АҚжайық ауданының табиғат мүрасы мен физика-географиялық жағдайы каііпкалиева Г. С



Pdf көрінісі
Дата09.11.2018
өлшемі83.49 Kb.
#96734

ӘӨЖ911.2 (574)

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ТАБИҒАТ МҮРАСЫ МЕН 

ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Каііпкалиева Г.С.

М.  Өтемісов  атындагы 

БҚМУ  магистранты

Шежірең  бар  таусылмайтын  сан  қилы,  Алқабында  дән-дәрия  шалқиды  деп 

ақындар  жырлағандай,  Ақжайық  өңірі  -  тарихы  жэне  бай  табиғатымен  ерекшеленетін 

өлкелердің бірі.



Ауданның  қалыптасу  тарихы  мен  оның  географиялық  жағдайы  жайында  сөз 

ететін  болсақ,  1971  жылдан  бастау  алады,  бұл  жылы  аудан  орталығы  Чапаев  ауылы 

қала мәртебесіне ие болады. Араға жиырма жылдың көлемінде уақыт салып  1990 жылы 

бұрынғы  мәртебесін  қайта  алады.  Көп  уақыт  өтпей  ауданды  қайта  өзгерту  үрдісі 

жалғастырылып,  1992  жылы  оның  құрамына  оң  жағалауда  орналасқан  аумақтар 

Өлеңті,  Чапаев,  Есенсай,  Шолохов,  Ақжайық,  Сарыөмір  кенттері  мен  Аңқаты 

кіргізіліп,  осы  ауылдар  негізінде  Ақжайық  ауданы  құрылады.  Бірақ  аудандарды 

нығайту  мақсатында  жүргізілген  саясат  негізінде  1997  жылы  Ақжайық  ауданы 

таратылып,  оның  жерлері  Теректі  ауданынының  қарамағына  беріледі.  Ал  Чапаев 

ауданының  құрамына  таратылған  Тайпақ  ауданының  аумағы  қосылып,  ауданның  өзі 

Ақжайық болып қайта аталады да, орталығы Чапаев ауылы болып қалып,  қазірге дейін 

өз жұмыстарын жалғастыруда [13].

Ақжайық ауданының территориясы 25,9 мың  шаршы километрді  кұрайды.  Аудан 

облыстың оңтүстігіндегі  орталық бөлігінен орын алып, солтүстігінде (Орал өзенінің оң 

жақ жағалауы)  Батыс  Қазақстан  облысының  Зеленов,  Тасқала жэне (Орал  өзенінің сол 

жақ  жағалауы)  Теректі  аудандарымен,  шығысында  Сырым,  Қаратөбе  аудандарымен 

шектессе,  ал  батысында  Жаңақала,  Казталовка  аудандарымен  шекаралас  орналасқан. 

Қазақстан Республикасының Атырау облысымен оңтүстігінде шектескен [2]  .

Г еологиялық 

құрылысы 

жағынан 

Ақжайық 


ауданының 

алып 


жатқан 

территориясы  Батыс  Қазақстан  облысы  шегінде  терең  Каспий  маңы  тектоникалық 

ойысындағы Каспий маңы ойпатының солтүстік жэне оңтүстік бөлігінің жақында теңіз 

суынан арылуына байланысты жастығымен ерекшеленеді.

Ақжайық ауданының беті  геологиялық жағынан  жас  болғанымен,  оның ең  ежелгі 

беті  (40  мың  жыл),  шамамен  Тайпақ  ауылы  ендігінен  (теңіз  деңгейіне  0  м  биіктік) 

солтүстікке қарай орналасқан [3]  .

Геологиялық даму тарихының нәтижесінде,  кейбір бөліктер бетінің көтерілу және 

түсу  процестерінің  үзақ  уақыт  бойы  жүруінен  (үлкен  тереңдіктерде  тұздардың  қайта 

ауысуы  салдарынан),  ол  аудан  территориясында  төменгі  хвалыннен  қазіргі  кезеңдегі 

едэуір  жас  континентальды  шөгінді  түзінділері  мен  ежелгі  теңіздердең  құралған. 

Олардың  қалыптасу  кезеңі  төменгі  хвалыннен  бастап  қазіргі  кезеңге  дейін  созылады. 

Сондықтан,  Ақжайык  ауданының  территориясы  негізінен  сазды,  саздауытты 

шөгінділерден қүралады, ал әсіресе оңтүстігі қүмдардан тұрады  [9]  .

Ақжайық  ауданының  жер  бедерінің  тегіс  жазықты  болып  келуінің  басты  себебі, 

соңғы кезеңдердегі геологиялық даму нэтижесінде деуге болады. Аудан территориясын 

солтүстік  және  оңтүстік  екі  бөлікке  (теңіз  деңгейінен  бірдей  биіктіктерді  қосатын 

сызық) 0 м абсолюттік биіктік горизонталь сызықтар бөліп тұрады.  Осы 0 м абсолюттік 

биіктік сызығынан оңтүстікке жэне солтүстікке қарай ауданның шеткі аймақтарындағы 

абсолюттік биіктіктерінің -  15 метрден 23 метрге дейін ауытқулары кездесіп отырады.

Ақжайық ауданының жер бедері Шығыс Еуропа жазыгының оңтүстік шыгысында 

орналасқандықтан  жақсы  тегіс  жэне  жас  болуына  байланысты  бұл  территорияға  тек 

кана сулы-эрозиялық,  эолды,  көлтабанды және  суффозиялық скульптуралы  жер  бедері 

пішіндері тән  болып  келеді.  Аудан территориясында сулы-эрозиялы жер  бедері  Көшім 

тармагының  орта  ағысы  аңғарында,  сонымен  қатар  1-ші  Грачи  және  2-ші  Грачи  дала 

өзендерінің аңғарында кездеседі.  Және  ең  ірі сулы-эрозиялы  жер бедері  Орал өзенінің 

аңғарында жатыр  [9].

Территорияның  өзендермен  вертикальды  бағытта  да,  горизонтальды  бағытта  да 

тілімденуі  аз  мөлшерде.  Өзендердің  ағысы жай.  Барлығы жазықтықпен элсіз толқында 

өз  бағытына  ағып  жатыр.  Сайлы  торлар  өте  сирек 

кездеседі  және  элсіз 

жасақталғандығын байкаймыз  [8].

Жылдар  бойы  қалыптасқан  климаттық  жағдайды  былай  сипаттасақ  артық 

болмайды,  аудан  территориясында  көп  жылғы  ауа  райы  режимі,  оның  солтүстік  және 

оңтүстік  бөліктерінің  континентальды  режимге  біртіндеп  ауысуының  шамасына  қарай


қалыптасып,  өзгеріп,  тұрақталған.  Мұндай  алмасу  территорияның  өткен  геологиялық 

даму  кезеңдерінің  жаһандық климаттың жалпы жағдайларына сәйкес  жүзеге  асады[13]

Ақжайық ауданы жазы жылы құрғақ климат зонасында орналасқан, екі климаттық 

облысында  жатыр,  яғни  оңтүстікте  қоңыржай  жұмсақ  кыстың  болуымен  ерекшеленсе, 

солтүстігі қары аз қоңыржай қатал қысымен ерекшеленеді.  Ол екі климаттық облыстың 

арасындағы  шекара  шамамен  Чапаев  ауылы  ендігІ  бойынша  өтеді.  Және  тағы  да  бір 

ерекшелігі Ақжайық ауданы шөлейт жэне шөл (солтүстік шөл) деп бөліп қарастыратын 

екі  табиғат  зонасында  жатыр.  Ауданның  солтүстігінде,  мысалы  Чапаев  ауылын 

қарастыратын  болсақ,  бұнда  қаңтар  айының  орташа  температурасы  -13,2°С,  шілде 

айында  +23,8°С-сын  көрсетсе,  ал  орташа  жылдық  температура  +5,4X1!  шамасында,  ал 

бұл  аудандағы  ең  жоғарғы  орташа  айлық  жауын-шашын  маусым  айында  33  мм 

деңгейін  көрсетеді,  ең  төменгі  орташа  айлық  жауын-шашын  ақпан  айында  12мм-ді, 

орташа  жылдық  жауын-шашын  мөлшері  263мм  құраған.  Ауданның  оңтүстігінде,  яғни 

Тайпақ  ауылы тұсында  қаңтар  айындағы  ауаның  орташа температурасы -12,9°С-на тең 

болып,  ал  шілде  айындағы  орташа  температура  +25,4 °С,  ал  ауаның  жылдық  орташа 

температурасы  +6,4°С-сын  құрайды;  ең  жоғарғы  орташа  айлық  жауын-шашын  мамыр 

жэне  маусым  айларында  (23  мм-ден)  байқалады,  ал  жауын-шашынның  ең  төменгі 

мөлшері  179мм-ге тең болады.

Кейбір  жылдары  климат  жағдайларының  айтарлықтай  өзгеріп  отырады.  Бірақ 

жылдың төрт мезгілі барлық жерде анық байқалады [11].

Көктем  уақыты  келісімен  ауа температурасы  тез  көтеріледі.  Бірақ мұндай  күннің 

жылынуы  секірмелі  түрде  өтіп  отырады.  Себебі  салқындық  қайталанып  келеді,  тіпті, 

кейде  үскіріктер де  болады.  Көктемнің үзақтығы температура шегінде  шамамен тек ай 

жарымға  ғана  созылады  жэне  көктем  бұл  ауданда  едәуір  қуаңшылығымен 

ерекшеленеді.

Аталған  ауданда  жаз  мезгілінде  күн  сәулесінің  едәуір  мол  түсуі  салдарынан 

топырақты  қыздырып,  тіпті  құрғатып  жіберуге  дейін  барады  жэне  бұл  жағдай  жиі 

қуаңшылықтың  болуына  экеледі.  Атмосфералық  жауын-шашынмен  ылғалдануы  әр 

түрлі  өзгерістерге  ұшыратады:  қуаңшылық  жылдар,  тіпті,  мол  ылғалды  жылдармен 

кезектесіп  отыратынын  байқауға  болады.  Мүндағы  жазғы  жауын-шашын  үлесі  кыскы 

маусыммен  салыстырғанда  айтарлықтай  көп  болып  келеді.  Жаз  кезінде  циклондык 

фронттар  өткен  кезде  жауын-шашын,  болмашы  жаңбыр  түрінде  ғана  түседі  дей  келе, 

сөз  қылып отырған  ауданда жалпы жаз түтастай алғанда,  ашық, қүрғақ жэне өте ыстық 

ауа райымен сипатталады деп қорытындылауға болады  [1]  .

Ал,  кезектегі  мезгіл  күзде  ауа  температурасының  амплитудасы  жазға  қарағанда 

төменірек,  көбінесе  бүлтты  күндер  көп  болады,  бірақ жауын-шашын  мөлшері  азаяды. 

Температураның  төмендеуі  айдан  айға  өтуі  басында  баяу  болып,  күздің  соңына  қарай 

өсе  түседі  де,  ал  қыстың  алдында,  томен  түсуі  қайтадан  бәсеңдейді.  Қараша  айында 

ауаның  орташа  айлық  температурасы  едәуір  төмендейді.  Кейбір  жылдарда  жауын- 

шашын  түсуінде  елеулі  өзгерістер  болып  отырады.  Ал,  ол  жаңбырдың  мүлдем 

жаумауына немесе керісінше жаңбырдың мол болуына әкеледі  [4]  .

Ал  қыс  мезгілінде  антициклондар  жиі  соғып  отырады.  Ондағы  ауанын 

температурасы  қар жамылғысы  әсерінен  күшейе түседі  де,  ол  үскірік аяздың  болуына 

себебін  тигізеді.  Ауаның  абсолюттік  минимум  температурасы,  мысалы  Тайпак 

ауылында  -41 ‘С-ге  тең  болады.  Сонымен  бірге  қаңтар  мен  ақпанда  жылымық  күндер 

болуы  мүмкін.  Қыс  ерте  түскен  жылдары  ол  орта  есеппен  алғанда,  көп  жылғы 

мерзімдерден  элдеқайда  ерте  -   қазанның  бірінші  онкүндігінде,  ал  қыс  кеш  түскен 

жылдары әлдеқайда кеш -  қаңтардың екінші-үшінші онкүндігінде түзіледі  [11].

Топырақ  жамылғысына  келетін  болсақ,  топырақ  түзілу  жағдайларының  жиі 

кезектесіп  отыруына  байланысты  ауданның  топырагы  үлкен  шүбарлы  көрініске  ие 

болады.  Бірақ,  Ақжайық  ауданының  жекелеген  бөліктері  су  айрық  кеңістіктерінде


айқындалған  -   орта  каштан,  ашық  каштан,  қоқшыл  зональдық  топырақ  типтерінің 

басымдылыгы 

байқалады. 

Осы 


территорияның 

су 


айрықтарына 

топырақ 


контурларының  шұбарлығы тэн,  яғни кіші-гірім  қашықтықта түрлі топырақ типтерінің 

ауысуын  көруге  болады.  Ал  солардың  ішінде  тұзды топырақтар  маңызды  негізгі  орын 

алады.

Ауданның  солтүстік  бөлігінде  терең  қайнайтын  орта  каштан  топырағының 



алқаптары  кездеседі.  Грунт  сулары  топырақ  қабаттарының  астарында  тереңде 

орналасады.  Топырақ түзуші  жыныстар төменгі хвалын суларында пайда болып орнын 

үгілу  процессіне  ұшыраган  тау  жыныстары  басады.  Гумус  қабатының  қалыңдығы  40- 

60  см-ді  құрайды.  Карбонаттар  дақ  пішінді  жылтыр  түсті  50-ден  90  см  тереңдіктер 

аралығында байқалады  [9].

Ауданның оңтүстігінде негізінен жоғарғы хвалын жазығында қоқшыл топырақтар 

таралады.  Оң  жақ  жағалауда  (Орал  өзені)  негізінен  жеңіл  механикалық,  ал  сол  жақ 

жағалауда ауыр  механикалық  қүрамдағы топырақ  басым  болады.  Қоқшыл  топырақтар 

ашық  каштан  топырагына  қарағанда  гумус  қабатының  аздығымен,  түз  қышқылынан 

қайнауы  жоғары  беткі  бетке  жақын  және  карбонаттардың  орналасуы да  жоғары  беткі 

бетке  жақын  жатуымен  ерекшеленеді.  Грунт  сулары  өте  тереңде  (10-15  м  одан  да 

терең) орналасады жэне топырақ түзуге өз әсерін тигізбейді  [1].

Ауданның барлық жерінде кең түрде сортаңдар таралады,  гумус қабатын  анық екі 

бөлікке  бөліп  қарауға  болады:  жоғарғы  бөлігі  -   салыстырмалы  қабатты-кесекті 

борпылдақ  шөгінділерден  тұрса,  ал  төменгі  бөлігі  -   тыгыз  бағаналы  немесе  призма 

түріндегі-жаңғақ тэрізді  құрлымнан  тұрады.  Гумус  қабатынан  төмен  карбонатты  және 

түзды қабаттар орналасады [10].

Қүмды  алқаптар  мал  жайылысына  пайдаланады.  Қазіргі  кезеңде  әлсіз  бекінген 

қүм алқаптардың  барлық типі күшті  мал жайылысы болмағандықтан желмен беткі  беті 

тегістеліп бекінген қүмдарға айналуда.

Ақжайық  ауданындағы  өсімдіктердің  биологиялық  эртүрлілігі  туралы  қысқаша 

баяндасақ,  ауданның  континентальды климат жағдайына, яғни үзақ қатал қысы,  ыстық 

құрғақ жазғы  маусымына бейімделген  сан  түрлі  өсімдік жамылғысымен  ерекшеленеді. 

Әр түрлі  өсімдік типтерінің таралуы топырақ типтерінің механикалық құрамына,  оның 

ылгалдану 

режиміне, 

тұздану 

дэрежесіне, 

сортаңдығына, 

грунт 


суларының 

минералдану  деңгейі  мен дэрежесіне,  судың кермектігіне,  күн  сәулесінің түсуіне  жэне 

тағы  да  басқа  жағдайларға  байланысты  болады.  Сондықтан,  бір  типтегі 

топырақ 


түрінде  бІрақ  әр  жерлерде  өсетін  өсімдіктердің  арасында  үлкен  айырмашылықтар 

кездеседі.  Аудан территориясында таралған  өсімдіктер дүниесі  негізінен далалық жэне 

шөлді деп екі типке бөлінеді [6].

Ауданның солтүстігіндегі су жиналатын  кеңістікте дала өсімдіктері  кәп таралған. 

Даладагы  осімдіктердің  ішіндегі  кең  жайлаган  ақ  селеу  осімдіктерінің  өз  ішінде  екі 

фенологиялық  фазаны  бөліп  қарастыруға  болады.  Көктемдегі  қау  бозды  қүлпырган 

әсем  кезең  және  жазғы-қылқан  бозды  кезең.  Бүл  доминант  шымды  өсімдіктер  далада 

максимальды осімдік фитомассасын түзеді.

Климаттың  онтүстікке  карай  жылжыған  сайын  температураның  жоғарылауынан 

кұрғақшылықтың артуы осімдік жамылғысының томендеуіне және онда тіршілік ететін 

түрлердің  азаюына  әкеліп  соғады.  Далалық шөпті  жамылғыға тік тамырлы  өсімдіктер, 

оларға,  қалампыр,  гүлкекре  жэне  басқалары  жатады,  тамырсабақтылар  мысалға, 

бөденешоп,  қызылбояу  шоп  жэне  басқалары  жэне  тамыр  атпалы,  ал  бүларға  австрия 

жусаны  секілді  өсімдіктерді  жатқызамыз.  Далалық  осімдік  қауымдастықтарының 

ішінде  үзақ  осіп  онетін  өсімдіктермен  қатар,  қысқа  мерзімде  өсетін  өсімдіктер  -  

біржылдық  (эфемерлер)  жэне көпжылдық (жэне  гемиэферодтар),  олар әсіресе  ылғалды 

жылдары  жақсы  бітік  шығады.  Дала  ойпаңдарында  далаға  тән  дала  шымды  астық 

түқымдастар-Лессинг ақ селеуі,  кылқан боз, сарепт бозы,  қау боз,  бетеге және бидайық 

өсімдік қауымдастықтарының жайкалып өсіп түрғанын кере аласыз  [5].

33


Ауданның  шөл  бөлігіндегі  өсімдіктер  қоршаған  орта  эртүрлІ  жағдайына 

байланысты  белгілі-бір  бейімдІлуге  көшкен.  Шөл  өсімдіктері  бойындағы  ылғалды  аз 

буландыру үшін жапырақтары мөлшерінің кішірейуі немесе жапырағының жоғалуынан 

қоршаған  ортаға  бейімделгендігін  байқаймыз.  Мысалға  мына  өсімдіктерді  келтіреміз 

жыңғыл,  жүзгін,  жапырақсыз  бұйрығын,  жантақ  жэне  тағы  басқа.  Ақ  жусан  сияқгьі; 

көптеген  өсімдік  түрлерін  қалың  түк  басқан.  Ауданда  жартылай  бұталы  жусандар 

басымдылық ететін алқаптар көп кездеседі,  бүл жерлерді  ақ жусан жэне қара жусан, ал 

құмдарды  құмды  жусандар  кеңінен  жайлаған.  Ақ  жусанды  өсімдіктерге  валисский 

бетегесі,  шөл  еркек  шөбі,  ірі  қияқ  жэне  басқа  түрлерді  атап  айтуға  болады.  Қара 

жусанмен  бірге  төмендегідей  өсімдік  түрлері  басымдыққа  ие,  олар:  жайылма  изен, 

монспелий қараматауы, бүйрығын жэне көкпек [5].

Орал  өзенінің  төменгі  ағысының  жайылмасында  теңіз  түйнекөлеңі,  ақмамық, 

күреңше,  өлең,  Жерара  елекшөбі  басымдықта  болатын  шалғындар  таралған,  ал  терең 

ойпаңдарда  оңтүстік  қамысы,  көл  өлең  шөбі,  жіңішке  жапырақты  және  жалпақ 

жапырақты қоғалар,  батпақ сүттігені т.б.  өсімдіктер өсуге  бейімделген  [12].

Жалпы, Ақжайық ауданы жануарлар дүниесіне бай аудандардың бірі.  Ауданының 

шел  жэне  дала  жануарлары  қатаң  шөптесін  өсімдік  қауымдастық  жағдайында  өсуге 

бейімделген.  Ашық  ландшафт  жануарларға  жасырынатын  жерлерді  іздеуге  мэжбүр 

ететіндіктен,  көптеген  жануарлар  ін  қазады  немесе  бөтен  індерді  неленіп,  тіпті 

кейбіреулері  жер  астында  да  тіршілік  етеді.  Бұл  жануарлардың  тағы  бір  ерекшелігі 

сыртқы түсі топырақ және өсімдік түсіне үқсас  болуында.  Жазғы құрғақшылық кезінде 

көптеген 

жануарлар 

жартылай 

тіршілік 

жағдайына  көшеді, 

яғни 

өздерінің 



белсенділігІн томендетеді, ал қыс айларында үйқыға кетедІ  [7].

Бұл жерлер індерді мекендейтін үсақ кеміргіштер  әлеміне бай:  атжалман,  кішкене 

тышқан,  құм  тышқан,  түз  тышқаны  жэне  баска  тышқандардың  көптеген  түрлерін 

мысалға келтіре аламыз.  Шоғырланып колониямен өмір сүретін кіші сарышұнақтардың 

індерінде  де  омыртқасыз  жануарлардың  белгілі  бір  топтары  тіршілік  етеді,  сонымен 

қатар  індерді  кесірткелер,  жыландар,  жасыл  қүрбақалар  да  өздеріне  пана  қылады  ,  ал 

тас шыбыжық үя салады.

Барлық жерлердегідей мүнда азығын жыртқыштықпен  аулап жейтін жыртқыштар 

үстемдік  етеді.  Жалпы,  аңдардың  қоректену  нысандары  кең  ауқымды.  Жердің  беткі 

ярусында  түрлі  омыртқасыздар  мен  жыртқыш  қүмырсқалардың  түрлерін,  түрлі 

қоңыздарды  кездестіруге  болады.  Ал,  өзен-сулар  мен  олардың  төңірегінде  инеліктер 

басым  [5].

Жағалауы  қоғалы  көлдердің,  өзендердің  жағалауларында  жэне  Орал  өзенінің 

жайылымдарында  қабанды  жиі  кездестіруге  болады.  Барлық  жерде  дерлік  ор  қояндар 

тіршілік етеді.  Орал  өзенінің  аңғарларында бұлан мен  еліктің  кездесуі  эдеттегі  жағдай. 

Бағалы  аңдар  тізІміне  жататын  құндыз  да бүл  аймақта  кездесуі  ғажап  емес.  Ауданның 

оңтүстігінде сазды және күмды шөлдерде антилоп -  сайғақ көптеп  кездесіп мекен етеді 

және көбейеді.

Даламызға  тән  құстарға  сұр  шіл,  бөдене  жэне  ормандарда  құр  мекен  етеді. 

Көптеген  жерлерден  түз  бозторғайы,  кішкене  айдарлы  бозторғай,  қара  алқалы 

бозторғай,  дала  бозторғайын  жиі  көресіз.  Бүл  аудандағы  қорек  таңдамайтын  кұстың 

үлкені  -   безгелдек  болып  табылса,  кейде  сирек  ақбас  тырналарды  кездестіре  аласыз. 

Ауданның оңтүстігіндегі құмдарда қыс мезгілінде қыстаған дуадақтар байқалады  [12].

Қосмекенділердің  түрлері  онша  көп  емес:  су  қоймалары  мен  ылғалды  жерлерде 

кәдімгі  шөпбақа, сүйіртұмсық көлбака,  көл бақасы,  су қоймаларынан  алыстау жерлерді 

кэдімгі  қүрбақалар  мекен  етеді.  Кэдімгі  тарбақа  мен  шүбар  бақалар  сиректеу  кездесіп 

түрады.  Бауырмен  жорғалаушылардан  далада  түрлі-түсті  кесірткелер,  секіргіш 

кесіртке,  өрнекті  қара  шүбар  жылан  жэне  сүр  жылан  т.б.  кездестіруге  болады.  Орал 

өзенінің аңғарларында кэдімгі сарыбас жылан мен су сарыбас жыландары болады. Дала 

өзендерінде батпақ тасбақалары көптеп мекендейді  [7].



¥сақ  жыртқыштар  арасында  кэдімгі  күйкентай,  бөктергі,  жағалтай,  ал  ірі 

жыртқыштардан  жамансары,  қара  кезқұйрық,  тұз  құладыны,  батпақ  құладыны,  аздап 

болса  да  дала  қыраны,  кейде  бүркіт  кездеседі  жэне  дала  күйкентайының  кіші-гірім 

колониялары  байқалады.  Жаз  айларында  жалғыз-жарым  лашынды  байқауға  болады. 

Қасқыр,  түлкі,  қарсақ,  ши  бөрі  (ауданның  оңтүстігінде  құмды  алқаптарда),  күзен, 

борсық,  ақиіс,  аққүлақ  аудан  аумағына  тэн  жыртқыш  сүтқоректілер  болып  табылады 

[13].

Балықтардың  алуан  түрімен  жэне  оның  үлкен  қорымен  Орал  өзені  ерекшеленеді. 



Бұл  Каспий  теңізінен  бағалы  бекіре  түқымдас  балықтар  уылдырық  шашуға  шығатын 

Батыс  Қазақстандағы  жалғыз  өзен.  Орал  өзеніне  төмендегідей  бекіре  тұқымдас 

балықтар көктемде уылдырық шашады: қортпа, Гюльденштедт бекіресі, парсы бекіресі, 

шоқыр,  пілмай,  сүйрік.  Өзендегі  балық  аулаудың  негізін  ақмарқа,  көксерке,  берш, 

алабүға, сазан, жайын, табан балық, қаракөз және басқада балық түрлері құрайды. Орал 

өзеніне Солянка өзені қүяр жерге дейін қысқы мезгілде ақ балықты ауласа, ал көктемде 

осы  телімде  кей  уақытта  рыбец  балығын  аулауға  болады.  Ауданның  басқа  да,  кеуіп 

қалмайтын су нысандарында балықтың түрлік құрамы шүғыл азаяды, бірақ балық қоры 

жоғары  болады,  бұл  су  қоймаларында  негізінен  сазан,  шортан,  алабұға,  торта,  меңке, 

оңғақ жэне  басқада балықтар тІршілік етеді.  Орал өзенінде  жерсіндірген  ақ  амур  жэне 

дөңмаңдай балықтары мекендейді  [5].

Адамзат  цивилизациясы  жаңа  мыңжылдыққа  қадам  басты.  Адам  мен  қоршаған 

табиғи  орта арасындағы  карым-қатынастардың  күрделене  түсіп,  адамзатта  «Табиғатқа 

бағынбаймыз,  оны  өз  игілігімізге  айналдырып,  бермесін  тартып  аламыз»  деген 

көзқарас  қалыптасты.  Бұл  көзқарасты  тоқтатып,  қалай  болса  да  қоршаған  табиғи 

ортанының  әсем  табиғатын  сақтап,  оны  болашақ  ұрпаққа  жеткізуге  тиістіміз.  Бәріміз 

бірігіп,  өзіміздің  білімімізбен,  мәдениетімізбен  тіршілік  үшін  жағдай  жасауға 

асығайық.



Пайдаланылган әдебиеттер тізімі:

1.  Агроклиматический  справочник  по  Западно-Казахстанской  облости.  Алма-Ата, 

I960.  128 с.

2.  Батыс Қазацстан облысьг энциклопедиясы. Алматы,  2002.  586 б.

3.  Беспалов В. Ф. Геологические строение Казахской ССР.

4.  Джубанов  А.А.  Климат  и  воды  //Природа,  население  и  хозяйство  Западно- 

Казахстанской области.  Уральск,  1998.

5.  Джубанов А.А,  Растительный и животный мир,  их  охрана  //Природа,  население 

и хозяйство Западно-Казахстанской области.  Уральск,  1998.

6.  Джубанов  А.А. 

Речные  ландшафты  Западно-Казахстанской  области  // 

Горизонты географии.  Уральск,  2006.

7.  Джубанов  А.А.  Биологическое  разнообразие  позвоночных  животных  Западно- 

Казахстанской  области  //  Матер,  научно-практ.  конф.  «Эколог.  Проблемы  и 

биоразнообразие Западного Казахстана».  Уральск,  2007.

8.  Иванов 

В.В. 

Физико-географический 

очерк 

Западного 

Казахстана 

// 

Ггографический сборник.  М.  -  Л.;  1953.  Вып.  2.

9.  Иванов  В.В.  Степи  Западного  Казахстана  в  связи  с  динамикой  их  покрова.  // 

Географический сборник.  М. —JI.:  1953.  Вып.  2.

10.  Кабдулова  Г.А.  Рельеф,  геология  и  полезные  ископаемые.  //Природа,  население  и 

хозяйство Западно-Казахстанской области.  Уральск,  1998.

11.  Колебания климата за последнее тысячелетие. Л.,  1988

12.  Петренко  А З.,  Джубанов  А.А.,  Фартуишна  М.М.  и  др.  Природно-ресурсный 

потенциал 

и 

проектируемые 

объекты 

заповедного 

фонда 

Западно- 

Казахстанской области.  Уральск,  1998,  176 с.

13.  Сдыков М.Н.  Батые Қазацстан  облысы  Ацжайыц  ауданы  VII томы.  Орал,  2008, 

324 б.

Резюме

В  данной  статье  дано  краткое  описание  исторически  сложившихся  природных 

особенностей  и  физико-географическое  состояние  Акэюаикского  района.  Раскрыты 

нижеуказанные темы: покровы земли,  климатические условия, устоявшееся в течение 

долгих лет,  и биологические разнообразие флоры и фауны.



Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет