Аитв- инфекциясы және іш өту



Дата14.02.2017
өлшемі18.1 Kb.
#4107

АИТВ- инфекциясы және іш өту




Диарея (іш өту) - (еж. грекше διά-ρροια —іш өту  , еж. грекше δια-ρρέω — ағып өту немесе арқылы, ағып өту), халық аузындағы атауы — тышқақ — дерттану хал-жағдайы, бұл ауру кезінде науқастың жиі іш өтуі (тәулігіне 3-тен де көп)  байқалады, бұл орайда нәжісі судай сұйық, 200 мл астам көлемде болады және ауруы іш тұсындатез білдіріп, тоқтамай жиі-жиі шығумен болады.

Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) иммундық жүйе жасушаларына жұқтыратын, осылардың функцияларын бұзатын немесе әлсірететін ретровирус болып табылады. Ең ерте сатысында инфекция симптомсыз өтеді, оның дамуына қарай, иммундық жүйе әлсірейді және адам шартты патогенді инфекцияларға мейлінше сезімталдыққа айналады.

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы. Бұл ауру 10-15 жылдай жүруі мүмкін, АИТВ-жұқтырылған адамда ең алдымен ЖИТС дамыса, осы процесті ретровирусқа қарсы препараттар ғана бұрынғыдан гөрі көбірек тежей алады.

Диарея өзінің пайда болған кезінен бері адамзатқа белгілі. Алайда, алғашқы адамдар іш өту ауруына сирек шалдыққан деп есептеледі. Себебі, су көздері әдеттегідей ластанбаған, ал тамағын ұзақ сақтамаған. Бұл жағдай - өркениеттің дамуымен, инфекциялық іш өтудің таралуымен және қалашыққа қоныстанудың қалыптасуына қарай өзгерді, таза су көздерінің, санитариялық талаптар мен адамның тыныс-тіршілік әрекеттерінен болатын қалдықтардан арылу мәселелері теңдей ретте шешімін таппаған болатын.

Созылмалы изопсориаз: АИТВ – жұқтырылған адамда кокцидия Isospora belli (ұршық буынның қабынуы) ішек инфекциясын тудырады. Ауру жедел – қызба түрінде, іштің ауруы және қан аралассыз іштің өтуі түрінде басталуы мүмкін; ауру көбінесе аптаға және айға созылады.АИТВ-жұқтырылған адамда ауру әдетте өздігінен тоқтап қалмайды, қайта ауру созылмалы ағымда болады және нәжісі ағыл-тегіл сұйыққа айналады. Изоспориаз АИТВ жұқтырылған адамдардың 1%азында кездеседі.

Ұзақтығы бір айдан асқан созылмалы диареи кезінде, тексеріліп-қараудан – АИТВ-ға тестілеуден өту керек. АИТВ-ға тестілеу ЖИТС ОО-ның кабинетінде тегін жүргізіледі, сондай-ақ анонимді түрде де өтуге болады.



Жоғары санаттағы

дәрігер-инфекционист А.Төлеева


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет