Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п


Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі — ынталандыру



бет8/17
Дата26.10.2018
өлшемі2.92 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі — ынталандыру, яғни оқушы алдында үнемі түрткі тудыру. Мектеп тәжірибесінде мадақтау мен айыптау (жазалау) әдістері кеңінен қолданылып келді.

Жазалау әдісіне теориялық тұрғыдан сын көзімен қараушылардың бірі А.С.Макаренко болды. Жалпы жазалау әдісін орынды қолдануды пайдалы деп қарай отырып, А.С.Макаренко “Жазалау адам мінезінің (характерінің) берік болуына мүмкіндік туғызады, баланы өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, оның еркі мен адамгершілік орнын қалыптастырып тәрбиелеуге ықпал етеді” деді.



Мадақтау әдісі дегеніміз — тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжьш алдында жария етуі. Ал бұған

98

қарама-қарсы жазалау баланың іс-әрекеті мен мінез-құлкындағы жағымсыз жағдайларды көріп, оның қоғамдык мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндігіне тәрбиешінің көзқарас, пікірін біддіруі.



Мадақтау мен жазалау әдісінің психологиялық негізі баланың ішкі жан дүниесінің күйініш яки сүйініш сезімімен байланысты. Бұл сезім баланы өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, өзіне-өзінің баға беруіне итермелеп отырады. Сонымен бірге теріс іс-әрекеттен бойын тежеуге үйретеді. Олай болса, жазалау я мадақтау әдісі оқушыларда адамгершілік сана-сезімнің оянуына, дамуына ықпал етеді, өзіне-өзі талап қоя білуге үйретеді. Мадақтаудың әдісі: мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, жолдастарының алдында алғыс жариялауы, мектеп дирекциясының бұйрығымен алғыс жариялау, т.б. сыйлықтар беру, мақтау грамотасымен, алтын, күміс медалімен марапаттау. Онан басқа мектептің Құрмет кітабына жазу, Құрмет тақтасына фотосуретін қою т.б.

Мадақтау әдісін баланың жас ерекшеліктеріне қарай лайықты қолдану керек. Төменгі сыныпта мадақтау жиірек қолданылады. Мысалы, бала партада түзу отырғанда, қолын дұрыс көтергенде, сабақ үстінде тыныш отырғанда, т.б. Ал жоғары сыныптарда баланың іс-әрекетінің күрделі түрлері мадақталады. Мысалы, бала үнемі үй тапсырмасын орындап келеді, көрнекі құрал жасайды, еңбекке белсене қатысады, т.б, Әрине мадақтауды жиі қолдануға болмайды. Ол оқушыны дандайсытуы мүмкін. Мадақтау әдісін жеке оқушыға да, бүкіл сынып ұжымына да қолдануға болады.

Кейде тәртіпсіз, нашар оқитын баланың жақсы мінез-құлықтарын көріп мадақтаудың пайдасы бар. Ол оқушының түзелуге ынтасын туғызады. Жалпы адамның жатымды жағын көре білудің, жақсы істерді үлгі етудің тәлімдік мәні зор. Осы мақсатпен кейде мектептің қабырға газетінде “Біздің мектептегі іс-әрекеттер” деген айдармен мақала ұйымдастыру орынды (немесе “Олардың ісі - басқаларға үлгі” т.б.)

Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, ауызша сөгіс беру, оқушыны тақта алдына тұрғызу, мектеп директорының бұйрығымен сөгіс жариялау, педкеңесте қарау, басқа параллель сыныпқа көшіру немесе басқа мектепке ауыстыру,аудандық оқу бөлімінің келісімі бойынша мектептен шығарып, еңбекпен түзеу лагеріне

99

немесе қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу.



Жазалау әдісі әділ қолданылғанда, яғни ол жазаны бүкіл ұжым (сынып, мектеп) қолдағанда ғана нәтижеді болады. Сондықтан сынып жетекшісі оқушының мінез-құлқын сынып ұжымында талқылап, бірыңғай пікірге келгенде, күрделі жазалау әдісін қолдануы керек (мысалы, басқа сыныпқа ауыстыру, мектептен шығарту т.б.)-

Жазалаудың қай түрі болсын, оқушының мінез-құлқына талдау жасау, өзінің терістігіне көзін жеткізу арқылы іске асырылуы керек. Кейде оқушы байқамай тәртіп бұзса (байқамай терезені қиратып алды делік), ондай жағдайда ескертумен ғана шектелуге, түсіндіруге тура келеді.Әсіресе мінезі бір қалыпты емес, нерв жүйесі ауру балаларды жазалауға өте мұқият жауапкершілікпен қарау керек. Жазаның қай түрі болсын, оқушының теріс іс-әрекетін болдырмауға, түзетуге арналады. Терең талдау жасамай, үстірт қолданылған жаза баланы ерегістіріп, өшіктіреді. Мысалы, екі бала бірін-бірі итеріп қалды делік. Осындайда кінәлі баланы емес, кінәсіз баланы жазалау оның мұғалімге деген өшпенділігін туғызады. Мадақтау да, жазалау да тәрбиенің нәзік, қатаң түрі болғандықтан, ол әдісті байқап пайдаланған дұрыс.

Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді.Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.

Педагогикалық диагностика технологиясы (тәсілі). Диагностика зерттеліп отырған объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы әдісі. Мысалы, дүние жүзінде адамның жан-жақты дамуын білу үшін арнайы өлшемдер қолданылады. Ол дамудың жалпы және арнаулы сапаларын өлшейді. Ұсынылған тапсырмаларды адамның қалай орындауына байланысты жан-жақты дамудың нақты өлшемдеріне орай қол жеткен деңгей туралы қорытынды жасалады. Содан соң алынған мәліметтермен салыстырады. Мектеп мұғалімдері үшін басты мақсат оқушьшардың ақыл-ой қызметін, мінез-құлқының және басқа да маңызды сапаларының дамуын білудің барынша кең тараған түрі тестімен жұмыс жүргізу болып саналады. Тәрбие ісі ұзақ және қарама-қайшы үрдіс екені белгілі.

100


Осымен байланысты тәрбиешілерге өмірде көптеген қиындықтар кездеседі. Қиындықтың ең үлкені тәрбие нәтижелерінің ашық сипатта жиі болуы және оларды ескерудің күрделілігі болып табылады.

Мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу — басты мақсат. Соған байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері айқындалады. Сондықтан да басты мақсат - тәрбиелілік деңгейін қалай айқындауға болады деген мәселеге көңіл аударудан туындайды. Алынған нәтижелерді салыстырудың өлшеуіші ретінде критерий — өлшем атауы (латынша “критериум” — “салыстыру”) қолданылады. Тәрбиелілік өлшемі дегеніміз - жеке тұлғаның немесе ұжымның түрлі сапалар денгейінің теориялық жағынан зерттелу көрсеткіштері. Олар әдетте шкалалық сандармен белгіленеді. Егер де сапалардың көріну деңгейлері шартты түрде бағаланса, онда үлгерім мен білім сапасын тест арқылы анықтау да осындай тестпен жүргізіледі, бірақ мұның айырмашылығы тест ретінде теориялық тапсырмалар емес, тәрбиеленушінің түрлі ситуацияларға түскенде белгілі бір сапаларының артық не кем екенін танытатын іс-әрекеті алынады.

Белгілі ғалым И.П.Подласыйдың еңбегіне сүйенсек, қазіргі тәрбиелілік өлшемдеріне әр түрлі көрсеткілітерді пайдаланудың көлсмін анықтайтын көптеген сипаттамалар бар. Тәрбиелілік өлшемді шар тты түрде “қатаң” және “жеңіл” деп екі түрге бөлуге болады. “Қатаң” деген өлшем өте сирек қолданылады, тіпті соңғы ондаған жылдар бойы мұндай өлшем туралы (яғни, тәрбиесіздік) сөз қозғау мүмкін емес болатын. Жастардың жалпы тәрбиелілігін

кешенді түрде сипаттайтын маңызды статистикалық көрсет-кіштер осыған жатады: құқық бұзушылық саны және олардың өзгеру тенденциялары; қылмыс жасап лагерлері болып қайтқан жастар саны; ажырасқан және бұзылған отбасылар саны; жастар арасындағы маскүнемдік, шылым шегушілік, нашақорлық,жезөкшелікгің саны т.б. көптеген көрсеткіштер.

Мектеп тәрбиесін сипаттайтын “жеңіл” өлшемдер тәрбие үрдісінің барысы мен нәтижелсрі жайында хабар береді. Бірақ ол оқушының бойындағы барлық сапаларды терең де нық сеніммен зерттеп анықтай алмайды. “Жеңіл” өлшемдер бала бойындағы адамгершілік, эстетикалық, еңбек сүйгіштік, т.б.сапаларды ғана анықтайды.

Жеке тұлға — бүтін, біртұтас құрылым. Сондықтан оның бойындағы барлық сапаларды кешенді түрде

101

қарастыру керек. Жеке тұлғаның бітім болмысын көп қырынан зерттеп танытатын өлшемді әлі ешкім жасап шығарған жоқ. Бұл — келешектің ісі. Олай болса, бүгінгі мектеп тәрбиешілеріне бұрыннан қолданылып жүргең әдістемелерді басшылыққа алуға тура келеді.



Көптеген тәрбиелілік өлшемдерінің ішінен негізгі екі тобын бөліп қарауға тура келеді: мазмұндық және бағалау. Жеке тұлғаның немесе ұжымның тәрбиелілік деңгейінің жетістігі — диагностиканың ең соңғы нәтижесін анықтайтын жалпы өлшемдер бар және жекелеген қасиеті, сапасы мен қырын жетілдіруге байланысты аралық нәтижелерді талдайтын жеке өлшемдер де бар. Алғашқысы алға қойылған мақсат, талаптарды көрсетсе, екіншісі -тәрбие үрдісінің белгілі бір мәселелерін танытады. Тәрбиелілік өлшемдер бағыты, тәсілі мен қолданылу орнына қарай шартты түрде екі топқа бөлінеді: 1) тәрбиенің сыртқы түрінің нәтижелері көрінісіне байланысты жеке тұлғаның іс-әрекеті (қылығы, пікірі, бағалау деңгейі) және 2) тәрбиешінің көзінен тыс оқиғаларға байланысты (сылтау-себептер, сендіру, жоспарлар, бағыт-бағдарлар).

Диагностиканың тәрбиелілікті бағалау үшін қолданылатын кейбір практикалық әдістерінің мазмұны жайында түсінік беруге болады. И.П.Подласый нормалар мен ережелер жайындағы түсініктерін, жалпы ой-пікірлері мен көзқарасын бағалау деңгейін және тәрбиешілерді қызықтыратын басқа да мәселелерді зерттеуге болатынын айтады. Мысалы, мектеп тәжірибесінде көп қоланылып жүрген “Адалдық деген не?”, “Қандай мамандықты қалайсың?” — деген сияқты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың ауызша да, жазбаша да ой-пікірлерін көзқарасын байқауға болады.

Жеке тұлғаның түрлі тақырыптағы мәселелерге байланысты пікірлері мен көзқарастарын анықтау үшін тақырыптық шығармалар жаздыру мен жеке әңгіме өткізу тиімді.

Педагогикада мінез-құлықты зерттеудің “тәрбиелейтін ситуациялар әдісі” деп аталатын тиімді тәсілі қолданылады. Ол екі мәселені біртұтас қарастыруға мүмкіндік береді:

1) талап етілетін сапалардың даму деңгейін анықтау;

2) осы сапаларды тәрбиелеу, дамыту.

Тәрбиелік ситуация — бұл табиғи және алдын ала ойластырыла жасалған жағдай, оған тәрбиеленуші міндетті

102


түрде қатысып, өзінің белгілі бір сапаларынын, құрылу денгейін өз ісінен көре алады (мысалы мектепте, көшеде,сабақта т.б.).

Соңғы ондаған жылдар бойы алдыңғы қатарлы педагогикалық практикада проблемалық тәрбиелік ситуацияларды жасау қиындық туғызып отыр. Тәрбиелік ситуация туғызу үшін тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыра білу керек. Ситуациялардың мынадай түрлері бар: 1) тексеретін; 2) тәрбиелейтін; 3) бақылайтын; 4) бекітетін; 5) тәрбиеші ойластырмаған, бірақ көмектесетін; 6) тәрбиеші ойластырған, бірақ кедергі жасайтын немесе зиянды,

Проблемалық ситуациялар жеке тұлға үшін де, бүкіл ұжым үшін де жасалады.

Диагностиканың қорытындысы әр түрлі үлгіде жасалып жүр. Цифрлы индекстер, түрлі шартты белгілер, шкалалар аса сақтықпен және ұқыптылықпен қолданылады. Ондағы үш таңбалы он бағалар (+1,+2,+3) моральдық тәрбиелілік деңгейін танытса, үш таңбалы теріс бағалар (-1,-2,-3) моральдық тәрбиесіздік деңгейін (бетімен кетушілікті) көрсетеді. Сапалық бағаларға сандық эквиваленттер төмендегідей өлшемдер бойынша кок және теріс бағыттар қоса жазылады:

+ 1 (оң нәтижелі іс-әрекетке дайындық);

+2 (оң нәтижелі іс-әрекетке ұмтылушылық);

+3 (орнықтылық, оң нәтижслі әрекет жасағанда белсенділік таныту);

-1 (теріс нәтижелі қылықтарға бсйімділік);

-2 (теріс нәтижелі қылық көрсетуге ұмтылушылық);

-3 (қоғамға теріс мінез-құлықтылық ).

Бұл жерде мынаны ескеру қажет: тәрбиеліліктің бағалау негізіне жеке тұлғаның бөлек сапалары емес, жалпы адаңгершілік бағыты алынады. Сонымен, кейде тәрбиелілікті қарастырғанда мінез-құлықтың бастапқы себептерій ескеру қажет, өйткені жекелеген іс-әрекет, баланың бір сәттегі қылығы тәрбиелілік деңгейін сипаттай алмайды (И.П.Подласый).

Тәрбиеліліктің компьютерлік диагностикасы. Белгілі бір мақсатқа бағытталған сынып жұмысы зерттеп білуден басталады. Тәрбиелілік диагностикасы дегеніміз — бұл сынып жетекшісінің әрбір сынып оқушысы мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын зерттеу жұмысы. Тәрбиелілік диагностикасының басты мақсаты -оқушылардың моральдық және әлеумсттік сапаларының шын мәніндегі жағдайын белгілеу, оиың қиын және

103


қатерлі аспектілерін анықтау. Диагностика негізінде тәрбие үрдісін басқарудың стратегиясы мен тактикасы, тәрбиелілік істердің бағдарламасы жасалады. Сынып жетекшісі баланы қалыптастыруда көздеген мақсатына жету үшін қанша уақыт пен күш жұмсайтынын да диагностика анықтап бере алады.

Тәрбиелілік диагностикасының технологиясы төмендегідей маңызды талаптардан тұрады:

1) тәрбие ісімен айналысушы кез келген маманның жаппай қолдануына қолайлы болуы қажет:

2) уақыт пен күш аз жұмсалатындай үнемді болғаны жөн;

3) мүмкіндігінше жоғары негізде сенімді қорытынды шығара білу керек;

4) диагностикалық ақпараттың нәтижесі көкейде жүрген көптеген мәселелердің шешімін табуға көмектесуі қажет;

5) нәтижелері графиктік салыстырмалы кесінді, суреті түрінде көрнекі болса, оларды өлшеу, талдау, жинақтау-тиімді болады.Бұл талаптардың бәрін орындауға сыныпты компьютерлік диагностика-мен зерттеудің технологиясы мүмкіндік береді.

Сыныптын негізгі көрсеткіштерін жүйе ретінде түсіну. Америка педаготтары Дж.Кемфилда мен С.Вистидің зерттеулеріне сүйене отырып, көптеген нақты сипаттамалардың ішінен неғұрлым ақпараттық мәліметі толығы алынды.

Олардың тізімі мынадай:

1) сыныптың дербестігі - бұл сыныптың өзгеге қатысынсыз өз бетінше іс-әрекст жасауы, табысқа өз еңбегімен жетуі;

2) топтық бақылау — бұл сыныптың жеке оқушылар тәртібін ретке келтіруінің сипаттамасы;

3) сыныптың икемділігі - бұл сынып оқушыларының өз міндет-терін шығармашылықпен орындауының көрсеткіші;

4) оқушының сыныпта болуға деген пейілі. Көрсеткіші — оның топпен бірге болуға кездесуге ынтасы;

5) сынып оқушыларының бірігуінің деңгейі - оқушылардың маңызды әлеуметтік жоспар төңірегіндегі топтарға бірігуінің деңгейі. Оның көрсеткіші — ата- аналардың кәсібі, білім өресі, белгілі бір арнайы әлеуметтік топтарға жататыны, өмірлік құндылықтары, қызығушылық аясы, құрылымы.

104


6) топтасушылық - оқушылардың өзара бір-біріне көмектесуі, өз достарының өмірін білуі. Бұл топтық белгінің ажыратқышы - ең алдымен қарым-қатынас жасау деңгейі, талқыланатын мәселенің сипаты;

7) қатыстылығы (үлесі) — әрбір оқушы жалпы топтық істерге қанша үлес қосады және қанша уақыт жұмсайды;

8) сыныпта оқымайтын басқа да оқушылардың сабақтан тыс уақытга демалу үшін оған қатысу мүмкіндігі бола ма? Ол үшін оларға қосымша талаптар қойыла ма? Оның ажыратқышы — сыныпқа сырттан келіп қатысқан окушылардың саны;

9) сыныптың күш алуы — топқа қатысушы оқушылардың барлығына белгілі және барлығы бірлесіп қабылдаған ортақ мақсатқа жетуге ұмтылуы;

10) мүмкіндік деңгейі — топтың өз мүшелері үшін қаншалықты маңызды екенінін көрссткіші. Топты қанағаттандыра алатын немесе толық қанағаттандыратын талаптарынын, саны мен сипаты ажыратқыштық қызмет атқарады. Қажеттіліктің өзі сыныптың қандай құндылықты сақтаушы болып табылатынының куәсі;

11) сыныптағы оқушылардың толық қатысуы оның сандық сипаттамасы және құрамдық толықтығы болып табылады;

12) сыныптың сақталу ұзақтығы - сыныптың құрамы өзгеріссіз қанша уақыт сақталады;

13) стратификация - сынып құрамындағы әрбір оқушының рөлін және көзқарасын танытатын сипаттама көрсеткіші;

14) сыныптың тұтастығы-бірлігі мен беріктігі және тағы басқа да жақтарын танытатын көрсеткіші.

Осындай негізгі тірек сипаттамаларына сүйене отырып, диагностикалық талдау жасалады. Бұл — талдаумен бағалауға ұсынылған накты пайымдаулар жүйесі. Компьютерлік бағдарлама сынып өмірінің барлық жағы мен қызметін көрсететін пайымдаулар түрін ендіруге, оларды бағалайтын өлшемдердің көпқырлылығын және нәтижелердің жоғары ақпараттылығы мен сенімділігін ұсынуға мүмкіндік береді.

Сыныптың тәрбиелілік деңгейін компьютерлік диагностикамен зерттеуге оқушылар мен педаготтар түгел қатысады.Сондықтан бір мәселеге екі жақты көзқарас салыстырмалы түрде алынады: іштей — оны балалар қалай көреді және сырттай — оны педаготттар қалай көреді. Диагностикалық зерттеуге қызыққан адамдардың бәрінін,

105


қатысуы тура және жоғары дәрежелі қорытынды шығаруға мүмкіндік туғызады. Оқушыларға арналған компьютерлік бағдарламалар қызықты түрде даярланған (“Біздің сыныпта”, “Менің көңілім толмайды”, “Мен ұсынамын” жөне т.б.).

Диагностикалық зертгеу кем дегенде жылына екі рет жүргізіледі (тәрбие ісінің басталу және аяқталу кезеңінде). Алынған ақпараттың мәнін қайта бағалау қиын. Алқашқы зерттеуде алынған нәтижелер сыныптың тәрбиелшгінің барлық параметрлері бойынша өзгеруін көрнекі түрде бейнелеп береді. Сынып жетекшісінің еңбегі де көрініп тұрады. (Айта кету керек, басқа әдістемелермен ұштас-тырыла қолданғанда бұл технология педагогикалық шеберлік пен кәсіби деңгейдің сандық өлшемін шығаруда әлдеқайда тиімді.) Технологияның бұл нұсқасы өзін-өзі тәрбиелеуді жүзеге асыруға өте пайдалы. Қызықты ойынды аяқтай отырып, әрбір оқушы жалпы адамзатқа тән сапалардың өз бойында қалыптасуының диагаостикалық картасын көреді. Басты мақсат — тәрбиеленушілердің өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне назарын аудару. Тәрбиеге осылай жаңаша келу оқушылардың үлкен қызығушылығын туғызады: Әрбір оқушы өз бейнесін көргісі келеді. Егер ол ең болмаса бір рет өз бейнесіне назар аударса, онда ол өз бойындағы мінін жоюға тырысады (1-суретке қараңыз).



Ахметов Нурбол



106

Окушылардың тәрбиелілігін анықтаудың тағы бір үлгісі.

Тәрбие негізіне Л.С.Выготскийдің баланын жас ерекшелігі мен жеке бас қасиетгерінің дамуы туралы негізгі ұстанымы басшылыққа алынады. Оның пайымдауы бойынша, жасөспірімдердің тәрбиелілік деңгейін анықтауда баланың осы кезеңдегі орталық психологиялық жаңа құрылымының, яғни өзіндік санасының кальштасуын ескеруді керек етеді. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы, олардың тәрбиелілік деңгейі жас ерекшелігіне, меңгерілген білім, білік, іскерлік дағдыларына лайықты әлеуметтік және мінез-құлықтық көрінісімен анықталады. Олай болса, тәрбиелілік өлшемінің көрсеткіші әр сыныпта өзгеріп отыратын болғандықтан, педагогикалық тұрғыдан субьективтік баға беріледі. Бұрын мектеп тәжірибесінде оқушының төрбиелілік деңгейі оқушылардың ережесімен сәйкестендірілетін, сол арқылы оқушыларға мінездеме берілетін.

Оқушының тәрбиелілік деңгейін бір көрсеткіш арқылы анықтау мүмкін емес. Ол үшін жеке басты жан-жақты зерттеуге бағытталған көптеген өдістерді пайдаланған жөн. Сондықтан бүгінгі жеке тұлғаның дамуына психологиялық тұрғыдан қарау қажеттігі туып отыр. Соған орай біз Л.М.Фридман, Т.А.Пушкина, И.Я.Каплуновичтердің “Изучение личности учащегося и ученических коллективов” деген еңбегін басшылыққа ала отырып, тәрбиелілікті анықтаудың түрлі үлгілерін пайдалануды ұсынамыз.

Оқушының адамгершілік тәрибелілігін зерттеуде және оның жеке басының дамуын (психологаялық тұрғыда негізделеді) анықтауда төмендегі жағдайлар қарастырылады: адамның адамгершілік жағынан тәрбиелілігі оның адамгершілік жайындағы білімімен (адамгершілікті адам болу туралы түсінік), оған деген қатынасымен (сол білім оның жеке басының қажеттігіне айналды ма, бойындағы құндылықтар жүйесіне енді ме) жеке адамгершілік мінез-құлқымен (жеке адам бойындағы осы қатынастар түрлі жағдай, іс-әрекет үстінде қалай қолданылады) анықталады.

Адамның өмірінде білім, қарым-қатынас және іс-әрекет (қылық) өзара тығыз байланысты, біртұтастықты, бірлікті құрайды. Ол ұжымшылдық, жауапкершілік, өзін-өзі сынаушылық деген жеке сапалардан көрінеді. Міне,

107

Жеке бастың бойындағы адамгершілік сапасының бір түрінің немесе екінші түрінің деңгейін анықтау үшін, оның түсінігі (білімнің) мен адамгершілік қатынасын, ол қатынастың күші мен тұрақтылығын нақты іс-әрекет ,үстінде зерттеу керек. Соған сәйкес төмендегідей деңгейлерін бөліп қарастыруға тура келеді

I деңгей. Адамгершілік сапасының мәнін құрайтын адамгершілік қалыптар (өлшемдер) жайында түсінік, білімі бар. Бірақ бұл өлшемдер жеке бастың мінез-құлқына кіріспеген. Оған деген қарым-қатынас қарама-қайшы немесе тұрақсыз болып келеді.

II деңгей. Адамгершілік мінез-құлық нормалар жөнінде дұрыс және айқын түсінігі бар. Жеке бастың оған деген активті жатымды қарым-қатынасы байқалады. Бірақ, бұл өлшемдер жеке бастың қасиетіне толық айналып кірікпеген.

III .деңгей. Адамгершілік мінез-құлық нормаларын саналы меңгерген және ол мінез-құлық нормаларының дағдысына айналған.

Сонымен, жеке бастың адамгершілік сапасын айқындайтын қалыптар жөніндегі түсінік дәрежесін анықтап алып қана, баланың адамгершілік жағынан тәрбиелілігінің өлшемін анықтауға болады. Оны сынып жетекшісі мен психолог маманның оқушымен сұхбаттасу, анкета жүргізу, әңгімелесу, бақылау тапсырмалар беріп, оны орындау арқылы жүзеге асырады.

Сынып жетекшісі оқушылардың сыныптағы, сабақтан тыс уақыттағы, отбасындағы іс-әрекетін зерттейді. Жекелеген оқушыларға “Жақсы деген немене, жаман деген не?” деген сұрақ беру арқылы да олардың адамгершілік жайлы түсініктерін (сезімтаддық, табандылық, адалдық, діншілдік, тәртіптілік, жауапкершілік туралы түсініктерін) анықтайды.

Оқушылар жазбаша түрде мысалдар келтіріп, өз ойларын жазып та береді.

Талқыланатын сұрақтар:.

1. Өзіңнің немесе өзгенің бір нақты қылығы.

2. Басқалардың саған жасаған жамандығы.

3. Сен куә болған жақсы іс (жақсылық).

4. Біреудің жасаған әділетсіз ісі.

5. Сенің танысыңның жасаған әділ ісі.

6. Сенің ол жөніндегі көзқарасың.

108

Оқушылардың жауабын саралай келе, олардың бойында қаллыптасқан кейбір адамгершілік туралы түсініктерін төмендегіше бағалайды:

1. Қате түсінік.

2. Дұрыс, бірақ толық және анық емес түсінік.

3. Толық және анық түсінік.

2.5.1—IX сынып оқушыларымен жүргізілетін



үлгі тәрбиелік істер

Тұлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге арналған жаңа шешімдерді іздестіру тәрбиелік үрдістің тұтастық идеясын тұрақтандырудың қажеттігін туғызады.

Соңғы он жылда тәрбие үрдісі шынына келгенде оның құрылымындағы жекелеген үрдістер жиынының жалпы саны ретінде қаралып келді. Бұл үрдістер тәрбие ісін ұйымдастыра да, жетілдіре де алады деп саналды. Бұдан басқа тұлғаның тұтастай қалыптасуына емес, оның жекелеген сапаларын қалыптастыруға көңіл бөлінді, сонымен бірге тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының

ұстанымы бұзылды.

Тәрбие үрдісін осы заманғы жағдайдағы түсінік бойынша тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлескен мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, ынтымақтастық әрекеті деуге болады.

Еңбектің бірінші бөлімінде бүгінгі күнгі өмір талаптарынан шыққан тәрбиенің мақсаты белгіленген. Осы негізгі мақсатты нақтылай келш, қазіргі қоғамды ізгілендіру мен демократия-ландыру үрдістерінде, нарықтық қатынастарға көшіп отырғанда, жалпы адамзаттық құндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйене отырып және Қазақстанның ұлттық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішкі мүмкіндіктерін өздігіне толық пайдалануға даяр белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды және тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғам мүддесімен ұштастыруға қабілетті, жеке бастың құндылығын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, ұлтгық санасы оянған, басқа да ізгі қасиетгері жетілген, жан-жақты мәдениетгі азамат тәрбиелеу керекгігін еске саламыз.

109

Уақыт талаптарына байланысты тәуелсіз республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде тәрбие жұмысының негізгі түрлері сақталғанымен, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ең бастысы сол — мектептегі сабақтарда, сыныптан тыс және мектептен тыс уақытта “мұғалім мен оқушының” өзара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек. Сонымен қатар, тұлғаны рухани-адамгершілік құндылықтарымен байыту көзделуі керек, соның нәтижесінде оқушылардың жоғары қабілеттілігі дамиды, еңбекке, табиғатқа, өнерге, айналадағы адамдарға саналы қатынасы орнайды, тиісінше өзін қоғамда ұстай білушілігі қалыптасады.



Бұл қарым-қатынастар өмірде төрт түрлі топтың құрылуы бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші топқа тұлғаның әлеуметтік бағыттылығын айқындайтын оқушылардың дүниетанымын, көзқарасын, сенімін қалыптастыру жатады Екінші топ орнықтырылатын ізгі қарым-қатынасты құрайды. Бұған Отанға, басқа елдерге және халықтарға деген көзқарас енеді; '

— еңбекке көзқарас;

қоғамдық-халықтық, ұлттық игілікке ұқыпты қарау және табиғатты, қоғамның материалдық құндылығын қорғай білу;

— қызмет міндеттерін орындауға (тәртіптілік) көзқарас;

— өзіне және басқа адамдарға көзқарас (ұжымшылдык, адалдық, өділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, достық, жолдастық, үждандық және т. б.).

Үшінші топты тұлғаның эстетикалық көзқарасы құрайды (өнерді танып білу, өнерге деген сүйіспеншілік, өнер саласындағы шығармашьшыққа талпыну).

Төртінші топ тұлғаның дене шынықтыруға деген көзқарасынан тұрады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, бүгінгі мектептің тәрбие жұмысының мазмұнына төмендегілер енеді деп айтуға болады: а) тұлғаның (балаңың) ғылыми көзқарасын қалыптастыру; ә) оқушыларды ізгілік мұраттарға тәрбиелеу; б) оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру; в) дене тәрбиесін жетілдіру.

Ең бастысы, төрбие ісі оқушылардың ізгілік деңгейін, адамгершілік жағынан тәрбиелілігін арттыруға бағытталуы тиіс.

110


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет