Аитв-инфекциясы мен житс арасында қандай айырмашылық бар?



Дата30.05.2017
өлшемі25.33 Kb.
#11639
АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС арасында қандай айырмашылық бар?

Көптеген адамдар АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-ты екеуі де бірдей деп есептейді.Алайда олардың мұндай пікірлері қате болып табылады.АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тың арасындағы елеулі түрде айырмашылық бар, және оның қандай екендігін білуіміз керек, себебі соңғы жылдары осы ауру адамзаттың айтарлықтай проблемасы болып табылады.



АИТВ— бұл организмге еніп алып, адамның иммун тапшылығының дамуына итермелейтін вирус, оған елеулі өзгерісті туғызып, иммунды жүйесінің әр түрлі вирустарға, патогенді бактерияларға және селбесіп өмір сүретін жасушаларға қарсы тұру мүмкіндігі жоқ қабілетсіздігіне әкелмек.

ЖИТС —бұл иммун тапшылығы, АИТВ-инфекциясы дамуының соңғы кезеңіндегі ауру. Науқастың бойында тек қана осы сатысында ауыр сырқат пайда болып, нәтижесінде өлімге ұшыратады.

АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС арасында қандай айырмашылық бар?

АИТВ — вирус, ал ЖИТС аурудың кезеңі.

1.АИТВ-жұқтырылған адамның өмір сүру ұзақтығы, диагноз қойылғаннан кейін10-15 жылға жалғасады, ал ЖИТС-пен ауыратын науқас бірнеше ай бойы дүниеден өтер уақытын күтеді.

2.АИТВ-инфекциясы кезінде емдеу іс-шаралары организмнің қорғаныш қуатының жай-күйін қолдауға бағытталады, ал ЖИТС-ты емдеу кезінде иммунитеттің бұзылуынан туындайтын ауыр сырқаттарды емдеу жүргізіледі.

Бірінші кезекте АИТВ мен ЖИТС арасындағы айырмашылық шамамен 10-15 жыл болатындығын айтуымыз керек. Оның мәні сол– АИТВ – иммун тапшылығына байланысты аурудың бастапқы сатысы, ал ЖИТС – осының соңғы сатысы. АИТВ ( адамның иммун тапшылығы вирусы) организмді әр түрлі ауруларға осал етіп, иммунитетке әсер етеді, ондаған жылдан соң ЖИТС-ке (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына) ауысады, бұл кезде иммун жүйесі әбден әлсіреп, вирустар мен бактерияларға қарсылық ету қабілеті болмайды.

Екі ұғым арасындағы айырмашылық сол – АИТВ-инфекциясы кезінде адам бақытты да толыққанды өмір сүре алады, ал ЖИТС-кезінде – өте қиын да қысқа өмір сүретін болады.Сондықтан, егер вирус организмге түсетін болса, онда дәрігер мен пациенттің басты міндеті – аурудың дамуына жол бермеу болып табылады. Организмге түскен инфекция дамуға тиіс, ал қазіргі заманға сай вирусқа қарсы препараттар осынау дамуды барынша баяулата алады. АИТВ-жұқтырылған адамдардың уақытылы және дұрыс емделуінің арқасында ЖИТС-пен ауырмастан, толыққанды ондаған жыл өмір сүрген жағдайлары болған.

Вирустан толықтай арылу мүмкін емес, дегенмен қазіргі заманғы медицина иммунитетті көптеген жылдар бойына қалыпты ұстап тұруға қабілетті. Осы ауруды уақытылы анықтау мен оны дер кезінде емдеудің маңызы зор. АИТВ-жұқтырылған адамдар осы ауруын бақылауы, дәрігерге ұдайы қаралуы керек. Дәрі-дәрмек препараттарының арқасанда ғана дәрігерлер аурудың белгілі кезеңін барынша ұзартуға және оның ЖИТС-ке ауысуын болдырмауға тырысуда. Адам АИТВ-ның белгілі кезеңінде еңбек етуге жарамды болып табылады және толыққанды өмір сүреді. Сондықтан, оны организмнен толық аластату мүмкін еместігіне қарамастан, АИТВ тағдырыңа жазылған жаза емес деп сеніммен айтуға болады.

Барлық адамдар АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС арасындағы осынау едәуір айырмашылықты білуге тиіс, себебі, бұл – адамның түр- түсіне, әлеуметтік күйіне, тұратын жері мен ұстанған дініне қарамастан таңдап жатпайтын ауру.



ЖИТС МОО «Жетібай ауылдық ауруханасы»

ШЖҚ МКК жанындағы ПӘК

дәрігер - эпидемиологы Динара Өмірзаққызы Капалина
Каталог: pagefoto -> docfile
docfile -> Мерез және аитв мерез – баяу трепонемадан туындайтын, созылмалы жұқпалы ауру. Мерезді көбінесе «ауру императоры»
docfile -> Жыныстық жолымен берілетін жұқпалар және аитв/житс, алдын алу
docfile -> Парентеральды инфекции және оның алдын алу
docfile -> Соз ауруы деген не?
docfile -> Аитв- инфекциясы және іш өту
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
docfile -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет