Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (аитв)



Дата02.01.2017
өлшемі27.79 Kb.
Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (АИТВ)
Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) жаһандық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселесі болып қалады: бүгінгі таңға дейін АИТВ вирусынан 34 миллионадам қайтыс болған. Ал, әлем бойынша 2014 жылы АИТВ-мен байланысты 1,2 миллион адамда өлім-жітім салдары болды.

Қазақстан Республикасында, жыл сайын АИТВ тестілеуден 2 миллионнан астам адам өтеді. АИТВ-на тестілеудің басты міндеті тестке дейін және одан кейін кеңес беру арқылы және жеке тұлғаларды сапалы түрде қамтамасыз ету болып табылады.



АИТВ иммундық жүйені зақымдайды және адамдардың инфекцияны бақылау мен қорғау жүйесін әлсіретеді. Иммунтапшылығы сау иммундық жүйесі бар адамдар қарсы тұра алатын инфекция мен аурулардың түрлеріне жоғары сезімтал болады. АИТВ инфекциясының ең соңғы кезеңі түрлі адамдарда 2-15 жыл арасында дамитын жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС) болып табылады. ЖИТС-қа кейбір обыр түрлерінің, инфекциялардың және басқа ауыр клиникалық аурулардың дамуына тән.

АИТВ инфекциясының белгілері әр түрлі кезеңдерге байланысты болады. Алғашқы бірнеше ай ішінде, АИТВ инфекциясымен жұқтырылған адамдар жұқпалы екенін кейін біледі. Алғашқы бірнеше апта ішінде жұқтырылғаннан кейін науқастарда инфекция ешқандай белгілерсіз немесе тұмау секілді, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бөртпе, немесе тамақтың ауруы, соның ішінде, инфекция адамның иммундық жүйесін біртіндеп әлсіретеді, адамдарда иммундық жүйе ретінде, лимфа түйіндерінің, салмақ жоғалту, дене қызуының көтерілуі, жөтел және басқа белгілері дамиды.



АИТВ науқас адамдардың ағзасындағы қан, ана сүті, шәует және қынаптық шығындылар секілді түрлі сұйықтықтар арқылы жұғады. Адамдар әдеттегі сүйісу, құшақтасу және қол алысу немесе жеке құралдарды бірге қолдану және азық-түлік тағамдарын тұтыну мен су ішу секілді байланыстар кезінде жұқпайды.
Адамдардағы АИТВ-ны жұқтыру қаупін арттыратын мінез-құлық пен жағдай түрлері:

  • қорғаныссыз анустық және қынаптық секс;

  • жыныстық жолмен берілетін мерез, ұшық, хламидиоз, соз ауруы және бактериялық вагиноз;

  • инъекциялық есірткіні тұтыну кезінде залалды инені, шприцтерді және басқа инъекциялық құралдар мен есірткі ерітінділерін бірлесіп қолдану;

  • қауіпті инъекция, қан құю, медициналық шаралар, оның ішінде кесіп алған жерді залалсыздандырмау немесе ине салу;

  • ине салғанда, оның ішінде медициналық қызметкерлері арасында ине салған кезде кездейсоқ жарақат алу.

АИТВ жұқтыру қаупін қауіп-қатер факторлардың әсерін шектеу арқылы төмендетуге болады. АИТВ-ның алдын алудың тәсілдері:


1. Ер және әйел адамдарға арналған мүшеқапты қолдану;

2. АИТВ мен ЖЖЖИ-ға қатысты тестілеу мен консультация беру үшін қолдану;

3. Ерікті медициналық ер адамдардың циркумцизиясы;

4. Аурудың алдын алу үшін антиретровирустық терапиясын (АРТ) қолдану;

5. Инъекциялық есірткілерді тұтынушылар үшін зиянды төмендету;


6. Анадан балаға АИТВ инфекциясының берілуін жою.

АИТВ инфекциясын жұқтырған науқастарға үш немесе одан да көп антиретровирустық препараттарын (АРТ) тағайындалады, бұл препараттар АИТВ-инфекциясын емдемейді, бірақ адам ағзасындағы вирустық репликацияларды бақылайды және иммундық жүйесін нығайту және жұқпамен күресу қабілетін қалпына келтіру үшін көмектеседі.




СӨС үйлестірушілері


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет