Аитв-инфекциясы және Пневмоцисті өкпенің қабынуы



Дата01.06.2017
өлшемі27.68 Kb.
АИТВ-инфекциясы және Пневмоцисті өкпенің қабынуы

Қымбатты оқырмандар, қоғамның осы сырқаттың өзектілігі жайында білуге құқы бар деп есептеймін. Бұл ауру туралы айтпастан бұрын, осы ауруда – АИТВ-инфекциясының дамуы туралы айтқым келеді. Пневмоцисті өкпенің қабынуы (ПП) – АИТВ-инфекциясы кезінде тыныс алу органдарының қосалқы ауруы болып табылады. АИТВ-инфекциясы алғаш рет 05.06.1981 жылы ауруларға бақылау бойынша орталығымен шығарылған «Еженедельном вестнике заболеваемости и смертности» (АҚШ, Атланта) жаршысында сипатталған. Онда кісі өліміне ұшыратқан 30 жасқа дейінгі ер адамда Пневмоцисті өкпенің қабынуының ауыр өтуінің 5 жағдайы туралы хабарланған. Қайтыс болғандардың бәрі гомосексуалды бағытта болған. Дегенмен, бұл– ЖИТС-ке гомосексуалистер шалдығады дегенді білдірмейді, бұл – инфекцияның берілу жолдары бірінің ерекшелігі жайында маңызға ие. Бұған (1983 жылы осымен бір мезгілде біріне бірі тәуелсіз екі зертханада – Францияның Пастер институты мен АҚШ-тың Ұлттық рак институтында) қоздырғышының бөлінуі дәйекті дәлелі болып табылады. Басқа да вирустар секілді бұл паразит – әлсіз және әлжуаз, өзін дербес қайта өндіруге қабілетсіз, сондықтан да адамның тек жасушаларының көмегімен ғана көбейе алады. Вирус жасуша деп аталатын - иесіне немесе межелеген жасушасына түседі де көбейеді. Осылайша, Пневмоцисті өкпенің қабынуы, тыныс алу органдарының зақымдануы бар адамдарда жиі кездеседі.

Ал тыныс алу органдарының зақымдануы, АИТВ – жұқтырылған адамдардың ауруға шалдығуы мен өліміне негізгі себепші болып табылады. Өкпенің зақымдануы, АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастардың 80% астамында диагностикаланып отыр. АИТВ – инфекциясы кезінде өкпе зақымдануының 90% инфекцияға негіз болады.

ПП – АИТВ-жұқтырылғандарда кең тараған шартты патогенді инфекция болады. ПП қоздырушысы– Pneumocystis jiroveci зеңі болып табылады. Жөтелу, демігу және қызулау ортақ клиникалық көрінестерін береді. Кей кезде ПП өкпеде кінәратсыз өтеді. Көбінесе тыныс алу жолының жеткіліксіздігі, атап айтқанда демігу мен көгеруі байқалады. Ауру өтуі өте ауыр болуы мүмкін, және егер уақытылы тиімді емдеу тағайындалмаса, ПП өлімге ұшыратуы мүмкін.



Диагностика

Диагнозы – әдетте АИТВ жұқтырылған пациенттің қызулауы кезінде тыныс алуы бұзылып,оның ішінде көгеруі дамыған кездегі клиникалық көрінісі негізінде қойылады. Демігуіне көкірек қуысын физикалық зерттеу кезінде аздаған өзгерістерімен барынша ұштасуы, сондай-ақ құрғақ жөтелу тән болады. ПП классикалық рентгенді белгісі– қос өкпенің етегінде мөлдірлігінің бұлтүріндегі азаюы– бұл науқастардың бәрінде бірдей анықтала бермейді. Қос өкпеде бактериалды өкпенің қабынуы немесе туберкулездің көрінісін еске салатын, көлеңкелі ошақтары анықталуы мүмкін.

Диагнозы– бронхоальвеолярды лаваж кезінде алынған қақырықтағы немесе сұйықтықтағы цист қоздырушысы анықталған кезде расталады. Егер бронхоскопиясын орындау мүмкін болмаса, онда ПП диагностическим критерийін сыртқа тыныс алу функциясын төмендету қызметін атқарады – бұл жағдайда дереу емдеуді бастау керек.

Емдеу
1. Пневмоцисті өкпе қабынуының алдын алу (бұдан әрі - ПЦП):

АИТВ-жұқтырылған анадан туған 4—6  аптадағы жасынан бастап АИТВ-инфекциясының диагнозы жойылғанға дейін (6 айдан кем емес) балалардың барлығына,

Өмірінің CD4+4—6  аптадан бастап 12 айына дейінгі деңгейіне қарамастан, АИТВ-жұқтырылған балаларға өткізіледі. АИТВ-инфекциясының клиникалық көріністері, CD4+ <15% үлесі , немесе анамнезде ПЦП бар 12 айдан асқан АИТВ-жұқтырылған балаларға ПЦП тұрақты алдын алу жүргізіледі.

АИТВ-жұқтырылған жеткіншектер мен ересектерге де ПЦП алдын алуға Триметоприм/ сульфаметоксазол: дене салмағы 60 кг артық болған жағдайда, тәуліктік дозасы – 240/ 1200 мг тағайындалады. Біздің облыс бойынша АИТВ-жұқтырылған барлық пациенттер клиникалық және зертханалық толық тексеріліп-қаралғаннан кейін, пневмоцисті өкпе қабынуының алдын алу ем-домын алады. Жыл басынан бері осыған жатқызылғаны – 37 пациент болса, олардың барлығы пневмоцисті өкпе қабынуының алдын алу ем-домын алады.


ЖИТС МОО Диспансерлік

бөлімінің меңгерушісі

Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет