатысушылар белгілі болғаннан кейін асықтар иіріледі,ойыншылардың реттік саны айқындалады.


ІІ Әудемжер кезеңінде 6 сұрақ қойылады.Жауап бере алмаған немесе асығы бүк түскен оқушы ойыннан шығарылады.Асықты иіремін ,кімнің асығы алшы түссе,сол бұрын бастайды.Асық иіру арқылы ойыншылардың ретін белгілейміз. Сұрақтар конвертке салынады.
Қызыл конверт

«Тоғызы тоғыз жағынан шығып,қалың жылқыны айдай бастайды.Бірақ жылқы ұйлығып,бір жақты бет алып жүре алмайды.»Төстік қандай айла табады?


Жасыл конверт

«Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын,қондырса кесірі болады» деген кімнің сөзі?


Сары конверт

Төстік жүрерде Кенжекей қандай серт берді?


Көк конверт

Төстік адал достарымен қалай кездесті?


Ақ конверт

Ер Төстік жолдастарымен бір үйде отырады.Бұларды тойғызамыз деп қанша ет әкелсе де жетпейді,тойғыза алмаған соң,Темір хан мен Кеще хан қандай айла табады?


Ал қызыл конверт

Қарақшы түбіне келген соң,Төстікке Шалқұйрық не дейді?


ІІІ Қозыкөш

Асық иіріліп,ойыншы реті анықталады.


Қызыл конверт

Шойынқұлақтың сырын Төстік кімнен сұрап біледі?


Жасыл конверт

Шойынқұлақтың жаны қайда?


Сары конверт

Шойынқұлақты Төстік қалай өлтіреді?


Көк конверт

Қарақұс берген қауырсынды Төстік қалай түтетеді?



Ақ конверт

Қарақұс Төстікке қоштасарда не береді?


ІҮ Беласар

Қызыл конверт

Қара құстың неше басы бар?


Жасыл конверт

Ерназар Төстікті Жалмауыз кемпірге беру үшін қандай айла тапты?


Сары конверт

Бапы ханның сарайындағы екі сары жылан кім еді?


Көк конверт

Шойынқұлақ кім?


Ү Жолайырық

Қызыл конверт

Темір ханның ернеуі қырық құлаш үлкен қазанын терең көлден қалай алып шығады?


Жасыл конверт

Ер Төстік сегіз ағасының бар екенін кімнен естиді?


Сары конверт

Кенжекей әкесінен Шалқұйрықты ,Құба інгенді, ақ сырмалы сауытты неге сұратты?


ҮІ Алтын көмбе
Қызыл конверт

-Перінің қызы, Бекторы!

Шайпау сөзің қой, Торы.

Сүйген де жарым Ер Төстік,

Өз жарымды сүйемін!
Кежекейдің перінің қызы Бекторыға айтқан сөзін жалғастыр.
Жасыл конверт

Төстік айдаһарды қалай өлтірді?


Сары конверт

Төстіктің жауыздықты жеңіп шығуына басты көмекші болған кейіпкер кім?


Жеңген оқушы «Алтын сақа» ойының жеңмпазы болады.

Қорытынды

Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, ойыншылар дипломдармен марапатталады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет