Аитв-ның иммунды жүйеге әсері Адамның иммун тапшылығы вирусы



Дата15.07.2017
өлшемі19.83 Kb.
АИТВ-ның иммунды жүйеге әсері

Адамның иммун тапшылығы вирусы–бірегей вирус, ол Т-лимфоциттер (CD4) иммунды жүйесінің басты жасушаларына жай шапқындап қана қоймай, сонымен қатар оның құрауыштары арасындағы байланысты бұзып, бүлдіреді.

Біршама уақыт өткеннен кейін ағзадағы вирустардың мөлшері өседі. Қаншалықты вирус көп болса, Т-лимфоциттер соншалықты көп зақымданады. Ағза бірте-бірте кез-келген инфекцияға қарсылық қабілетін жоғалтады, міне осындай халді имммун тапшылығы деп атайды.

Т-лимфоциттерді-(CD4) теңеулі түрде осыларды «Иммун жүйесі әскерінің офицерлері» деп атайды, себебі, тек осылар ғана иммунологиялық жауаптылықта басты рөл атқарады. (CD4) басқа екі В-лимфоциттер мен Т-киллерлердің (CD8) жасушасына мынадай пәрмен береді: «Басқаны табыңдар да құртып, жойыңдар». Сол мезгілде жасушалардың бір бөлігі АИТВ-мен зақымданады.

АИТВ Т-лимфоциттерге-(CD4) шабуылдап, оған өтеді, оны көбеюі үшін пайдаланады, содан кейін оны құртып- жояды.

Антиденені (АД) өндіріуге жауапты–В-жасушалары лимфоциттен (CD4) пәрмен алып, АИТВ-ны іздеуге кіріседі. АИТВ табылған және зерделенген кезде В жасушалары АГ+АД блогын түзіп, АИТВ (АГ) антигенін қоршау үшін АД-ні өндіре бастайды. Қандағы айырықшалық АД анықтау, адамның АИТВ жұқтырылғандығын айғақтайды.



Т-лимфоциттер киллерлері (CD8)де лимфоциттен (CD4) пәрмен алып, АИТВ-ны іздеуге кіріседі, алайда АИТВ өте «айлакер», себебі ол орталық жүйке жүйесіндегі жасушаларда жасырынуы мүмкін. Іс жүзіндегі вирус осынау жасушаларды «пана» ретінде пайдаланады. Ол мұнда ұзақ болуы мүмкін, ал содан кейін осында көбеюін бастау үшін CD4 жасушаларын іздеуге қан ағымына шығады. Ағзада тұрақты түрде вирустың болуы иммун жүйесін ширыққан күйде ұстайды. Қаншалықты вирус көп болса, CD4 жасушалары соншалықты көп зақымданады. Бұл–қарсыластардың бірін бірі әбден діңкелетуге тырысатын ұзаққа созылатын оппозициялық айқасты еске салады. Осы жағдайда вирустың мүмкіндігі мол. Әр ағзада өзінің ресурсы мен өзінің әлеуеті болады, дегенмен олар шектеусіз емес. Нәтижесінде «киллерлер (қырып жоюшы)» жасушаларында вирусты құртып- жою мүмкіндігі барған сайын аз болады, себебі CD4 жасушалары барлық инфекцияларға қарсы күрес үшін қажет, сондықтан иммунды жүйе әр түрлі ауруларға қарсы тұра алмайды. Иммун тапшылығы дами бастайды. Адам осындай халде тұмау, ұшық, қантышқақ және т.б. секілді әдеттегі инфекциялардың алдында ғана емес, сонымен қатар дені сау адамның бойында ауру туғызбайтын бактериялар, вирустар мен зеңдер алдында қорғансызға айналады. Мысалы, өкпеде өмір сүретін бактерия (пневмоциста карини) иммун тапшылығы кезінде пневмоцисті өкпе қабынуының елеулі зақымдануын туғызуы мүмкін.

Д.ШАДАНОВА,

ЖИТС МОО алдын алу

жұмысы бөлімінің меңгерушісі.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет