Алматы облысының әкімдігінің 2015 жылғы «25» қыркүйегіндегі



Дата22.04.2018
өлшемі60.78 Kb.
#70838



Алматы облысының әкімдігінің

2015 жылғы «25» қыркүйегіндегі

№ 428 қаулысымен бекітілген

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарға жүргізу құқығына  куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» және Алматы облысының аудандық, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдері мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылдың 6 мамырындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің №4-3/421 бұйрығымен бекітілген «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары» (бұдан әрі – Стандарт) негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 30 наруызындағы № 4-3/270 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары» (бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мекен жайлары Стандарттың 13-тармағында қарастырылған.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

- көрсетілетін қызметті берушіге қағаз нысанда жүгінген жағдайда – тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (телнұсқаны) беру (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі);

- порталда – қызметті алушыға дайындалған тракторшы-машинист куәлігін (телнұсқасын) қайдан алуына болатыны туралы мекен жайы көрсетілген хабарлама беру.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің

іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) құжаттардың топтамасын қабылдау және тексеру, оларды тіркеу, өтініштің көшірмесіне белгі қою. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға өтініштің көшірмесін беру;

2) емтихан тапсыру 30 (отыз) минут ішінде. Нәтижесі – емтихан парағының көшірмесін беру.

3) тракторшы-машинист куәлігін (телнұсқа) рәсімдеу. Ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды. Нәтижесі – тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба;

4) тракторшы-машинист куәлігін (телнұсқа) беру. Ұзақтығы – 30 (отыз) минуттан аспайды. Нәтижесі – тракторшы-машинист куәлігін беру кітабында қызмет алушының қолтаңбасы.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

7. Стандарттың 9-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қызметкерлер қатысады:

- кеңсе маманы – түскен құжаттар топтамасын қабылдайды және тіркейді, оларды инженер-инспекторға жолдайды, одан мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алады және қызмет алушыға береді;

- инженер-инспектор – кеңсе маманынан құжаттар топтамасын қабылдайды, мемлекеттік қызмет көрсетуді орындайды және оны кеңсе қызметкеріне береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде инженер-инспектордан басқа құрылымдық бөлімдердің қызметкерлерінің өзара іс-қимылдары қажет етілмейді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығы мен басқа қызмет көрсетушілері арасында өзара іс-қимылдары қарастырылмаған.

10. Портал арқылы жүгінгенде қызмет беруші мен қызмет алушының арасындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Тракторларды және олардың базасында жасалған

өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi,

өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк

және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,

сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарға

жүргізу құқығына  куәлiктер беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;





  • көрсетілетін қызметті берушінің рәсімінің (іс-қимылының) атауы;

- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға өту).
«Тракторларды және олардың базасында жасалған

өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi,

өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк

және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн,

сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарға

жүргізу құқығына  куәлiктер беру» мемлекеттік

қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы

портал арқылы жүгінген кезде

Көрсетілетін қызметті алушы



Электрондық құжат нысанында сұрау салу қызмет алушының ЭЦҚ мен дәлелденген және Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсыну





Тракторшы-машинист куілігін рәсімдеу

(екі жұмыс күнінен аспайды).

Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын рәсімдеу

(он бес жұмыс күнінен аспайды).



Көрсетілетін қызметті алушының тракторшы-машинист куәлігін немесе тракторшы-машинист немесе куәлігінің телнұсқасын алуына болатын мекенжайды көрсете отырып, рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама

(отыз минуттан аспайды).





Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет