Қағидалары Жалпы ережелер



Дата22.02.2018
өлшемі74.58 Kb.

1

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушының

2016 жылғы «___» _______ № ______

бұйрығымен бекітілді

Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу

қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары өнімдеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:



  1. байланыс саласында уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

  2. бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

  3. бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

  4. бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;

  5. бұқаралық ақпарат құралдары саласында уәкілетті орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

3. Осы қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 4-3- бабының 14) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.

4. Уәкілетті органда тіркеуге қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін жинақтау мен талдау, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін талдау және жинақтау «Автоматтандырылған ұлттық ақпараттық кеңістікке мониторинг» ақпараттық жүйені пайдаланумен жүзеге асырылады.



2. Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу тәртібі
5. Мониторингке техникалық сүйемелдеу бойынша жұмысты орындау үшін уәкілетті орган мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың негізінде ұйымдарды тартады.

6. Мониторингке техникалық сүйемелдеу бойынша жұмысты орындайтын ұйым мониторинг процесінде, сондай-ақ осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жолданған мемлекеттік органдардың ескертпесі бойынша айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтамау белгілерін жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтамауы тіркелген құжаттар уәкілетті органға заңнаманың сақталмауы белгіленген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық құжат айналымның жүйелерін және ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жолданады.

7. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар бойынша келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне қосымша талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган бұзушылықты саралайды және өз құзыретінің шегінде жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықты саралау кезінде, қылмыстық жауапкершілік көзделмейтін бұзушылықтар бойынша, уәкілетті орган бұзушылықты саралаған сәттен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің немесе иесінің мекенжайына бұзушылықты жою туралы ескертпе хатты жолдайды.

Ескертпе хатта мынадай мәліметтер көрсетіледі:



  1. адресат туралы негізгі мағлұматтар:

баспа бұқаралық ақпарат құралдары үшін – бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің аталуы, заңды мекенжайы, ресми мекенжайы, ресми электронды поштаның адресі, баспа өнімінің шығу мәліметтері;

теле-радиоарналар үшін – бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электронды поштаның ресми мекенжайы;

желілік басылымдар мен интернет-ресурстар үшін – интернет-ресурстың меншік иесінің атауы, заңды мекенжайы, электронды поштаның ресми мекенжайы, интернет-ресурстың IP-мекенжайы.

Интернет-ресурстың меншік иесі туралы мәліметтерді анықтай алмаған жағдайда, серверінде орналасқан хостинг – провайдердің мекенжайына ескертпе хат жолданады;



  1. сипаттамалық-уәждемелік бөлігі:

бұзушылықтың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралы жіберген Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық мәні;

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпаратты таратуды тоқтату туралы не болмаса оны жою туралы (интернет-ресурстар үшін) талаптар;



  1. қосымшалар (дәлелдемелік құжаттар):

баспа бұқаралық ақпарат құралдары үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық сипаттары бар материалмен басылымның көшірмесі не болмаса тұпнұсқасы;

теле-радиоарналар үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық сипаттары бар материалдың электронды тасымалдаушыдағы, экрандық суреті бар жазба;

желілік басылымдар мен интернет-ресурстар үшін – экрандық суреттер.

8. Оперативтілікті арттыру мақсатында, жедел ден қоюдың қосымша шарасы ретінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін ақпараттық материалдардың таратылуын тоқтату қажеттілігінде телефонды хабарласу нысанына рұқсат етіледі.

9. Бұл ретте телефонмен хабарласудың фактін бекітіліп міндетті түрде қоңыраудың күні мен уақыты, телефон нөмірі, адамның, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің мүддесін қорғайтын адамның да лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

10. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесіне ескертпе хат жолданғаннан кейін уәкілетті орган бақылау мониторингін жүргізеді:

1) баспа бұқаралық ақпарат құралдары үшін бақылау мониторинг баспа басылымының жуық шығарылымына қатысты;

2) теле-, радиоарналар үшін бақылау мониторинг телебағдарламаның (телеарнаның эфирге шығуы) жуық шығарылымына қатысты;

3) желілік басылымдар мен интернет-ресурстар үшін бақылау мониторингі интернет-ресурстың меншік иесіне ескертпе хат жолданған сәттен бастап 3 сағат ішінде жүргізіледі.

11. Бұқаралық ақпарат құралдарымен бұзушылық жойылмаған жағдайда уәкілетті орган мынадай шараларды қабылдайды:

1) баспа бұқаралық ақпарат құралдары, теле-, радиоарналар және желілік басылымдарға қатысты – Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексімен қарастырылған тәртіппен бұзушылық фактісінің қаралуына бастамашылық етеді немесе сотқа бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тануға және оның Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің
156-бабы 2-тармағының тәртібімен талаптар қоюды қамтамасыз ету туралы анықтаманы шығара отырып таралуын тоқтатуға;

2) интернет-ресурстарға қатысты – байланыс саласындағы уәкілетті органға «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабында көрсетілген тәртіппен заңнаманы бұзушылықты жою туралы нұсқама шығару қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.

Қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты саралау кезінде уәкілетті орган бұзушылықты саралаған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, аталған бұзушылықтың түрін қарау құзыретіне жататын мемлекеттік органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескертпе жолдайды.

Ескертпеге: заңға қайшы материалдардың көшірмелері (экрандық суреттер, электронды тасымалдағыштағы жазбалар), бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі туралы мәліметтер (аталуы, заңды мекенжайы, ресми электронды поштаның мекенжайы), бұқаралы ақпарат құралының өнімі туралы ақпарат (басылымның шығарылым деректері, телебағдарламаның эфирге шыққан күні, уақыты, интернет-ресурстың IP-адресі, домендік атауы және URL-идентификаторы (сілтемесі) қоса беріледі.

12. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесіне жолданған ескертпе хаттардың, хабарламалардың, бұқаралық ақпарат құралының тоқтатылуы не болмаса Қазақстан Республикасының аумағында таралуының тоқтатылуы туралы соттың шешімінің есебін жүргізеді.

13. Бұқаралық ақпарат құралдары өнімдеріне мониторингтің нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылығы жөніндегі ұсынылған ақпаратты жинауды жүзеге асырады.

14. Қазақстан Республикасының аумағында телекоммуникация желілері бойынша таратуға тыйым салынған ақпараттардың қолжетімділігі мен жинауға мониторингті аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып мониторингті техникалық сүйемелдеу жұмыстарын орындайтын ұйым жүзеге асырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының

мониторингін жүргізу қағидаларына

қосымша
Нысан

____________________________

____________________________

(Уәкілетті органның аталуы)



ЕСКЕРТПЕ

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 73 Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылығын анықталған дәйектердің тізімін жолдаймыз.

1. Бұзушылық түрі _________________________.

2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің нормасы/ сот шешімінің нөмірі (тыйым салынған материалдарды тарату фактілері үшін) / нөмері _______________________________________________.

3. Анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактілерінің тізімі және сипаттамасы1:

1)______________________;

2)______________________;

3)______________________;

4)______________________;

5)______________________.


Қосымша ___ парақта.

Бірінші басшы/орынбасары _________ __________________________


           (лауазымы)              (қолы)           (Т.А.А (болған жағдайда)



1Ескерту: бағандар саны ескертпеге қосылған анықталған Қазақстан Республикасының бұзушылық фактілеріне байланысты.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет