Алыстырмалы кесте «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»



бет1/4
Дата13.10.2018
өлшемі0.62 Mb.
#86979
  1   2   3   4


алыстырмалы кесте

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы № бұйрығына





Р/с



Құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме.

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мәнін;

2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет

1

2

3

4

5

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында

1

5-тармақтың екінші бөлігі

5. …

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленетін аурулар түрлерінің тізбесіне кірмейтін организм функцияларының шамалы білінетін бұзылуы бар кәсіптік аурулар жағдайларында, медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан куәландырылатын адам КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.


5. …

«Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12733 болып тіркелген) бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін шамалы білінетін ағза функцияларының бұзылуына алып келетін кәсіптік аурулар туындағанда және оған медициналық оңалтуды жүргізуді қажет етпеген кезде, куәландырылатын адам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі есепке алынбастан КЕА дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберіледі.

2015 жылғы

23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы

28 желтоқсандағы

№ 1033 бұйрығына сәйкес келтіру



2

8-тармақ

8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасына сәйкес:

1) тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша;

2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

3) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында емдеуде болған жері бойынша;

4) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.



8. МӘС медициналық ұйымның ДКК жолдамасы негізінде куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға тұрғылықты (тұрақты тіркелу) жері бойынша.

1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;

2) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінің және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінің орналасқан жерi бойынша;

3) стационарлық ем жүргізіп жатқан денсаулық сақтау ұйымдарында;

4) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.



Нақтылайтын түзету

Мемлекеттік қызметті сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында



3

9-тармақ

9. Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныла отырып жүргізіледі:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі) қоса бере отырып, онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (бұдан әрі – 088 нысан);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не ауылдық әкiмнiң анықтамасын). Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);

4) сырқат динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандар қорытындыларының және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері;

5) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда;

6) медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны) – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралыә Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 103) тармақшасына сәйкес тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс МСАК ұйымдарына бекітілген жағдайда;

7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – сараптама қорытындысы туралы деректерді енгізу үшін жұмыс істейтін адам ұсынады;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;

9) оны рәсімдеген күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынылған ДКК қорытындысы – консультацияға жіберген, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыру) қажет болған, ОЖБ қалыптастыруға немесе түзетуге жіберген жағдайларда;

10) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат – осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінің дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген жағдайларда ұсынылады;



11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген) жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы – өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы сақтандыру жағдайы бойынша алғашқы рет КЕА дәрежесін белгілеу кезінде ұсынады;

12) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысы (еркін нысанда) – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

13) себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін айқындау үшін бір рет беріледі;

14) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы – жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік сырқатпен ауырған адам ұсынады;

15) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді.

Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.



9. Куәландыру (қайта куәландыру) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша мынадай құжаттар ұсыныла отырып жүргізіледі:

1) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптамаға 088 нысандағы жолдама бойынша (бұдан әрі – 088 нысан), онда көрсетілген жіберу күнінен бастап бір айдан кешіктірмей;



2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйым пациентті (мүгедекті) оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеген жағдайда, оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесі (бұдан әрі – ОЖБ-ның медициналық бөлігі);

3) куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;

4) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат. Адамды түзеу мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);

5) сырқат динамикасын талдау үшін амбулаторлық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда ауру тарихының көшірмелері, мамандар мен зерттеу нәтижелерінің қорытындылары;

6) «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) сәйкес тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс МСАК ұйымына бекітілген жағдайда медициналық ұйымға бекіту анықтамасының көшірмесі (талоны);

7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын (анықтамасын) - сараптама қорытындысы туралы деректерді енгізу үшін жұмыс істейтін адам ұсынады;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) - алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (болған жағдайда), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;

9) оны рәсімделген күннен бастап бір айдан кешіктірмей ұсынылған ДКК қорытындысы - консультацияға жіберген, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру (қайта куәландыруды) қажет болған, ОЖБ қалыптастыруға немесе түзетуге жіберген жағдайларда;

10) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат - осы әлеуметтік тәуекел бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет анықталған жағдайларда - ұсынылады;

11) «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы жазатайым оқиға бойынша КЕА және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін, алғашқы рет КЕА дәрежесін белгілеген кезінде түпнұсқасын ұсынады;

12) Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығынан берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындының көшірмесін (еркін нысанда) – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;

13) себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін айқындау үшін бір рет беріледі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады;

14) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен, жарақаттанумен немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы – жұмыс беруші - жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік сырқатпен ауырған адам ұсынады;

15) мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға ОЖБ-ның әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайды тексеру актісін жергілікті атқарушы органдардың мамандары жүргізеді;

16) өтінішті заңды өкілі ұсынған жағдайда – заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; қамқоршылықты белгілеген жағдайда, қамқоршылықты белгілеуді растайтын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылады;

17) денсаулығының жағдайы нашарлаған кезде, мүгедектіктің себебін өзгерту мақсатында, дәйексіз құжаттарды ұсыну, сараптама қорытындысы негізсіз шығару фактілері анықталған кезде мерзімінен бұрын қайта куәландырған жағдайда мүгедектігі туралы анықтама және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

18) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі куәландырылатын адам атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуден өткізген жағдайларда қайта куәладандыру кезінде ұсынылады

Құжаттар мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады.



Осы тармақтың 1) - 4), 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну қамтылған ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған (алынған) жағдайда талап етілмейді.

Коллизияларды жою және МӘС Қағидаларының



5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында: (…медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған кезде)

«Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығына сәйкес келтіру.

Еңбекминнің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74 бұйрығының күші ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 97 бұйрығымен жойылды.
Нақтылайтын түзету

Балаларды куәландыру кезінде, сондай-ақ сырттай куәландыру кезінде өтінішті заңды өкілі береді. Заңды өкілін сәйкестендіру мақсатында.

Мүгедектік тобы күшейген кезде, мүгедектіктің себебі өзгерген немесе мүгедектік алып тасталған кезде қайта шығарылған, сараптама қорытындысына сәйкес құжаттар беріледі.

Оңтайландыру мемлекеттік қызмет көрсетуді және қағаз құжат айналымын қысқарту мақсатында ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғанын растау үшін атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.


4

16-тармақ

16. МӘС жүргізген кезде сараптамалық, құқықтық және басқа да мәселелерді шешу үшін әкімшілік шығындарға көзделген қаражат есебінен осы қызметтерге ақы төлей отырып консультанттарды (педиатрды, психологты, заңгерді және басқа да мамандарды) тартады.

16. МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері МӘС жүргізген кезде сараптамалық, құқықтық және басқа да мәселелерді шешу үшін әкімшілік шығындарға көзделген қаражат есебінен осы қызметтерге ақы төлей отырып консультанттарды (педиатрды, психологты, заңгерді және басқа да мамандарды) тартады.

Нақтылайтын түзету

5

17-тармақ

17. Куәландырылатын адамның осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күні мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.

17. Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген құжаттарды МӘС бөліміне ұсынған күн мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.

Нақтылайтын түзету


6

23-тармағының 1) тармақшасы

23. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткенге дейін белгіленетін Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне (бұдан әрі – Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі) сәйкес;



23. Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне (бұдан әрі – Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі) сәйкес;



«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы

6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтіру



7

24-тармақ

24. Жоғалтылған еңбек қабілетіне пайыздық қатынаста көрсетілген адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінің төмендеу деңгейін сипаттайтын ЖЕА дәрежесі мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленеді. Мүгедекке ЖЕА дәрежесі кезекті қайта куәландыру мерзімімен белгіленген жағдайда ЖЕА дәрежесі мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.


24. Жоғалтылған еңбек қабілетіне пайыздық қатынаста көрсетілген адамның жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінің төмендеу деңгейін сипаттайтын ЖЕА дәрежесі мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленеді. Мүгедекке ЖЕА дәрежесі кезекті қайта куәландыру мерзімімен белгіленген жағдайда ЖЕА дәрежесі мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы

6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтіру



8

25-тармақтың бірінші бөлігі

25. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейінгі ЖЕА дәрежесі:

25. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейінгі ЖЕА дәрежесі:

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы

25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы

6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтіру


9

6) тармақшасы және 34-тармағының сегізінші бөлігі

34. Куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне:

6) кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайларда – осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық оңалтылуы туралы хабарлама беріледі.

Сараптама қорытындысы шығарылған кезде, оның ішінде алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайларда МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі 088/у нысанының МӘС қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасын толтырады және куәландырылған адамға беріледі немесе амбулаторлық пациенттің медициналық картасына тігу үшін медициналық ұйымға жібереді.


34. Куәландырылатын адамға немесе оның заңды өкіліне:

6) кезекті қайта куәландыру кезінде егер мүгедектігі белгіленбесе – осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық оңалтылуы туралы хабарлама беріледі.

Толық оңалту туралы хабарламаның үзбелі бөлігі МӘС актісіне тігіледі

Сараптамалық қорытындыны шығару кезінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі 088/у нысанындағы «МӘС қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасын» амбулаторлық пациенттің медициналық картасына тігу үшін медициналық ұйымға (электрондық немесе қағаз форматта) жібереді.



Алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда 088/у нысанындағы «МӘС қорытындысы туралы денсаулық сақтау ұйымы хабарламасының» телнұсқасы куәландырылатын адамға немесе заңды өкіліне беріледі.

Куәландырылатындар-ға адамның толық оңалтылуы туралы хабарлама алғанын растау мақсатында.

Ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы деректермен алмасу бизнес-процесінің автоматтандырылуына байланысты.



10

35-тармақ

35. Сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі:

1) әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын органдарға мынадай құжаттарды:

осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірмесі;

жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан үзінді көшірмесі;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына және (немесе) жұмыс берушіге (еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру болған жағдайларда) мүгедектің ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін жібереді.

Аумақтық бөлімшелер жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды.


35. Сараптамалық қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МӘС бөлімі және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына және (немесе) жұмыс берушіге (еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру жағдайларында) мүгедекті ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін жібереді.

Аумақтық бөлімшелер куәландыру күнінен бастап жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды.




Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11110 тіркелді) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11224 тіркелді) Төлемдерді тағайындау үшін үзінді көшірме талап етілмейді.

11

50-тармақ

50. Мүгедектерді және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды, сондай-ақ оларға мүгедектік немесе еңбек ету қабілетінен айырылу қайта куәландыру мерзімінсіз немесе зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толғанға дейін белгіленген адамдарды мүгедектіктің және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімінен бұрын қайта куәландыру осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тиісті құжаттар бойынша мынадай жағдайларда:

1) денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде;

2) мүгедектік себебін өзгерту мақсатында;

3) куәландырылатын адамның өтініші негізінде, бірақ белгіленген мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімнің аяқталуына дейін екі ай қалғанда;

4) аумақтық бөлімшенің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде;

5) жалған құжаттарды беру, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталған кезде, мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан жүргізіледі.



50. Мүгедектерді және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылған адамдарды, сондай-ақ оларға мүгедектік немесе еңбек ету қабілетінен айырылу қайта куәландыру мерзімінсіз немесе «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленген адамдарды мүгедектіктің және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімінен бұрын қайта куәландыру мынадай жағдайларда:

1) осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған құжаттарды ұсыну арқылы:

денсаулық жағдайының нашарлауы кезінде;

мүгедектік себебін өзгерту мақсатында;

куәландырылатын адамның өтініші негізінде, бірақ белгіленген мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімнің аяқталуына дейін екі айдан асырмай;

2) МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде;

дәйексіз құжаттарды ұсыну, сараптамалық қорытынды негізсіз шығару фактілері анықталған кезде мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу мерзіміне қарамастан МӘС актісінде (-лерінде) бар деректердің негізінде жүргізіледі.


«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының

21-бабының

6-тармағының

2) тармақшасына сәйкес келтіру


Нақтылайтын түзету

12

51-тармақтың үшінші бөлігі

51. …

Әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары жүргізеді.



51. …

Әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары және жұмыс берушілер жүргізеді.



«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру

13

52-тармақтың екінші бөлігі

52. …

ОЖБ медициналық бөлігінің орындалуы туралы деректерді МОДҚ-ға МӘС мамандары ОЖБ медициналық бөліктің ұсынылған көшірмесі негізінде енгізеді.




52. …

ОЖБ медициналық бөлігінің орындалуы туралы, сондай-ақ жұмыс берушілердің ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігін орындауы туралы деректерді МОДҚ-ға МӘС мамандары ұсынылған құжаттардың негізінде енгізеді.



«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру

14

медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің

1 қосымшасы




Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, ______ бөлімі

ЖСН: _____________________________________



Өтініш берушінің тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде): ______________________

Туған күні: _____ жылғы «___»_________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _____________________________

Құжаттың нөмірі:__________ кім берген ________

Берілген күні _____ жылғы «___»_________

Тіркелген орны: _____________________________

облыс ____________________________________

қала (аудан) ______________ ауыл: ____________

көше (шағын аудан)_______ ____ -үй _____- пәтер

Сізден мына мақсатта куәландыру (қайта куәландыру) жүргізуіңізді сұраймын:

1) мүгедектік белгілеу: мүгедектікті алғашқы белгілеу, мүгедектікті қайта белгілеу (қайта куәландыру), еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту, мүгедектік себебінің өзгеруі (қажетінің асты сызылсын);

2) жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу (қажетінің асты сызылсын);

3) ОЖБ қалыптастыру, ОЖБ түзету, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау (қажетінің асты сызылсын).

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:



Р/с



Құжат атауы

Құжат-тағы парақтар саны

Ескертпе

1.

088 нысаны







2.

ОЖБ-ның медициналық бөлімінің көшірмесі







3.

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі







4.

тіркелген орнын растайтын құжат







5.

амбулаториялық науқастың медициналық картасы, ауру тарихынан үзінді көшірмелердің және зерттеу нәтижелерінің көшірмелері







6.

медициналық ұйымға бекіту анықтамасының (талонының) көшірмесі







7.

еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы)







8.

еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер







9.

ДКК қорытындысы







10.

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат







11.

жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі







12.

Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығы қорытындысының көшірмесі







13.

себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі







14.

еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімі







15.

мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет