                                                                    Қалтаға салатын күнтізбе басу технологиясы туралы мәлімет
Қалтаға салатын күнтізбелер көп түсті де және бір түсті де болып басылады (бояулылығы 4+4) борланған қағаз 300 гр./кв.м. Олар екі жақты ұзақ уақыт аралығында пайдалану үшін глянцты қағазда басады. Стандартты басу форматы: 70*100 мм. Бұлардың тиімділігі экономикалық тиімділігі, әрдайым қалтаға, сумкаға , әмиянға сала салуға ыңғайлы.Қалтаға салатын күнтізбелерді басу өте күрделі процесс. Ұтымды және стильді дизайн, сапалы қағаз болу керек. Осы талаптарды орындаса тұтынушы әрдайым оны сатып алуға дайын болады.
Қалтаға салатын күнтізбе — кіші форматты күнтізбе, бұны қалтаға,сумкаға, әмиянға салуға болады.Бұл өте ыңғайлы. Таблица түрінде шығарылады немесе кітап түрінде. Қалтаға салатын күнтізбелерді коллекциялап жинауды филотайма немесе күнтізбеші деп атайды.
Еуропа елдерінде қалтаға салатын күнтізбелер ХІХ ғасырда пайда бола бастаған.
Сурет-1. Ресейлік күнтізбе 1886 жылғы
1885 жылы күнтізбе басу дүниеге келді, содан бастап арзан қол күнтізбелер шыға бастады, кіші форматты және қалтаға салатын. Күнтізбелерді келесі жылға шығаратын болғандықтан, отандық күнтізбелерді шығу тарихы 1885 жыл болып есептелінеді.
Қалтаға салатын күнтізбелер 19 ғасырда өндірісте қолданылып жүрген, ол кездегі күнтізбелер арзан қолды болған. Қалтаға салатын күнтізбелер тұтынушының қолына түскеннен кейін ол бірден жерге тастай салынбайды, кемінде бір жыл көлемінде сақталады, сонымен қатар ол жарнамалық алаңын кеңейте түседі.
Ресейлік ең алғашқы қалтаға салатын күнтізбе , табиғат бейнесіндегі » болып на 1886 жылы И. Н. Кушнарева және Ко «П. Ван Дейка Наследники, Техническая контора и Складъ сельскохозяйственных машинъ, М. Шульца Ригадағы баспаханаларда басылып шыққан.
Ресейдегі революцияға дейінгі күнтізбелер үш категорияға бөлінген: жарнама сату күнтізбесі, іскерлік күнтізбе, халықтың қолдануына арналған күнтізбе ( Сытин баспасында басылып шыққан).
Қалтаға салатын күнтізбелерді жасайтын материалдар әр – түрлі болған. Күнтізбелер қағазбен,қатырмамен басылған және кожа мен шелкта да басылған. 20 ғасырдың екінші он жылдығында альюминийге басылған күнтізбелер пайда болған — металда да басылып шыққандары болған.
ССР да үлкен таралыммен 1886 жылдардан бастап шыққан. Бұғанға дейінгі ССР да басылған күнтізбелердің 20-22 мыңнан астам түрі шыққан. 1986 жылдан бастап күнтізбелер әр 5 жыл көлемінде шығарылып отырған (1987—1991, 1992—1996), ал содан кейін әр 2 жыл да шығарылып отырылған (1998—1999).
Мерзімсіз басылымдар өздерінің көлемі, пішімі таралымы және басқа да көрсеткіштеріне қарай әртүрлі сипатты болып келеді. Олардың ерек-шеліктері бір мәрте ғана шығатындықтарында. Қажетті жағдайларда оларды қайта басып шығаруға болады, бірақ бұл алдын-ала жоспарланбайды. Бұл типтегі жиі кездесетін басылымдардың қатарына кітаптарды, брошю-раларды, плакаттарды, репродукцияларды, ашық хаттарды, күнтізбелерді, карталар мен атластарды жатқызуға болады.
Күнтізбе, календарь – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған.
Столға қоятын күнтізбелер әрдайым жұмыс орнында қолайлы болған. Әрдайым қол жетімді және көп орынды қажет етпейді. Корпоротивті столға қоятын күнтізбелер серіктестерге сыйлық ретінде бергенге де қолайлы. Күнтізбелер жарнама материал ретінде де көрмелерде, презентацияларда беруге де қолайлы. Столға қоятын күнтізбелерді жұмыста ғана емес үйде пайдалануға болады. Ол бізге жыл бойына қызмет етеді. Оның дизайнына да үлкен мән беріп әр-түрлі көзге жағымды етіп жасайды.
Мерзімсіз басылымдар өздерінің көлемі, пішімі таралымы және басқа да көрсеткіштеріне қарай әртүрлі сипатты болып келеді. Олардың ерек-шеліктері бір мәрте ғана шығатындықтарында. Қажетті жағдайларда оларды қайта басып шығаруға болады, бірақ бұл алдын-ала жоспарланбайды. Бұл типтегі жиі кездесетін басылымдардың қатарына кітаптарды, брошю-раларды, плакаттарды, репродукцияларды, ашық хаттарды, күнтізбелерді, карталар мен атластарды жатқызуға болады.
Сурет-2. Польша – Ресей күнтізбесі
Сурет-3. Қалтаға салатын күнтізбелер
Қалтаға салатын күнтізбе қай кезде пайдаланған жақсы:
| -
Сіздің күнтізбеңіз тек сіздің ғана көз алдыңызда емес сонымен тапсырыс берушінің де;
| -
Әр айға сай әр-түрлі ұсыныстарды көрсетуге болады;
| -
ыңғайлы және қол жетімді сыйлық;
| -
таралымы 10 данадан басталады;
|
Керегеге қыстыратын күнтізбелерден артықшылығы оған қолмен жазып белгілеуге де болады.
Аталуы:
12 айға арналған столға қоятын күнтізбе
формат 210 мм.*100 мм.
(13 парақ)
Сурет-4. Столға қоятын күнтізбелер
Стандартты комплектациясы:
-
Пружинамен бекітілген
-
13 парақ
-
блок – борланған қағаз, тығыздығы 150 г/кв. м.
-
түбі - қатырма тығыздығы 250 г/кв. м.
-
беттің бояулығы: 4+4
-
түбінің бояулығы 1+0
Қосымша комплектациясы
-
дизайн әдістемесі
-
бетті үлдірлеу (ламинация)
Офсеттік басылым үшін минималды таралымы 100 д.
Сандық басылым үшін минималды таралымы 20 д.
ССР да көптеп қалтаға салатын күнтізбелерді шығаратын Ленинградтық көп түсті комбинат болған (ЛКЦП,проспект Обуховской Обороны, 110), 1970 жылға дейін 3-ші Ленинградтық офсеттік басу фабрикасы Главполиграфпрома.
Күнтізбелер тіпті ойын карталарында да шыққан, ЛКЦП (52 картамен) 1970- 2000- жылдарда . Аталған күнтізбелер гравюралармен өрнектелінген болатын.
Сурет-5. Қалтаға салатын алты күндік жыртып алуға арналған күнтізбе
1.2. Басылымның технологиялық процесінің сұлбасы
Басылым машинасын дайындау
Қағаз бен бояуды дайындау
Басылым қалыбын дайындау
Монтаж
Иллюстрация ланған сурет қалыбы
Мәтіндік сурет қалыбы
Түпнұсқа
Таралымды басу
Өңдеу
Өнім сапасын тексеру
Сұлба-1. Басылымның технологиялық процесінің сұлбасы
1.3. Басу жабдығын таңдау
Сурет – 6. Printmaster 52-5 офсеттік басу машинасы
Басу жабдығын таңдауда ең маңызды болып табылатын оның түрі және өлшемі. Сонымен қатар машина таңдауда қазіргі кезгі нәтижелеріне көңіл бөлген жөн және де ол автоматтандырылған, экономикалық жағынан тиімді, өнім сапасын жақсарта отырып еңбек шарттарына сай келуі керек. Сапалы түрлі – түсті өнімді басу үшін HEIDELBERG фирмасының Printmaster 52-5 офсеттік табақты басу машинасын таңдадым.
Printmaster 52-5 басу машинасы қағаз бен қатырмада және басқа да материалдарда бір жағынан басылатын әмбебап жабдық болып саналады.
Барлық басылым машиналарының орындайтын біртұтас процестік талаптарына сәйкес, құрылымдары бірдей болып келеді. Өнімді баспас бұрын, полиграфия өндірісінің қазіргі жағдайы, яғни, құрылысы, басу тәсілі, өнімнің және басатын материалдың түрлеріне қарай, әртүрлі болып келетін басылым машиналары мен агрегаттары туралы түсінік алу қажет.
Барлық басылым қалыбына бояу беру, басылатын материалды беру, жоғары және ойыңқы басылымдарды тікелей бояу беру, ал офсеттік басылымда — рәзеңке маталы пластина арқылы байланыстыру, басылған материалды басу аймағынан шығару және дайын баспа-таңбаларды қабылдау процестері орындалады.
Соңғы жылдары басылым процестері мен құрал-жабдықтарда түбегейлі өзгерістер орын алды. Бұл, тек, түрлі-түсті компьютер принтерлері ғана емес, сериялық басылым машиналары саласында да, сандық (цифровая) технологиялардың пайда болуында да көрініс тапты.
Сурет – 7. Heidelberg Printmaster PM 52-5 бес бояулы офсеттік басылым машинасының басқару столы
Heidelberg Printmaster PM 52-5 бес бояулы офсеттік басылым машинасы. Бұл машина шағын типографиялардың таралымы мөлшерлі түрде жұмыс істейтін типографияларға арналған. Сонымен қатар үлкен таралыммен де айналысады.
Техникалық сипаттамасы:
Парақтың мак форматы 370×520 мм (формат B3),
Парақтың мин форматы 105×145 мм,
Парақтың мин форматы (екі жағын да басу) 140×145 мм,
басылатын материал 0,03…0,4 мм,
Мак жылдамдығы 13.000 оттиск/сағ.
Комплектация:
самонаклад вакуумды лентамен,
парақты екі қағаздан өткізбеуге арналған құрылғы,
бүйір және артқы тіректерді реттейтін датчик,
система прямого непрерывного увлажнения Alcolor,
циркуляция құрылғысы, суыту
спирт Baldwin,
басқару жүйесі Prinect Classic Center,
қалыпты тез бекіту EasyPlate,
декель мен валды автоматты жуу жжүйесі
1.3.1. Басылым машиналарының қондырғылары туралы негізгі түсініктер
Қағаз беретін жүйелер – бұлар бақылау-блокадалау (тежеу) механизмдерімен жасақталған пневматикалық және механикалық қондырғылардың кешені. Басылым машиналардың қағаз бергіш жүйелердің негізін пневматикалық парақ бөлгіш қондырғысы – қағаз бергіш аппараты құрайды.
Қағаз бергіш аппараты — бұл басылым машинасымен синхронды байланыстырылған парақтарды машинаға бір-бірлеп беріп тұратын қондырғы.
Басылым машинасын қағаз бергішпен жабдықтау, оны жартылай автоматтан толық автоматқа айналдырып, баспагердің еңбегін едәуір жеңілдетеді және машинаның жұмыс істеу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Қағаз бергіш аппараты мынандай қызметтерді атқарады: бір бума қағазды парақ ажырату механизмдеріне беру, парақтарды бумадан бір-бірлеп ажырату, оларды теңестіру механизіміне беру және парақтарды дұрыс немесе мүлдем бермеген жағдайда оның жұмысын тоқтату. Қағаз бергіш аппараты жұмысының дәлдігі, көбінесе, таралымды басу кезінде бейненің табақта дұрыс орналасуына әсер етеді.
Сурет - 8. Кезекпен-кезек берілген өзі бергіш сұлбасы:
а парақтарды тасымалдау сұлбасы;
б орындалу мысалы (Heidelberg)
Сурет - 9. Каскадты(сатылы) өзі бергіш түрі: а парақтарды тасымалдау сұлбасы;
б орындалу мысалы (Heidelberg)
Парақты топтан ажырату тәсіліне қарай, қағаз бергіш аппараты пневматикалық және фрикционды болып бөлінеді; парақтарды машинаға беру тәсіліне қарай, олар сатылы (каскадты) және қағаз парақтарын кезегімен беретін болып бөлінеді; стапельдік қондырғының типіне қарай – жазық стапельді және дөңгелек стапельді; машинаға орналастыру тәсіліне қарай, орналастырылған және ажыратылымды; стапельдің сыйымдылығына қарай – биік стапельді және қысқа стапельді болып жіктеледі.
Пневматикалық қағаз бергіш аппаратында парақ жиынтығынан, пневматикалық құрлығылардың көмегімен вакуумдық сору арқылы ажыратылады, ал фрикционды топтың үстіңгі парағымен байланысқа түсетін жылдам айналатын фрикциондық дөңгелек – тарағыштардың үйкеліс күштерінің көмегімен ажыратылады.
Парақты ажырату және алдыңғы жиекке беру қағидасы бойынша, жұмыс істейтін қағаз бергіш аппараттары – бұлар парақтарды кезегімен беретін қағаз бергіш аппараттары. Парақты топтан (жиынтықтан) ажырату бірнеше серіппеленген сорғышы бар штанганың көмегімен іске асырылады. Мұндай жүйенің жетістігі – олардың құрылысы мен қызмет көрсетуінің қарапайымдылығында. Кемшілігі – өнімділіктің шектеулілігінде.
Үлкен пішімді басылым машиналарында парақтарды сатылы беріп тұру үшін, қағаз бергіш аппаратының типтік бас тиегі қолданылады. Парақтарды артқы жиектерден ажырату қағаз тобына түсіп, үстіңгі парақтың шетін көтеретін ажыратушы сорғыштармен іске асырылады. Ажыратылған артқы жиек пен қағаз бумасының арасында қармауыш жұтқыш сығылған ауаның ағынымен ажыратылған парақты көтереді. Артқы жиегі көтерілгеннен кейін, жетекші сорғыштар парақты іліп әкетіп, оны қабылдау дөңгелекпен өткізілетін үстелге беріп отырады.
Жоғары жылдамдықтағы кіші пішімді машиналарда парақты артқы жиектен ажыратып, оны қабылдау дөңгелектеріне жеткізетін әмбебап сорғыштардың бір ғана қосағы болады. Сонымен қатар, қармауыш жұтқышта, тек, бума деңгейін бекітеді, ал ауа беру артқы үрлегіштер арқылы іске асырылады.
Бұл ықшамдалған әмбебап құрылым өлшемдерінің қағаздардың әртүрлі пішімдері мен қалыңдықтарына сәйкес, 16000 от/сағ жылдамдықта жұмыс істеуге қабілетті және біртіндеп беру режиміне көше алады.
Басылатын өнімнің сапасы парақтардың технологиялық талаптарға сай болуы қажет, сондықтан да, басылым аппаратына беру алдында, қағаз бергіш аппаратының өткізу үстеліне барлық парақтардың алдыңғы және бүйір тіректері түзуленіп, теңестіріліп беріледі. Парақтар теңестіру аймағына жүк дөңгелектерімен тасымалданып немесе вакуумдық таспалармен жеткізіледі, олар парақтардың алдыңғы тірекке жақындағанда жылжуын 25%-ға баяулатып, сапалы болуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кейбір жаңашыл машиналарда үстелдің төменгі жағында орналасқан тар саңылаулар арқылы ауа келіп, парақтың алдын көтереді де, оның алдыңғы жиегін теңестіреді. Парақты алдыңғы жиек бойынша теңестірген соң, механизм көмегімен бүйір жақтары теңестіріледі. Жаңашыл құрылымдағы машиналарда бүйір тірек механизміне қосарланған парақтарды бақылаудың индукциялық датчигі орналастырылған, ол машинаға басылатын материал туралы мәліметтер берісімен, автоматты түрде жұмыс қалпына қосылады. Датчик теңестіру сапасын бақылайды, ал қажет болған жағдайда машинаның жұмысын тоқтады.
Жоғары деңгейдегі автоматтандырылған басылым машиналарында алдыңғы және бүйір тіректерін жұмыс қалпына келтіру автоматты басқару пультімен іске асырылады. Осы мақсатпен әрбір тірек жеке қозғағышпен жабдықталған, олардың көмегімен тіректердің жағдайын реттеп, қалыпқа келтіруге болады.
Қағаз бумасының үстіңгі жағы аспалы столдың ауық-ауық көтеріліп тұруына байланысты, автоматты түрде біркелкі деңгейде ұсталынады. Қағаз бергіш аппаратын қағазбен қайта жабдықтау машинаның жұмысын тоқтатпаған күйде іске асырылады. Қағаз бергіш аппараты басылым қондырғысына бір мезгілде екі дұрыс тегістелмеген парақтың түсуін болдырмайтын автоматты құрылғымен жабдықталған.
Басу аппараты. Тікелей басудың басылым машиналарының басу қондырғысы басылым қалыбы орналасатын негізден, басылатын материал мен оны басылым формасымен байланыстыратын тіректен құралады. Негізі мен тірегінің геометриалық пішініне қарай, басу қондырғылары үш түрлі болады: тигелді, жазық басылымды және ротациялды.
Тікелей басылым әдісінде ротациялық басылым қондырғылары пайдаланылады, ол үш цилиндрден тұрады: басуформасы бар формалы цилиндр, басылым және резеңке маталы пластинамен жабылған офсеттік (беретін) цилиндр. Қағаз офсеттік және басылым цилиндрлері арасынан өтеді.
Офсеттік басылым әдісі – ең көп тараған және негізгі басылым әдісінің бірі. Офсеттік машинаның жұмыс жасау принципі, бейнені басылым аралық иілімді бет арқылы қағазға түсіру болып табылады. Офсеттік машиналарда жазық басылым қалыптары пайдаланылады, баспа және ашық элементтер іс жүзінде бір жазықтық бойында жатады. Қалыпты химиялық өңдеу нәтижесінде ашық элементтері таңдамалы түрде ылғал ерітіндісімен, ал баспа элементтері бояумен жағылады.
Бояу аппараты — айналғанда бір-бірімен түйісіп тұратын біліктер мен цилиндрлерден және бояу салатын құрылғылардан тұрады. Бояу аппаратының құрылымдары әр түрлі болып келеді. Басылым әдісі мен түрлеріне қарай, әр мөлшерде басылым қалыбына сұйық және созылмалы бояу қабаттары жағылады. Шығыңқы және жазық басылым машиналарының бояу аппараты тұтқыр бояуды пайдаланатын үш топтан тұрады: бояу беретін, жаймалатын және жағатын. Бұл топтар машинаның типіне қарай, жұмыс істеу принциптері бірдей өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
Бояу беретін топ бояудың белгілі мөлшерін ауық-ауық жағатын топқа беріп тұруға арналған, бұл операцияны айналмалы білік орындайды. Ол бояуды белгілі уақыт ішінде бұрылып тұратын дукторлық цилиндрден бояуды жағатын топтың цилиндріне беріп тұрады.
Дукторлық цилиндрға бояу бояу жәшігінен беріледі, дукторлық цилиндр мен иілімді пышақ арасындағы реттеуші саңылау арқылы іске асырылады.
Жағатын топ металл цилиндрлері мен иілімді біліктерден тұрады, ол берілген бояуды біркелкі тегіс қабатпен жағып, жаятын қабатпен басылым қалыбының баспа элементіне жағады. Бұл топ, әдетте, үш немесе төрт иілімді (көбінесе, резеңкелі) біліктерден тұрады, басылым қалыбы мен жағатын цилиндрмен байланыста болады.
Басылым машиналарының құрылымы мен технологиялық мүмкіндіктері түрлі басылым әдістеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Бұл ең алдымен басылым өнімдерінің көлемі, таралымы, өлшемі, бояулығы, шығару мерзімдері және басқада көрсеткіштеріне байланысты.
Сол себепті басылымның нақтылы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын басылым машиналарын олардың барлық өндірістік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және басылым өнімдерінің жоғары сапасын алу тұрғысынан таңдайды.
Басылым машиналарын маңызды көрсеткіштерге қарай жіктейді:
-
басылым әдісіне қарай: шығыңқы, жазық және ойыңқы басылымның формаларының сипатына қарай;
-
басылым аппараттарының формалық және қысатын беттерінің геометриясына қарай машиналар екі жақ бетті жазық тигельдік;
-
жазық басылым қалыбы мен цилиндрлік қысатын бетті және ротациялды — екі цилиндірлік бетті болып бөлінеді.
Тигельді және жазық басылым машиналарында қалып талерге орналасады, ротациялықта басылым цилиндрі құрайды.
Бейнені басылым формасынан басылатын материалға көшіретін аралық (офсеттік) цилиндрдің бар жағына қарай офсеттік және тік басылым машиналарға бөлінеді.
Берілген басылатын материалдың түріне қарай машиналар табақтық және рулондық болып бөлінеді: табақтық машиналарда кез келген типтегі басылым аппараттарды қолданылса рулондық – ротациялық қолданылады.
пішімдеріне байланысты шартты түрде басылым машиналары кіші (54х 75см), орташа (70х92см) және (84х108см және одан жоғары) пішімдерге жіктеледі.
Бір айналымда басылып шығарылатын жақтардың санына қарай машиналар бір және екі жақты болып бөлінеді;
Бір айналымда жағылатын бояу таңбаның санына қарай бір, екі және көп бояулы машиналар болады.
Әрбір басылым машиналар белгілі бір технологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Онда белгілі сападағы тиісті басылымды басу мүмкіндігі жұмыскерлердің машинамен жұмыс істеудің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі, оның барлық механизмдерінің жоғарғы өнімділігі мен ұзақ пайдалануға төзімділігі пайдаланудың шығынының аздығы (электр энергиясының шығынының аздығы мен қызмет көрсететін штаттағы персоналдық ең аз саны) машина құнының мүмкіндігінше арзандығы. Бұл талаптар машиналарды жобалау мен дайындау кезінде реттелінеді.
Басылым машинасының өнімділігін оның маңызды сипаттамасын уақыт бірлігінде алынған баспа табақ – таңбамен белгіленді. Ол машинаның түрі мен конструкциясына, түсі мен өлшеміне, басылым өнімінің күрделілігі мен тарамына, уақыт мөлшері мен дайындау – аяқтау операциаларына байланысты. Машинаны шығаратын зауыттар паспорттық мәліметтерде әдетте машинаның жұмысының максималды техникалық жылдамдығын көрсетеді, ал машинаның тоқтаусыз жұмыс істегендегі сағат ішінде жасайтын айналымның санын (айн/с) көрсетеді.
Машинаның жұмыс істеу жылдамдығының ең төмені (4-5мың айн/с) тигельдік және жазық басылым машиналарда, үлкен (10-15мың айн/с) ротациялық табақтық машиналарда, жылдамдықтары ең жоғарғысы (40-50мың айн/с) ротациялық рулондық машиналарда. Басу жылдамдығы яғни табақ пен төсеніштің басылым формасы мен (немесе рәзіңкематалы пластинамен) байланысқа түседі қозғалу жылдамдығы 2,5-3 тен 10-14м/с дейін болуы мүмкін.
Жазық офсеттік басылым машиналары – ротациялық типтегі жоғарғы өнімділікті автоматтар түрінде құрылады. Коптеген тораптарының конструкциясы (қағазберетін, қабылдау-шығару бояу аппараттары т.б.) бойынша олар жоғарғы басылымның ротациялық машиналарына ұқсас.
Офсеттік машиналардың негізгі ерекшеліктері — офсеттік беретін цилиндр мен ылғалдағыш аппаратың болуында.
Полиграфия өндірісінде жазық офсеттік басылымның, қарқында дамуына байланысты әртүрлі. Офсеттік басылым машиналарын пайдаланады, олардың бір – бірлерінен өзгешеліктері құрылымдық ерекшеліктерінде, технологиялық мүмкіншіліктерінде, автоматтандырылу дәрежесі мен басқада көрсеткіштерінде.
Офсеттік машиналарды әртүрлі белгілері бойынша: пайдаланатын басылым материалдары бір жақты немесе бір уақытта екі жақты басу мүмкіндіктеріне, бояулығына, басылым акцияларының құрылысына, қызметі мен өлшеміне байланысты жіктеуге болады.
Әмбебап машиналардан өзгешілігі мамадандырылған машиналар белгілі бір: кітап – журнал, газет, табақ металда басу үшін т.б. өнімдерді басу үшін арналған. Офсеттік машиналардың өлшемдері әртурлі болуы мүмкін 21х30см ден 100х140см және одан да үлкен. Жылдамдығы ең жоғарғылары рулондық газеттік машиналар (30-35мың айн/сағ) ең төмені – 7мың айн/сағ, бір бояулы ірі өлшемді және табақтық көп бояулы шағын өлшемді және табақтық көп бояулы ірі өлшемді 13-мың айн/сағ дейін.
Сурет – 10. Prinect Classic Center басқару жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |