Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



бет17/17
Дата26.10.2018
өлшемі2.92 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Отбасындағы өзара қатынастардың өзінде тәрбие тәсілінің алғышарты мен нәтижелері ретінде көрінетін төртінші түрі - ынтымақтастық. Ынтымақтастық отбасындағы тұлғааралық қатынастардың жалпы мақсаттарымен және міндеттерімен, қызметімен, оның ұйымдастырылуымен және жоғары адамгершілік құндылықтарымен кірігуін қолдайды. Өзара қатынастардың жетекші түрі ынтымақтастық болып табылатын отбасы ерекше сапаға ие болады, дамудың жоғары деңгейлі тобы — ол жекеліктің дамуын қаламайды, ұжымда болуды ұнатады. Мұндай отбасы мүшелерінің арасында байланыстар орнату отбасының әрбір мүшесінде жоғары ізгілік-адамгершілік сапаларды бекітуге, отбасындағы үлкен және кіші жастағы үрпақтар арасында түлғааралық өзара өрекеттерді қалыптастыруға өкеледі. Өзара әрекеттерде болуды беріктендірудің басы бірге күйзелу негізінде, бірлескен қызмет әрекеттері негізінде басқалармен “қоса сезінуң ретіндегі отбасы мүшелерінің осындай әсерленушілік жайының көрініс табуынан болады. Сөйтіп, ұрпақтардың ынтымақтастығы бірлескен көңіл күйінің, жалпы қуаныштың, немесе сәтсіздіктің, үміттің, арманның негізінде құрылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген (басқалар сияқты өзіне, өзі секілді басқаға) үйде де, жұмыста да және қоғамда да бірыңғай адамгершілік өлшемнен шығатын қатынастардың бұл түрі барынша жоғары деңгейде шынайы ізгілікке жауап береді.

215


Кез келген халықтың бүкіл адамгершілік-рухани өмірі халық педагогикасында мұндай мысалдарға бай.

Осы заманғы тәрбиенің мәні — халықтардың ғасырлық, прогресшіл, адамгершілік дәстүрлерінің сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік туғызып отыр.

Бұл күнде халық педагогикасының идеялары мен тәжірибесін жалпы тәрбиеде, соның ішінде отбасылық тәрбиеде барынша мол пайдалану мүмкіндігінің шексіздігі байқалады. Әр түрлі мерекелер, фольклорлық топтар, қолданбалы өнер, ұлттық киім, жалпыадамзаттық құндылықтардан шығатын еңбек дәстүрлері, адамгершілік мұраттары осы заманғы тәрбиенің мазмұны мен үрдісін байытады.

Кез келген халықтың дәстүрлерінде (қырғыз, өзбек, тәжік, орыс, украин, неміс, ұйғыр және т.б.), сондай-ақ қазақ халқында тәрбиенің төмендегі құралдары жиі болады: сөз (ой), еңбек (әрекет, іс, қызмет), тұрмыс, әдет-ғұрып, дәстүр, өнер, дін, араласу, үлгі-өнеге. Осылардың бәрінің басын біріктіруші ана тілі болып табылады.

Бұл жөнінде тіл туралы халық педагогикасының “мен қанша тілді білсем, сонша рет мен адаммын” деген ойы барынша жаңаша естіледі. Алайда, басқа халықтар қазынасындағы байлық ана тілін меңгермеген адамға түсініксіз. Оның әсемдігін сезінбеген болып қала береді.

Гуманист-педагогтар: Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жүмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, В.А.Сухомлинский, т.б. оқушылар тәрбиесінде ана тілін үйренудің терең мәнін ерекше көрсетеді. Олар бала неғұрлым ана тілінің нәзіктігін терең тани білсе, соғұрлым ана тілінде ойындардың реңкін түсінгіш келеді, оның ойы басқа халықтардың тілдерін меңгеруге солғұрлым даярланған болады деді.

Осы заманғы өлемде халық педагогикасы тек ауызша айтылатын дәстүрлерде ғана емес, жазушылардың, өнер қайраткерлерінің көркем шығармасында, ғалымдардың ғылыми-ағартушылық еңбектерінде көрінеді. Бұл халықтар, елдер, және бүкіл адамзат мәдениетінің жиынтығын тереңдете, кеңейте және байыта отырып, халық педагогикасының педагогика ғылымымен байланысын нығайтады. Мәселен, кез келген халықта маңызды дәстүрлерінің бірі — ананың, әженің халықтың бейнесін жырлау, қолдау және марапаттау, немесе халық педагогикасында Отанға, басқа халықтарға, адамзаттың

216


Соңғы жылдары жүзеге асырыла басталған педагогикалық үрдістің тиімділігі айтарлықтай арта түсті, сонымен байланысты мектеп пен қоғамның тәрбиелік қызметі барынша өрістеді.

Түрлі әлеуметтік институттардың жүйесімен, соның ішінде отбасымен, мектепке дейінгі мекемелермен, мектеппен, армиямен, құрбылар серіктестігімен, бұқаралық қатынастар жүйесімен (педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің, социологтардың, ата-аналардың) жүргізілетін үрдістерді күрделендіру, осы заманғы тәрбие үрдістерінде оқушылардың ғылыми көзқарастары мен сенімдерін кешенді түрде зерттеудің, оқушылардың ізгілік сезімдерін оқыту мен тәрбие үрдісінде, оқудан тыс жұмыста, әлеуметтік қызметте пайдаланудың әдістемесі кешенді түрде зерттеуді талап етеді; Зерттеуге оқушылардың тұлғалық жағынан жан-жақты дамуын қалыптастыруды маңызды фактор ретінде оқу үрдісінде және оқудан тыс кездегі қатынастарымен байланыста (балалар ұжымында және үлкендермен) қарастырылады. Сондықтан тәрбиенің мақсаты — тұлғаны жан-жақты дамыту — қоғамның барлық жүйесімен: осы заманғы құрылыстың материалдық-экономикалық базисімен, білім мен тәрбиенің, мектептің, отбасының, жалпы мәдениетгің, ғылыми, көркем өнер ұйымдарының кең тараған желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен шешіледі.

Тәрбиенің мәні әлеуметтік-тарихи тәжірибені, жалпыадамзаттық мәдениетті жас өспірімдердің өз бойына жинақтап кіріктірілген бейнеде көрінуінен, тұлғаны қалыптастыруда және оның тұлғалық сапаларын тәрбиелеп жетілдіруде мектептегі тәрбие жұмысының бүкіл жүйесін адамзат дүниесіне, өзінің жөне басқа халықтар мәдениетінің әлеміне, әдептілік негіздеріне, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге бетбұрыс жасауымен қорытындыланады.

Педагог оқушылармен ұйымдастырылған қызметінің нәтижесін алдын-ала көре білуге және оқушылардың теріс қылықтарын болдырмаудың жолын қарастыруға, оны әлеуметтік-құндылықтар бағдарымен қатар қоюға тиіс. Ол басқарған қызмет әдетге кездейсоқтықтан аулақ болғаны жөн. Оның тәрбиелік іс-әрекеті баламен бірлесе отырып алдын ала ойластырылған, баланың тұлғалық ерекшелігін түсінген және оның бойындағы объективтік сипаттамасын мәдениеттілікпен меңгерген болуы керек.

217

Педагогикалық шеберлік тәрбиелік істерді дұрыс бағыттай білумен жөне белгілі бір кезенде жаңа сапаларға өтуге өсер етуімен ерекшеленеді. Ол жай ғана өсіп қоймай, бұрынғы қолжеткеннің бүгін ескіргенін, қажетсіз болғанын да айқындай отырып, өткендегінің озық үлгілерін бүгінге жарата білуі керек. Яғни бұған дейінгі тұжырымдаманың негізінде тәрбие үрдісі тәрбие ісіндегі жақсыны жалғастырушы процес деп қарауға тура келеді.



Тәрбие үрдісін осылайша түсіну - тәрбиелік жағдайда (тәрбиелік істер) бірлікте болып табылатын өздігінен дамымалы жүйе. Олай болса тәрбиеленушілер, тәрбиелік қызмет атқарушы ғана емес, тәрбиешінің өзі, тәрбиеленушілер отбасымен, ата-аналарымен, оны қоршаушы қоғамдық ортамен өзара әрекеттесе отырып дамиды, бірақ тұтас педагогикалық үрдіс жекелеген бөліктердің жиынты-ғынан гөрі тұтас объект болып дамиды. Сонымен, тәрбиеге деген әлеуметгік, психологиялық-педагогикалық және технологиялық оқшауланған көзқарастарды болдырмайды.

Тәрбиенің осы заманғы тәсілі төмендегі міндетті талаптарды сақтау кезінде кіріктірілген көзқарас негізінде жүзеге асырылуы керек:

1. Алдымен педагогтарға өзара байланысты үш бағыттың — санасына, сезіміне және оқушылардың мінез-құлқына бір мезетте ықпал етуіне қамқорлық жасауы қажет.

2. .Алдымен тәрбиешілер, тәрбие ісімен өзін-өзі тәрбиелеуді тиімді үштастырғанда ғана істің нәтижелі болатынын берік есте сақтауы керек.

3. Тәрбие ісін кіріктіре жүргізудің басты шарты ретінде тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестіктің, әсіресе ақпарат құралдарының, әдебиетгердің, көркемөнер туындыларының, мектеп пен қоғамдық тәртіп сақтау орындарының, түрлі ұжымдар мен топтардың бірлігін ұйымдастыруды қарастыру.

4. Тұлғаға қажетті сапалар нақты тәрбиелік істер жүйесі арқылы қалыптасады. Бұл істер бір мезетте ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесінің табиғи қосылу үрдісінде кіріктірілген сипатта іске асырылуы керек.

5. Кіріктірілген көзқарасты жүзеге асырудың басты шарты тәрбиенің мақсаттар, міндеттер, мазмұн, түр және әдістер бірлігін орнатуы болып табылады.

Қоршаған ортада тұлғаның өзара белсенді әрекеттесуі тұлғаның даму факторы болып саналады. Әлемнің сырын



218

Қоршаған ортада тұлғаның өзара белсенді әрекеттесуі тұлғаның даму факторы болып саналады. Әлемнің сырын танып білу, бағалау істері жеке тұлғаның белсенді қатысы арқылы іске асырылады.

Сонымен бүгінгі танда жеке тұлға нарықтық қатынастар жүйесінің кіріктірушісі ретінде көрініп, оның мінез-құлқы бір жағынан өзіндік тәуелсіздігі мен жауаптылығын түсінуімен, екінші жағынан, өзінің жеке бас мүлдесін басқалардың мүлделерімен кіріктіруімен, сондай-ақ тұтастай бүкіл қоғамның мүлделерімен байланыстыра білуімен логикалық бірлікте іске асырылады.

Адамгершілік мақсатта қарым-қатынас ауқымын кеңейте отырып, оқушының бүкіл өмірін күрделі түрде ұйымдастыруда әдептілік және адамгершіліх мінез-құлық ережесін игеруді ішкі қажеттіліктен туғызу қажет болып отыр. Ол оқушылардың өз халқының, сондай-ақ басқа халықтардың тарихын, тілін, мәдениетін игеруші болып терең сезінуін және оларды насихаттаушы, іске асырушы, өмірде қолданушы ретінде көрінуін көздейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Еңбектің жоғарыда айтьшған маңызды бағыттарымен байланысты жалпы білім беретін мектептің тәрбиесін жаңарту төмендегідей болады:

- біріншіден, тәрбиенің мазмұнын бүгінгі нарықтық қатынастар-дың талаптарына сәйкес келтіру;

- екіншіден, бүгінгі күн талаптарына сәйкес оқушылар тәрбие-сіндегі ауыртпалықты шығармашылықпен ойлауға, еңбектенуге көшіру арқылы олардың сезім, сана, мінез-құлықтық жағынан дамуын туғызу (оқуға араласу, еңбек, ойын, өнер, түрлі мүлделер мен қажеттіліктерге);

- үшіншіден, жасөспірім тұлғасының рухани мүмкіндігінің өсуі мен баюы қамтамасыз ету ұлттық рухани мәдениетті біздің еліміздегі басқа халықтардың тарихымен мәдениетінмен және тұтастай адамзаттың тарихы мен мәдениетінің кірігуі өзара байланысы негізінде іске асырылады;

- төртіншіден, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері, шығармашылык қызметтің жақсы нәтижелері бүгінгі күнгі білімнің талаптарына сәйкес

219

келетіндей болуы мұғалімнің, тәрбиешінің арнаулы өресі мен психологиялық-педагогикалық даярлығының кіріктірілуі негізінде іске асырылады.



Тәрбие — әлеуметтік үрдіс. Ол жеке адамның ақылымен және топпен бірге әлеуметтік тұрғыда жасалынған өлшемдерді, құндылықтарды, тәжірибені қабылдау. Оған қатысушылардың саналы және мақсатты қызметінің нәтижесінде біртіндеп және жүйелі түрде өзара әрекеттесудың нәтижесін қоғамдық игілікке айналдырушы үрдіс.

Тәрбие бірлескен қызмет үрдісі ретінде нақты (міндет) “тең емес” (әр түрлі) оған қатысушылардың міндетін, қатысын тәрбиелік үрдісте жасалатын процесс деп қарауға тура келеді.

Тәрбие бірлескен қызмет үрдісі. Олардың міндеті бәріне ортақ мақсатта іске асырылатын, бірақ ақыл-ой, іс-тәжірибе жағынан оған қатысушылардың біркелкілігі сақталмайтын (оқушы және оқутушы болғандықтан) тұтаса, бірлесе әрекеттесетін күрделі процесс.

Тәрбиелік міндеттерді шешуде педагогтар жаллы педагогикалық зандылықтарды басшылыққа алады. Тәрбиенің осы заманғы жүйесінің негізіне төмендегі идеялар жатады: тәрбие мақсаттарының реалистік (шындығының) идеясы; тәрбиенің қоғамдық бағыттылығы; оқушылар мен үлкендер қызметінің бірлестіктегі идеясы; тұлғаның өзін-өзі билеу идеясы; тәрбиедегі онды істерге сүйену; тәрбиенің ізгілендірілуі; тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы; тәрбиелік әрекеттердің бірлігі; тәрбиедегі еркіндік және ұжымдық бағыттылық идеясы.

220

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. Арсеньев А.С. Подросток глазами философа. -Алматы: Рауан, 1996. - 72 с.

2. Бейсенбаева А.А. Гуманизация образования старшеклассников на основе межпредметных связей. —Алматы, 1996.

3. Волков Г.Н. Этнопедагогизация процесса современного воспитания. / Проблемы и перспективы, развития пед. образования в современных условиях. Матер. Международ.науч.конф. Бишкек, 1997. I том.С.47-57.

4. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. - М.-Л., 1956.

5. Выготский Л.С., Лурия А.Р. Этюды по истории поведения. - М.-Л., ГИЗ, 1930.

6. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. Изд-во Санкт-Петербургского униветситета.1992. — 154 с.

7. Герушинский Б.С. Философия образован ия для XXI века.

М. 1998.


8. Иванов И.П. Тәрбиелік шығармашылық істердің

энциклопедиясы. М., 1989.

9. Козлова О.Н. Программа обновления гуманитарного образования в России. Введение в теорию воспитания (пособие для учителей) М.: Интерфакс, 1994. - 207 с.

10. Коллектив авторов. Комплексная программа воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан. Астана, 2000, 28 с.

11. Концепция формирования нового социально-экономического поведения граждан РК. —Алматы: Қазақстан, 1995 - 40 с. (на каз. и рус. языках).

12. Қазақстан Республикасының орта білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1997.

13. Қазақстан Республикасының “Білім” мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000.

14. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздсрі және тарихы. Алматы, “Рауан”, 1999.

15. Қалиев С., Майғаранова III., Нысанбаева Г. Тәрбиенің өзекті мәселелері. Қазақстан мектебі, N 12,1996, 34-37 б.

16. Қалиев С., Майғаранова Ш., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. Алматы, “Рауан”, 1999.

220

17. Мид М. Культура и мир детства. Избранные произведения. - М., 1988.



18. Муканов М.М., Чистякова Н.И., Леви К. Стресс об идентичности мышления дикаря и современного человека.

19. Муканов М.М. О казахском устном творчестве: пословицы и “айтыс” в их отношении к трактовке интеллектуальной деятельности.

20. Муканов М.М., Шукунов Э.Д. О наследственном и приобретенном в развитии интеллектуальной деятельности. / Генетические и социальные проблемы интеллектуальной деятельности. Серия “Психология”, выпуск IV, Алматы, 1975, с.71, 87, 110.

21. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, 1999.

22. Нургалиева Г.К. Психолого-педагогические основы системы ценностного ориентирования личности. — Алматы, 1993.

23. Леви-Брюль Л. Первобытное мышление, М.: Атеист, 1930.

24. Пидкасистый П.И. Педагогика. М., 1996. - 638 с.

25. Подласый И.П. Педагогика, М., Просвещение, 1996.

26. Созонов В.П. Формирование личности на основе потребности. // Классный руководитсль. (научно-методический журнал).-М., 1998. 2~18 с.

27. Төтенай Б. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. Алматы, 1994.

28. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халықтық дәстүр. Алматы, 1990.

29. Эриксон Э. Детство и общество. — М., 1992

30. Фридман М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1994. -286с.

31. Шилова М.И. Учителю о воспитанности школьников. М., Педагогика, 1990, - 144 с.

32. Щуркова Н.Е. Воспитание: новый взгляд с позиции культуры. М.1998. 77с.

33. Щуркова Н.Е., Муханбаева М.М. Совершенствование духовной культуры учащихся в школах Казахстана. Методические рекомендации. Актюбин. Обл. Институт усовершенствования учителей, 1992. - 34 с.

34. Харламов И.Ф. Педагогика. М.: Юрист, 1997.

222


Серғазы Қалиев, Шәкура Майгаранова,

Гүлхадиша Нысанбаева, Аида Бейсенбаева

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРіН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Оқу~әдістемелік құрал

Редакторлары Қ.Байділдаұлы, С.Асылбеков

Компъютерде қалыптаған Г.Сәрсенбаева

ИБ № 459


Басуға 02.07.2001 қол қойылды. Пішімі 84x108 /32. Офсеттік қағаз. Қаріп түрі "Таймс". Офсеттік басылыс. ІІІартты баспа табағы 11,1. Шартты бояулы беттаңбасы 11,4. Есептік баспа табағы 14,0. Таралымы 1000 дана.

Казақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Білім" баспасы, 480009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй,телефон 53-89-84.



224
Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет