Ағашқа күйдіріп өрнек салушы Мінездемелер



Дата22.04.2018
өлшемі13.12 Kb.
Ағашқа күйдіріп өрнек салушы

Мінездемелер

Еңбек түрі Қызмет көрсету /Шығармашылық/Өндіріс

Адамның кәсіби бағыты – техника/адам-көркем бейне

Қызмет өрісі / Мәдениет/ Өнеркәсіп / Қызмет көрсету/ Көмек

Еңбек өрісі /Техника/Өнер/Бұйымдар
Еңбек мазмұны Кәсіпорындарда көркем бұйымдарды шығару бойынша және тоқыма өнеркәсібінінде ағаш бұйымдарына электринесімен сурет көшірмелерін, табиғат көрінісін, әртүрлі қиын суреттерді күйдіріп өрнек салады. Суреттерді көшірмеге ауыстырады. Үлгілер дайындайды және суреттің пішінін бұйымның үстіне көшіреді. Күйдіру машинасымен ағашқа сурет салу бойынша күйдіреді және матаға қолмен өрнек салады. Қызмет көрсетуші жабдық жөндеуін жасап шығару. Жұмыс орны: бөлмеде. Еңбек тәртібі: ауыспалы. Кәсіптік зияндылықтар: химиялық булар.

Білуі тиіс Сурет өнерінің негіздері; суреттердің үлгілерін даярлау мен күйдіру тәсілдері; сызба үлгілерін құйып шығару ережелері. Білуі тиіс: суреттерді көшірмеге көшіру, үлгілер шығару, сурет көлеңкесін бұйымның үстіне көшіру, суреттерді ағаш бойынша күйдіру, сурет пішіні бойынша темірдің үлгісінен құйып жасау.

Кәсіптік қажет сапалар

Көңіл бөлудің жоғары тұрақтылығы;

Қозғалыс координациясының нақтылығы.

Медициналық кері көрсеткіштер

Көрудің көрсетілген ақаулары;

Тірек-қозғалғыш аппараттың аурулармен;

тремор және қол қозғалысының координациясының бұзылуы;



бас айналу және есін жоғалту ұстама аурулары.

Мамандық алу жолдары Колледж.

Туыстас мамандықтар Оюшы, өңдеуші, бедерші.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет