«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған



бет1/36
Дата18.06.2018
өлшемі4.79 Mb.
#74957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-18.21.1.13

/03-2016



ПОӘК

«Агрохимияда жүйелі әдіс»

1басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6М080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«АГРОХИМИЯДА ЖҮЙЕЛІ ӘДІС» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ –2016

АГРОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕ ІЛІМІ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтердің физиологиялық рөлі, топырақтың агрономиялық көрсеткіштері, фотосинтез үрдісі, сондай-ақ тыңайтқыштарды қолданудың негіздері тәжірибе жүргізу және агрохимиялық зерттеу арқылы анықталады.
Агрохимиялық зерттеу әдістеме ғылымының агроно-мия үшін маңызы зор екенін түсіндіре келе атақты агро-ном-химик Грандо: «Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», - деп тұжырымдалған.
Өсімдіктердің өнімін арттыру, оның сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын көтеру тәсілдерін анықтау жол-дарын іздестіру агрохимиялық зерттеу әдістемесінде қарастырылады. Агрохимиялық зерттеу әдістемесі белгілі бір жинақтардан тұрады. Оның зерттеу әдістері химия, фи-зика, математика, өсімдік физиологиясы, биологиялық хи-мия, микробиология, топырақтану тағы басқа ғылымдар арқылы толықтырылып отырады. Сондай-ақ, ғылым үздіксіз дамып отыратындықтан мүлтіксіз дәл және мәңгілік тал-дау әдістерін жасау немесе дайындау мүмкін емес. Олар түзетіліп, кемелдендіріліп отырылады.
Агрохимиялық зерттеудің басты нысаны – өсімдік. «Адамдардың ең басты зерттейтін заттарының бірі және қамқорлық ететіні өсімдіктер», - деп жазды К.А.Тимирязев. Ол өсімдіктердің қоректік заттарды қажетсінуін анықтау және мүмкіндігінше дәл белгілеу үшін тиісті тәжірибе жүргізу

керек екендігін талай рет атап көрсетті. Қажетті заттарды өсімдіктердің қаншалықты мөлшерде талап ететініне орай реттеп, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданған жағдайда агротехникалық талаптар да сақталады. Мұның өзі агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің басқа ғылымдармен тығыз байланысты екенін дәлелдейді.


Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің екінші ны-саны – топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерт-теу әдістерінің көмегімен анықтайды.
Аталған ғылымның үшінші нысаны – тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, оларды топыраққа енгізгенде әртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш қолдануды ауыспалы егістегі басқа агротехникалық шара-лармен үйлестіру мәселелері зерттеледі.
Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан оларды біріктіріп тексеру агрохимиялық зерт-теулер әдістеме ғылымының басты міндеті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін агрохимиялық зерттеулер әдістемесінде түрлі тәсілдер қолданылады:


  1. Егістік, вегетациялық, лизиметрлік тәжірибелер. Бұл тәжірибелердің көмегімен өсімдіктің қоректенуінде жеке химиялық элементтердің маңызы, олардың дақылдар үшін қолайлы арақатынасы мен мөлшері жөніндегі мәселелерді шешуге, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.




  1. Өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар үлгілерін сандық және сапалық жағынан зерттеудің зертханалық тәсілі. Аталған тәсілді қолданып агрохимия нысандарының құрамын жан-жақты талдауға болады.




  1. Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер. Бұл тәсілдермен физикалық құбылыстар мен микробиологиялық үрдістерді зерттейді.




  1. Математикалық тәсілге тәжірибелердің нәтижелерін



6 7



статистикалық өңдеу жатады. Ол үшін дисперсиялық талдау

жалғыз су ғана жеткілікті деген қорытынды жасады.

кеңінен қолданылады.

Дегенмен өсімдік қорегі жөніндегі негізгі мәселелерді

Жоғарыда аталған тәсілдер зерттеу жұмыстарында әр

тәжірибе жолымен шешуге әрекеттену біртендеп арта

уақытта тепе-тең дәрежеде қолданылмайды, бірін-бірі ал-

берді. XVII ғасырдың ортасында неміс химигі, әрі дәрігері

мастырмайды, керісінше, толықтырып отырады. Толықтыру

И.Р.Глаубер (1604-1664 жж.) тәжірибе жүргізу арқылы

нәтижесінде ғана зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп,

топыраққа селитра қосқанда дақылдың өнімі артатынын

алға қойған мақсатқа жетуге болады. Себебі өсімдіктердің

анықтады. И.Р.Глауберден кейін 40 жыл өткен соң, Англи-

қоректенуіне қолайлы жағдай түғызу үшін тыңайтқыштарды

яда 1699 жылы Вудворд Ван-Гельмонттың қорытындысын

қолданудың және олардың топырақпен әрекеттесуін

тексеруге кірісті. Оның тәжірибесі бойынша жалбыз

анықтаудың, олардың ара қатынасы мен топыраққа енгізу

өсімдігі жаңбыр суынан гөрі өзен суында жақсы, ал суға

тәсілдерін сақтаудың маңызы зор. Сондай-ақ, агрохимиялық

бақтың топырағын біршама араластырса, өсімдіктің тіпті

зерттеу тәсілдерін ауыспалы егіс жүйесінің ерекшеліктері

жақсы өсетіні байқалды. Сонымен Вудворд тәжірибесі Ван-

мен суармалы жерлердің жағдайына сәйкес пайдаланған

Гельмонттың пікірін теріске шағарды. Сөйтіп ол топырақта

дұрыс.




өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қажетті зат бар деген қорытынды

Бұл ұсынылып отырған оқулықта агрохимиялық зерттеу

шығарды.

әдістеменің теориялық негіздері мен агрохимия нысандарын

Англияда осы кезде жалпы өсімдік үшін минералды

талдау тәсілдері толық баяндалған.

заттардың қызметін мойындап қана қоймай, тәжірибе жо-







лымен жеке элементтердің рөлін анықтау жұмыстары

1.1 Шетелдерде агрохимиялық зерттеу әдістеме

жүргізілді. Мысалы, Гом 1756 жылы ыдысқа өсімдік өсіріп




ілімінің қалыптасуы мен дамуы

тәжірибе жасау арқылы оның жақсы өсіп жетілуі үшін калий







тұздары, ал 1795 жылы Дендональд фосфор қышқылының

Агрономиялық химияның негізі қаланып, ал химия-

тұздары қажет деген қорытынды жасады.

да сандық талдау әдісі толық дәрежеде жетілгеннен кейін

XVIII ғасырдың аяғында агрохимиялық зерттеулер

агрохимиялық зерттеулер әдістеме ілімінің қалыптасуы мен

әдістеме ілімінің дамуында француз ғалымы А.Л.Лавуазье

дамуына зор мүмкіндік туды. Өйткені агрохимияның және

(1743-1794 жж.) зор еңбек сіңірді. Ол өсімдіктегі зат алмасу

өсімдіктер физиологиясының негізгі мәселелерін шешу

үрдісін білу үшін өсімдік пен қоршаған ортаны химиялық

үшін ғылыми зерттеу әдістемелері қажет болды.

жолмен талдау қажет екенін тәжірибе жүргізу арқылы

XVII

ғасырдың бас кезінде Я.Б.Ван-Гельмонт

дәлелдеді.

(1579-1644 жж.) өсімдік қорегі жөніндегі мәселені

Швейцариялық ғалым Н.Т.Соссюр (1767-1865 жж.)

тәжірибе

жүзінде шешуге сәтсіз де болса, алғаш

өсімдік күліне тыңғылықты химиялық талдау жасап, мине-

қадам жасаған болатын. Ол 1629 жылы өзінің бес жыл

ралды заттардың өсімдік организміне енуі кездейсоқ емес

бойы құмыра ыдысқа салынған топырақта жүргізген

деген қорытындыға келді. Соссюр топырақ құнарлылығына

тәжірибесінің қорытындысын баяндады. Ауаның құрамы

қатысты тәжірибе жүргізіп, қарашірінді құрамында

белгісіз болғандықтан және көмір қышқыл газының

кездесетін минералды заттардың өсімдікте де кездесетін

өсімдіктің

қоректенуіне қатысатыны ешкімнің ойын-

көрсетті.

да болмағандықтан, Ван-Гельмонт өсімдіктің өсуі үшін

Өсімдіктің көміртек пен азотты ассимиляциялауы



8 9



жөніндегі жүйелі ғылыми жұмыстарымен әйгілі болған француз ғалымы Ж.Б.Буссенго (1802-1887 жж.) 1837 жыл-дан бастап өсімдікті таза құмда өсіру жөнінде алғашқы тәжірибелер жүргізді. Ол үшін қыздырылған құмға аздаған күл қосып, ешқандай органикалық зат және өсімдіктің атмосферадағы азотқа қажетін анықтау үшін азот енгізген жоқ. Осылайша ол вегетациялық әдістің негізін қалады. Сондай-ақ Буссенгоны ең алғашқы агрохимиялық тәжірибе стансасын ұйымдастырушы деп санауға болады. Ол 1834 жылдан бастап ауыспалы егістегі жеке элементтердің кірісі мен шығысын есептеп шығаруға әрекет жасады. Буссен-го агрохимиялық зерттеуде химиялық талдаудың сандық тәсілдерін қолдану арқылы егіншіліктегі заттардың айналы-мын анықтады.
Агрохимиялық зерттеу әдістемесінің дамуына ағылшындық ғалым Д.Б.Лооз (1814-1900 жж.) біршама үлес қосты. Ол 1843 жылы ғылыми мекеме – Ротамстед тәжірибе стансасын ұйымдастырды. Мұнда тыңайтқыштардың дақылдарға әсерін зерттеу мақсатында көпжылдық егістік тәжірибе салынды. Сөйтіп Ротамстед тәжірибе стансасы агрохимиялық ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды.
Лооз 1836-1838 жылдары вегетациялық тәжірибелер жүргізу арқылы өсімдік үшін фосфордың маңызын анықтады. Бұл тәжірибеде Лооз фосфор тыңайтқышы ретінде күкірт қышқылымен өңделген сүйектің күлін пайдаланды. Ал 1840 және 1841 жылдары бұл тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы дақылдарына әсерін егістік тәжірибелерде сынады. Лооз 1843 жылы азот тыңайтқышының үдемелі мөлшерінің бидай дақылына әсерін білу үшін егістік тәжірибе салды. Кейінірек ол көң мен толық минералды тыңайтқыштардың әсерін са-лыстыру мақсатында түрлі егістік тәжірибелер жүргізді.
Неміс оқымыстылары Висман мен Польсторф қышқылмен өңделіп тазартылған құмға күлдің құрамына кіретін барлық химиялық элементтер мен азот қосып дайындалған жасанды ортада өсімдік тым жақсы өскенін байқаған. Бұдан олар «...егер органикалық емес заттардың

тиісті мөлшері топырақта еріген күйде болмаса, өсімдіктің өсіп жетілуі тежеледі немесе мүлдем тоқтап қалады», - де-ген қорытынды жасады. Висман мен Польсторф минерал-ды заттардың (күл элементтері) өсімдік қорегі екенін және оларды топырақтан алатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.


Сальм-Горстмар күл элементтері мен азоттың өсімдіктің қоректенуіндегі маңызын әдістемелік жағынан зерттеді.

Ол құмда және суда дақылдар өсіру әдістерін қолданды. 1846 жылы алғаш рет органикалық заттар жоқ жасанды ор-тада сұлы егіп тәжірибе жасады. Мұнда тек күл элементтері берілсе өсімдік айтарлықтай жақсы өспейтінін, ал сіңімді түрдегі азотты қосу оның өсіп жеміс беруіне әсер ететінін көрсетті. Сондай-ақ Сальм-Горстмар қоректік ортадан жеке қоректік элементтерді шығарып тастау әдісін қолдана оты-рып олардың қажеттілігін анықтады.


XVIII ғасырда өсімдіктің минералды заттарды пайдала-нуы жөніндегі тәжірибелердің көпшілігі суда өсімдік өсіру әдісі бойынша жүргізілді. 1856 жылы Кноп Макерндегі, Штекгард Тарандтегі тәжірибе стансаларында өсімдікті суда өсіру тәжірибелерін бастады. Кноп өзінің вегетациялық тәжірибелеріне сүйеніп, бір литр суға 1 г Ca(NO3)2, 0,25 г

KH2PO4, 0,25 г MgSO4, біраз мөлшерде КNO3 және Fe3(PO4)2

қосып қоректік ерітінді дайындауды ұсынды. Оның ойын-ша, осылай дайындалған ерітінді өсімдікті негізгі қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.
Сонымен Кноп дақылдан өнім алу үшін толық қоректік ортаны анықтады. Оның қоректік ерітіндісі агрохимиялық зерттеуде осы күнге дейін қолданылып келеді. Әрине сол кезде оңдай мәселені шешу өте қиын еді, өйткені өсімдікке қандай элементтің қажет, оларды қандай түрде беру керек, ерітіндінің қандай реакциясы мен концентрациясын өсімдік көтере алатыны белгісіз еді. Сонымен қатар су ерітіндісін аэрациялау, оны тікелей түсетін күн сәулесінен қорғау жол-дары да толық шешілген жоқ еді.
Немістің атақты агрохимик-ғалымы Г.Гельригель (1831-1895 жж.) өзінің тамаша вегетациялық тәжірибелерімен

10 11



бұршақ тұқымдас өсімдіктердің азотпен қоректену ерекшеліктеріне түсінік берді. Ол өзінің ұзақ жылдарға созылған тәжірибелерінен мынадай қорытынды жаса-ды: бұршақ тұқымдас өсімдіктер тиісті бактериялары бар топырақта өсу кезінде сол бактерияларды өздеріне жұқтырады, сөйтіп олардың тамырларында түйнек пай-да болады. Осыдан кейін ғана өсімдікте ауадағы бос азот-ты пайдалана алатын қасиет қалыптасады. Мұндай өзара көмектесусіз бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа азотын пай-далана алмайды.
Гельригельдің тәжірибелері көпшіліктің көңілін аударды және бірнеше жерде қайталанды. Сонымен бірге азоттың өсімдікке ену жолдары, бактерияларды жұқтыру әдістері және түйнектердің құрылысы жөнінде көптеген қосымша мәліметтер алынды. Гельригель 1862 жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалыпты өнім алу үшін жеке қоректік элементтердің (NPK) үлесін анықтаумен айналы-сты. Ол өзінің 1886 жылы жүргізген вегетациялық тәжірибесі арқылы бұршақ тұқымдас өсімдіктердің азотты сіңіруіне топырақты тазарту мен ластау әсер ететінін байқады.
Сол кездегі ғалымдар су ерітіндісінде өсімдік өсіру тәжірибесінде айырмашылық әдісін қатаң қолдану арқылы өсімдіктерді жасанды ортада өсіру жағдайы ғана қандай элементтердің дақыл үшін қажет екенін, қандай элементтердің өсімдік күлінде кездейсоқ болатынын анықтауға мүмкіндік берді. Сөйтіп, өсімдіктің тамыр арқылы қоректенуі үшін қажет жеті элемент - N, P, K, Ca, Mg, S, Fe анықталды. Бұл элементтер Кноп қоспасының құрамына кіреді.
Агрохимиялық зерттеу әдістеме ілімінің жетілуі негізгі жаратылыс тану ғылымдарының дамуымен тығыз байланы-сты болды. Сонымен қатар ол өзіне тән мәселелерді шешу үшін өзінің әдістемесінде жетілдіреді. Мұндай әдістемеге жасанды түрде қолдан өсімдік өсіру әдісі ғана жатпайды. Вегетациялық әдістің түрлі модификациясын (суда, құмда, топырақта өсімдік өсіру) жетілдіру, өсімдікті, топырақты және тыңайтқышты талдау үшін химиялық әдісті қолдану,

ал олардың арақатынасын зерттеуде вегетациялық және егістік тәжірибелерді үйлестіре жүргізу, өнімді арттыруда, оның сапасын жақсартуда және топырақ құнарлылығын көтеруде маңызды рөл атқарады.


Агрохимиялық зерттеулер осы жолмен дамыды және агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің қолданылу ауқымы барған сайын ұлғайып, маңызы арта түсуде.
Егер агрохимиялық зерттеу жөніндегі ілімнің дамуы Ба-тыс елдерінде басталса, одан кейінгі жылдары бұл салада орыс ғалымдарының еңбегі көрнекті орын ала бастады.
XVIII ғасырдың соңында және XIX ғасырдың бас кезінде орыс ғалымдары ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарға ерекше көңіл бөле бастады. Олар батыс еуропалық тәжірибелерді көрсетумен қатар тыңайтқыш жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
Ресейде өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдану саласындағы жүйелі зерттеу жұмыстарының басталуы, соған байланысты агрохимиялық әдістемелерді жетілдіріп пайда-лануда әйгілі орыс ғалымы Д.И.Менделеевтің еңбектерінің маңызы зор. Д.И.Менделеев (1834-1907 жж.) 1866 жылы минералды, органикалық және жанама тыңайтқыштармен алғашқы егістік тәжірибелерді түрлі географиялық жағдайда бастайды. 1867-1869 жылдары Менделеев Мәскеу, Смоленск, Петербург, Симбирск губернияларында тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибелерді ұйымдастырды.
Ол осы тәжірибелерде органикалық (көң) минералды (күкірт қышқыл аммоний, натрий селитрасы, жай супер-фосфат, сүйек ұны, поташ) және жанама (әк, гипс, натрий бисульфаты, ас тұзы)тыңайтқыштарын және оларды бірге үйлестіріп қолданудың үлкен бағдарламасын дайындады. Сонымен қатар бұл мәселені зерттеп анықтау үшін нақты да дәл әдістемені қолдану қажет екенін көрсетті және егістік тәжірибе материалдарына химиялық талдау жасады. Д.И.Менделеев егістік тәжірибелерді бірнеше рет қайталап орындауды және олардың нәтижелерін математикалық жол-мен өңдеу керектігін айтты.

12 13



XIX ғасырдағы орыс ғалымдары ішінде агрохимиялық

ланысына қатысты мәселелерді зерттеуде де К.К.Гедройц

зерттеулер ғылыми жұмыстардың негізін қалаушылардың

көптеген тәжірибелер жүргізді.

бірі А.Н.Энгельгардт (1832-1893 жж.) болды. Ол фосфо-

И.С.Шулов (1874-1940 жж.) вегетациялық тәжірибеде

рит ұны және түрлі тыңайтқыштармен егістік тәжірибелер

оқшауландыру тәсілін қолдану арқылы өсімдіктің қоректенуі

жүргізді. Нәтижесінде құнарсызданған күлгін топырақтың

мен тыңайтқыш қолдану жөнінде көптеген құнды мәліметтер

құнарлылығын көтеруде фосфорит ұны өте тиімді бо-

жинады. Сондай-ақ, вегетациялық тәжірибе көмегімен азот

лып шықты. А.Н.Энгельгардт фосфоритті беде өсімдігіне

қышқыл аммоний тыңайтқышының қиын еритін фосфаттар

қолдануды ұсынды. Ол фосфаттармен қатар топырақты

құрамындағы фосфорды өсімдікке сіңімді түрге ауысты-

азотпен байыту мақсатында сидераттармен де егістік

ратынын ашты. И.С.Шулов өзінің зерттеу жұмыстарында

тәжірибелер жүргізді.







стерильді (тазартылған) дақыл тәсіліне де үлкен мән бер-

П.А.Костычев (1845-1895 жж.) топырақтағы химиялық

ген. Осы тәсіл көмегімен ол күкірт қышқыл аммонийдің

үрдістер мен оның құнарлылығы арасындағы байла-

физиологиялық қышқылдылығын, өсімдіктің аспарагиндегі

нысты анықтау үшін көптеген зертханалық талдаулар

азотты және органикалық фосфор қосылыстарындағы фос-

жүргізді. Ол топырақ құрамындағы фосфаттардың еруі мен

форды қабылдайтының анықтады.

өсімдік сіңіруіндегі айырмашылықтарды анықтау арқылы

И.С.Дикусар (1897-1973 жж.) вегетациялық тәжірибе

агрохимиялық зерттеуге зор үлес қосты.




көмегімен аммоний селитрасы құрамындағы азотты

П.С.Коссович

(1862-1915

жж.)

Ресей-

өсімдіктің қабылдау ерекшеліктерін, яғни орта реакциясы-

де Д.Н.Прянишниковпен бірге вегетациялық әдісті

на байланысты екенін, сонымен бірге аммиак өсімдіктің

агрохимиялық

зерттеуде тұңғыш

қолданған

ғалым.

калийді қабылдауын төмендететінін, керісінше,фосфорды

Осы әдістің көмегімен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің

сіңіруін жоғарлататынын дәлелдеді.

атмосферадағы азотты сіңіру үрдісін және көптеген басқа

Ф.В.Чириков (1883-1964 жж.) өсімдік, топырақ және

мәселелерді зерттеді. Ол стерильді дақыл әдісін қолдану

тыңайтқыш арасындағы өзара байланысты вегетациялық

арқылы өсімдіктің аммиакты пайдаланатынын дәлелдеді.

тәжірибе жүргізу арқылы зерттеді. Топырақ құрамындағы

П.С.Коссович вегетациялық және егістік тәжірибелер

фосфор қосылыстарына химиялық талдау жасай отырып,

жүргізу арқылы өсімдіктердің фосфорит ұны құрамындағы

олардың түрлі фракцияларын анықтау тәсілдерін ашты.

фосфорды сіңіру үрдісін зерттеді. Вегетациялық тәжірибелер

Сөйтіп, ол топырақта кездесетін фосфаттарды ерігіштігіне

көмегімен П.С.Коссович топыраққа

сабан енгізгенде

қарай бес топқа жіктеді:

оның құрамындағы азоттың минералды қосылыстарының

1) көмір қышқыл газымен қанықтырылған суда еритін;

мөлшерінің төмендейтінін көрсетті.







2) 0,5н С2Н4О2 ерітіндісінде еритін;

Агрохимиялық әдістемені топырақ химиясын зерттеуде

3) 0,5н НСl немесе Н24 ерітіндісінде еритін;

кеңінен қолданған ғалым К.К.Гедройц (1872-1932 жж.) бол-

4) 3,0н NаОН ерітіндісінде еритін;

ды. Оның зерттеу жұмыстары топырақтың сіңіру қабылеті

5) жоғарыда аталған ерітінділерде ерімейтін.

жөніндегі ілімді

ерекше айқындады.

Топыраққа әк және

Бұл топырақтағы минералды фосфаттардың өсімдіктерге

гипс сияқты мелиоранттарды қолдану жөнінде жүргізген

қолайлы деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді.

тәжірибелерінен соң теориялық жағынан негіз қаланды.

А.В.Соколов (1898-1980 жж.) егістік тәжірибеде

Тыңайтқыштар мен өсімдіктердің топырақпен өзара бай-

фосфор тыңайтқыштарының түрлі ауыл шаруашылығы

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет