Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



бет9/17
Дата26.10.2018
өлшемі2.92 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Қызметтің, іс-әрекеттің — ролі ортаға қарағанда басқаша болғаньшен тұлғаның дамуының маңызды факторы болып саналады. Атап айтсақ, қызмет белсенділіктщ адамдық түрі (ол адамға ғана тән). Бұл белсенділіктің өзгешелігі сонда — оны санамен, соның ішінде санадағы нәтиженің бейнесімен — мақсатымен реттеуге болмайды. Іс-әрекет қажеттіліктерден туындайды. Қажеттіліктін іс-әрекетпен “кездесуі” арқылы соның дәлелі немесе қызмет туғызуға түрткі болады. Іс-әрекет схема бойынша жүзеге асырылады; субъект — объект — субъект — адамның белсеңді іс-әрекеті, ал объект — белсенділікті тұғызушы орта (ұстаз — оқушы — ұстаз).

Іс-әрекет көптеген ұсақ бөліктерден — әрекеттерден тұрады. Әрбір әрекетке өзінің жеке мақсаты мен міндеті сәйкес келеді. Әрекеттер үрдісінде сыртқы себеп-салдардың ішкі жоспардағы әрекетке ауысуы мүмкін. Ол әрекеттерде жеке себептердің болмауына байланысты. Олар жалпы себепке — қызмет себебіне бағынышты болады. Сондықтан әрекетгің сыртқы (байқалатын) және ішкі ой қорыту жағы болады.

Тәрбиешінің тікелей тәрбиеге бағытталған қызмет түрлерінен өзгешелеу мақсатта педагогикада тәрбиешілік қызмет және тәрбиелеушіге жағдайлар жасау жөніндегі қызмет деп ажыратылады.

Соңғы жылдары мектептің тәрбиелік қызметін жасау жөніндегі түрлі бағыттардың арасында тәрбиелік істі ұжымның шығармашылықпен ұйымдастыру әдісі өзін ақтады.

Тәрбиелік іс — тәрбиеленушілердің нақты қызметінің түрі, үлгісін ұйымдастыруы және жүзеге асыруы. Тәрбиелік істің ерекшелік белгісі — қажеттілік, пайдалылық, жүзеге асырушылық.

Тәрбиелік үрдіс толастамайтын тәрбиелеушілік істердің тізбегінен тұруы керек. Тәрбиелік іс ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие болады және ұжымдық тәрбиелік істер деп аталынады. И.П.Ивановтың айтуынша, тәрбиелік іс “Қамқорлық, еңбекпен және ойынмен, шығармашылықпен және жолдастықпен, өмір қиялымен және қуанышпен толтырылған айқын ұйымдастырудың әдісі, сонымен бірге негізгі тәрбиелік үрдіс”. (И.П.Иванов, “Тәрбиелік шығармашылық істердің энциклопедиясы” М,1989 с. 3-4).

Бұл орайда, біріншіден, төрбие ісінде төрбиешілердің оқушьшармен бірлестіктегі өзара өрекеттерінің түрі мен

111


тәсілі маңызды роль атқарады. Екіншіден, тәрбие ісінің негізіне — қызметтік және кіріктірушілік сияқты екі көзқарас жатады. Іс-әрекет оқушылар қызметінің жалпы-адамзаттық мәдениетті игерудей жоғары ой-танымдық, еңбек, көркем-эстетикалық, экологиялық, экономикалық, құқықтық сияқты алуан түрін ұйымдастыруды қажет етеді. Ал екіншіден іс-әрекеттің барлық түрінің, педагогикалық үрдісте бірыңғай бағыттыға табиғи “жетілдіруін” талап етеді.

Тәрбие ісінің мәні бір мезетте адамгершілік, эстетикалық, саяси, жоғары ойлы ықпалдың болуы керек. Сонымен бірге іс~әрекеттік көзқарас тәрбиенің бағыттылығын көрсетеді, оның мазмұндық сипатын айқындайды.

Егер тәрбиелік істерді білімнің оңашаланған жүйесі деп қарайтын болсақ, онда олардың сан алуандығына қарамастан мектептерде олардың бәрінің негізінен біркелкі құрылатынын байқауға болады.

Педагогке кез келген тәрбиелік істі ұйымдастыруда төмендегі кезеңдерді бөліп алып қарауға тура келеді:

1) мақсаттылықты көздеу (жағдайларды талдау, тәрбие ісінде басты бағытты және мақсаттарды қалыптастыру); 2) жоспарлау; 3) ұйымдастыру және даярлау; 4) істі тікелей жүзеге асыру; 5) қол жеткізілген нәтижелерді талдау. Осы кезеңдерді қарастырып көрейік.

Мақсаттылықты көздеудің және тәрбие ісін жоспарлаудың қайнар көзінің бірі ретінде тәрбие істерін жүзеге асыратын сол кезеңнің әлеуметтік жағдайы болып табылады. Бұл жағдай еліміздегі жіне әлемдегі қоғамдық оқиғалармен, мемлекеттік мерекелермен, мерейтойлық күндермен, үкіметтің қаулыларымен, қоғамдық мәні бар идеялармен, сондай-ақ күнделікті өмірдегі оқиғалармен орайлас келіп отырады. Тәрбие істерін ұйымдастыру мені өткізудің қайнар көзі ретінде тұлғаның бойында қажетті; сапалар мен белгілердің қалыптасуына педагогикалық диагноз қызмет етеді: Тағы бір қайнар көз — белгілі кезеңде оқу—тәрбие орындарындағы жұмыстардың жалпы бағыттылығы. Осы қайнар көздерді бірлікте ұстау' (жағдайды талдау және мақсатты қалыптастыру); істі жоспарлау; істі ұйымдастыру; (істі жүзеге асыру; қорытындысын шығару) тәрбие ісін өмірлік күшпен толықтыру және олардың сонылығын, бағыттылығын қатесіз айқындап беру болып табылады.

112

Басым тәрбиелік мақсат (әдетте бұл мақсат адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат етеді) нақты істердің міндеттерін белгілейді. Әрбір істе тәрбиенің жалпы бағыттарының бір-бірімен үйлесуін (ой, дене, еңбек және т.б. бағыттағы) және өзекті идеяларды айқындау бөлініп шығады.



Мақсаттылықты көздеу кезеңіндегі педагогтың міндеті - әлеуметтік жағдайды ескеру, өзінің тәрбиелік қызметін басты мақсатқа бағындыру, ұжымның және оның жекелеген мүшесінің тәрбиелік деңгейінің диагнозын қою, содан соң болашақ істе қарастырылатын мәселелерді оқушылардың қабылдауға даярлық деңгейіне педагогикалық тыңғылықты талдау жасау. Нәтижесінде сұрақтарға барынша айқын жауаптар алынуы керек а) тәрбиелік әсер етуге бағыттайтын ұжым қандай? ө) осы бағыт бойынша оның даму деңгейі қандай? б) істі жүзеге асырудың нәтижесінде не нәрсеге қол жеткізуге болады? в) тәрбие құралдарының қандай жүйесімен жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге болады?

Сондай-ақ өткен кездегі тәрбие жұмыстарында тәжірибе жүзінде ашылған кемшіліктерді талдауға көңіл аударылады. Қолға түскен ақпараттарды өңдеп болған соң тәрбие ісінің мақсаты алгоритм бойынша қалыптасады: ұжымның және жеке тұлғалардың жайы — педагогтың және оқушылардың мүмкіндіктері.



Мақсатты айқындау және нақты міндеттер. Әр түрлі оқушылар бірлестіктерінде жүргізілген жұмыста одағы жеткен табыстар озат тәрбиешілердің жұмыс тәжірибесін қорытып, жүйелеуге жоғары нәтижеге жету жолын жеңілдететін бірқатар ұсыныстарды (ережелерді) ретке келтіруге мүмкіндік береді,

Тәрбие тиімділігінің маңызды шарттары мыналар болып табылады:

1. Тәрбие істерінің нақты міндеттерін терең ұғыну. Бұл міндет-тердің ешбір зорлықсыз шеберлікпен түсіндірілуі және оқушылар-дың оларды өздерінің міндеттеріндей терең сезіне орындауы үшін олардың ой-санасына жеткізілуі керек.

2. Кез келген тәрбие ісі қызметтік және кіріктірмелік көзқарас негізінде жобалануы керек. Біріншіден жанды, шығармашылық түрде, тәрбиеленушілердің өздерін қызықтыратындай болуы талап етіледі және күш-жігер жұмсауды қажет ететін қозғалысты істерді таңдауға бағытталады.

113

Ал екіншіден педагогке бір істен әржақты тиімділік алуға көмектеседі.



3. Кез келген істе одан кейінгі міндеттердің бәрі шешімін табатын болу үшін басты буынды бөліп алуға ұмтылған жөн.

4. Тәрбие ісінің мазмұнын оны жүзеге асырудың міндеттері мен шарттарына байланысты айқындау керек. Материалды оқушьшардың қызығушылығын туғызу үйіне тәрбиеленушілерге ықпал ететіндей, дұрыс бағдар беретіндей және, оларға сүйенетіндей дәрежеде іріктеп алу керек.

5. Тиімді әдістерді, тәсілдерді және құралдарды тәрбие ісінің әр кезеңі үшін жобалап отыру қажет. Мұнда әдістердің әр оқушының белсенділігін, ынтасын, өздігінен жұмыс істеуін молынан қамтамасыз етуін еске ұстаған жөн.

6. Төрбие ісін даярлау кезінде үйымдастырушылықтың барынша дүрыс болуына көңіл бөлу қажет. Кез келген тәрбие ісі тәрбиеленушілер үшін “ұйымдастыру мектебі” болып саналады. Тәрбие ісін даярлау ынталықты, талап қоюшылықты, көпшіл болуды, міндетті бөлісе білушілікті, жағдайларға тиімді бағдар таба білушілікті және мұғалімдермен, құрбыларымен өзара қарым-қатынас жасауды қажет етеді.

7. Тәрбие істері бір үлгідегі шаблонға төзбейді, олардың айырмалық белгілері — икемділік және ауқымының кеңдігі. Олар түрлі қажеттілікті, әр тәрбиеленушінің қызығушылығы мен қабілеттерін молынан пайдаланумен шығармашылық тәсілдің жүзеге асырылуын талап етеді.

8. Тәрбие істері алуан түрлі болуы керек. Жарқын қызықты істерді тәрбиеленушілер есінде ұзақ сақтайды, істің ал бір істің әлденеше қайталануы кері әсерін тигізеді. Оларды әр сыныптың нақты жағдайларының арақатысын, әр оқушының жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және дербес ерекшеліктерін есепке алумен жетілдіріп отырған жөн.

9. Өткізілетін төрбие ісінің тиімділігінің басты шарты педагогтың оқушылардың әсерленушілігіне, түрлі сезімдеріне сүйене білуі болып табылады.

Әрбір тәрбие ісінде тәрбиеленушілердің жүрегіне жақын, оңды белгілерді дамытуға, тұрақты берік өмірлік көзқарасты қалыптастыруға, айналадағы шындықты дұрыс түсіне білуге көмегін тигізетін жайларды таба білу керек.



114

Тәрбие ісін жоспарлау кезеңі мақсаттылықты көздеудің соңынан келеді. Бұл кезеңде педагогтың алдында тәрбиеленушілермен бірге қызметтің бағыттастылығы, әр атқарылатын әр істің бөлшектері және қатысушылар арасындағы міндетті бөлісу сияқты маңызды міндеттер тұрады.

Педагогтың қызметі тәрбиеленушілердің жұмысын жоспарлы түрде ұйымдастыру. Сондықтан тәрбие ісі тәрбиеленушілер қатысымен жоспарланады, дәлірек айтқанда, балалардың тәрбие ісін даярлауы мен қатынасы сынып жетекшісінің басшылық жасауымен бірлесе қызметтестікте шығармашылықпен өткізіледі. Олай болмағанда, тәрбиелік іс оқушылардың жеке ісі емес, формальды өткізілген шара болып қалады.

Ең бастысын ұмыт қалдырмау, белгіленген бағыттан ауытқып кетпеу және қойылған мақсатқа жету үшін тәрбие ісінің қалай орындалатынын жоспарлау мен ұйымдастырудың сапасына байланысты болады. Мәселені көп боп жасай отырып, бірден шешу керек.

Егер жетекші (басшы) төмендегі ұсыныстарды есепке алатын болса, тәрбие ісін жоспарлау табысты болады: тәрбиеленушілердің даярлық деңгейіне сүйенген, олардың жас және жеке бастық ерекшеліктерін есепке алған жөн.

Тәрбие ісін жоспарлау өте жауапты іс, сондықтан оқушы жұмыс істейтін әр бөлімді міндетті түрде басқа бөлімдерімен нақты байланыста болатындай етіп ұйымдастыру керек. Солай болғандықтан, жоспарлауды кешенді сипатта іске асыру көзделеді.

Мақсаты мен міндеті бойынша тәрбие ісінің көп түрлері қамтылады: әдептілік, әлеуметтік-бағдарлық, эстетикалық, танымдық, спорттық, экологиялық, экономикалық, құқықтық, еңбектік болып, көп түрге бөлінеді.

Тұлғаның қоғамдық мәнге иелік сапасы басымдық мақсатта болып, ол шартты түрде әлеуметгік-бағдарлық деп аталады. Тәрбие ісінің басты мақсаты оқушылардың бойында үкіметтің қоғамдық органдарына, құқықтық тәртіпке және т.б. әлеуметтік көзқарас жүйесіне қатысуды қалыптастыру болып табылады.

Тұлғаның қоғамдық сапасының мазмұны қоғамда, едде, әлемде болып жатқан жағдайлардың бәріне оның тікелей қатыстылығын көрсететін азаматтық көзқарас сияқты маңызды көзқарасты қалыптастырумен қорытындыланады. Өйткені қазіргі жағдайда азаматтық

115


сезімнің жоғары дәрежелік маңызы бар. Мәселен, оқушы бойында жауаптылық ретінде сезімді қалыптастыру ұлғаның басқа да аса маңызды әлеуметтік-адамгершілік сапасына байланысты. Өйткені (түсініп алу қажеттігі) әлеуметтік қарым-қатынастарды игеруге біртіндеп, елеусіз көшу сол арқылы болады.

Жауаптылық адамның қылықтарында, әрекеттерінде пайда болады және мінез-құлықтың міндетті өлшемдері мен ережелерін саналы орындауын көрсетеді. Ол азаматтық, саяси, адамгершілік, жанды құқықтар мен міндеттерге қарым-қатынасты сипаттайтын бұған дейін туған ойлар мен әрекеттерге сәйкес ойдың үнемі күшейіп тұруын және дағдылардың қалыптасуын талап етеді. Осындай қатынастардың арқасында адам түрлі жағдайларда мінез-құлықтың түзу жолын табады. Жауаптылықты, төзімділікті, табандылықты, тұрақтылықты, өзін ұстай білуді талап етеді. Осының негізінде еріктікке ие болады, бірақ қатынасқа қажетті басқа да адамгершілік сапаларды, сондай-ақ ішкі жинақылықты, ұқыптылықты, күні бұрын істеушілікті, айналадағыларға көңіл бөлушілікті қамтиды. Алайда жауаптылықты тәрбиелеу кезінде тек сыртқы емес, мінез-құлықтың таңдаған жолына ішкі сенімнің де керектігін есте ұстаған жөн. Сонымен байланысты тәрбие ісін ұйымдастыруда әлеуметтік-бағдарлылық жүйесіне енетін тәрбиелік істерді ұйымдастыруды қажет етеді.



Этикалық тәрбиелік істер. Адамгершілік тәрбиесі — бұл қоғамдық мораль талаптарына сәйкес келетін оқушылар бойына адамгершілік сапаларды қалыптастыру мақсатымен олардың санасы мен сезіміне мақсатты және жүйелі түрде ықпал ету. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеттері: адамгершілік сананы қалыптастыру; 2) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; 3) адамгершілік мінез-құлықтық біліктер мен дағдыларды тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбие мыналарды қамтиды: адамның қоғаммен байланыстылығын, оған тәуелді екенін, өзінің мінез-құлқын қоғамның мүдделерімен келістірудің қажеттігін сезінуі, адамгершілік мұраттармен таныстыру, қоғамның талаптарымен, олардың заңдылықтарымен және оның ақылға қонымдылығымен, адамгершілік білімдерді адамгершілік сенімдерге айналдыруды көздеуімен, осы сенімдердің жүйесін жасаудың қажеттігін, тұрақты адамгершілік сезімдер мен адамгершілік сапаларды қалыптастыруды, адамның

116


адамдарға деген құрметінің болуын қарастыруды, сөйтіп адам-гершілік дағдыларды қалыптастыруды кездеу.

Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесі елеулі өзгерістерге ұшырауда. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықты жаңартудың аса қажеттігі туып отыр.

Мұндағы басты құндылық - өмір. Адамның өмірге деген құқығы киелі, әрі берік. Бала басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына және өз өміріне қастандық жасауға болмайды деген шындықты ана сүтімен бойына сіңіруі керек. Бұл күнде оқушьшар арасында өзін-өзі өлтірудің көбеюі үлкен аландаушылық тудыруда. Олардың кейбірі өмірдің мәнін жоғалтып, өмір сұру мұраттарынан айырылуда.

Жалпыадамзаттық ерекше құндылық — бостандық. Демократияландыру жағдайларында тұлғаның құқығы мен бостандығы айтарлықтай өсті. Бұл көптеген оқушылардың мәдени деңгейінің төмен екенін ашып көрсетті. Қарым-қатынастың демократиялық стильдегі мәдениеті төмен адам өзінің айтқанын шексіз бостандық деп, ол айналадағылардың сезімін, қасиетін елемеуге болады деп түсінеді. Шындығында бостандық пен жауаптылық, бостандық пен тәртіп ажыратылмас ұғым. Мектепте айтқанды істеу — жемісті тәрбиенің, әсіресе төменгі жастағы тәрбие жағдайларының бірі. Айтқанға көне беруден гөрі бала мүмкіндігінше тезірек жауаптылыққа, саналы тәртіпке көшуі керек.

Сонымен бірге патриотизм, басқа халықтарға қолдау көрсету, ар-ұят, парасаттылық, қайырымдылық, адал ниеттілік т.б. адамгершілік қасиеттср өзінің мағынасын жойған жоқ, керісінше, олардың маңызы бұрынғыдан да арта түсті.

Осы заманғы адамгершілік тәрбие жүйесінде еңбекке көзқарас проблемасы барынша маңызды. Әр түрлі, күрделі проблемалар көп. Арамтамақтық, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, күш көрсетушілік, мейірімсіздік жастар арасында өршіп кетті. Олармен мектеп күн сайын ұшырасады. Олар жастардың адамгершілік санасын және олардың өзін бүлдіреді: ол рухани және дене дамуы жағынан кері кетіреді.

Педагогика этикалық бағаттағы тәрбие ісінің құрылымына адамгершілік мораль туралы мағлұматтарды ендіреді, адамдық сананың моральдық үлгісі адамдық мәдениеттің бір бөлігі дегенді айқын түсінуіне қол жеткізеді. Моральдің мәнін, өлшемін және ұстанымдарын

117


тусіну тәрбиеленушілерді олардың өздерінің және басқа адамдардың қылықтарын бағалай білуге адамгершілік туралы ойлауға әкеледі.

2.6. I—IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен



мазмұны

Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері ме мазмұны. Оқушылардың интеллектуалдық мәдениет қалыптастыру

1. Міндеттер: Оқушыларды пәндерге қызығуға, алға білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

2. Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.

Балаларды бірінші сыныптан бастап мектепте алған білімнің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларында оқу тапсырмаларын орындауда заңды түрде кездесетін алғашқы сәтсіздіктерге бола оқуға деген ынтасының төмендемеуіне ерекше көңіл бөлуді қарастырған жөн.

Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын калыптастыру керек.

Міндеттер: Жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету; достыққа, жолдастыққа, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті егу, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдьшыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу.

Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;

118


Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу.

Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу.

Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;

еңбек үрдісінде бастысы — жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;

суды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.



Экологаялық мәдениетті қалыптастыру. Оқушылар арасында экологиялық тәрбие насихатын дамыту (ол үшін жерді, суды, электр қуатын ұқыпты пайдалану жөнінде конкурстар, құстарды қарсы алу жөнінде шаралар өткізу; табиғатгы қорғау ұйымдарымен байланысты күшейту).

Экономикалық мәдениетті қалыптастыру. Қоғамның экономикалық өмірінен өндіріс жүйесін бөле білуге, айырбастау және тұтыну туралы алғашқы ұғымды қалыптастыруға, оқушыларды экономикалық жұмысқа тарту арқылы шағын кәсіпорындарды қалыптастыру ісін ұйымдастыра білуге тәрбиелеу.

Экономикалық тәрбиемен байланысты кәсіпорындарды ұйымдастыруда ұжымдық, еңбек сүйгіштік, ұқыптылық, тәртілтілік, мүдделік сезімді тәрбиелеу.

Мазмұны: Аталған міндетгермен байланысты жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысында балаларды халық, педагогикасы мен психологиясының озат дәстүрлерінде, сондай-ақ өркениетті елдер мәдениетінің үлгісінде тәрбиелеу қарастырылады. Олардың бойына ұлттық дәстүрлерді дарыту және сонымен қатар оқушыларды ана тілінде ойлай, сөйлей және жаза білуге қалыптастыру көзделеді. Мектепке келген жеті жасар бала тәрбиеге тез көндігеді. Ол жақсы оқушы болғысы келеді. Бірінші сынып оқушыларының тәрбиесі қызметтің көптеген түрінен құралады. Олардың қызметін ұйымдастырудың ойын, оқу, еңбек жөне топтық және

119


ұжымдық жұмыс түрлерін меңгеріп алмай, бұл жастағы балалардың тәрбиесін қолға алуға болмайды.

Бірінші сынып оқушысы көптеген заттармен алғашқы рет ұшырасады. Сондықтан тәрбиелік көзқарас тұрғысынан балалардың оқудағы, жазудағы, санаудағы, бірлескен қызметінің алғашқы түрлерін ұйымдастыруды тыңғылықты ойластырған жөн.

Бірінші сынып оқушысы бірінші рет қоғамдық тапсырма алады. Сондықтан оны жақсы орындағанын немесе әлі де жеткілікті жасамағанын оған түсіндіру өте маңызды. Осылайша бірінші сынып оқушылары жеңіл-желпі тапсырмаларды басқалармен бірлестікте орындай отырып, адамдық дағдыларды меңгереді. Бұл балаларды тәрбиелеудің негізгі жолы.

Тәрбие үрдісі оқыту үрдісі сияқты жеңілден басталады да, біртіндеп қиындатылады, Сондықтан тәрбиелік жұмыста кезендік ұстанымның маңызы зор.

Өткізілетін шаралардың санының көп болуына әуестенбеу керек. Ұжым және ұжымдасу туралы әңгімелерді олар ұжымдық өзара қарым-қатынастың кейбір тәжірибесін жинақтағаннан кейін өткізген орынды болады.

Балаларды мектепке даярлаудың дәрежесі әр түрлі екенін еске ұстау жөн. Балалар арасында оқи білетін және айтып бере алатын, өзін ұстай алатын, сол секілді оқи алмайтын және оқушылық міндетті нашар игеретіндер де кездеседі. Кейбіреулері әлі оқи алмайды жөне оқушы міндетін қиыншылықпен игереді. Кейбіреулері оқудан шаршап қалады. Егер дер кезінде көңіл аудармаса, олардан үлгірмеушілер шығуы мүмкін. Сондықтан мұғалім бар ерекшеліктерді ескере білуге тырысуы керек. Балабақшадан келген балалар тек отбасында тәрбиеленген өз құрбыларынан көп ретте алда болады. Тәрбие үрдісінде оларды теңестіруге тырысу қажет. Тәрбие әр балаға көңіл бөлуді талап етеді, оқушының жеке басын құрметгей білуді көздейді. Бұл жерде оның тұлғасын емес, оқушының әрекетін бағалауға тырысу керек. Мәселен, “сен жамансың” немесе “сен жақсысың” деудің орнына “сен дұрыс істемедің” немесе “сен жақсы істедің” деу орынды.

Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мәселен, жинақылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына

120


сүйене отырып, оның өз күші мен мүмкіндігіне сенімін

арттыру керек.

Бірінші сынып оқушысымен мұғалімнің қарым-қатынас жасау стилі оқушьшар арасындағы өзара қарым-қатынастардың үлгісі болып табылатынын әрқашан есте ұстаған жөн.

Бірінші сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашы ұғымын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.

Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттігін, сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.

Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ осындай аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлуі керек.



Экологаялық мәдениет — адамгершілік тәрбиесінің бір түрі. Бастауыш мектептің оқушылары алғаш мектепке келген күннен бастап табиғатты қорғаудың қажет екенін білуі керек (көпшілік балалар бұл жайында балабақшадан біледі). Ол адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін түсініп, адамның табиғатты пайдалану проблемасын игеруге біртіндеп төселеді.

Оқушылардың шипалық шөптерді жинауға белсенділігін арттыру, тамақта ұшырасатын кейбір микробтарды білу (мәселен, Арал теңізі, Алматы маңындағы суларда кездесетін зиянды микробтар), оқушылардың денсаулыққа зиянды, улы заттарды танып білуіне көмектесу өмірлік маңызы бар қажеттілік болып табылады. Мәселен, оқушылардың назарын су тартқыш құбырындағы су құрамдарында организмге қауіпті микробтардың болуы, Семейдегі полигонмен байланысты ауаның өзгеруіне және т.б. мәселелерге оқушылардың назарын аудару керек.

Жалпы бұл бағытта олардың бойында табиғат есемдігін түсіну - арқылы адамдықтың жақсы сапаларын

121


қалыптастыруда жасөспірімдерге көмек көрсету жүзеге асырылады.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты . міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің ролін түсіне білуді дарыту болып табылады.

Бірінші сынып оқушыларын кез келген жұмысты тиянақты және дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым әлементгеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза үстауға, еңбек құралдары дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.

Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.

Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегінен жасалынғанның бәріне) ұқыптьшық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.

Әкономикалық мәдениетке тәрбиелеу. Сондай-ақ әлеуметтік қарым-қатынастан пайда болатын экономикалық тәрбие де адамгершілік тәрбиесіне қатысты. Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты,ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.

Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар — ақша айырбастау сияқты үғымдарға үйрету қарастырылады.

Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытгы үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың

122


салмағын айыра білуге үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.

Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет