Аитв-жұқтырылғандағы токсоплазмоз



Дата08.07.2017
өлшемі17.71 Kb.
АИТВ-жұқтырылғандағы токсоплазмоз

Токсоплазмоз–бұл туа бітетін немесе жүйке жүйесін, ретикулоэндотелиалды жүйесі органдарын, көру аппаратын, қаңқалық бұлшықтарды зақымдайтын және миокардты жұқтыратын паразиттік табиғаттағы аурулар. Токсоплазмоз–жетекші шартты патогенді аурулардың бірі, ол АИТВ инфекциясымен ауыратын науқастың ЦНС шалдығуына негізгі себеп болып табылады. Токсоплазмоз көбінесе әлсіз иммунитет аясында дамиды. Токсоплазмалар барлық органдар мен тіндерді зақымдағанымен, әдеттегідей, АИТВ жұқтырылған пациенттерде церебральды ауру түрі тіркеледі. Статистика бойынша АИТВ жұқтырылған пациенттерде токсоплазмоздың цереброспиналды түрінің 95% жағдайы анықталған. Науқастардың көпшілігі бас миы ауруына шалдығады, оның үстіне аурудың ошағы ретінде де, сонымен қатар жалпы мидың клиникалық белгілері ретінде де байқалады. Пациенттердің 75%-да психикалық бұзылуы, 33%—эпилепсиялық талма, ал 10-72% қызба мен бас ауруы байқалады. Токсоплазмоз дамуының тәуекелді факторларына, АИТВ инфекциясымен ауыратын науқастың бойында 100 клеток/мкл кем CD4-лимфоциттер мөлшері жатады.

Токсоплазмоздың Орталық Еуропада таралуы 90% жеткен, бұл–ең алдымен, шикілей немесе шала піскен ет тағамдарын тұтынатын кейбір елдер (Франция, Германия) тұрғындарының салт-дәстүріне байланысты болып отыр. Токсоплазмоз кезінде көру жүйесінің алдыңғы және артқы увеиті, ретиниті, хориоретиниті, атрофиі түрінде көздің зақымдануы кездеседі.

Токсоплазмоз диагностикасы

АИТВ жұқтырылғаны науқастың бойында токсоплазменді энцефалит диагнозы, КТ ж МРТ деректерімен Toxoplasma gondii антидененің болуы , клиникалық картинасы негізінде қойылады.

АИТВ жұқтырылған науқастың бойындағы токсоплазменнің клиникалық көрінісінің алуан түрлілігін есепке ала отырып, айқындамасы бойынша бірнеше мамандардың, атап айтқанда инфекционистің, невропатологтың, офтальмологтың және басқаларының кеңес берулері қажет етіледі.



Қазіргі кезде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының жанында АИТВ инфекциясы бар 100 пациент диспансерлік есепте тұр, алайда токсопламоздың клиникалық көрінісі болған жоқ. Есепте тұрған пациенттер қанына жылына 2 рет токсоплазмозға серологиялық зерттеу жүргізіледі, айқындамасы бойынша офтальмолог, невропатолог дәрігерлерге қаралып, тексеруден өтеді.

Г.Г.ҚАДЫРҒАЛИЕВА,

диспансерлік бөлімінің инфекционист дәрігері .


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет