Қажетті көрнекі-құралдар: Отбасылық құндылық ағашы, тақырыптық слайд, бейнежазба. Тренинг жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі



Дата05.06.2018
өлшемі70.98 Kb.
Назгүл Мейірқұлова,d:\назгул психол\изображение 020.jpg

Астана қаласы

№38 мектеп - лицей,

педагог-психологы



Ата-ана бақыты – бала

Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: Ата-ананың баламен жағымды қарым-қатынасын орнату.

Қажетті көрнекі-құралдар: Отбасылық құндылық ағашы, тақырыптық слайд, бейнежазба. Тренинг жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: 1-топ «Ата-ана» 2-топ «Бала»



ІІ.Негізгі бөлім Психологиялық тапсырма

«Есімдер» жаттығуы.

Постермен жұмыс.

«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» жаттығуы

«Кім мәреге бірінші жетеді?» ойыны

«Отбасылық құндылық ағашы» жаттығуы



ІІІ. Қорытынды

Бейнежазба «Ата-ана бала тәрбиесі»

Психологиялық кеңес

IV.Рефлексия

Тренинг барысы:

Психолог:Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Ата-ана бақыты - бала» атты тренингке қош келдіңіздер.

І.Ұйымдастыру кезеңі «Топқа бөлу»


  • Ата-аналарға пазл бөліктері таратылады;

  • Ата-аналар өз пазлының бөлігін табу, пазлдар 2 түрлі түске боялады;

  • Қызыл түсті алғандар бір топқа, сары түсті алғандар екінші топқа бірігеді;

  • Ата-аналар өздерінің топтарын тапқаннан кейін, топта бірігіп пазлды құрастырады.

1.Қызығушылығын ояту Алдарыңыздағы пазл бөліктерін мақал құрастыру.

1-топ «Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады.» /Халық нақылы/

2-топ «Ата-ананың қадірін білмеген –халықтың қадірін білмейді.» /Ғ.Мұстафин/

2.Миға шабуыл стратегиясы

Бүгінгі тренингімізде кім туралы әңгіме қозғалды деп ойлайсыздар? Ата-аналардың ой-пікірлерін тыңдау.



3. Ой қорытындылау. Әр топ ортада кезекпен өз пікірлермен ой бөліседі.

II. Негізгі бөлім Психологиялық тапсырма

Психолог: Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Себебі, бала ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, отбасында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Бала қанша білім алып, мектеп табылдырығын аттанғанымен, бала өмірінің көп бөлігі ата-ананың қасында өтетіні анық. Ата-аналар сіздер өмірлеріңізде үш рет мектепке баратындарыңызды білесіздер ме? Бірінші рет – өзіміз, екінші рет - баламыз, үшінші рет - немереміз үшін екен.

Бүгінгі тренингімізге қатысып отырған ата-аналар әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектеппен ынтымақтастықта жұмысымыз арта берсін.



«Есімдер» жаттығуы

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірінің балаларымен таныстыру.

Психолог: Біздің барлығымыз адамның өмірінде оның есімінің алатын орнының маңызы зор екендігін білеміз. Есімдер адамның өз жетістіктерімен тікелей байланысты. Оның жүз пайызға дұрыс-бұрыстығын дәлелдеуге тырыспаймыз және де «ЕСІМДЕР» жаттығуының маңызы онда емес. Бірақ біз балаларымыздың есімдерін мейірімділікпен, мақтанышпен, құрметпен атап жатсақ, олардың жандарына жағатыны белгілі.

Нұсқау: Өз балаңыздың есімінің әрбір әрпіне сәйкес келетін қандай қасиеттері болуы мүмкін екендігі туралы бір сәт ойланып көрейік.

Ата-аналардың пікірін тыңдау: Жұлдыз есімі:ж - жайдарлы

ұ - ұстамды

л - лайықты

д - досшыл

ы - ынталы

з - зерек



Постермен жұмыс.

Мағынаны тану:1. Бейнежазба көрсету;

2. Әр топ бейнежазба бойынша постер қорғау.

1-топ: Ата-ананың іс-әрекетіне сіздердің көзқарастарыныз қандай?

2-топ: Баланың жасаған іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыздар ма?

Психолог: Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы - педагог Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді». Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытыңызды бағалай білейік.



«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» жаттығуы

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы жақындық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: Ұяшықтардың бірін таңдау бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Балаңыздың қандай пәндерге бейімділігін байқадыңыз?

3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

4. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

5. Балаңыздың ең жақын досы кім?

6. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

7. Балаңыздың бойынан қандай қасиетті ерекше бағалайсыз?

8. Отбасында балаңызбен қай тақырыпта сөйлесесіз?

9. Балаңыздың мінезі қандай?

Психолог: Баланың бақытты болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.Жылы сөз, ыстық мейірім, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы баланың көңілін тауып, ішкі сырын ашуға болады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етеді.



«Кім мәреге бірінші жетеді?» ойыны

Ойын шарты: Жолдағы әр ізді басқан сайын балаңызды еркелететін, қолдау көрсететін жылы сөздер айту.Мысалы: жұлдызым, құлыным, ботақаным, күнім, алтыным т.с.с.

Психолог: Отбасы - сыйластық, жарастықтық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасылық құндылықтардың алатын орны зор.

«Отбасылық құндылық» жаттығуы

Нұсқау: Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Өз отбасылық құндылықтарыңызды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналыстыру қажет. Тамыры - сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне - орташа құндылықтар, бұтақтары - отбасыңызға маңызды, бірақ қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.


Отбасылық құндылықтар:1. Мықты денсаулық;

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік;

3. Ортақ қызығушылық;

4. Ауызбіршілік;

5. Қамқорлық;

6. Бір-біріңіздің жұмысына араласпауы;

7. Тәртіп;

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу;

9. Сенімділік;

10. Ата-ана отбасының үлгісі;

11. Әлеуметтік жағдай;

12. Отбасылық қарым-қатынас;

13. Мейірімділік;

14. Шынайылық;

15. Сырт көзге үлгі болу;

16. Береке;

17. Үлкенге - ізет, кішіге - құрмет;

III. Қорытынды бөлім

Бейнематериал «Ата-ана бала тәрбиесі»

Ал енді, осы бейнематериалдарға мұқият назар аударыңыздар.

Психолог: Бұл бейнематериалдан ата-аналар отбасында өз балаларына қалай көңіл аударғанын еске түсіргендігіне сенімдімін. Сіздердің балаларыңыз ержетті, ата-ананың ендігі міндеті - оларға ересек адам ретінде қарау. Олар үздіксіз бақылау мен ұдайы қамқорлықты талап етпейді, оларға өз күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенім қажет.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің басты мақсаты - баланың, жеке ерекшелігі, психикалық үдерістерін ескере отырып, ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасында ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте сақтаған жөн:



  • Баланың бойында өз елінің салт-дәсүрін, ана тілін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Баланы отбасында Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;

  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;

  • Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;

  • Отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық) дамыту;

  • Отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;

  • Баланың өзін-өзі басқаруы (қаржы, іскерлік);

  • Баланы табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру.

Тренингтің соңында «Ата-ананың баламен ортақ қарым-қатынаты қалыптастыру жолдары» туралы психологиялық кеңестер жазылған жаднама таратылады.

Психолог:«Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ана тәрбиесі бала өміріне үлкен із қалдырады.Қай бала болмасын өз ата-анасын үлгі тұтып, мақтан етеді. Олай болса, ата-ана өз ұрпағына өзінің келешегіне құрметпен қарап, үлгі болуы тиіс.Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтастықта әрекет етуіміз қажет.



Құрметті ата-аналар бүгінгі тренингке қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет! Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылуындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып бүгінгі тренигімізді аяқтаймыз.

Рефлекция:- Тренингте неге қол жеткізе алдыңыз?

  • Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңыз?

  • Ұсынылған жаттығулардың қайсысы сіз үшін маңызды болды?

  • Тренинг барысынды кедергілер орын алды ма?



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет