Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



бет5/17
Дата26.10.2018
өлшемі2.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

қалыптастырудың негізі

Мектептің басты міндеттерінің бірі - оқушыларды жалпыадамзат-тық қүндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.

Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикддағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мөселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен

63

табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады. Жалпыадамзаттық құндылықтардан философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығын, оның бостандығын және соған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпыадамзаттық құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының занды нәтижесі болып табылады. Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте нақты жазылып қойылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.



Бүгінде біздің қоғамда дінге деген ынта-ықылас күшеюде. Алайда, оның ұрпақ тәрбиесіне байланысты тәрбиелік үлкен әсері бар құбылыс екенін мойындауға тура келеді. Елімізде жетпіс жыл бойы дін адамның санасын уландыратын апиын деп келген кеңестік дәуірде қалыптасқан көзқарасты бір күнде өзгертуге болмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Бүгінде дін жөніндегі көзқарас кіріктірушілік қызметімен бірге, қоғамды бұзушы да болып отыр. Мысалы, Косово мен Хорватиядағы, грузиндер мен абхаздар арасындағы ұлттық ала-көздік діни көзқарасқа байланысты туындауда.

Діннің әлеуметтік ақиқат, шындық фактор екенін есте сақтауға тура келеді. Ол адамзат қоғамында адам санасынан тысқары өмір сүрген емес, қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болып саналады. Сондықтан оны қоғамнан алшақтатуға болмайды. Ол әлеуметтік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабында “әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға хақылы” делінген.

Бұл адамдардың қай дінді қабылдаса да, немесе мүлде дінді мойыңдамаса да өз еркі өзінде деген бас бостандығын уағыздауды қолдайтын демократиялық құқық қорғаудан туындаған ұстаным. Конституцияның 14-

64

бабында “тегіне, әлеуметгік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтыда дінге көзкарасына немесе тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды” деп Қазақстан азамат-тарының жеке басының құқығын қорғауды камтамасыз еткен.



Казақстан Республикасының білім беру заңында мемлекеттік саясатының басты бағыты ретінде “мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни ұғымнан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктерден бөлектелінген” деп мемлекеттің оқу-ағарту саласындағы дін жөніндегі саясаты ашық көрсетілген.

Ата-аналар немесе олардың орнын басушылар өз баласын от басында өз көзқарасынша тәрбиелеуге құқықты, бірақ бұл істе баланы зорлап дінді мойындатуға жол берілмейді.

Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде де сүйііспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымлыдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адмгершілік қасисттерге, құндылықтарға тәрбиелеудс дінің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады. Бүгінгі мектептерде діннің осы ұстанымдарын уағыздай отырып, оқудың ғылыми негізіне баса көңіл бөлуге тура келеді, яғни білім беру мен тәрбие ісінде ғылымилық, оның күнделікті өмірмен байланыстылығы, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, еріктілік ұстанымдарын басты қағида етуді үнемі еске сақтау қажет.

Кез келген халықтың адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және сан алуан, өйткені ол сан түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Дәстүрлердің ескісі де, жаңасы да бұрын болмаған өзгерістерге ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе — өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтьщ арасындағы жанды байланыс сақталып келеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтар-дың прогрессия ізгілікті дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды еске ала отырнып, ғалым-педагогтар осы заманғы педагогиканың алдында екі басты

65

міндет тұр деп санайды. Бір жағынан, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық деңгейіне көтеруге әрекет жасаған жөн; екінші жағынан барынша жетілген, адамзатгық идеалды құру, жоғары және тұтас екі мәнді мәдени мұраны кіріктіруден пайда болған адами мұрат жасау.



Бұл міндетгерді орындауға жету үшін үйлесімді даму баланың табиғатпен, мәдениетпен үйлесуін көрсете жалпыадамзаттық құндылықты — бостандық пен сүйіспеншілікті ескеру керек.

Осы күнге дейін адамды жоғары құндылық деп тануда, адамның тұлғасына, оның қасиетіне, жақсылық мұратына рухани күшіне құрмет көрсетумен қарау, оны қоғам дамуының елеулі қозғаушы күші деп санау халықтық педагогиканың жалпыадамзаттық мұратының негізгі мәні болып келді.

Халықтардың өмірінде түрлі тарихи дәуірде пайда болған жалпыадамзаттық құндылықтар белгілі бір ұлттың және интернационалдық құндылықтардың жиынтығы, олар бірін-бірі толықтырушы және дамытушы, бірақ олар адамзаттың жалпы мүлдесіне қайшы келмейді.

Жалпыәлемдік құндылықтар — түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсатгарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзатгық деп аталады, өйткені олар біртіндеп жинақталды және XX ғасырдың соңында Халықаралық топ алғашқы рет дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын қүжаттар жасады (“Адам құқықтарының жалпыға бірдей-Декларациясы”, “Баланың құқықтары туралы конвенция" және т. б.), оларда тәрбиенің методологиясы мен теориясы, оның жаңартылған мақсат, мүлделері қарастырылған.

Мәдени-тарихи тәжірибе дәлелдегендей, жалпыәлемдік құн-дылық болып саналатын: қайырымдылық, сүйіспеншілік, еркінділік дегендерді педагогикада адамгершілік өлшемдердің көрсеткіші деп санайды. Олар, біріншіден, өз бетімен болушылық-пен, ойына келгенді істеушілікпен, адамгершілік тұрғыдан ауа жайылушылықпен, екінші жағынан, қаталдықпен, немқұрайдылық-пен, озбырлықпен, волюнтаризммен сыйыспайды. Сондықтан педагогтар мен тәрбиешілер мәдениет қана негізінен

Пидкасистый П.И. Педагргика. М.: 1996

66

адамдардын рухани бейнесін қалыптастыратынын берік есте ұстауы керек. Олай болса, педагогикалық халықтық мәдениет сияқты, педагогикалық дәстүрлік-тұрмыстық мәдениет те ең алдымен жасөспірімнің тұлғасын қалыптастырады. “Халықтық педагогика” деген терминнің мәнін бұқара халықтың педагогикалық санасы, ал “дәстүрлі педагогика” деген терминнің мәні белгілі бір ұлтқа ортақ, этникалық педагогикалық санасы деп қараған жөн1.



Бүгінгі заманғы тарихи жағдайларда осы мәдениеттен педагогикаға “жалпыадамзаттық мақсаттар” деген ұғым енді. Ол қай елде, қандай да болмасын ұлттық мектепте жүзеге асырылмасын, біртұтас әлеуметтік қызметті, мақсатты, тәрбиенің мазмұны мен бағыттылығын көрсетсді. “Жалпыәлемдік мақсаттар” деген ұғымның өзін танымдық, әсерленгіштік және мінез-құлықты қалыптастырушылық сипаттарын қамтитын әлеуметтік мақсат ретінде қарастыру керек. Осы заманғы өркениет жалпыадамзаттық құндылықты бірінші орынға қоя отырып, демократияны, адам құқығын оның маңызды бөліктері деп қарайды.

Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпыәлемдік құндылық-тардың бірі — тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан өлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.

Ондаған жылдар бойына оқушының жеке басын ұжымдық ықпал ету арқылы қалыптастыру туралы мәселе отандық педагогикалық әдебиетте қарастырылмай келді десе де болады. Тұлға ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп саналды. Қазіргі кезде уақыт шешімінің рухына сөйкес адамның терең филососриялық тұжырымдары мен дүниежүзілік педагогикалық ойдың тәжірибесіне сүйене отырып жаңалық іздестіру қажет болып отыр.

Оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үрдіс. Оқушылар, ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез



1 Христова Е.П. Об уточнении понятийного аппарата этнопедагогики. Советская хроника, 1989, №7, с. 105.

67

ерекшелігі, көпшілдігі, білімі және басқа көптеген қасиет терімен ерекшеленеді. Сондықтан олар қарым-қатынастар жүйесіне әр түрлі болып енеді. Жолдастары тарапынан түрліше жағдайға тап болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.



Ұжымдық қатынастар жүйесіңде жеке бастың жағдайын шын мәнінде дербес, әлеуметгік тәжірибеге байланыс болып келеді.

Мамандардың тұжырымдауынша, ұжымдағы қарым қатынас-тардың әлеуметтік-психологиялық негізін, онда қабылданған құндылықтар құрайды, яғни, ұжым балан өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез құлқына аса маңызды және мәнді саналатын қасиеттерд ендіреді.

Бұл — ұжымдағы адамдардың көпшілігі жоғары бағалайтын жеке сапалар мен қылықтар. Сыныпта, мәселені адалдық, қайырым-дылық, ізгілік, батылдық қасиетгер ерекше бағалануы, тіпті тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы арада оның күрделі құбылыс болып табылатыньп-ескерген жөн. Оны үш топқа бөлуге болады:

1) ұжымшылдық — тиімді бірлескен қызмет ынтымақ-тастық және ұйьшшылдық орта;

2) ұжымшылдық - топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық;

3) ұжымшылдық — көңілдестік, өздігінен түсінушілі басқаларға қамқорлық.

Бұл орайда әрбір оқушыны өзіндік пікірі бар сирек кездесетін тұлға ретінде қарастыру керек. Тәрбиеші кез келген баланы, тіпті ол оның көзқарасымен келіспеген жағдайда да құрметтей білуі керек. Құрмет адамдар көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, оған жеке басының құндылығын сезінуге мүмкіңдік туғызады. Басқаларды құрметтей білетін адамның бойында нақты қасиет болады, себебі ол өз бойындағы жылылықты басқаларға ұсына алады. Маңайындағы-ларды құрметтей білмейтін адамның басқаларға ұсынар ештеңесі болмайды.

Құрмет — бұл кейде оның бойында кемшіліктері бола тұрса да, біз бағалайтын қарым-қатынастық қасиет. Басқаша айтқанда, құрмет оның қателеріне қарамастан, адамға деген онды қарьш-қатынас болып табылады. Өз бойында адамдарға деген осындай құрметті тәрбиелеу, ол кез келген адамнан ең алдымен оңды қасиетгерін көре білуді үйренген кезде ғана пайда болатын қасиет.

68

2.3. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары



Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылы да, оқушының өзінін белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үрдіс.

Тәрбие үрдісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.

Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушьшар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Ақыл-ой, дене, еңбек және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалық тәбие тұтастай педагогикалық үрдіске қосылған жағдайда тәбиенің басты мақсатына жетуге — тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Ұсынып отырған еңбек тәрбие үрдісінің даму заңдылықтарына негізделе жасалған. Зандылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді.

Тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагогикалық заңдылық ретінде көрініс береді.

Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие процесінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.

Заңдылықты айқындау дегеніміз педагогикалық процесті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбие ісін бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.

Тәрбие жұмысының заңдылықтарына төмендегілер

жатады:

— тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық Қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелерімен тығыз байланыстылығы.



Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүние жүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген (“БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы”, “Бала құқықтарының Конвенциясы”) құжаттарды жасады. Олар осы заманғы тәрбиенің теориясы мен методологиясының, тәрбиенің

69

мұраттары мен рухани құндылықтарының үлгісін жасау жаңаша бағыт белгіледі. Қазақстан Республикасыіі “Білім туралы” (1998) Заңына сәйкес бұл құжаттар жетекшілік рөлі біздің еліміздің білім саласында мемлекеттік саясатының негізі болды. Сондықтан тәрбиенің мазмұнында республикада және оның жекелеген аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму фактоларының есебін жүргізу басты мәселе болып отыр. Ол тәрбиенің мазмұнынан көрініс тауып, әр халыктың мәдени-тарихи құндылықтарын жалпыәлемдік мәдниеттің жетістіктерімен бірлікте, сабақтастықта жүзге асыруға мүмкіндік берді. Тәрбиенің бұл заңдылығын жүзеге асыруда оқушыларды ана тілінде және ұлтаралық тілдерде оқыту халықаралық маңызға ие болып отыр.



Тәрбие мақсатының тиімділігі оны ұйымдастыру тәрбиеленушіге жақын және түсінікті болғанда ғана асырылады. Осы заманғы тәрбиелік үрдіс мақсат тұтастығымен, оларға қол жеткізуде оқушымен қоян- қолтық жұмыс істеумен ерекшеленеді. Бұл мақсати жетудің құралы — адамға базалық мәдениет негіздер меңгерту арқылы іске асырылады. Осыдан келіп тәрбиенің мазмұны жеке тұлғаның “базалық мөдениетіне негізделуінің қажеттілігі туындайды. Ол мәдениет ұлтгық экономикалық және еңбек мәдениетінен, саяси демократиялық және құқық мәдениетінен, адамгершілік және экологиялық, көркемдік-эстетикалық, де” мәдениеттерінен құралады. Оның негізі отбасы мәдениеіінен туындайды, яғни ұлттық мәдение-отбасылық тәрбиеден бастау алады.

Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухни құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұныі жетілдірудің қажеггілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттык мәдениет пен өркениетгі әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кіріктіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдірі қалыптастырудың күшті құралы болып саналады.



Тәрбие үрдісінің диалектикасы. Тәрбие үрдісі өзінііі жаратылысы жағыйан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыс болуына байланысты. Тәрбие үрдісінің негізі өмірдеі кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де байланыстыі дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үрдісінің диалек-

70

тикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылық-тарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының біріі - жеке тұлғаның даму процесінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Адамның білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекеті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге кимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үрдісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсініспеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т. б. теріс әсерін



тигізеді.

Бұл заңдылық тәрбиенің тұтастығы мен өзара

байланысындағы, тұлғаны оқыту мен дамытудағы диалектика-лық шарттылықтардан көрініс табады. Тұлғаның дамуы тәрбие мен оқытудың сапасына байланысты. Оқыту тұлғаны қалыптастырудың құралы болып табылады. Өз кезегінде тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің жалпы даму дәрежесінің деңгейіне байланысты болады. Тәрбие теориясы тұлғаның дамуына әлеуметтік тәжірибені игеруге, қарапайым, білім, білік және дағдыларды жинақтаута көмегін тигізеді. Жеке тұлғаның дамуы өзінің көрінісін ең алдымен адамның психикалық қызметінің сапалық өзгеруінен, онда жаңа сапалардың, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуынан табады. Тәрбие үрдісінде оқушылардың іс-әрекетінің мазмұны олардың қажеттілігінің өзгеріп отыруына байланысты көп вариантты болып келеді жөне қажеттіліктің даму өресімен анықталады (О.Н.Козлова, 1994).

Оқушылардың жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы. Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс-шаралар, түр мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жас өспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-құлықтарын, өз бойындағы Қасиеттерді сезінуін биік рухани қажеттіктерге дейін дамыту керек. Нарықтық қатынасқа көшу кезінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзінің ішкі мүмкіндіктерін сыртқа шығаруына, өзінің қабілетін, іскерлігін танытуына зер салу қажст. Баланың ішкі мүмкіндіктері айналасындағы адамдардың оған деген сүйіспеншілік сезімі мен қарым-қатынас жасауына тікелей байланысты. Баланы тең

71

адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, яғни үлкендердің балаға деген шынайы құрметі, сүйіспеншілігі олардың өзгелерге деген сенімін арттырады.



Жетіліп келе жатқан тұлғаның тәрбиесі оны іс-әреке ендіру үрдісінен, сонымен бірге сол іс-әрекеттің субъектісі екенін- баланың өзінің сезінуінен және оған себеі болатын үлкендермен бірлестікте еңбек етуін туындайды.

Тұлғаны қалыптастырудың тиімді дамуы баланың белсенділігін демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тұлғаның құрылымын-дағы әлеуметтік-психологияли жаңа өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Бірақ белсенді қызмет үрдісінде оның дене және рухани жағынан өзгеріске түсуіне баланың күш-жігер жұмсауын арттыруға мүмкіндік береді. Тәрбиелік үрдіс осы тұрғыдан алғанда жоғары қарай дамитын қозғалыстың тоқтамайтын, әлі де жаңа және үлкен күш-жігерді талап ететін үрдіс болып көрінеді.

Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен дененің дамуы денешынықтыру жаттығулары арқылы, адамгершіліі тәрбиесі, адамгершілік тәжірибеге тұрақты түрде бағытгалу арқылы жүреді.

Оқушылармен бірлесе отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін іске асыру соның,негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сөйтіп тәрбие жүйесінде оқушының жеке басының белсенділігін туғызумен бірге тәрбиеші жұмысының мазмұнын да құрайды.



Тәрбиеиің екі жақты сипаты. Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғүрлым көп болса, тәрбиелік ықпал солғүрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бүл зандылық мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін және төрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардың өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл зандылықтың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс арқылы көрініс табады: тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы

72

жоғары болады. Ендеше, тәрбие үрдісінде мұғалім мен оқушының екі жақты байланысты қызметін сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәрбиешінің өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.



Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас. Тәрбие үрдісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтымақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адамгершшік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.

Бұл зандылыққа сөйкес педагог баланың күнделікті басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынасында өзіндік “менін” саналы түрде түсінуге, қабілетін дамытуға, өзінің жасаған қылықтарын ой елегінен өткізіп, бағалай білуге және олардың себеп-салдарының басқаларға да, “өзінің жеке басына да қалай әсер ететінін көре білуіне, өзінің іс-әрекетін қорғаушы ретінде өзін-өзі бағалай білуіне барынша жәрдем етеді.

Тәрбиеге деген еріктілік пен шығармашылық көзқарас ықпал етудің дәстүрлі әдісі ретінде оқушыларға арнап қатаң бұйрық шығаруды қаламайды, сондай-ақ оқушының үлкендерге санасыз, еріксіз бағынуын жоққа шығарады (өміріне қауіпті жағдайдан басқада), оның орнына “педагог пен оқушының” өзара қарым-қатынас әдебін күшейте түседі, олардың өзара араласу стилі мен түрлерін осы заманғы озық мәдениеттің өркениетті үлгілеріне жақындатады.

Тәрбиенін ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық әзірге мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмүны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен Қатар ұжымдық іс-әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді.

Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке қабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін аз болсын, көп болсын, өзінің күш-қуатын

73

жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бүл жағдайға бару жұртгың бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрліі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана бермейді, ұялшақтықты жеңе білмейді, ұжыммен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен қарай алмайды.



Ұжымдық қарым-қатынастарды орнатудың тиімділігі, ұжымішілік қатынастардың стихиялық түрде болуы баланың көңіл-күйіне ықпал ететін түрлі факторларға байлаңысты. Ондай факторларға мыналар жатады: оқушының ерекшеліктері (дарыңдылығы, әсерленушілігі, көпшілдігі, өмірге сенімділігі, сыртқы түрінің тартымдылығы); оның адамгершілік бейнесін сипаттайтын белгілері (құрбыларына ілтипатпен қарауы, әділдігі), денесі жайындағы мәліметтер (күші, көркі, еркі, батылдығы, ептілігі). Ең бастысы, өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарық, еңбек, өмір жолын (мамандық, еңбекке орналасу және т. б.) тандау кезінде бәсекелестің көп болуы. Ұжымдық-серіктік қарым-қатынастар орнатудың тиімділігі алған білімі мен дағдылардың дәрежесіне, ойдың шығармашылық стиліне, кез келген күтпеген жағдайларда өздігінен қабылдаған шешімінің дұрыстығына байланысты.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мектептің, отбасының және ортаның тәрбиелік ықпалын ұштастырудағы педагогикалық ынтымақтастық. Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін дербес ерекше феномен деп қарайды. Бұл зандылық мектеп мүғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігімен қызмет етуін қажет етеді. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметгік-экономикалық қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Соңғы-кезде отбасывдағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, сондай-ақ әлеуметгік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық көрсету кеңестерінің жұмысы дамытыла бастады.

Тәрбиелік үрдістің күрделілігі оның сан-алуан жағдайда болуына байланысты. Мәселен, тұлғаның бір мезгілде түрлі сипатта болуы оңды ғана емес, сонымен бірге дер кезінде түзету ендіруді қажет ететін теріс әрекет ықпалында да болуы мүмкін. Бұл жағдай тұлғаны тұтастай қалыптастыру идеясына бағындырылған тәрбие үрдісінің

74

мақсатын, міндетін, мазмүнын, түрі мен өдістерін кешенді түрде ұйымдастыруды қажет етеді. Тұлғаның сапаларын калыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде жүргізілетіндікген, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет