Агрессия және оның бала дамуындағы алатын орны. Г. Б. Макашкулова Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ



Дата25.06.2017
өлшемі103.87 Kb.
#14140
АГРЕССИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ.

Г.Б. Макашкулова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ.

«Агрессия» сөзі латын тіліндегі «аggredi» сөзінен шыққан, ал aggredi (агресссивті) түсінігі adgradi деген сөзден шыққан. Оның әріптік мағынасы gradus - қадам, яғни «қадам басу» деген мағынаны білдіреді. Бастапқыда агрессивті болу дегеніміз «еш аялдаусыз, еш қорқыныш пен күмәнсіз мақсатқа қарай қозғалу», бірақ ол әр қашанда бір мағынада қолданыла бермеді. ХIХ ғасырдың бас кезінде агрессивтілікке кез келген белсенді іс-әрекет жатқызыла беретін. Кейіннен бұл сөздің мағынасы өзгеріп, тар мағынада қолданыла бастады. Оның мағынасы қоршаған адамдарға қатысты қастық, өшпенділік іс-әрекеті деп түсінілді. Қазіргі таңда психологияда «адамның агрессивтілігі» бірнеше мағынаға ие.

Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше, агрессия қандай формада көрініс тапса да, басқа тірі жандарға зиян келтіруге бағытталатын мінез-құлық. Бұл кешенді анықтама мынадай жеке түсіндірмелерден тұрады:

1. Агрессия – бұл құрбан болушыға мақсатты түрде зиян келтіру;

2. Агрессия ретінде кез келген тірі ағзаларға зиян келтіретін мінез-құлық саналады.

Э. Фромның пікірінше, агрессия басқа адамға, адамдар немесе жануарлар тобына, сонымен қатар, барлық жаны жоқ объектілерге зиян келтіретін кез келген іс-әрекет.

Р.С. Немов бойынша агрессивтілік дегеніміз – қастық. Яғни адамның басқа адамдарға қатысты жағымсыз қандай да бір әрекет жасау, зиян келтіру ұмтылысы болып табылады.

К. Зинченко редакциясымен шығарылған «Психологиялық сөздікте» агрессияға мынадай анықтама берілген: агрессия – қоғамдағы адамдардың өзара бірлесіп өмір сүру ережелеріне, қалыптарына қарама-қайшы келетін, шабуыл объектісіне зиян келтіретін (тірі және жаны жоқ) адамдарды физикалық немесе психикалық ыңғайсыздық жағдайына (жағымсыз уайымдар, қысым күйі, қорқыныш) түсіретін, мотивацияланған деструктивті мінез-құлық.

В. Клайннің пікірінше, агрессивтілікте белсенді өмірге қажетті қасиеттер бар. Бұл мақсатқа жету үшін, кедергілерді жеңу үшін қажетті өжеттілік, талап, қайраттық, жігерлік. Бұлардың барлығы лидерлерге тән қасиеттер.

А.А. Реан, К. Бютнер агрессивтіліктің көрініс табуының кей жағдайларын фрустрациядан, мазасыздықтан құтылумен байланысты бейімделушілік іс-әрекет ретінде қарастырды [1].

Агрессияның туындауының, оның табиғаты мен туындауына себепші факторлар жайлы көптеген теориялық негіздемелер бар. Бірақ олардың барлығы төрт категорияға жатқызылады:


  1. Туа біткен түрткі;

  2. Сыртқы стимулдармен белсендірілетін қажеттіліктер;

  3. Таным және эмоциялық процестер;

  4. Өзекті әлеуметтік жағдайлар;

К. Лоренцтің айтуы бойынша, агрессия адамдармен қатар, барлық тірі жандарда болатын өмір үшін күрестің тума соқыр сезімінен бастау алады. Өмір үшін күрес соқыр сезімімен негізделген агрессивті күш-қуат, ағзада кенеттен, үзіліссіз, тұрақты ырғақпен қалыптасып, уақыт өте келе жинақтала береді. Осылайша, агрессивті іс-әрекет мына функциялармен біріге отырып ашылады:

- Агрессивті күш-қуаттың жинақталу мөлшері;

- Агрессияның сыртқа шығуын жеңілдететін стимулдардың болуы.

Э. Фромм (1994) өзінің «Адамның деструктивтілігінің анатомиясы» атты еңбегінде адамның агрессивтілігіне байланысты жүргізілген зерттеулерге жалпы талдау жасаған. Э. Фромм бойынша адамдағы барлық жойғыш қасиеттер онтогенетикалық және филогенетикалық деп бөлінді. Мұны ол индивид және қоғам деңгейіндегі зұлымдылық деп түсінді. Агрессия феномені Э. Фромм пікірінше, қалыпты тұрмыс тіршілігінің бұзылуына адамның реакциясы болып табылады. Агрессия бұл «жүре пайда болған қасиет» және де адам өз табиғатымен жойғыш болмайды.

Агрессия адам табиғатының айырылмас бөлігі. Агрессивтілік, зорлық мәселесі тек психоаналитикалық теория өкілдерін қызықтырып қана қоймай, оның табиғаты Д. Доллард, А. Берковиц, А. Бандура, Д. Уотсон және т.б жұмыстарында зерттелінді [2].

Агрессия түрліше көрініс табады. Агрессияның көрініс табуын екі негізгі типке бөліп көрсетуге болады:

- Мақсатты агрессия;

- Құралдық агрессия;

Бірінші агрессия типі алдын-ала жоспарланған акт ретінде іс жүзіне асады. Оның мақсаты – объектіге зиян келтіру. Екінші типі қандай да бір нәтижеге жетуде агрессияны құрал ретінде қолдану арқылы жүзеге асады. Соған сәйкес бұл іс-әрекет агрессивті актіге жатпайды. Агрессивтіліктің көрінісінің құрылымын И. Заградова, А. К. Осинский, Н. Д. Левитов өз еңбектерінде ұсынған болатын:

Бағыты бойынша:

-Сыртқа бағытталған агрессия;

-Аутоагрессия - өзіне бағытталған агрессия;

Мақсаты бойынша:

-Интелектуалды агрессия;

-Қастық агрессия;

Білдіру әдісі бойынша:

-Физикалық агрессия;

-Вербалды агрессия;

Талабы бойынша:

-Талапты агрессия;

-Қорғаныстық агрессия;

Агрессивті іс-әрекет, агрессивті мінез-құлық, агрессивтілік түсініктеріне тоқталамыз.

Агрессивті іс-әрекет – агрессивтіліктің жағдайлық реакция ретінде көрініс табуы. Егер агрессивті іс-әрекет үнемі қайталана беретін болса, онда бұл агрессивті мінез-құлық. Ал агрессивтілік – бұл агрессивті іс-әрекет алдында немесе кезінде болатын жағдайлық, әлеуметтік, психологиялық күй.

Сонымен қатар, әр бір тұлғада агрессивтілік қандай да бір деңгейде болсын болу қажеттігін айта кеткен жөн. Өйткені агрессия адамның бейімделуі мен белсенділігінің айрылмас сипаттамасы [3].

А. Басс агрессивті әрекетті үш шкала бойынша сипаттады: физикалық – вербалды, белсенді – енжар, тікелей – тікелей емес. Олардың комбинациясы сегіз категория құрады.

1) Физикалық – белсенді – тікелей.

Суық қарумен адамға соққы беру, ұрып-соғу, оқты қарумен жаралау.

2) Физикалық – белсенді – тікелей емес.

Жаудың көзін құрту мақсатымен жалдамалы кісі өлтірушілермен келісу.

3) Физикалық – енжар – тікелей.

Басқа адамға қалаған мақсатына жетуге немесе қалаған ісімен айналысуға физикалық жол бермеуге ұмтылыс.

4) Физикалық – енжар – тікелей емес.

Қажетті тапсырмаларды орындаудан бас тарту.

5) Вербалды – белсенді – тікелей.

Басқа адамға сөздік формада тіл тигізу немесе кемсіту.

6) Вербалды – белсенді – тікелей емес.

Басқа адам жайлы жағымсыз өсек тарату.

7) Вербалды – енжар – тікелей

Басқа адаммен сөйлесуден бас тарту.

8) Вербалды – енжар – тікелей емес.

Сөзбен түсіндірулер немесе анықтамалар беруден бас тарту.

Т. Н. Курбатова (Б. Г. Ананьев көзқарасына сүйене отырып) агрессияға құрылымдық талдау жасады, оның негізінде ол агрессивтіліктің үш деңгейін көрсетті: индивидтік (өзін, ұрпағын, мүлкін қорғаумен байланысты), субъекттік-іс-әрекеттік (мақсатқа жету ұмтылысымен, қауіп-қатерге жауаптық реакциясымен байланысты, әдеттегі мінез-құлық стилінде көрініс табады), тұлғалық (мотивациялық кеңістікпен, сана-сезіммен, өзінің мақсатын іске асыру үшін зорлық құралдарын қолдануда көрініс табады).

Бала мінез-құлқында агрессивтілік іс-әрекетін ерте балалық шақтан-ақ байқауға болады. Өмірдің алғашқы жылдарында агрессия ересектердің басқаруына көнбейтіндей импульсивті қырсықтық түрінде көрініс табады. Бұл ашушаңдық көрініс айқаймен, тістелеумен және т.б. әрекеттермен қатар жүреді. Бұл іс-әрекеттер жағымсыз деп қабылданып, қолдау таппаса да, ол қалыпты іс-әрекетке жатады. Мұндай мінез-құлықтың себебі бала қызығушылықтарына, тілектеріне шек қойылғандықтан, баланың сезінетін ыңғайсыздық, фрустрация немесе әлсіздік күйі болып табылады. Тіпті оны агрессивті деп айтуға да қиын, өйткені баланың айналадағыларға зиян келтіру пиғылы болмайды [4].

Б. Спок пікірінше, бір жастағы қалыпты құбылысқа: ананың балаға жасаған жағымсыз ісі үшін, бала анасына қол жұмсауын жатқызуға болады.

Е. Гаспарова айтуынша, бала өмірінің екінші жылында белсенділік деңгейі өседі. Дербес іс-әрекет мүмкіндігі кеңейген сайын, бала мінез-құлқындағы дербестікке ұмтылысы өседі. Бұл дербестікке деген ұмтылыс, яғни, әйгілі «Мен өзім!» - ата-ана тілегіне қарамастан өз дегенінде тұру әрекетінде көрініс табады.

2-3 жас аралығында көп жағдайда балалар бала бақшаға түседі. Мұнда М. И. Лисина, В. С. Мухина, Л. Д. Кошелеваның пікірінше, құрдастарымен өзара іс-әрекет процесі қалыптасады. Бұл кезеңде агрессия құралдық сипатта болады. Балалар арасындағы қақтығыс көбінесе затты, ойыншықты иемдену барысында туындайды. Бұл жас аралығында балалардың физикалық зорлықты қолдану жағдайлары 5 есе артады, ашу-ызалары мақсатты бағытталады, тіптім бала іс-әрекетінде шабуыл реакциялары да байқалады. Э. Эриксон пікірінше, бұл жас кезеңіндегі баланың бейімделу механизмімен, яғни «ұстап қалу мен жіберумен» байланысты. «Ие болу» және «беру» арасындағы үйлесімсіздік қастық немесе мейірімділіктің себебі. Сондықтан «ұстап қалу» бұл деструктивті басып алушылық болуы мүмкін, не қамқорлықтың бір әдісіне айналуы мүмкін. «Жіберу» де өзінің жойғыш құмарлықтарына ерік беру ұмтылысына айналады, не болмаса барлығын өзгеріссіз қалдырып, өзінің ағынымен жіберу болып табылады.

Агрессивтіліктің көрініс табуы ата-аналардың баланың қандай да бір мінез-құлық формасына реакциясы мен қарым-қатынасына байланысты. Егерде ата-аналар мен тәрбиешілер баланың ашық агрессиясына шыдамдық таныта алмаса, нәтижесінде агрессивтіліктің белгілік формасы қалыптасуы мүмкін. Мысалға, қыңқыл, қырсықтық, тіл алмау және де қарсылықтың басқа да түрлері.

И. А. Фурманов пікірінше, бұл жаста «зерттеушілік түйсік» күшейеді, және де бала бұл уақытта тыйымдардың, шектеулер мен әлеуметтік міндеттердің толық жаңа жүйесімен танысады. Қызығушылық пен ата-ана тыйымы арасында үйлесімсіздік жағдайларына түсе отырып, бала үлкен депривацияға (өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі) ұшырайды. Басқа сөзбен айтқанда, фрустрация күйін кешеді. Егер бұл қақтығыс мәселесі шешілмесе, бала бойында ашушаңдық, үмітсіздік, агрессивті беталыстар оянады.

Агрессия – бұл түрлі себептердің ықпалының нәтижесі. Балада агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі себептері:

-Ата-ана қарым-қатынасының ықпалы;

-«Жеке» себептер;

-Жағдайлық себептер;

Баланың темпераменті – белсенділік және ашушаңдық деңгейі; [5].

Агрессия туындауына себепші болатын жағдайды жағымдыға өзгерту арқылы агрессивтілік деңгейін төмендетуге болады;

Көптеген авторлардың пікірінше (А. И. Захаров, Е. Б. Ковалев, Р. В. Овчарова, А. А. Осипова, А. С. Спиваковская, А. Адлер, К. Роджерс, Г. Л. Гендрет және т. б.), жеке тұлға дамуындағы үйлесімділік пен эмоциялық жағдайдың түрлі бұзылуларына түзету жүргізудің маңызы зор.

Коррекция бұл - адамның іс - әрекетін немесе психологиялық дамуындағы кемшіліктерді арнайы психологиялық ықпал ету тәсілдері арқылы жоюға бағытталған іс шаралар жүйесі.

Психологиялық коррекция бұл адамның бойында бар шығармашылық қорын ашуға, тапсырыс берушінің әртүрлі аймақтағы (оқуда, іс - әрекетте, басқа адаммен қарым – қатынаста) мүмкіндіктерін жоғарылатуға бағытталған іс - әрекет түрі болып табылады.

Психологиялық коррекция түрі мен формасына қарай ерекшеленеді. Түріне қарай: симптомды, каузальды; тұлғаның танымдық аймақтық; аффективті – еріктік аймақ, іс - әрекет, тұлғааралық қарым – қатынас;

Формасына қарай: жекелік, топтық, аралас, жоспарланған, директивті, директивті емес, шектен тыс қысқа, ұзақ, жалпы, жекеше, арнайы.

Р. В. Овчарова: ата – ананың психикалық – педагогикалық сауатсыздығы; тәрбиелеудің ригидті стеоретипі; ата – ананың бала арқылы қоғамға келтірген жекелік мәселелері және ерекшеліктері, отбасындағы қарым – қатынас ерекшеліктерінің ата – ана мен бала қатынасына ықпал ету ерекшеліктері және т. б. ата – ананың тиімсіз қарым – қатынасының себептеріне сүйене отырып, түзетудің негізгі әдісі ретінде когнитивті мінез – құлықтың тренингін ұсынады.

Когнитивті - мінез – құлық тренинг рөлдік ойындар мен видеотренинг бағдармаларының көмегімен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік психологиялық тренинг бұл - белсенді оқыту әдістерінің және психологиялық ықпал етуші фактордың бірі. Ол өзара қарқынды топтық іс - әрекетте жүзеге асырылады және қарым – қатынас аймағындағы құзыреттілікті жоғарылатуға арналған әдіс.

Әлеуметтік психологиялық тренингтің жүргізілу барысында түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады: топтық дискуссия, рөлдік ойын, вербалды емес жаттығу т. б.

Е. Б. Ковалев балалар агрессивтілігін зерттей келе оның өсуіне балалар мен ата – ана арасындағы эмоциялық қарым – қатынас белгілі деңгейде ықпал ететіндігіне баса назар аударған. Нәтижесінде бала ата – ана қысымында болатындығын айта келе, баланың агрессивтілігін түзету үшін оның өзіндік санасына даму деңгейі арқылы ықпал етуді ұсынады.

Органикалық деңгейдегі түзету әдістері: шөптік және дәрумендік емдеу, шоғырлану мен релаксацияға арналған жаттығулар, күн тәртібіне, тамақтануға, серуендеуге, ұйқыға назар аудару.

Өзіндік сананың жекелік деңгейіндегі түзету әдістері эмоциялық жағдайдың тұрақтануына, эмпатия мен адекватты қорғаныштық көріністерді дамытуға бағытталған.

Тұлғалық деңгейдегі түзету әдістері: «бейнеден шығару», терапевтік қарым – қатынас жаттығулары сондай – ақ, тиімді телімелі әдістер: қорқынышты суреттеу, арнайы суреттер арқылы әңгіме құрастыру .

Т. А. Маркова, Г. Кравцов, Т. Н. Доронов, С. И. Мушекко және т. б. айтуынша ата – ана мен бала қарым – қатынасының жағымды түрі қалыптасуы үшін ата – ананың педагогикалық сауаттылығын қалыптастыру қажет. Ата – анамен жұмыс істеуде ұжымдық және жеке жұмыс түрі қолданылады. Жұмыстың ұжымдық түріне: ата – аналарға арналған жиналыс, семинарлар. Жекелік жұмысқа кеңестер, жеке папкалар дайындау, әңгіме, үйлерді аралауды жатқызуға болады [6].

Адам табиғатының айырылмас бөлігі ретіндегі агрессия, агрессияға құрылымдық талдау жасалып, балалық шақтағы агрессивтіліктің көріністері мен қалыптасу себептері сөз болады.

,
Әдебиеттер тізімі

1. Изард К. Психология эмоций. – СПб. Питер, 1999.

2. Берковиц Л. Агрессия: причины, последствия и контроль.-Спб. Прайм еврознак. 2001.

3. Психология человеческой агрессивности: Хрестоматия /Сост. К.В.Сельченок.-Мн.:Харвест.-М.: АСТ,2001.656.

4. Коломинский Я.Л., Е.А.Панько Диагностика и коррекция психического развития дошкольников: Минск, Універсітэцкае, 1997.

5. Фурманов И.А. Детская агрессивность. Психодиагностика и коррекция.-Минск, 2000. -3-74с

6. Прихожан А.М. Психокоррекционная работа с тревожными детьми // Активные методы работы школьного психолога. -М: 1990.




Уникальность 81%

1. Аты, тегі, әкесінің аты: Макашкулова Гульжан Баймаханқызы

2. Ғылыми дәрежесі: әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушысы

3. ЖОО:Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

4. Факультет: Педагогика

5. Кафедра: Психология және акмеология

6. Телефон: 87262 51 00 72

7. e-mail:makashkulova69@mai.lru

8. Қала: Тараз

9. Моб. телефон: 8747 998 17 69
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет